5. Биологиялық қауіпсіздік түсінігіне анықтама беріңіз. Биологиялық қауіпсіздік



бет1/23
Дата16.05.2023
өлшемі1,54 Mb.
#93534
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
биобезопасность сессия 14топ





5.Биологиялық қауіпсіздік түсінігіне анықтама беріңіз.
Биологиялық қауіпсіздік – адамдар мен табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің (атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының, жер беті мен топырақ қабатының, өсімдіктер мен жануарлар дҥниесі мен өзге де организмдердің (бҧдан әрі-табиғи ортаның жекелеген компоненттері) қауіпті биологиялық факторлардан қорғалуының, оның ішінде биологиялық қорғау шараларымен қамтамасыз етілуінің жай-күйі.
Биологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оның өзектілігі қазіргі әлемде жаһандық сипатқа ие жұқпалы аурулар мен олардың қоздырғыштарынан туындайтын қауіптермен анықталады.
Қазақстанда «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» 2022 жылғы 21 мамырдағы № 122-VII Заң қабылданды, осы заңды іске асыру сыртқы және ішкі биологиялық қатерлерді болжауға, жедел анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жедел ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Биологиялық қауіптің негізгі көздері:
- жұқпалы аурулардың эпидемиясы мен өршуі;
- эпизоотиялар;
- биологиялық қауіпті объектілердегі авариялар мен диверсиялар;
- патогендік микроорганизмдердің табиғи резервуарлары;
- экожүйелер үшін қауіпті патогендік микроорганизмдердің, флора мен фауна өкілдерінің трансшекаралық тасымалдануы;
- биологиялық терроризм;
- биологиялық қаруды қолдану.
6.Патогенді биологиялық агенттердің классификациясына сипаттама беріңіз.
Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 21 мамырдағы № 122-VII ҚРЗ бойынша
Патогенді биологиялық агент – адамның, жануардың немесе өсімдіктің организмінде инфекциялық және (немесе) паразиттік процесті туғызуға қабілетті микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, нематодтар.

  • адам үшін патогенді микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, хламидиоздар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар), оның ішінде генетикалық түрлендірілгендер;

  • биологиялық текті улар (токсиндер),

  • сонымен қатар аталған агенттердің мазмұны бойынша күдікті далалық, клиникалық, бөлімді қоса алғанда кез келген объектілер мен материалдар

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасына негізделеді:
1) патогендігі I топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың ӛлім (ӛлім-жітім) деңгейі жоғары аса қауіпті инфекциялық ауруларын туғызатын, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге жеңіл таралатын, әдетте, оларға қатысты вакциналар және тиімді терапия құралдары жоқ патогенді биологиялық агенттер;
2) патогендігі II топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын туғызатын, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге жеңіл таралатын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер. Бұл топ:
• аса қауіпті инфекциялық ауруларды;
• инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды туғызатын патогенді биологиялық агенттер болып бӛлінеді;
3) патогендігі III топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын туғызатын не ӛсімдіктерге айтарлықтай зиян келтіруге қабілетті, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге таралуы ең аз деп сипатталатын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер;
4) патогендігі IV топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын туғызатын не ӛсімдіктерге зиян келтіруге қабілетті, әдетте, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге таралмайтын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет