История фармации


-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің биологиялық қауіпсіздік



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата19.09.2023
өлшемі0,66 Mb.
#108520
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 тема биобезопасность.каз[1]

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің биологиялық қауіпсіздік 
саласындағы құзыреті 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне мыналар жатады:
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі 
бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
2) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық 
коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын 
және оларды қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік 
берілген ұйымдардың тізбесін бекіту;
3) патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі 
бойынша сыныптамасын ескере отырып, патогенді биологиялық 
агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу 
өлшемшарттарын және патогенді биологиялық агенттердің тізбесін 
бекіту;
4) өзіне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және 
Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де 
функцияларды орындау. 


9-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құзыреті 
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты нормативтік құқықтық актілердің, 
нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың жобаларын 
келісу;
2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйені жүргізу;
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) 
қағидаларын әзірлеу және бекіту;
4) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілерді, ықтимал қауіпті 
биологиялық объектілерді, патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттерді және олармен 
жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандарды есепке алудың жүзеге асырылуын мониторингтеу;
5) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-
бағу қағидаларын және оларды қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың 
тізбесін әзірлеу;
6) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың 
біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларын келісу;
7) патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасын ескере 
отырып, патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу 
өлшемшарттарын және патогенді биологиялық агенттердің тізбесін әзірлеу;


8) патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс 
істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидаларын 
әзірлеу және бекіту;
9) биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
10) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін келісу;
11) биологиялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың, 
ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың тізбесін әзірлеу және 
бекіту;
12) биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігіне мониторинг жүргізу 
қағидаларын әзірлеу және бекіту;
13) осы Заңның 10-бабының 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар 
жүргізетін биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігін мониторингтеу;
14) биологиялық қатерлерді талдау және болжау;
15) биологиялық қауіпсіздік саласындағы нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық 
жобалар мен бағдарламаларды келісу;
16) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық 
ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
17) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес 
жұртшылыққа Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі 
туралы хабар беру;
18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан 
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде 
көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет