А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Республика  – (лат.республика-қоғамдық іс) мемлекеттік  басқарудың бір түрі.  Референдум



Pdf көрінісі
бет123/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Республика 
– (лат.республика-қоғамдық іс) мемлекеттік 
басқарудың бір түрі. 
Референдум 
– мемлекеттік ӛмірдің аса маңызды мәселе-
лері бойынша жалпы халықтық дауыс беру.
Реформа 
– (лат. қайта жасау, жаңарту) қолданыстағы 
әлеуметтік, қоғамдық ӛмірдің қандайда бір жақтарын жақсарту, 
ӛзгерту, қайта құру, кез-келген мазмұндағы жаңа ӛзгерістер тү-
рінде болады, бірақ реформа деп әдетте прогрестік жаңартуды 
айтады. 
Революция 
– (тӛңкеріс) бір формациядан екіншісіне тез 
секіріп ӛтетін түбегейлі ӛзгеріс, қандайда бір табиғат, қоғам, 
сана құбылыстарын ӛзгерту.
Репрессия 
– жазалау шарасы, жазалау. Қуғын сүргін. 
Сатьяграха 
– ақиқат үшін күрес, Үндістанда ағылшын-
дардың үстемдігі кезінде тәуелсіздік үшін күрестің күш қол-
данбау әдісі. ХХ ғасырдың басында М.К.Ганди негізін қалаған. 
Сварадж 
– «ӛзінің басқаруы», ХХ ғасырдың басынан 
1947 жылға дейін отарлық Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыс-
тың басты ұраны. 


203 
Сикхтар 
– ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Ұлы Моғалдармен ұзақ уақыт 
бойы күрес жүргізіп, 1765-1849 жылдары Пенджабта ӛз мемле-
кеттерін құрады.
Сипай 
– жауынгер, әскер, ХҮІІІ ғасырдың ортасынан 
1947 жылға дейін Үндістандағы жалдамалы әскерлер. 
 
Сепаратизм 
– бӛлінуге ұмтылу; мемлекеттің бір бӛлігін 
бӛліп алып, дербес мемлекеттік құрылым жасауға ұмтылу.
Сыртқы саясат 

 
халықаралық іс-әрекеттердегі мемле-
кеттің жалпы бағыты: сыртқы саясат мемлекеттің басқа мемле-
кеттермен қатынасын реттейді. Сыртқы саясаттың маңызды 
құралы дипломатия болып табылады.
Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен ажырамас 
байланыста болады. Оның мазмұны мен бағыты, мемлекеттің 
қоғамдық құрылысының табиғатымен ескертіледі. Мемлекет-
тердің әр түрлі қоғамдық құрылыстарының болуына байланыс-
ты сыртқы саясаттарында да жергілікті айырмашылықтар бар. 
Тәуелсіз алған және енді ғана дамып келе жатқан мемлекеттер-
дің сыртқы саясаты негізінен ӛздерінің саяси тәуелсіздігін ны-
ғайту және экономикасын дамытуға бағытталған. 
Тоталитаризм 
– ХХ ғ. мемлекеттің бір нұсқасы, бұл мем-
лекетте қоғам ӛмірінің барлық саласына жаппай бақылау орна-
тылады, билік бір адамның немесе бір партияның қолына шо-
ғырланады, конституциялық құқықтар мен бостандықтар жойы-
лады, бүкіл халық бір идеологияға бағындырылады, еркін ой 
қудаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет