Issn 2307-1079 Dulaty University Хабаршысы Вестник Dulaty University Bulletin of the Dulaty University



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата17.09.2023
өлшемі0,58 Mb.
#108296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
78-89

ISSN 2307-1079 
Dulaty University Хабаршысы 
Вестник Dulaty University
Bulletin of the Dulaty University 
2021, №1 
83 
бұрын соңды сезбеген немесе жасырын ұстаған мінез-құлық, жүріс-тұрыс 
ерекшеліктерін айқындап береді. 
Сурет 6. Д.Гоулманның оқыс оқиға орын алғандағы әрекет тесті 
6-суреттегі диаграммадан 81,5% респонденттің бойынан үйлесімді 
қарым-қатынас құра алу мүмкіндігі бар мінез-құлық сипатын көреміз. 
Сурет 7. Д.Гоулманның конфликт жағдайындағы әрекет тесті 
7-суреттегі диаграммадан 39,1% респонденттің мақсатқа жету үшін 
өзін және басқаларды ынталандыру қасиеті көрінеді. Ал, 34,8% 
респонденттен үйлесімді қарым-қатынас құра алу қасиеті байқалса, 16,3% 
эмпатиялық сипатта, 9,8% өзін-өзі бақылау қасиетіне ие. 
Сурет 8. Д.Гоулманның прогноздық әрекет тесті


ISSN 2307-1079 
Dulaty University Хабаршысы 
Вестник Dulaty University
Bulletin of the Dulaty University 
2021, №1 
84 
8-суреттегі диаграммадан 33,7%респондент өзін-өзі тани алуымен 
ерекшеленсе, 22,8% өзін-өзі бақылау - эмоцияны басқара білу және олардың 
күшіне жол бермеу қасиетіне ие, 21,7% адамда мақсатқа жету үшін өзін және 
басқаларды ынталандыра алса, дәл осы пайыз респондент үйлесімді қарым-
қатынас құра алуға дайын. 
Төмендегі 9-шы және 10-суреттердегі диаграммалар ұсынылып 
отырған ғылыми мақаланың басты көздеген мақсаты, яғни эмоционалды 
интеллект дағдыларын мектеп, университеттегі оқу процесіне ендіру арқылы 
балаларды ерте жастан үйлесімді өмір сүруге, ортада өзін-өзі жақсы ұстауға, 
мансаптық өсуге ұмтылуға т.б. үйрету. Бұл көрсеткіштер зерттеу жұмысының 
жүрегі немесе өзегі деген балама сипатқа ие. Зерттеу жұмысының 
жүргізілуіне үлес қосып, сауалнамаға қатысуға келісімін берген әрбір 
респондент қоғамның толыққанды мүшесі, ал олардың ортақ ойлары 
қоғамдық пікірді құрайды. 
Сурет 9. Эмоционалды интеллект ұғымын оқушы кезден бастап 
қалыптастыру ұсынысына респонденттер көзқарасы 
9-суреттегі диаграмма бойынша 67,4% респондент эмоционалды 
интеллект дағдысын ерте жастан бастау қажет біздің ойымызды растаса, 19,6 
% жауаптан жалтарады, 13% респондент үзілді-кесілді қарсылық білдіреді. 
Бұл көрсеткішті де есепке алып, кешенді зерттеу жүргізу қажет. 
Сурет 10. Эмоционалды интеллект ұғымын студент кезден бастап 
қалыптастыру ұсынысына респонденттер көзқарасы 
10-суреттегі 
диаграмма 
бойынша 
респонденттердің 
57,6% 
эмоционалды интеллект дағдыларын арнайы пән ретінде оқу процесіне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет