Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет15/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   122
Байланысты:
фольклор

Батырлық ертегілер
– жоғарыда айтқан қиял-ғажайып негізінде дамып, 
басқа сипатта көрінетін шығармалар. Мұнда қиял-ғажайып ертегілердің 
қөптеген белгілері бар. Сонымен бірге өзіндік ерекшеліктері де жетерлік. Ең 
бастысы – кейіпкер жай қатардағы адам емес, ол – батыр, үлкен күштің иесі. 
Сондықтан ол алуан түрлі қиындықты бір өзі жеңеді, бұл жолда оған керемет 
көмекшілер көп ұшыраспайды, ал егер ондайлар бола қалса да, шешуші роль 
атқармайды. Батырлық ертегілер екі сипатта болады. Бірі – батыр неше түрлі 
зиянкес құбыжықтармен айқасып, олардан елді құтқарып, жердің бетін 


32 
тазартады. Екіншісі – батырдың қарсыластары болып белгілі бір тайпа 
немесе басқа ел көрінеді. Олар, әдетте, батырдың елін шауып, оны жорыққа 
шығуға мәжбүр етеді. Жалпы, бұл ертегі түрінде де көне мифтік ұғымдар, 
шамандық түсініктер, ерте заманғы болмыстың элементтері айқын көрінеді. 
Оның үстіне күшті дамыған эпикалық дәстүрдің әсері де сезіледі. Мұны, 
әсіресе, бас кейіпкердің қаһармандық мінезі мен іс-әрекетінен көруге 
болады. Оның жаулары да осал емес: жалмауыз кемпір, айдаһар, т.с.с. 
Хикаялық ертегілер
– фольклордың жаңа сатыға көтерілген түрі. Мұнда 
ежелгі нанымдар мен ұғымдар өзінің сакралдық қасиетінен мүлде ада болған. 
Сондықтан бүл ертегілерде ешқандай тылсым күш жоқ, құпиялық қауіп, 
қорқынышты кейіпкер кездеспейді. Іс-әрекеттер адамдар арасында, елді 
мекендерде өтеді. Зұлымдық бұрынғыша қара күшпен жойылмайды. Оны 
ақылмен, айламен жеңеді. Сол себепті бас кейіпкерде қандай да бір ғажайып 
көмекші болмайды, оның қарсыластары да сондайлық ғаламат күштің, 
немесе мифологиялық сыйқырдың иесі емес. Мұндағы сыйқырлық 
тұрмыстық аяда көрінеді. Новеллалық ертегінің сюжеті күрделі, 
бірнеше 
эпизодты болып келеді, кейіпкерлер саны әдеттегіден көп, 
оқиғалар 
көбінесе 
шаһар ішінде өтеді. Ертегінің бұл түрінде шығыс 
әсері 
мол, сол себепті 
мұндағы кеңістік те кейде өзгеше. Кейбір 
ертегілердің 
сюжеті тұйықталған 
болады (рамочное построение). 
Новеллалық 
ертегі көбінесе ғибраттық 
функция атқарады. Оқиға 
қанша 
шытырманды, іс-әрекеттер қаншалықты 
күрделі болса да, 
ертегі 
жақсы аяқталады, бас кейіпкер өзінің даналығы, 
ұстамдығы, 
төзімділігі 
арқасында жеңіске жетеді, ал бірақ өзіне зияндық 
істеген 
дұшпандарына 
қатыгездік жасамайды ("Аяз би", 
"
Балтеке", 
"Мархұма", "Минуар мен Бибатима", т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет