302
П -“Менің ойымша…
О – Себебі (өйткені), …
П – Мысалы
Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей
аламын…
С – Сондықтан...
Осыған байланысты біз мынадай шешімге келдік…
Дескриптор:
Тақырып ашылған;
Пікір білдіреді;
Пікірін дәлелдейді;
Қорытынды жазады;
Құрылымын сақтайды;
Өмірмен байланыстырады.
ҚБ. «Сэндвич» әдісі
Флипчарт, маркер
Сабақтың
соңы
5 мин
Рефлексия
Даналық ағашы:
«БББ» әдісі
Үй тапсырмасы:
Сатылай кешенді талдап, өлеңді
жаттап келу.
стикер
ҚОСЫМША
«Қуанбаңдар жастыққа...» - Абайдың 1901 жылы жазған өлеңі. Жастарға
ғибрат айтуға бағытталған бұл өлеңін Абай Ысқақ Махмутов деген татардың
немерелеріне арнап шығарған деген дерек бар. Ысқақ Абай аулымен араласып
тұрған. Өленде Абай шығармашылығына тән адамгершілік, имандылық,
сабырлылық пен кемелді ой мәселөлері сөз болады. Егер Абай «Сабырсыз, арсыз,
еріншек» өлеңінде қазақ аулындағы жалқаулық пен арсыздықты, мақтаншақтық
пен парықсыздықты, еріншектік пен арамтамақтықты ашына әшкерелесе, бұл
өлеңінде астарлы мысқылмен қатар өнегелі ғибрат, ақыл-кеңес мол. Арзан күлкі
мен пәтуасыз боссөзге ермей, шын байлықты бағалай білудің қажеттігі алға
тартылады. Маңдай теріңді төгіп тапқан тиыныңды «сал да сақта қап- шыққа» дей
отырып, «сақтықта қорлық жоқ» деген халық қағидасын уағыздайды. Бұл бір
жағынан Абайдың өмірден алған өз сабағы. Оны «Елу бесте біз дағы, Сенісер
адамтаптық па?» деп ақынның өзі де сездіреді. Шығармада Абайдың гуманистік
идеясы, имандылық нысанасы көрінеді. Өлеңнің алғашқы 2 тармағы ұйқасады да
одан әрі жеке шумақтарға белінбей -а, -а, -б, -а, -а, -а үлгісінде еріледі. Өлең 7,8
буынды жүйеде жазылған. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген
«
Қазақ ақыны Ибраһим Қунанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Достарыңызбен бөлісу: