Биология • адам • жыныстық жетілу 1 1-бөлім: Гормондар



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата19.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#108576
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
kktwig-zhynysty-zhetilu

• Ұсынылатын фильм
- Жыныстық жетілумен танысу
• Тестостерон ер адам ағзасына қалай әсер етеді?
Тестостерон – ер адамның жыныс гормоны. Ол жыныстық жетілуден 
бастап қайтыс болғанға дейін аталық безден бөлінеді. Жыныстық 
жетілу кезінде тестостерон мөлшерінің артуы нәтижесінде ер адамның 
қосымша жыныс белгілері дамиды. Дауыс жуандайды, жыныс мүшесі 
өседі, түктер пайда болады. Бала ақырындап ер адамға айналады. 
Бұлшықеттер дамиды және аталық ұрық бөліне бастайды
Тестостерон гормоны әсерінен ұлдарға 
сақал-мұрт өседі
• Ұсынылатын фильм
- Ұлдардың жыныстық жетілуі
• Эстроген әйел ағзасына қалай әсер етеді?
Эстроген – әйелдің жыныс гормоны. Ол аналық безден бөлініп, 
әйелдердің қосымша жыныс белгілерін дамытады. Омырау өседі, 
түктер шығады және етеккір кезеңі басталады. Ай сайын аналық 
жасушалар бөліне бастайды. Ай сайын аналық жасушалар өндіріліп, 
етеккір келе бастайды. 
Гипофиз белгісі бойынша қыздарда 
ай сайын аналық жасуша бөлінеді 
• Ұсынылатын фильм
- Қыздардың жыныстық жетілуі


 БИОЛОГИЯ • АДАМ • ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУ
4
Қосымша сұрақ
С6. Етеккір дегеніміз не?
Етеккір дегеніміз – әйел жатырының шырышты қабатының бөлініп түсуі. Мүмкін болатын жүктілікке дайындалған 
шырышты қабат етеккір кезеңінің бірінші жартысында қалыңдайды. Егер әйел жүкті болып қалмаса, онда әр 
етеккір кезеңінің аяғында шырышты қабат түсіп отырады.
3-бөлім: Жасөспірімнің миы
• Неге жасөспірімдерге безеу шығады?
Тері шаш фолликулдарындағы бездерден май бездері 
деп аталатын майлы бөлініс өндіреді. Жыныстық 
жетілу кезінде жыныс гормондары көп бөлінгендіктен, 
май бездері көбірек өндіріледі. Сондықтан, олар шаш 
фолликулдарында тұрып қалып, бактерияны жұқтыруға 
және айналасындағы ұлпалардың қабынуына әкеледі. 
Осы себептен, бетке безеу шығады.
Қосымша сұрақ
С7. Безеуді қалай емдейді?
Безеудің пайда болуын тежеуге көмектесетін түрлі 
әдістер бар. Терідегі ұсақ тесіктер бітеліп қалмас үшін, 
бетті таза ұстайды. Май бездерінің бөлінуі мен қабынуды 
азайту мақсатында арнайы кремдер мен лосьондар 
пайдаланылады. Кейбір жағдайларда бактерияны өлтіру 
үшін бактерияға қарсы қоспалар да қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет