История фармации



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата19.09.2023
өлшемі0,66 Mb.
#108520
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 тема биобезопасность.каз[1]



Тақырып 2
Фармацевтикалық өндірісінде биологиялық 
қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы 
талаптардың сақталуын мемлекеттік 
бақылау және қадағалау 



Анықтамасы: 

биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган 
биологиялық қауіпсіздік 
саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын 
мемлекеттік орган;

патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу 
– патогенді биологиялық 
агенттерді зерттеу, жою және (немесе) иммундық-биологиялық препараттарды 
әзірлеу мақсатында оларды бөлуге (табуға), әзірлеуге (жасауға), өндіруге 
(дайындауға), олардың айналымына (оның ішінде әкелуге (әкетуге), сақтауға
тасымалдауға) тікелей бағытталған патогенді биологиялық агенттермен жұмыс 
істеу процестері (сатылары);

патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын маман 
(бұдан әрі – маман) 
– техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен 
кейінгі білімі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білімі 
және (немесе) ғылыми дәрежесі бар және белгіленген тәртіппен патогенді 
биологиялық 
агенттермен 
жұмыс 
істеуге 
жіберілген 
жеке 
тұлға;


2-тарау. БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 
 
Қазақстан 
Республикасының 
биологиялық 
қауіпсіздігі 
туралы 
6-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу 
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы негізгі проблемалар мен қатерлер, стратегиялық 
мақсаттар, негізгі бағыттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер және нәтижелердің көрсеткіштері, 
ведомствоаралық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында 
айқындалады.
2. Биологиялық қауіпсіздік саласында жедел ведомствоаралық ақпарат алмасуды қамтамасыз ету 
және үйлестірілген шараларды қабылдау биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік 
ақпараттық жүйе арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де 
тәсілдермен жүзеге асырылады. 
3. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудің рұқсат беру тәртібін енгізу;
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және 
қадағалауды жүргізу;
4) биологиялық тәуекелдерді басқару;
5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу, мониторингтеу және болжау (модельдеу) 
арқылы жүзеге асырылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет