128
Уақыт ӛте Хомейни бір-біріне қарама-қайшы тапсырмалар
беріп отырды. Соның ішінде сырттан келген (импорт) тоңазы-
тылған ет ӛнімдерін жою - онда мал мұсылман салтымен бауыз-
далмаған деп түсіндірді, сонымен елде ет ӛнімінің
бағасының
қымбаттауына әкеп соқты. Екінші тапсырмасы қаладағы барлық
жеке мүлкі жоқтарға электр қуаты мен суды тегін пайдаланумен
қамтамасыз ету, қоғамдық кӛлікті тегін пайдалану, бұл қаланы
электрмен және сумен қамтамасыз етіп отырған компаниялар-
дың жаппай банкрот болуына алып келді. Мұхаммед пайғамбар
жазбаларының талабына сай банктерде
пайызсыз несие беру
орын алды.
1979 жылы 1 сәуірде Иран Ислам республикасы деп жа-
рияланды. Діндарлардан құрылған Кеңес елдің Конституциясы-
ның жобасын жасауды қолдарына алды. Тез арада діни қағида-
лары енгізілді: арақ ішуге, музыка, би, кино, шахмат ойнауға т.б.
тыйым салынды, ал 1980-ші жылдардың басында Иранда бар-
лық театрлар жабылды. Әйелдер міндетті түрде дәстүрлі киім-
дерімен жүру керек болды. Зайырлы саяси партиялар қуыла бас-
тады, олардың штаб-пәтерлеріне басқыншылық жасалды. Иран-
ның Солтүстігіндегі күрд сепаратистері қайта бас кӛтерді, олар-
дың ӛзі екіге бӛлінді: солтүстіктегі суннитер мен оңтүстіктегі
шейттер үнемі ӛзара қақтығысып отырды.
1979 жылы жағдай тым нашарлап кетті, 4 қараша күні
жастар тобы Тегерандағы Американың елшілігін
басып алып, 53
адамды кепілге алды.
М.Базарган
ӛз үкіметінде билік жоқ екені-
не кӛзі жетіп, отставкаға кетті. Американдық дипломатардың 15
ай тұтқында отыруларына тура келді.
1979 жылы 3 желтоқсанда Иран Ислам республикасының
Конституциясы қабылданды. Елдегі жоғарғы рахбар (басшы)
Хомейни болды. 12 танымал аятоллалардан Бақылаушы Кеңес
құрылды; ол барлық қабылданған заңдардың шариғат заңдарына
сай екенін бақылап отырды.
1980 жылы 25 қаңтарда Конституцияға сай жоғары атқа-
рушы билікте президенттік сайлау болды. Елдің президенті бо-
лып, «Хомейнидің рухани баласы»-
Абдулхасан Бонисадр
болып
тағайындалды, ол зайырлы интеллигент, «исламдық экономика»
129
теориясы идеологтарының бірі. 1980 жылы наурызда мәжіліске
сайлау болып кӛпшілік дауысты
Ислам республикалық партия-
сы жеңіп алды.
1980 жылы 22 қыркүйекте Ирак Иранға соғыс ашады, сӛй-
тіп иран-ирак соғысы басталды. Соғыстың себебі Шатт-эль-
Араб ӛзені маңындағы 200
км
шекаралық жерге талас болатын.
1980 жылы 20 қаңтарда американдық дипломаттар боса-
тылды. Сонда да АҚШ Хомейни режиміне жауластықпен қара-
ды. Оны басқа ислам елдеріндегі саяси ұйымдарды,
сонымен
бірге Таяу Шығыстағы «Хесболлах» партиясында «Хамас» қоз-
ғалысында лаңкестікті таратушы деп айыптады.
1981 жылы 11 маусымда Хомейни А.Бонисадрды биліктен
кетіреді, яғни оны американдықтармен байланысы бар деп
айыптады. Оны тұтқындай алмады, шетелге қашып үлгерді.
Оған моджахединдер кӛмектесті, 28 маусымда олар Ислам
республикалық партиясының штаб-пәтерін жойды. Нәтижесінде
72
адам қаза болды, соның ішінде елдің премьер-министрі
Бехештиде қазаға ұшырады. 30 тамызда лаңкестік оқиға салда-
рынан жаңа президент Раджай және премьер-министр Бахонар
қаза болды. Елде 4 мыңнан аса адам жараланып, 1 мыңнан аса
адам қаза болды.
Достарыңызбен бөлісу: