Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет18/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   122
Байланысты:
фольклор

Батырлар жыры.
Қазақ фольклорында бұл жанрдың алатын орны 
ерекше. Өйткені, біріншіден, халықтың рухани өмірінде, әсіресе, сөз 
өнерінде эпос басты роль аткарды; екіншіден, эпоста фольклорға тән 
ерекшеліктер толығырақ және айқынырақ көрінеді. Дәл осы жанрда қазақ 
жүртының эстетикалық та, этикалық та түсінік-пайымы, дүниетанымы да, 
арман-аңсары да мол табылады. 
Батырлар жыры – көпсатылы жанр. Мұнда бірнеше дәуірдің болмысы, 
санасы, ұғымы қатар жүреді, яғни алғашқы қауымда пайда болған түсініктер 
мен соларға негізделген мотив, сюжеттер және кейінгі дәуірлерде туған 
пайымдар мен оқиғалар аралас болады. Батырлар жыры – ежелгі сюжеттер 
мен мотивтердің фольклорлану процесін толық көрсететін жанр. Сол себепті 
мұнда тұтастанудың барлық түрі бар: сюжеттік, ғұмырнамалық, шежірелік, 
тарихи және географиялық. Батырлар жыры – халық идеалының айнасы. 
Сондықтан мұнда батыр романтикалық дәріптеу мен типтендірудің үздік 
үлгісі болып көрінеді, яғни батырлар жырында бүкіл фольклордың көркемдік 
әдісі мен бейнелеу шарттары бар. Батырлар жыры – ел тарихының поэзия 
түріндегі көркем шежіресі. Мұнда қазақ халқының арғы заманда өмір сүрген 
ата-бабаларының іс-әрекеттері мен бертінгі кездер оқиғаларының іздері, 
сұлбасы сақталған. Міне, осының бәрі батырлар жырын жан-жақты, көп 
қырлы жанр етіп сипаттайды. 
Батырлар жырының өз тарихи даму жолдары және онда әр 
заманның өзіндік белгілері бар. Ру-тайпалық эпос ертеде туып, 
қалыптасқан. Ол өзінің әрі қарай дамуында сюжеттік әрі ғұмырнамалық 
тұтастану процесінен өткен (“Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Қамбар 
батыр” жырлары). Алтын Орда мен Ноғайлы дәуірінден пайда болған эпос 
тарихи және шежірелік тұтастануға түскен (“Қырымның қырық батыры”, “Ер 
Көкше”, “Ер Қосай”, “Ер Тарғын”, “Едіге” жырлары). Эпос жанрына ХV-ХVІІІ 
ғасырлар оқиғалары әсер етіп, бұл дәуірде эпикалық дәстүр қайта өрлейді. 
Батырлық жыр – сөз
 
өнерінің үлгісі. Жырдың сюжеті, композициясы 
мен поэтикасы күрделі әрі қызғылық ты. Жырдағы дәстүрлі 
мотивтер (перзентсіз ата-ана, батырдың ғажайып тууы мен өсуі, түс көруі, 
т.б.) мен формулалардың атқаратын қызметі, эпикалық уақыт пен кеңістіктің 
сипаты – эпостың поэтикалық типологиясы. Жырдағы образдар, олардың 
типтік және өзіндік белгілері, батыр мен оның жақтастары, дұшпандары 
өздерінің іс-әрекеттерімен эпосты нағыз көркем фольклор дәрежесіне 
көтерген. Эпостағы қиял 
мен шындық, мифологиялық 
кейіпкерлер 
мен 
тарихи тұлғалар – бәрі біртұтас, реттелген жүйеде көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет