Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет78/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Жанама сыйлық алу жолы:
 
Дүкеннен бір сақина көріп қалып, оған ұзақ қарап 
тұрыңыз. Сосын: «қарашы, жаным, сондай әдемі, иә,-деп 
айтасыз. Сіз сұрап жатқан жоқсыз. Жәй ғана сізге осы 
сақина ұнағанын айтасыз. Ал оның есінде сіздің келе 
жатқан туған күніңіз бар. Ол міндетті түрде дүкенді және 
сізге ұнаған сақинаны есінде сақтап қалады. Егер қазір 
жағдай келмей тұрса, «жағдайымыздың келмей тұрғаны 
өкінішті, маған осы сақина қатты ұнап тұр» деп айтасыз. 
Яғни сіз өзіңізді ғана ойлап тұрған эгоист емес екеніңізді 
көрсетесіз. 
Бұл мысалға тағы инстаграмнан гүл көріп қалу, иіс су 
көріп қалу да жатады, өзіңіздің қажеттіліктеріңізді айту 
арқылы да жанама жеткізуге болады. Мысалы, сіздің 
көйлек алғыңыз келеді, ол сіздің қажеттілігіңізге айналу 
үшін ол нәрсе сізге пайда жағынан қажетті болу керек. 
Аяғыңыз ауыр болса, сіздің ішіңіз сыятын көйлек алу 
қажеттілігі бар, немесе ыстық жазда терлемеу үшін көйлек 
алудың қажеттілігі бар, тағы солай сияқты кез-келген затқа 
қажеттілікті айтып, жанама жеткізе аласыз. Жанама сұрау 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
126 
деген адамнан «алып берші, сыйлашы» деп сұрамай, 
«алғым келеді, көргім келеді, маған өте қажет еді» деген 
сөздер арқылы сұрау дегенді білдіреді. 
Ер адамның типіне қарай сыйлық сұраудың да өз 
жолын қолдану керек. Мысалы, менің күйеуіме «алып 
берші, сыйлашы» деген сөздермен сыйлық сұраған 
жақпайды. Оған үнемі «жанама сыйлық сұрауды» 
қолданамын, ал күйеуім соны түсініп, жалындырмай, 
сыйлығын береді. Оған жәй ғана «мынаны қалаймын» деп 
айту жеткілікті. Бұндай типтегі ер адамдар табиғаты 
романтикаға жақын, және сыйлық алуды өздері де жақсы 
көреді. Егер күйеуіңіз сондай болса, оған жәй жанама 
түрде қалауыңызды жиі айтып тұрыңыз. Ер адам сыйлық 
жасамауы жәй ғана нені сыйлау керек екенін білмегеннен, 
сізде бәрі бар деп ойлағаннан болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет