44
сондай-ақ тек ғибраттық роль атқарып дүниеге келген жанрлар (мысал,
терме) және таза практикалық міндет арқалаған жанрлар бар (жаңылтпаш,
шешендік сөз). Соған қарамастан бұлардың басын біріктіретін қасиет –
дидактикалық сипаты. Бұл топқа енетін шығармаларда, негізінен,
дайын
ақыл, кеңес беріледі, сөйтіп белгілі бір оқиғаны баяндау, немесе құбылысты
суреттеу аркылы күдік тудырмайтын қорытынды жасалады. Олардың
әрқайсысының түкпірінде тағылымдық, тәлімдік ой жатады да,
тыңдаушысына нақты іс-әрекетті, я болмаса бір жағдайда өзін қалай ұстауды,
не істеуі керектігін нұсқайды. Бұлай болатын себебі – қорытынды да, ақыл-
кеңес те жинақталған тәжірибеге негізделгендігі. Ғибратты ой мен ақыл-
кеңес көбінесе есте сақтауға ыңғайлы, жаттауға жеңіл түрде
айтылады, ал
мұның өзі сол шығарманың да, ондағы ой-пікірдің де ұзақ өмір сүруін
қамтамасыз етеді. Дидактикалық мәндегі шығармалардың басым көпшілігі
ұйқасқа құрылған
әрі ырғақты болып келеді, тіпті проза түріндегілердің
өздері де ұйқас тіркестермен аяқталады. Осындай ортақ белгілермен қатар
дидактикалық жанрлар өзіндік сипаттарымен де ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: