122
Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін
Патша тағы, бүкіл дүние малына [10], -
деген шумақтар ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп,
қазақ әдебиетіндегі
Абайдан кейінгі махаббат туралы интимдік лириканың озық үлгісі болды.
1922 жылдан бастап Мағжанның барлық жинағында шығуы арқасында «Сүй,
жан сәулем» өлеңі елге кеңінен тарады. Ел арасында ауызекі сөзде жақсы
көретін баласын,
я болмаса жақын адамын
«жарығым»
деп айту бұрыннан
болған. Міне, осы
«жарығым»
деген сөздің орнына
Мағжан
«сәулем»
сөзін
қолданып, оған
«сүйіктім, ғашығым»
деген мағына берген. Мағжан
шығармалары арқылы
«сәулем»
сөзі ел
санасына сіңіп, әншілер бірте-бірте
сол сөзді әнге жиі қосатын болған. Сөйтіп, бұл дәстүрлі
сөзге айналып,
фольклорлық әнге де, халық композиторлары әніне де кірігіп кетті. Бүгінде
оны ешкім солай екен деп ойламайды.
Алайда, осы әдемі сөзді орынды-орынсыз қолдану әндердің мазмұнына
әсер ететінін әншілер ескере бермейді. Кей жағдайда әннің эмоциялық
күшіне нұқсан келіп жатады. Мәселен, мына сөздерге көңіл бөлейік. Ақан
серінің «Майда қоңыр» әнін жақында радиодан бір әнші былай айтты:
Жігітке өлең де – өнер, өнер де – өнер,
Шын жүйрік өрге салса, өршеленер.
Бозбала, жастық шақта ойна да күл,
Шамшырақ мың күн жанған,
сәулем-ай,
бір күні сөнер.
Осы жерде
«сәулем-ай»
мүлде орынсыз айтылып тұр. Біріншіден, автор
бозбалаға қарата айтып отыр. Екіншіден, ән мазмұнында мұң мен өкініш бар.
«Бір-ақ күнде өмірден кетесің!» - деген ой айтылып тұр. Автор күңіреніп тұр.
Демек, бұл жерде
Достарыңызбен бөлісу: