Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет80/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
128 
оған ұнамайды деген сылтаулары бар. Олар дұрыс айтады, 
негізі. Шыныменде ондай нәрсе бар. Олар бізге сыйлық 
берген кезде, біздің жауабымыз ең бірінші кезекте: 
«мәссаған, жаным, жарайсың, өмірімде күтпеген сыйлық 
еді.» емес. Бізде: «жаным, басқа түсі болған жоқ па, 
қызылын алу керек еді» деп айтамыз. «Қымбат қой, 
ақшаны құртпай-ақ қою керек еді немесе ақшаны жинап 
қойып кейіндеу дұрыс нәрсе алатын едік» деп айтамыз. 
Міне, осы сөздерден кейін күйеуіңізден керемет сыйлық 
күтпеңіз. Оны сыйлық сыйлау үшін қайтадан тәрбиелеу 
керек болады.
Қандай сыйлық сыйласа да, аспанға секіру керек, 
шынайы қуанышты көрсету керек. «Мәссаған, жаным, 
күтпеп едім, мен сені ұмытып кететін шығар деп 
ойлап едім» деп айту керек.
Сонымен, алғыңыз келген сыйлықтың әрбір сипатын 
айтуға тырысыңыз. Үлкен, кішкентай, жасыл, қызыл және 
қандай марка екенін айту керек. Не үшін ол сыйлық сізге 
керек? Не үшін ол сыйлық сізге керемет бір сезім 
сыйлайды? Міне осы нәрсенің барлығын міндетті түрде 
айтыңыз. Оны айтатын сәтті(момент) таңдаңыз.Тал түсте 
базарда немесе оның қолы тимей жатқан кезде тосыннан 
айта салмай, оны кешке жақын төсекке бірге жатқанда 
немесе оңаша қалғанда, көңіл күйі жақсы кезде айтсаңыз 
болады.
Туған күніңізге 1-2 ай қалса: «менің туған күнім келе 
жатыр, осы нәрсені алып берші» деген сияқты сөздерді 
айтып қойыңыз. Екі ай бойы сол нәрсені күтіп жүріп, екі 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
129 
ай өткеннен кейін ол нәрсені ұмытып кетсе оған таң 
қалмаңыз. Жарайды ол ұмытып кетті дейік. Сол күні 
таңертең тұрасыз, туған күніңіз болады. Сол күні таңертең 
тұрасыз, күйеуіңіз құттықтамайды. Оған ұрысып, 
ренжудің орнына «білемін ғой сені, бірдеңе дайындап 
жүрсің, мені қуантайын деп жатсырсың ғой» деңіз. Бір 
жағынан есіне салу, екінші жағынан сыйлық алуға 
ынталандыру болады. Ол әдейі ұмытып кеткендей сипатта 
болыңыз. Мүмкін күйеуіңіз шыныменде әдейі ұмытып 
кеткен шығар. Сырттай түр көрсетіп, менің әйелім мені 
әдейі ұмытып кетті деп ойласын, ал мен жұмыстан кейін 
бір тосын сый жасаймын деуі мүмкін. Ал егерде ол 
шынымен ұмытып кетсе, сіз оған астарлап есіне түсіресіз. 
Оған «сен маған сыйлық сыйламадың, екі ай бұрын айттым 
ғой ал сен ұмытып кеттің» деген сөздерді айтып, еріңізді 
сыйлық алудан алшақтатасыз. Ол: «не үшін дайындаймын, 
қызықсың сен осы» деген секілді сөздер айтады. Сіз: 
жақсы, жарайды, мен сені білемін ғой» деп тағы айтасыз. 
Сосын күтіңіз. Жұмыстан кейін ол міндетті түрде сыйлық 
әкелу керек. Оның есіне түсу керек. Себебі сіз сендіңіз ғой. 
Ал ол сіздің сеніміңізді ақтағысы келеді. Егерде тіпті 
осындай сөздерден кейін де ол ұмытып кетсе, демек оның 
не қаржылай жағдайы жоқ немесе оның сізге деген реніші 
бар. Онымен ашық сөйлесіңіз. Мүмкін ол сыйлық сыйлау 
дұрыс емес деп ойлайтын шығар. Сіздерге тағыда 
тапсырма. Бүгін немесе ертең кешіктірмей одан бірнәрсе 
сұрайсыз. Осы менің ережелерім бойынша сұрайсыз. 
Бірінші кезекте оған керек нәрсені бересіз, 3-4 күн бұрын 
оны дайындаймыз, негативтен шығып, күліп жүреміз, 
ренішті, 
қабағыңызды 
түйіп 
жүруді, 
критиканы 
ұмытыңыз. Өзіңізді тәрбиелеуді үйрену керек. Өз-өзіңізді 
қолға алмасаңыз, нәпсіңізді тәрбиелемесеңіз, оны сізге 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет