Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет160/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
260 
аламын. Енеммен ондай проблема болған жоқ, менің енем 
өте ақылды, саналы, тәрбиелі адам. Алғашқы күннен 
бастап енеммен ұқсастығым көп екенін байқадым, және 
бұл біздің тез арада тіл табысып кетуімізге көмектесті. 
Алдағы уақытта да ондай проблема болмайды деп 
ойлаймын. 
Бұл айтылған вариант сізге келмеуі мүмкін, сіздің 
тәрбиеңіз, ұстанымыңыз, сабырыңыз, шекараңыз мүлдем 
менікіндей емес шығар. Бірақ дәл осындай айтылған 
сөздерді көтеріп, үнсіз жүре беру-сіздің енеңіз бен 
күйеуіңізге сіздің әлсіз екеніңізді, өз өзіңізді қорғай 
алмайтыныңызды, сізді қорғайтын ешкім жоқ екенін, және 
қанша жерден сізді таптаса да көнетініңізді көрсетеді. Ар 
жағын өзіңіз шеше аласыз. Басты ереже- шекараңды қатты 
аттаған сәтте өзіңді басқара алу керексің. Егер ұрыс болып 
қалғанда сіз де енеңіз сияқты аузыңызға келгенін айтсаңыз, 
бұл сөздерді ертеңгі күні өзіңізге қарсы қоюуы мүмкін. 
Ата-анаңызға айтып, күйеуге айтып, «қыздарың былай 
айтты» дей салады. Сондықтан да, барлық ситуацияда 
өзіңізді басқарыңыз. «Менімен бұлай болмайды, маған 
олай айтпауыңызды сұраймын» деген сөздер жеткілікті, әрі 
қарай тек қана адамнан ұзақ уақытқа дистанция қажет. Бір 
үйде тұрып, ешқайда кетпесеңіз, дистанцияны бір үйде 
жүріп те ұстауға болады. Бәрі сіздің өзіңізді басқаруыңызға 
байланысты.
 
 
 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
261 
 
Ата-ананы отбасылық конфликттерге 
араластыру дұрыс па? 
 
Енемен, күйеумен конфликтті өз әке-шешеңе айту мен 
үшін дұрыс емес нәрсе. Енеңіз өзі айтып қойса, немесе 
нақты ажырасу шешімін қабылдасаңыз ғана ата-анаға 
анық-қанығын түсіндіруге болады. Ал басқа кездерде 
қанша конфликт болып жатса да, өз ата-анаңды 
уайымдатып, оларды толғандырып, жүрегін ауыртып 
қажеті жоқ деп ойлаймын. Сіз бәрібір енеңізбен тұрасыз, ал 
ата-анаңыз енеңізді жек көріп кетеді. Бұл сіздің де, 
күйеуіңіздің де көңілін түсіреді. Ең жақсы шешім-ол ата-
анаңызға күйеуіңізді, енеңізді тек жақсы жақтан ғана 
көрсету. Ата-анаңызды сыйлайтынын, қуана күтетінін 
айтып отырсаңыз жеткілікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет