А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Тынық мҧхитындағы соғыс (1941-1945)



Pdf көрінісі
бет18/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Тынық мҧхитындағы соғыс (1941-1945). 
1941 жылы
10 қазанда бұрынғы әскери министр генерал Тодзио Коноэ ор-
нына келді.
Осы кезде АҚШ Жапониямен ара қатынасты бейбіт жол-
мен шешуді ұсынды. Жаңа сыртқы істер министрі Сигэнори 
Того 1941 жылы 25 қарашада екі елдің дипломатиялық байланы-
сының орнауына уәде берді. Осындай мақсатпен 1941 жылы
17 қарашада АҚШ-қа жапон елшісі Сабуро Курусу келді, ал оны 
мемлекеттік хатшы Корделл Хэлл қарсы алды.
Американың соңғы үндеуі Жапонияға 1941 жылы 26 қара-
шада жіберілді. Онда: Қытайдағы жапон әскерін тез арада шыға-
ру, Үндіқытайдағы басқыншылықты тоқтату, т.б. айтылған. 
Алайда, осы 26 қараша күні Итуруп және Гавайаралдарына жа-
пон әскери флоты жӛнелтілді.1941 жылы 7 желтоқсан күні түнде 
Жапония АҚШ-тың Тынықмұхиты флотына орналасқан ең бас-
ты әскери базасы Гавайдағы Пѐрл-Харборға соғыс ашты. Соны-
мен Тынық мұхитында соғыс осылай басталды. Мұнда АҚШ-
тың 18 ірі кемесі, 8 линкор және 300 ұшағы жойылды.
Осы күні жапон әскері Малаяға басып кіріп, сосын Бирма 
жерінде соғыс қимылдарын бастады. 1941 жылы 10 желтоқсанда 
жапондық ұшақтар ағылшындардың «Ханзада Уэльский» және 
«Рипалс» атты екі ірі әскери-теңіз кемелерін суға батырып жі-
берді. Бұл Жапонияның Тынық және Үнді мұхиттарындағы ал-
ғашқы жеңістері болатын. 1941 жылы 21 желтоқсанда Азиядағы 


28 
Жапонияның жалғыз ғана одақтасы Сиам екіжақты келісімге 
қол қойып соғысқа араласты. 
Теңізбен әуеге үстемдік еткен жапон әскері ӛз табыстарын 
тез ұлғайтты. Гонконг және Гуамды басып алды, артынша 
Лусон аралындағы Филиппиндерге соғыс ашты. 1942 жылы қаң-
тарда американдық әскерлер Манильды тастап шығады, әскер-
дің қалған бӛлігі бірнеше ай қарсыластықты жалғастырып,
1942 жылы мамырда тізе бүкті, 70 мың адам тұтқынға түсіп 
Филиппиндер жеріндегі АҚШ әскерінің бас қолбасшысы гене-
рал Макартур ұшақпен қашып үлгерді.
Малаяда жапон әскері күшті екпінмен соғыс қимылдарын 
жүргізіп, 1942 жылы қаңтарда Сингапурды басып алып, мұнда-
ғы 80 мың ағылшындарды тұтқынға алды. Сонымен бірге
1942 жылы қаңтарда голландық Индонезияда соғыс қимылдары 
басталып, жапондықтар Борнео, Ява және Сумарт аралдарына 
десант түсірді. Мұнда жапондықтар 1942 жылы ақпанда ағыл-
шын-голланд эскадронын талқандап, үлкен жеңіске жетті, ал 
доктор Сукарноның ұлтжандылары жапондықтарды отарлық тә-
уелділіктен құтқарушылар ретінде қарсы алды. 1942 жылы нау-
рызда Джакарта қаласын басып алып, голландық әскердің бір 
бӛлігі тұтқынға түсті. 1942 жылы наурызда жапондықтар Жаңа 
Британия аралдарындағы Рабаулды басып алып, Жаңа Гвинеяға 
қарай жылжиды. 
Нәтижесінде 5 айдың кӛлемінде жапондықтар үлкен та-
бысты жеңіске қол жеткізеді. Олар халқы тығыз қоныстанған, 
шикізат қорына ӛте бай территорияларды басып алған болатын. 
Мұндағы жапондықтардың жеңісінің бірден-бір себебі күтпеген 
жерден болған жағдайға АҚШ-тың соғысқа дайын еместігі және 
Англияның басқа тылда соғыс қимылдарын жүргізіп жатқанды-
ғы еді. 
Алайда, жапондықтарға қарсыластық ауқымы кеңейе түс-
ті. Қарсы қозғалыс үшін американдықтар екі соғыс ошағын құр-
ды: бірі - Автралияда (қолбасшысы-генерал Макартур), екіншісі 
- Гавайда (адмирал Нимиц). Ал Үндістан мен Бирмадағы әскер-
лерге қолбасшылық ағылшындардың қолында болды (генерал 
Маунтбеттен). 
Жапонияның 
ендігі 
кӛздеген 
нысанасы 


29 
Австралия және Жаңа Зеландия жерлері болды, бірақ мұндағы 
соғыс қимылдары 1943 жылдың ақпанына дейін жалғасып, нәти-
жесінде жапондықтар 40 әскери-теңіз кемелерінен, соның ішін-
де 2 линкорннан айырылды. Келесі маңызды шайқас Кораллов 
теңізінде болды. Мұнда жапондықтар Порт-Морсбиді басып 
алуды кӛздеген болатын, бірақ АҚШ және Англия флоты олар-
дың жолын жауып тастайды.
Ал келесі маңызды шайқас 1942 жылы 4-6 маусымда 
Пѐрл-Харборға 1150 миль жердегі Мидуэй шатқалында болды. 
Кӛлемі жағынан бұл тарихтағы ең ірі теңіз шайқасы болды. 
Мұндағы соғыс қимылдарына вице-адмирал Нагумо қолбасшы-
лық етті, олар екі линкорнды және «Агаки» және «Каго» секілді 
алып әуе ұшақтарын тасымалдаушы 4 кемені пайдаланды, тіпті 
жапон әскери-флотының бас қолбасшысы адмирал Ямамотоның 
ӛзі «Ямато» линкорнмен кӛмекке де келді. Мұндағы күш тең 
емес еді, яғни жапон жағы басым түсті, дегенмен, кейін белгілі 
болғандай американдық тыңшылар Жапонияның дипломатия-
лық кодын жауып тастаған екен. Жапондық ұшақ әуеге кӛтеріл-
ген сайын оны АҚШ ұшақтары атып түсіріп отырды. Нәтиже-
сінде Жапония тӛрт әскери ұшақ тасымалдаушы кемесінен, 332 
ұшағынан айырылды. Сонымен бірге ең мықты маманданған 
әскери ұшқыштары мен әскери теңізшілерінен айырылды. 
Осыдан кейін енді Жапония бұрын басып алған Малайя
Бирма, Филиппиндер және Үндіқытай жерлерінде жапондық-
тарға қарсы күшті партизандар қозғалысы басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет