122
рылған соң, «Иран мәселесі» БҰҰ-ның күн тәртібінен алынды;
мұнайды игеру туралы кеңес-иран келісіміне қол қойылды, енді
тек бекіту қалды. Ал ағылшын армиясы елден 1946 жылы нау-
рызда шығарылды. 1946 жылы желтоқсанда Азербайжан және
Күрдстан автономиялы үкіметтері талқандалды.
1946 жылдан бастап премьер-министр Кавам эс-Салтане
ӛз билігін күшейте түсті. Ол мәжілісті таратуға,
сенат депутат-
тарынан жартысын тағайындауға құқық алды; кӛңілі толмаған-
дарға қуғын-сүргін жүргізді; Туде партиясының қызметін тоқ-
татты; жүздеген адамды қамауға алды.
Шах АҚШ-қа қарай бағыт ұстап,
Ұлыбритания мен КСРО-
ға тәуелділіктен құтылғысы келді. 1947 жылы қарашадан бастап
Ирандағы американдық әскери миссияның ӛкілеттілігі күшейе
түсті. 1950 жылы мамырда қорғаныс жӛнінде американ-иран
келісіміне қол қойылды: АҚШ-тан қару тасымалданып, әскери
іспен үйретуді қолға алды. Порттар, тас жолдар және басқа
инфрақұрылымдар салу қолға алынды. 1950
жылы қазанда
Иранға АҚШ-тың техникалық кӛмегі туралы келісімге қол қо-
йылды, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы туралы. Со-
нымен қатар американдық «Стандарт Ойл» мұнай компаниясы-
мен келісім жасалып, нәтижесінде Иранда американдық импорт
тез ӛсті.
Кӛп ұзамай мұнай мәселесі Иранда ұлттық сана-сезімді
оята бастады. 1933 жылғы ағылшын-иран мұнай компаниясы-
ның (АИМК) келісімі бойынша Иран кірісті мұнайдан түскен
үлеспен тӛлеу керек болатын. Содан бері тӛрт есе ӛсті. Оның
территориясында (Абадан қаласы) әлемдегі ең ірі мұнай тазалау
заводы болды. Сондықтан мұнай сатудағы кіріс Иранды қана-
ғаттандырған жоқ, сӛйтіп АИМК келісімді қайта қарау шарала-
рын жүргізді.
1949 жылы ағылшын-иран
мұнай компаниясының жаңа
келісімі болып, ол бойынша Иран кірістің 50%-ын иемдену
керек болды. 1950 жылы қаңтарда генерал
Әли Розмара
Иранның премьер-министрі болды; осы кезде елде АИМК-сын
мемлекет қарамағына ӛткізу туралы қозғалыс пайда болды, олар
123
мұнайдан түскен барлық табысты ирандықтардың мүддесіне
жұмсау керек деген талап қойды.
1949 жылы күзде
Мұхаммед Моссадык
бастаған
Ұлттық
майдан саяси партиясы құрылған болатын. 1950 жылы ақпанда-
ақ М.Моссадык мәжіліс сайлауында табысқа жетті, ал маусымда
оның басшылығымен парламентте мұнай мәселесі туралы арна-
йы комиссия құрылды.
1951 жылы 14 наурызда «Исламды жақтаушылар» ұйымы-
ның діни жанкүйерлері қолынан
Әли Розмара
қаза болды. Ал
келесі күні мәжіліс АИМК-ын мемлекет қарамағына ӛткізу ту-
ралы шешім қабылдады. Атқарылатын іс-шараның барлығы
М.Моссадыкқа
жүктелді, яғни ол 1951 жылы 29 сәуірде Иран-
ның премьер-министрі болып тағайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: