Бөлім: Жақсылық - жан азығы Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Пайда ойлама, ар ойла»
Сабақ мақсаты: А.Құнанбаев «Пайда ойлама, ар ойла» өлеңінің тақырыптық -
идеялық мазмұнымен танысады.Өлеңнің түйінді ойларын сұрыптап,
бүгінгі өмірмен байланыстырады.Өлеңнің жазылу стиліне талдау
жасайды.
Құндылықтарды игерту: «Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:
-
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;
-
Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласы, «Туған жер» бағдарламасы, Абай шығармалары негізінде
оқушылар рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, өзін - өзі тану
АКТ-ны қолдану дағдылары: Ғаламтор желісіндегі электронды оқулық, интерактивті тақта,
youtube желісіндегі бейнематериал
Осыған дейін меңгерілген білім А. Құнанбаевтың саяси-әлеуметтік тақырыбындағы өлеңдері
Сабақ барысы Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалатын іс- әрекеттер Ресурстар Сабақтың басы Психологиялық ахуал. «Алтын балық» әдісі Оқушылар тақтаға шығып, бір-бірлеріне
«алтын балықты» беру арқылы сабаққа деген
жылы лебіздерін білдіреді.
«Алтын балық»
Сабақтың ортасы А.Құнанбаевтың «Пайда ойлама, ар ойла»
өлеңін аудиотаспадан тыңдату.
-
Өлең не жайлы?
-
Абайдың айтайын деген ойы қандай?
1- тапсырма. «Төртбұрышты пазл» әдісі «Пайда
ойлама,
ар
ойла»
өлеңінің
тақырыптық-идеялық
сипатын
айтып,
төртбұрышты пазлға жазып, жапсырыңыз.