Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


Фольклор және қазіргі мәдениет



Pdf көрінісі
бет34/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   122
Байланысты:
фольклор

Фольклор және қазіргі мәдениет. 
Фольклор – мәдени мұра ғана емес. 
Ол ескінің жарамсыз дүниесі болып өмір сүрмейді, керісінше, әр замандағы 
қауымның тұрмыстық, мәдени, тәлімдік қажеттіктерін өтеп отырған, сол 
себепті әр дәуірде қоғам талабына сәйкес өзгеріп те, сондай-ақ жаңа 
түрлермен, туындылармен толығып та отырған әрі жаңа сипат алып, өмірдің 
кәдесіне жарап отырған. Бүгінгі таңда да фольклор осы үрдістің үддесінен 
шығуда, қазіргі мәдениеттің бір саласы және оның қайнар көзі болып отыр. 


48 
Осы заманғы мәдениетіміздің әр түрінде фольклордың әсері де бар және 
керісінше мәдениет те фольклорға ықпал жасауда. 
Фольклор және әдебиет.
 
Бұлар – ұлттық сөз өнерінің екі түрі, екі 
сатысы. Әрқайсысының өзіндік көркем әдісі мен жүйесі бар. Бірақ соған 
қарамастан олар бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл байланыстың ұзақ 
тарихы бар және ол әр формада, әралуан типте болады. Ең біріншісі – 
генетикалық байланыс. Бұл тип бойынша, фольклор мен әдебиет бір көркем 
творчествоға жатады, алайда оған екеуі екі бөлек келеді. Фольклор – 
әдебиеттің төркіні. Оу-баста фольклордан негіз алып, әдебиет алғашқы даму 
кезеңінде кіндігінен бірден қол үзіп кете алмайды, көп уақытқа дейін соған 
сүйенеді, содан сусындайды... Байланыстың екінші түрі – оппозициялық. 
Әдебиет біршама дамып, аяғынан тік тұрып алған соң фольклорға менсінбей 
қарайды, оны жоққа шығаруға тырысады, одан мүлде қол үзуге күш салады. 
Сөйтіп, фольклорлық сана, поэтика, образ дегендерден қашады, жаңадан 
өзінше жол салады, тың сюжеттер, жанрлар туғызады, соны кейіпкерлер, жаңа 
көркемдік құралдар іздейді, оларды табады, әдеби-эстетикалық мақсатта 
пайдаланады. Сөйтіп, көркем әдебиет биік дәрежеге көтеріледі. Кемеліне 
келіп, үлкен эстетикалық-көркем жүйеге айналған соң әдебиеттің фольклорға 
деген көзқарасы өзгереді. Енді әдебиет фольклорға қайта соғып, оны басқа 
деңгейде игере бастайды. Мұндай байланысты – үндестік байланыс дейді. 
Бұл тұста әдебиет фольклордың ешбір жанрынан, сюжетінен, образдары мен 
тіл кестесінен де қашпайды. Керісінше, оларды жаңа сапаға көтеріп
әдебиеттің өзінің көркемдік заңына сәйкес пайдаланады, өзгертеді, жаңаша 
түсінеді. Фольклор енді иллюстрация емес, ол биік мақсат атқарады, терең 
философиялық мәнде жұмсалады, ескірмес концепцияның жүгін арқалайды. 
(Мысалы, әдеби мифология). Фольклор мен әдебиет байланысының келесі 
түрі – қарымта, яғни қайтарым байланыс. Қазақтың XX ғасырдағы әдебиеті 
тек қана профессионалды көркем әдебиет түрінде жеке өмір сүрген жоқ. 
Онымен қатарлас, үзеңгілес авторлық ауыз әдебиеті (халық ақындарының 
поэзиясы) және фольклор өмір сүріп жатты. Осы процесте зор биікке 
көтерілген жазба әдебиет енді фольклорға да, ауыз әдебиетіне де ықпал етті. 
Сөйтіп, қазақ фольклорында жаңа дастандар, аңыздар, әпсаналар, мақалдар, 
жұмбақтар пайда болды. Олар ежелгі үлгілерден әжептәуір ерекшеленіп
сюжетика мен поэтика саласында әдебиет шығармаларынан үлгі алды, 
соларға еліктеді. Қайтарым байланыс деген – осы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет