Ежелгі Шығыс (б.з.д. V-IV мыңжылдық - б.з.д. V ғ.),
Қосөзен, Мысыр, Үндістан, Қытай
өркениеті
ұйымдастырылған оқытудың құнды тәжірибесін қалдырды.
Осылайша
Ежелгі Месопотамияда
(
б.з.д. ІІІ мыңжылдық)
эдуббтарда (мектептерде) әңгіме, талқылау, диалог-талас,
жаттау, көшіру, жаттығу, көшіріп жазу әдістерін қолданған.
Біздің заманымызға дейінгі І мыңжылдықта
Ежелгі
Үндістанда
мектептің білім беру ісінде оқытудың белсенді
тәсілдерін қолданған, мысалы, оқытушы оқушының алдына
әр түрлі мақсат қойып, оқушыны сұрақтарға жауапты өз
бетінше табуға, шындықты танудың тәсілдерін меңгертуге
үйретті.
Ежелгі Қытайдағы
Конфуций мектебінде (Кун-Цзы
б.з.д. 551-479 жж.) оқытудың үлгіге еліктеу, диалог,
салыстыру, заттарды және құбылыстарды топтастыру
тәсілдері қолданылды
Үшінші
кезең
Еуропадағы (б.з.д. V ғ.) ортағасырлық
мектептің құрылуы. Оқыту бағдарламасының
мазмұны жеті еркін өнерден тұрды: бірінші,
бастапқы цикл – тривиум (лат. Trivium - үш
жол) грамматика, риторика, диалектикадан
тұрды; екінші, көтеріңкі цикл – квадривиум
(лат. Quadrivium - дәлме-дәл, төрт жолдың
қиылысуы) арифметика, геометрия, астрономия,
музыкадан тұрды. Бұл топтастыруды Рим
философы, бірнеше кітап авторы
Боэций
(б.з.
480-524 жж.) анықтады. Мың жылдықтар бойы
орта ғасырлық мектептердегі оқытудың
мазмұнын дәстүрлі түрде жеті өнер ретінде
анықталып келді, тек Қайта өрлеу кезеңінде бұл
бағдарламаны классикалық білім беру
алмастырды
Төртінші
кезең
Қайта өрлеу дәуіріне сәйкес келеді
Достарыңызбен бөлісу: |