Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет94/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
152 
табысу керек. Біреуі дүкенде жұмыс істесін, біреуі 
бухгалтер болсын, бірі психолог, бірі мұғалім болсын
әрқайсымен сөйлескенде сіз өмірлік тәжірибе жинайсыз. 
Осылай ішкі жан дүниеңіздің самооценкасы жоғарылайды. 
Сіз кез-келген тақырыпта әңгіме дүкен құра алатын 
боласыз. Ал ондай адаммен сіздің күйеуіңіз қуана әңгіме 
айтатын болады. 
Сізге практика болсын деп тапсырма айтайын: 
Сыртқа шыққанда кемінде 1 адаммен танысып, оның 
жұмыс істейтін саласы бойынша кішігірім ақпарат 
біліп, үйге бірақ оралыңыз. Салонға барсаңыз, 
салондағы жұмыс істеп жатқан жандармен танысып
тілдесіп, «ішкі кухняны» сұрастырып, жаңа ілім 
алыңыз. 
Тағы да қалай көтеруге болады?
 
Рухани жағын дінге жақын болу арқылы көтеруге 
болады. Көпшілік қыз-келіншектің жазуы: «Менің 
ішкі дүнием мазасыз болып жүр. Түнім тыныш емес, күнім 
тыныш емес, үнемі бірдеңені уайымдап жүремін, ертеңгі 
күнім не болмақ, балаларым қалай өседі» - деген 
уайымдар. Бұл неден? Рухани азықтың жоқтығынан. 
Рухани азық Құран оқудан, Алла Тағалаға жақын болудан, 
тахаджуд намаздан, намазда дұға тілеуден жиналады. 
Рухани самооценка жаман ойлардың көп болуынан да 
төмендейді. Қорқынышты ойлар, негативті ойлар, Аллаға 
тәуекел ете алмау. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
153 
Жаман ойларды басқару 
 
Менде жаман ойлар көп болған. Аспанға ұшып бара 
жатқан ұшаққа қарасам, қазір құлап кететіндей ой болады. 
Немесе саябақта аттракциондарда отырғанда "қазір бір 
жері дұрыс емес болып қалып, ұшып кетсе ше?". Сондай 
бір негативті ойлар болуы мүмкін. Не үшін? Себебі, біздің 
миымыздың іші пысады. Ми жақсы нәрсемен қоректенгісі 
келеді. Егер бізге сырттан позитивті жақсы энергиялар 
келмесе, оттегі жетіспейтіндей жаман ойларды көп ойлап 
кетеміз. Оны шешуге болады. Біріншіден, негативті ой- ол 
шайтани ойлар екенін түсіну керек. Шайтан біздің 
құлағымызға жаман ойларды сындырып кетеді. Ал біз оны 
әрі қарай алып кетеміз. Күйеуімізбен ұрсысып қалған кезде 
де, өткен-кеткен қателіктерін еске алып, бүкіл 
жақсылықтарын ұмытып кетеміз де, тек қана миымызда 
жиналып қалған негативті естеліктерді еске аламыз.
Егер біздің аузымызда зікір болмаса, Алланы сирек 
еске алатын болсақ, ішкі рухани қорегіміз жетпей жатса, 
осындай жаман ойлар бізде көп болады. Рухани азығымыз 
мол болса, ұрсысып қалған кезде де жақсы ой ойлай 
аламыз. Адамның уақыты көп болса, жаман ойлары 
көбееді. Себебі, басқа ойлайтын нәрсеміз жоқ. Көшеде 
кетіп бара жатқанда жаман ойға жол бермеу үшін, сіз осы 
айналаңыздағы табиғатты, ғимараттарды, Алланың 
Құдіреті жайлы ойлап кетсеңіз, ондай жаман ойлар бірден 
кетіп қалады. Мен, мысалы, далада отырған кезде күз бен 
көктемнің келетіні жайлы ойлағым келеді. Себебі, сол 
мезгілдер жапырақтардың түстері өзгереді. Жел кезінде 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет