Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет31/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   122
Байланысты:
фольклор

Жұмбақтар.
Ең көне жанрлардың қатарына жатады. Ежелгі рулық 
қоғам адамдарының құдіретті деп таныған құпия тілінің, сөздерінің негізінде 
пайда болған. Магиялық қасиет танылған осындай астарлы сөздің көмегімен 
аңды, табиғатты "алдауға, көңілдендіруге" болады, сөйтіп аң аулағанда, ау 
құрғанда табыс келеді деп сенген. Ескі нанымдар бойынша адамдар 
маңайдағы аң-кұс, тау-тас, ағаш-орман адамша өмір сүріп, адам тілін түсінеді 
деп ойлаған, сол себепті олар жұмбақтап сөйлейтін болған. Осындай әдіс 
арқылы тылсымға толы табиғатпен күресіп, оны жеңуге болады деп иланған. 
Сөздердің орнын ауыстырып, немесе бір заттың атауын екінші нәрсеге 
көшіру арқылы шартты тіл жасаған. 
Қоғам дами келе бұл утилитарлық қызмет өзгереді, бірте-бірте жұмбақ 
танымдық, тәрбиелік, тіпті сейілдік мақсатта айтылатын болады. Бара-бара 
жұмбақ адамдардың тапқырлық пен білім сайысына айналады, сөйтіп өнер 
деңгейіне көтеріледі. Өмір ағымындағы өзгерістер жұмбақты балалар 
репертуарына енгізеді, оны фольклорлық ойынға айналдырады... 
Сонымен, жұмбақ дегеніміз – елге аян бір зат, немесе құбылыс туралы 
түсінік әдейі жасырылатын шағын ғана көркем шығарма.Оның тақырыбы әр 
алуан, өзіне тән бейнелеуіш құралдары мен стилистикалық құрылымы бар. 
Мақал мен мәтел.
Шығу тегі жағынан бұл да – көне жанр және 
жұмбаққа жақын. Олардың стилистикалық құрылымы көп жағдайда бірдей 
болып келеді. Екеуінде де ұйқасты сөз бен тіркес – негізгі форма. Ал 
олардың айырмасы – мағынада, яғни жұмбақ затты, я болмаса құбылысты 
суреттейді, мақал – ой түйеді. Жұмбақта тұспал аталады, ал мақалда – 
түсіндіріледі. Ақиқатына келгенде, жұмбақ пен мақал бертінгі замандарда 
ажыраған. 
Мақал мен мәтел – бірін-бірі толықтырып тұратын жанр. Мақал – 
бейнелі сөз, онда өмірдің бір құбылысы туралы жинақталған тұжырым 
айтылады, яғни фактілер қорытылып, үлкен ой, нақыл, үлгі ұсынылады. 
Мәтел – осы топталған фактілерді нақтылайды, жеке құбылыстарды 


45 
сипаттайды. Мұнда тікелей нақыл айтылмайды, бір ғана оқиғаға, жағдайға 
байланысты пікір болады. 
Мақал мен мәтел қазақ өмірінің барлық саласына қатысты айтылады. 
Өзінің философиялық, нақылдық мағынасы және нақтылық сипаты 
арқасында мақал мен мәтел әрі практикалық, әрі эстетикалық қызмет 
атқарған. Әсіресе, бұрынғы қазақ қауымы үшін олар белгілі дәрежеде заң 
ролінде болған. Билер ел арасындағы дау-дамайды шешкенде мақал мен 
мәтелді жиі пайдаланып, соған сүйенген. Сондай-ақ мақал-мәтел өмір 
тәжірибесіне негізделгендіктен тәлімдік те мақсатта қолданылған, сондықтан 
да онда дидактикалық, үлгілік, ақыл-кеңес берерлік қасиет басым. 
Тіршіліктегі әр қилы жағдайға, қиындыққа, сауалға дайын жауап болып 
көрінеді. 
Терме.
Бұл жанр құрылысы мен формасы жағынан өлеңге жатады. 
Алайда, терме тақырыбы мен мазмұны жағынан іштей ерекшеленеді. 
Айталық, лирикалы-эпикалық сипатта айтылатын термелер нақты бір 
оқиғаға, жағдайға байланысты болады. Сонымен қатар терме көбінесе 
нақылдық, ғақлиялы болып келеді. Міне, осы топтағы терме дидактикалық 
жанрға кіреді. Мұндай термелердің басты мақсаты – ғибрат беру, сол себепті 
олардың мазмұны өмірдегі бір ситуацияға, көбінесе адамның мінез-құлқына, 
әсіресе, отбасының жағдайына байланысты мәселелер болып келеді. Бұл 
шығармаларда тіршіліктің әр түрлі аспектілері теріліп алынады да, олар 
кейде салыстырыла, бірде қарсы қойыла, я болмаса қатарластыра 
баяндалады, соның негізінде нақыл айтылады, адамға ой салынады. Термеде 
де белгілі бір жағдайда не істеу керек деген сауалға өзіндік жауап беріледі. 
Бірақ осы таза практикалық ақыл-кеңестер ұйқас сөздермен, келісті әуенмен 
жеткізіледі, ал бұл қасиеттер термені халықтың сүйікті өнеріне айналдырады. 
Мысал.
Кең тараған жанрдың бірі. Оның қайнар көзі екі түрлі: а) ежелгі 
фольклор, дәлірек айтқанда миф пен хайуанат туралы ертегі; ә) көне 
кітаптар, шығыстық кітаби тәмсілдер. Қазақ арасында мысалды (прозалық) 
әңгіме түрінде де, өлеңмен де орындау дәстүрі болған. Мысалдың негізгі 
мақсаты – мораль айту, тәлім беру. Бұл тұрғыдан ол мақалға жақын. Оларды 
жақындастыратын тағы бір нәрсе – нақты бір жағдайға байланыстылығы. 
Бірақ мақал мінез-құлықтың моделін көрсетеді, ал мысал – өмір салтының 
түрін жасайды. Мысалда аллегория басым, бірақ ол жалаң болмайды. 
Аллегория мысалға эстетикалық функция дарытады. Оның эстетикалық 
болмысы баяндаудан көрінеді: кейіпкерлер контраста болады, олардың іс-
әрекеті тартыста көрсетіледі. Сюжет мықты мен әлсіз кейіпкердің күресіне 
құрылады да, көбінесе әлсіз жеңіп, әділеттілік орнайды. Осы аркылы ғибрат 
беріліп, мораль айтылады, халықтық утопия жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет