Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С


Қандай? Осы сабақта осы атаулар қандай  байланыста болады деп ойлайсыз?



Pdf көрінісі
бет161/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

3.Қандай?
Осы сабақта осы атаулар қандай 
байланыста болады деп ойлайсыз? 
 
Сабақтың ортасы
 
«Үнсіз сырласу» 
1.
Өлеңді мұқият 
тыңдап, іштей автормен 
сырласыңыз (тыңдап 
отырғанда «иә» деп 
құптап, сол ойды іштей 
талдап отырыңыз) 
 
«Пирамидалық талқылау»
Тіктөртбұрыштың сыртқы 
бөлігіне топтың әр мүшесі 
өлең туралы өз 
жауабыңызды жазыңыз, ал 
ішкі төртбұрышқа төрт 
пікірге ортақ түйінді ой 
жазыңыз
 
Қ.Бітібаева технологиясы бойынша талдау 
Шумақ 
реті 
Шумақтағы 
берілген ой 
Тілмен 
көркемделуі 
Дескриптор: 

Әр шумақтағы маңызды ойларды 
табады; 

Көркем тілмен көркемделіумен 
байланыстыра алады. 
https://youtu.
be/0aFs3SPe
Tmk 
Қ.Бітібаева 
«Абай 
шығармашы
лығын 
оқыту».
Абай 
(Ибраһим) 
Құнанбайұл
ы. 
Шығармала
рының 
толық 
жинағы. 
Алматы: 
жазушы, 
2004 
 
Сабақтың соңы 
 
 
 
 
 
«Ой таразысы» 
1.Әнге қойылатын талаптарды Абайша 
сарала 
2. Өзің тыңдайтын әндеріннің 
ерекшелігін жаз 
Рефлексия «Қоржын» 
Сабақтан алған әсеріңізді 
қоржынға салыңыз 
Абайдың 
әндері 
Мен тыңдайтын 
әндер 


203 
ҚОСЫМША 
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа 
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа, 
Адам ойы түрленіп ауған шақта. 
Салған ән — көлеңкесі сол көңілдің,
Тактысына билесін ол құлаққа. 
Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззәті бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды. 
¥йықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар. 
Адам аз мұны біліп ән саларлық,
Тыңдаушы да аз ол әннен бәһра аларлық.
Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық? 
Көбінесе ән басы келеді ащы,
"Кел тыңда!" деп өзгеге болар басшы.
Керім толғап, тауысар қаңғыр-күңгір
Сол жеріне ойыңмен араласшы. 
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда, көңілдің өсері бар. 
Білімдіден аяман сөздің майын,
Алты өлеңмен білдірдім әннің жайын.
Ездің басы қаңғырсын, ердің көңілі
Жаңғырсын деп ойладым айтқан сайын.
Көкірегінде оты бар ойлы адамға
Бұл сөзімнің суреті тұрар дайын. 
 
Такт (орысша) — бұл жерде өлеңнің ырғағы ретінде алынып отыр 
1897-
ші жыл 
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының толық жинағы.
Екінші том. Алматы: жазушы, 2002 ж. 


204 
«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа...»-Абайдың 1896 ж. жазған өлеңі. 
Көлемі 38 жол. 1897 және 1898 жылдарда Абайдың өзге өлеңдерімен қатар тапқан 
тағы бір тың тақырыбы бар. Ол-қазақтың әніне арналған өлеңдері. Біреуі - «Көңіл 
құсы құйқылжыр шартарапқа», екіншісі-«Құлақтан кіріп бойды алар». Осы аталған 
әрі терең толғаулы, әрі әсем және бар сапасы бөлек соны шығармалар қазақтың әні 
мен күйіне арналған. Бұл да қазақ поэзиясында бұрын жекеше баға беріп, әсіресе 
Абайша үлкен эстетикалық ойшылдық баға беріліп, қозғалған тақырып емес. Абай 
бұл жайға өзінің ірі суретші, ойшылдық тұрғысынан қараумен, өз ақындығының 
қаншалық кең құлашты екенін көрсетеді. Анығында, өз тұсы мен өзіне шейінгі 
замандағы қазақтың қоғамдық, шаруашылық, үй ішілік, ой-саналық, тіл-
өнертудырғыштық, тірлік-барлық-барша тақырыптарын Абай түгел шолады. 
Осындайлық өзі берген деректер мен мұраларына қарап біз Абайды анық өз 
заманындағы қазақтың заттық, әлеуметтік және рухани тіршілігінің 
энциклопедиясын берген дана классик деп, толық бағалай аламыз. Екінші 
айтылатын бір жай: Абай өз халқының тілі мен өнерін, анық халықтық қазыналық 
қасиетті жақтарын аса зор бағалаған. Оны сан рет өлеңге арналған 
шығармаларынан бір көрсек, осы тұста елінің ән-күй қазынасына арналған 
шығармаларынан, әсіресе, тағы да толық танимыз. Мынау өлеңдерде Абайдың еске 
алып отырғаны - жалпы ән емес, қазақ халқының өзінің әні. Солай екенін 
«...Көбінесе ән басы келеді ащы, 
«Кел, тыңда» деп өзгеге болар басшы, 
Керім толғап, тауысар қоңыр-күңгір, 
Сол жеріне ойыңмен араласшы» 
дегенінен байқаймыз. Бұл анық қазақ әнінің әуелі зор шырқаудан басталатын 
ерекше түрін еске алады. Ақын сол өз халқының әнін өзгеше ыстық көңілмен 
сүйеді. Көп уайымнан, ұлы дертті ойларынан қазақ әні мұны айықтырып, 
сергіткендей болады. Кейде шабытсыз, қанағатсыз, толықсыған жүрек сезіміне де 
ән қуат беріп, қайта оңалтқандай болады. 
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, 
Үннің тәтті оралған мәні оятар, 
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап, 
Жас балаша көңілді жақсы уатар... 
Мұңмен шаққан, оралған тәтті күйге, 
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық? 
Жақсы енді тыңдасаң ой көзіңмен, 
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық... 
Жарамды әнді тындасаң, жаның еріп, 
Жабырқаған көңілің көтерілер...» 
Міне, осы айтылған ән мен күйге кезектеп берген бағалар, Абайдың өз 
өлеңіндегі музыка қазынасына, тіпті барлық басқа өнер мұраның бәрінен де 
артықша, биік орын бергенін байқатады. Халқының әнін Абай өзінің мұңдасы 
етеді. Ойына, азаматтық еңбегіне қанат бітіретін сенімді серігі есепті санайды. 
Ақын жарқын жүзді, жақсы шырай мен жалынды шабыт табады, жабырқаған 
көңіліне ем етеді. Бірақ онда да сынсыз шұлғымайды. Тағы да шыншыл, ойшыл 


205 
ақын әннен әнді қатты талғап айырады: «...Әннің де естісі бар, есері бар, 
Тыңдаушының құлағын кесері бар, Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, Тыңдағанда 
көңілдің әсері бар», - деуменен бар дүниеге ойлана, сынап қарайтын ақын ән мен 
күйге де шарттар қояды. 
Өлең 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-
Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» 
атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер 
кездеседі. 1909, 1954 жылғы жинақта 5-шумақтың 3-жолы «Керім толғап, тауысар 
куңгір-куңгір», 1933, 1939, 1945 жылғы жинақтарда «Керім толғап, тауысар 
қаңғыр-күңгір» болса, 1957, 1977 жылғы басылымдарда, Мүрсейіт қолжазбалары 
негізінде бұл жол «Керім толғап, тауысар қоңыр-куңгір» деп қабылданған. 
Мүрсейіт қолжазбаларында, 1909 жылғы жинақта 7-шумақтың 1-жолы «Білімдіден 
аяма сөздің майын», 1933 жылғы басылымда «Білімдіден аямай сөздің майын» 
делінсе, кейінгі жинақтарда «Білімдіден аяман сөздің майын» деп алынған. 
«Жаманға «жар» деген-ақ ән көрінер, Жақсы ән білсе айтуға кім ерінер? Жарамды 
әнді тыңдасаң, жаның еріп, Жабырқаған көңілің көтерілер» деген соңғы шумақ 
ақынның кейін жарық көрген басылымдарына (1933, 1939, 1945, 1957, 1977) 
кіргізілген. Бұл шумақ Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы жинақта жоқ. 
Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, 
түрікмен, ұйғыр т.б. тілдерге аударылған. Абай «Көңіл құсы құйқылжыр 
шартарапқа...» өлеңіне ән шығарған. Абай халықтық музыка өнеріне аса зор баға 
бере, халық әнінің эстетикалық көркем жағын да, әлеуметтік мәнін де жақсы тұсіне 
білген. Көңілді өсіретін есті, әсерлі әсем әнді жоғары бағалап, көңіл күйі болып 
туатын, ой-сананы оятатын, жүрек сезім-қылын қозғап тебірентетін әнді және оны 
дәл нақышына келтіріп, әсемдетіп, әсерлетіп, төгілтіп сала білетін әншіні өте 
бағалаған. Осы тұрғыдан «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» әні ерекше 
шығарма. Әнді 1935 ж. композитор Л. Хамиди белгілі әнші Ә. Ысқақовтан жазып 
алып, нотаға түсірген. Әннің әуен- сазы халық сарынында қалыптасып, қара өлең 
арнасына түсіп, дәстүрлі 4+3+4 өлең мен 3+4+4 өлшем ырғағы кестелеңіп, 
араласып отырады. Әннің интонациялық, ырғақтық, дамуымен байланысты 
мажорлық ладта әуен-саз қалыптасады да, халық әні «Сұр жекей», Біржан салдың 
«Телқоңыр» әндері мен сарындас келеді. Музыкалық ырғақ ұзақтығының топтасуы 
-
келесі ән өлшемін құрастырады: 5,4;3,4;3,4;5,4;2,4;5,4;5,4;5,4. Әннің мелодиялық-
речитативтік екпініне байланысты төрт әуездік сөйлем жүйесіне түркі халықтарына 
тән «асқақ ырғақ» кеңінен орын алады. [1] 
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының»
Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет