Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет80/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

ҚОСЫМША 
Абай және Әуезов. Мұхтар Әуезовтің Абайды танып-білуге қосқан үлесі зор. 
Мұхтар Әуезовтің зерттеулерін үлкен екі салаға бөлуге болады. Біріншісі Абайдың 
өмірі мен шығармашылығын, оларға қатысты мәселелерді баяндайтын ғылыми 
еңбектері, зерттеулері мен мақалалары. Екіншісі Мұхтар Әуезовтің көркем 
шығармаларында Абай бейнесін суреттеуі, оның заманын, өмір жолын, ақындық, 
ағартушылық, қоғамдық қызметін сипаттап көрсетуі, яғни Мұхтар Әуезовтің 
Абайға арналған пьесасы, опералық либреттосы, киносценарийі, әсіресе төрт 
томдық «Абай жолы» эпопеясы төңірегінде айтылған, қорытылған ой-пікірлер. 
Тағы бір өте маңызды қыры бар. Ол Абай шығармашылығының, әдеби мұрасының 
Әуезовке әсері, ықпалы, әсіресе «Абай жолы» роман-эпопеясында Мұхтар 


99 
Әуезовтің Абай шығармаларын деректік тірек етуіне қатысты айтылатын жайлар.
Абай мен Мұхтар Әуезовтің екі заманның перзенті екені рас. Алайда Мұхтар 
Әуезов өмір сүрген, әдебиетке араласып, шығармашылық ғүмыр кешкен дәуірі 
Абай заманынан тым қашық емес, сипаты, мазмұны мүлде өзгеше заман болса да, 
мерзімдік жағынан жалғас, өзектес.
«Абай», Мұхтар Әуезовтің 1933 ж. жазған зерттеу еңбегі. «XIX ғасыр мен 
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралына» енген. Ғылыми мақала 
Абайдың өмipi және Абайдың ақындығы деп аталатын eкi бөлімнен тұрады. 
Мұхтар Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1927) деп аталатын зерттеу еңбегінің 
жалғасы. Осы еңбекте «Қазақ әдебиетінің тарихы зар заман дәyipінен соң, Абайға 
келіп тіреледі. Сол ceбeптi «енді Абайға көшеміз» деп ескерткен Мұхтар Әуезовтің 
cөзi Абай шығармаларының 2 томдық жинағында (1933), одан соң осы оқу 
құралында жүзеге асты. 2 томдықтағы ғылыми-зерттеу еңбек «Абайдың туысы мен 
өмipi» деп аталады. Абайдың тeгiн сөз еткен тұста: «...Шыққан руы Тобықты. Ата-
тeгi сол Тобықты ішінде билік құрып, ықпалын жүргізіп, үстемдік етіп келген 
тұқым» дегенді Әуезов «Абайда» алғаш рет жазады. Абайдың ақындығын сөз 
еткенде де заман талабына орай таптық нысананы ұстанғаны аңғарылады. Зерттеу 
еңбекте Абайдың негізінен қоғамдық тақырыптағы, ақынның жеке басының жай-
күйлерін білдipeтiн шығармалары ғана талданған. Ғылым-білім, табиғат, махаббат 
тақырыбы қарастырылмайды. «Абайдың» тілі жеңіл, оқушы ұғымына лайықты 
жазылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет