А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


-1960 жж. Жапонияның экономикалық дамуы



Pdf көрінісі
бет21/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

1952-1960 жж. Жапонияның экономикалық дамуы. 
Сан-Франциско бейбіт конференциясында АҚШ және Англия-
ның билеуші топтары Жапониямен бітім шартына қол қойды. 
Бұған кӛптеген қызығушылық танытқан елдер конференцияға 
шақырылған жоқ немесе оларды қабыл алмады. Бейбіт келісім-
мен бір уақытта қауіпсіздік келісіміне қол қойылды, ол бойын-
ша АҚШ Жапонияда ӛз әскерін ұстап тұруға құқық алды. 
Жапонияға ӛзінің егемендігін қайтарып беру оның даму 
кезеңінің жаңа дәуіріне жол ашты. Кең танымал қаржы-ӛндіріс 
топтары қайта құрылды («Мицуи», «Мицубиси» т.б.), олар ӛз 
экономикалық құрылымын ӛзгертіп, бұрынғыдай Жапонияның 
экономикалық әлеміне бақылау жасады.
Осы кезден бастап кӛптеген жылдарға дейін Жапонияның 
саяси механизмі құрылды - Жапония Социалистік партиясы 
(ЖСП), ал 1955 жылы Демократиялық және Либералды партия-
лардың бірігуі негізінен Либералды-демократиялық партия 
(ЛДП) құрылды, осы кезде премьер-министр Хатояма ӛзінің 
үшінші кабинетін құрды. Хатояма сыртқы саясатта КСРО мен 
қарым-қатынасын жақсартты. Бұл қадам Жапонияның сыртқы 
саяси мәселелерін шешуге, БҰҰ-мен бағытын жақсарту үшін, 
сонымен бірге кӛрші елдермен тиімді экономикалық байланыс 
жасау, әсіресе балық аулау саласында. 1956 жылы Жапония 
БҰҰ-ның құрамына кірді. 
1953-1954 жылдары дағдарыстық құбылыстардан кейін 
Жапонияның экономикасы даму жолына түсті. Ол 1957 жылға 
дейін созылып, соғыстан кейінгі елдің экономикасының құры-
лымының дамуына үлкен әсер етті. Ӛндірістің дамуы ішкі на-
рықтың дамуына жол ашты және жер реформасы жүргізіліп, қа-
ла халқының кірісі ӛсті.
1960-шы жылдары Жапония экономикасы жоғарғы қар-
қынмен дамып, 1970-ші жылдары капиталистік әлемде екінші 
орынға шықты (АҚШ-тан кейін). Икэда Хаятоның жаңа каби-
неті, яғни ең кӛрнекті консервативті саясаткер экономикалық 
дамуға үлкен үлес қосты.
1964 жылы күзде премьер-министр Икэда денсаулығына 
байланысты отставкаға кетті, Либералды Демократиялық партия 


33 
ішіндегі күрестен кейін билік Сато Эйсаку қолына берілді, оны 
Жапонияның қаржыгер топтары қолдады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет