246
-
Қазақ халқының дәстүріне, салт-санасына, тіршілігіне,
кәсібіне сай өнердің қандай түрлерін білесіңдер?(салт-
дәстүр: 1)көкпар, 2) аударыспақ, 3) ат бәйгесі, 4) асық
ойнау, 5) күрес, 6) алтыбақан, 7) қыз қуу, 8) теңге ілу.
-
Саятшылық өнері дегеніміз не? Саяткерлердің сұңқар
мен қаршығаға үйрек пен қаз алдыру, қақпан, тұзақ құру,
лашынға қоян алдыру, түлкі мен қасқырды бүркітке
алдыруы ең сүйікті істердің бірі болып саналады. Бұл бір
жағынан ата-дәстүр, екінші жағынан ұлттық өнерге де
жатады.
-
Қансонар дегеніміз не? Қансонар- жер бетіне жаңа қар
түскен шақ, бұл кезде аңның ізі айқын көрінеді. Қансонар
–
аң аулауға ең қолайлы мерзім. Сол үшін аңшылар
қансонарды күтіп, пайдаланып қалуға тырысады.
-
Олай болса, бүгінгі сабағымыз өнер тақырыбына, оның
ішінде «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңіне
арналады.
Достарыңызбен бөлісу: