Сабақтың басы 3 мин 5 мин Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал қалыптастыру: Шаттық шеңбері
«Жүректен жүрекке».
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
3 топқа бөлу. Жастық, Махаббат, Қарттық
Үй тапсырмасы: Абай Құнанбаев «Қуанбаңдар
жастыққа» сатылай кешенді талдап, өлеңді жаттап келу.
Интербелсенді
тақта, таратпа
материалдар
Сабақтың ортасы 30 мин Мағынаны тану І.Білу. «Есіңде бар ма жас күнің..?» -
Абайдың 1899 ж. жазған
өлеңі. 4 тармақты, 5 шумақтан тұрады. Ақын есік пен
төрдей ғұмырдың қас қағымда өте шығатын мейірімсіз
ақиқатын тілге тиек ете отырып, табиғаттың осынау бір
құбылысына философиялық түйін жасайды. Тіршілік
атаулының үш мезгілі - көктемі, жазы, күзі - адам
баласына жастық, есею, тоқтау болып оралатыны; әр
мезгілдің өзіне лайық сыйы бар екені өлең арқауын
құраған. «Үміт жақын, көңіл ақ», адам атаулының бәрі
дос көрінетін жастық шақтың «махаббат, қызық мол
жылдары» сағынсаң қайтып бұрылмай өтіп кететіні,
«махаббат кетсе, дос кетіп», жөңкіле көшкен керуенге
ілесе алмай тоқтайтының, өмірдің өз заңдылығын
амалсыз мойындайтының поэзия тілімен әсем
өрнектеледі. «Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат
қызық, мол жылдар... Ақырын, ақырын шегініп, Алыстап
кетті-ау құрғырлар» деп өкси өкінген ақын «Көзіме жас
бер, жылайын, Шыдам бер, сабыр қылайын, Жаралы
болған жүрекке, Дауа бер, жамап сынайын» деген
тоқтамға келеді, сөйте отырып «жамаулы, жаралы
жүректің» өмірмен қоштасуды қимай, шаршай соққан
сабырлы дүрсілін аңғартады.