113
Лингвистиканың
өзекті мәселелері
емес, сонымен қатар, шет елдік Азия, Африка, Америка және
әлемнің басқа да тілдерін жан-жақты салғастыра зерттеу қажет
болды. Осындай ауқымды типологиялық зерттеулердің
нәтижесінде ғана адамзат ойының тілдік көрінісінің тәсілдерін
зерделеуге мүмкіндік туады. Оларды толық көрсетіп, бір-
бірімен салғастыруға, тілдік типтердің барлығын да айқындауға
болады. Мәселеге осылайша қарағанда ғана толыққанды
типологиялық бағытта жалпы тіл білімін құру мүмкіншілігі
туады.
Лингвистикалық типология мәселесіне баса назар
аударған шет елдік ғалымдардың бірі - Р.Якобсон. Ол 1957
жылы Осло қаласында
өткен УІІІ-ші халықаралық
лингвистикалық конгресте «Типологиялық зерттеулер және
олардың салғастырмалы-тарихи тіл біліміндегі орны» атты
арнайы баяндама жасады.
Р.Якобсон өзінің баяндамасында жалпы тіл білімі
типологиялық зерттеулерге немқұрайлы қарауына болмайтынын,
өйткені типологиядағы изоморфизм құбылысы әртүрлі, тіпті
туыс емес тілдер арасында да орын алатынын көрсетіп берді.
Р.Якобсонның пайымдауынша, генетикалық әдіс тілдердің
туыстығын айыру, ареалды әдіс
тілдердің ұқсастықтарын
айқындау, ал типологиялық зерттеу әртүрлі тілдер арасындағы
изоморфизмді анықтау болып табылады. Изоморфизм әртүрлі
тілдерде немесе қандай да бір тілдің әр түрлі жағдайында
кездесе береді. Ғалымның өз сөзімен айтсақ: «... Независимо от
того, существует ли они одновременно или разделены временем,
являются ли сравниваемые языки смежными по территории,
родственными или неродственными» [2,5].
Типологиялық зерттеулердің негізіне тілдің жеке
элементтерінің инвентаризациясы емес, тілдік жүйенің
құрылымдық талдауы жатады. Типологиялық салғастыру тілдік
элементтердің күрделі иерархиясымен қоса, тілдік жүйенің
айрықша ерекшелігінің барлығын толық қамтуы қажет. Сонда
тіпті импликативті құбылыстар да ашылады, әрбір тілдің ерекше
фактілері айқындалады; осының негізінде түрлі тілдер арасында
Лингвистиканың өзекті мәселелері
114
кездесетін изоморфизмдер мен универсалийлер анықталады.
Шынында да, жеке тілдерді типологиялық тұрғыдан
зерттей бастасақ, көптеген тілдерге ортақ белгілерді табуға
болады. Мысалы, орыс, поляк, болгар тілдерінен бір түбірден
өрбіген сөздерді көптеп кездестіруге болады. Бұл құбылыс ол
тілдердің барлығы да славян тілдер тобына жататындығының
айғағы. Соған қарамастан аталған тілдер арасынан да
алломорфизмдерді кездестіруге болады. Мәселен, орыс тілінде
алты септіктен тұратын
септік категориясы болса, болгар
тілінде септік жүйесі жоқ. Бұл екі тілдің туыстығына қарамастан,
зат есімдер жүйесі де бір-бірінен алшақ.
Қазақ тілі мен қарақалпақ тілінің туыстас тіл екендігі дау
туғызбайды. Бірақ туыстыс тілдердің барлығы да қазақ,
қарақалпақ тілдері сияқты лексикалық, фонетикалық,
грамматикалық жағынан толық сәйкес келе бермейді. Мысалы,
түркі тілдері семьясына енетін қазақ тілі мен чуваш тілін
салыстырып
қарайтын болсақ, олардың арасында үлкен
алшақтық бар. Түркі тілдес болса да, чуваш пен қазақ өз
тілдерінде сөйлесе кетсе, бір-бірін түсіне алмайды.
Лингвистикалық типология тілдер құрылымындағы
бірен-саран кездесетін ұқсастықтар мен ерекшеліктерді
қарастырмайды. Оның
нысаны жалпылық сипат алатын,
көптеген біртектес белгілердің ауқымын қамтиды.
Бұдан біз типологияда «изоморфизм» ұғымы да ерекше
рөл атқаратынын көреміз. Бұл термин грек сөзі,
Достарыңызбен бөлісу: