Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет163/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

Түсіндірме жазба 
 
7-
сыныпқа арналған әдістемелік нұсқаулықта факультативтік курс негізінде
 
бекітілген тақырыптар бойынша қысқа мерзімді жоспарлар құрастырылған. 
7-
сыныпта қарастырған бөлімдер: 
1-
бөлім. Жақсылық - жан азығы;
2-
бөлім. Абай аманаты- адал еңбек; 
3-
бөлім. Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма; 
4-
бөлім. Абай өнегесі ұлт - мұрасы; 
7- 
сынып бойынша берілген тақырыптар жеңілден күрделіге қарай Ұлы 
Абайдың әр түрлі жанр негізінде жазылған шығармалары берілген. Қысқа мерзімді 
жоспарларда көрсетілген әдіс-тәсілдер мен қосымша деректер мұғалімге 
тақырыпты меңгертуде бағыт-бағдар береді. Абай шығармаларын терең меңгеруге 
жол ашатын бұл курстың маңызы да сол. Ақын шығармаларын оқыту, зерделету
арқылы жас ұрпақты ұлттық және әлемдік құндылықтарды салыстыра түйін жасай 
алатын, Қазақстан Республикасы халықтары мен әлемдік қоғамдастықтың 
мәдениетін игерген, жоғары деңгейде күрделендірілген түрлі жанрдағы мәтінді 
салыстыра алатын ұрпақ тәрбиелейтініміз анық. 
-
Абай шығармалары арқылы оқушылардың бойына туған жерге, елге, ана 
тіліне деген шексіз құрмет сезімін дарыту, интеллектуалдық әлеуеті жоғары дара 
тұлға тәрбиелеу; 


207 
-
Қазақ халқының мәдениетіне, тарихына, әдебиеті мен салт-санасына деген 
құрмет пен ілтипат сезімдеріне баулу; 
-
Абай туындылары арқылы жас ұрпақтың адамгершілік қасиеті мен рухани 
дүниесін байыту, оларды азаматтыққа, достыққа тәрбиелеу. 
Курсты оқыту барысында төмендегі оқу пәндерімен байланыс жүзеге асады. 
«Қазақ тілі»: филологиялық ғылым салаларын байланыстыра оқыту үздіксіз, 
жүйелі жүргізіледі, бұл арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік 
қорларын молайту жүзеге асыралады. Сонымен қатар, Қазақстан тарихы
география, музыка, бейнелеу өнерімен тығыз байланыста болады.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары 34 сағатқа бағдарламаға негіздеп ұсынылды. 
Қысқа мерзімді жоспарда мұғалімге ұсыныс ретінде тапсырмалар берілген. Әр 
тапсырма Абай шығармашылығын толық меңгертуге ықпал етеді. Нәтижесінде 
Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы жайлы бағдарламаны 7-сынып 
оқушылары толық меңгеріп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет