102
жұрттың болса да жаны әдебиет. Жансыз тән жасамақ емес»,-деп түйеді.
Сондықтан да ол Абайды қазақ әдебиетінің асқар шыңына балап, Абайдың
ұмытылуы-қазақ әдебиетінің ұмытылуы, жоғалуы деп санайды. Абайдың қазақ
әдебиетінің алтын діңгегі екендігін, одан көз жазып қалу болашақ ұрпақ алдында
кешірілмес күнә екендігін ескертеді. Ақын Міржақып Абай ақындығын терең
түсініп, «Әдебиетіміздің негізін қалаған
бірінші кірпіш-Абай сөзі, Абай ойы
боларға керек. Абайға шейін қазақ қолға алып, оқырлық шын мәніндегі қазақ
әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. …Бәлки
мұнан кейін, Абайдан үздік
ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы ардақты орын Абайдікі, қазақ
халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жұлдыз-Абай»,-деп, Абай ақындығының әділ
бағасын береді.
Автор осы мақалада Абай есімін ұмытпау
тұрғысында істеліп жатқан
шараларды қуана қарсы алып, сол жолда ізденіп жүргендердің ісін құптайды.
Семейдегі Абай кешін өткізген оқыған қазақ жастарының ісінен игіліктің
бастамасын көреді. Сөйтіп, Абайды болашақта жан-жақты таныр, Абайды жаттап
өсер күннің туарына сенім білдіреді.
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D0%B7%D0%B5%D1%80%
D1%82%D1%82%D0%B5%D1%83_%D0%B5%D2%A3%D0%B1%D0%B5%D0%B3%D1%96
Достарыңызбен бөлісу: