Некеден кейін әйел бақыты


Тағы да бір техника бар. Кішкентай қыздың



Pdf көрінісі
бет73/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Тағы да бір техника бар. Кішкентай қыздың 
техникасы деп аталады.
Жұмыстан күйеуіңіз келді дейік. 
Сіздің түріңіз ойланып тұрған сияқты, ойға шомылып 
тұрған сияқты болу керек. Күйеуіңіз сізден: 
-Не болып қалды,неге ойға кіріп кеттің,-деп міндетті түрде 
сұрайды. Ол сұрайды, сіз жауап бересіз.
-Өз-өзіме ашуым келіп тұр. 
-Неге ашулысың?
-Менің мына нәрсені алғым келіп тұр, білемін, 
жағдайымыз оған келмейтінін, әзір оған мүмкіндігіміз жоқ 
екенін білемін. Бірақ алғым келіп тұр және сол үшін өз-
өзіме ашуланып тұрмын,- деп айтасыз.
Ер адамда автоматты түрде сіздің өтінішіңізді орындағысы 
келетін рефлекс пайда болады.
 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
118 
Енді жалпы адамға дұрыс өтініш білдірудің 
технологиясын оқыңыз. 
Егер сіз адамға өтініш жасаған кезде, ол адам бас 
тартса, сіз оған ренжіп, одан кейін ол сізге ренжіп, ақыр 
аяғында конфликтке түсіп қалсаңыздар, бұл жаман. Сіз 
коммуникацияны дұрыс құра алмадыңыз деген сөз. 
Өтінішті дұрыс білдірмедіңіз немесе дұрыс білдірсеңіз де 
адам бас тартқан кезде ол адамға дұрыс «подход» таба 
алмадыңыз, тіл табыса алмадыңыз. Ал егер бір адамның 
тілін таба алмасаңыз, басқа адамдармен де тіл табыса 
алмайсыз деген сөз. Ал тіл табыса білу коммуникациядағы 
ең қажет құрал. Бұның да себептері бала кезден басталады. 
Қазақтардың «ұят болады» деген стереотиппен өсуінен 
басталады.
Сонымен адамға ойыңызды дұрыс жеткізудің, дұрыс 
өтініш айтудың формуласы: 
 
1.
Фактілер келтіру. Қашан, қай жерде, қалай істегенін 
нақты факт келтіріп айту керексіз 
2.
Эмоция. Сол әрекетін жасаған кезде өзіңізді қалай 
сезінгеніңізді айтасыз.
3.
Ол адам не үшін өзі қалағандай емес, сіздікін жасауы 
керектігін дәлелдеңіз. 
4.
Өтініш. Ешқандай намексыз, тіке өтініш білдіресіз. 
Әдетте, бізге бірдеңе ұнамаса, сыртқа барлығын 
жайып, эмоцияңызды шығарып тастағыңыз келетіндей 
қажеттілік туындайды. Эмоциямен барлығын жеткізіп 
тастаймыз. Ал адамнан қорқатын болсақ, сол жағдай 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет