135
Лингвистиканың
өзекті мәселелері
айналды. Ғылыми ізденістер тіларалық сәйкестіктердің
теориялық негізінің жасалуына үлкен үлес қосты. Дегенмен,
бұл проблеманың тіл ғылымының кейінгі жетістіктері
тұрғысынан әлі де нақтылай түсетін, әлі де жүйелей түсетін
тұстары жоқ емес. Мәселен, соңғы
кездегі лингвистикалық
зерттеулерде қайсыбір тіл құбылысын жаңаша зерделеу,
бұрынғы дәстүрлі әдістен шығып, өзгешерек түсіндіру бағыты
байқала бастады. Мұндай жаңа нышан ішінара құрылымы
әртүрлі тілдерді типологиялық жағынан зерттеу мәселесінде де
сезіледі. Тіл ғылымындағы бұл сонылықты ескермейінше
құрылымы
алшақ тілдерді салғастырғанда, ол тілдердің ішкі
жүйесінің заңдылықтарын, олардың грамматикалық табиғатын
толық тану, жете сипаттау, әрине, мүмкін болмайды. Тілдерді
типологиялық жағынан зерттегенде белгілі бір ұстанымдарға
сүйену керек.
Профессор М.К.Исаев қандай да болмасын контрастивті
зерттеу жүйелілік ұстанымын сақтағанда ғана өзінің негізгі
мақсатына жетеді. Екі тілдің біртекті фактілерін салғастырылған
жағдайда
тілдер екіжақты, тең құқұқты ұстаныммен
салғастырылуы керек екендігін айтады /М.К.Исаев /.
У.К.Юсупов контрастивті зерттеудің он төрт ұстанымын
ұсынады. Ол кісі салғастырудың жан-жақты болуына көп көңіл
аударып, ұстанымдар ауқымын тым жіктеп жіберген. Мысалы,
жеңілдік принціпі, қысқарту принципі т.б. Бұл принциптер
белгілі бір жағдайда ғана қажет болуы мүмкін. Ал
негізінде
олар
салғастырмалы
типологияны
бір
жағынан
жадағайландырып, екінші жағынан тарылтып жібереді.
Профессор З.Қ.Ахметжанова құрылымы әртүрлі тілдерді
салғастырмалы зерттеудің 6 ерекше ұстанымдарын негізге
алуды ұсынады: 1
.Семантикаға сүйену принципі
. Салғастырмалы
тіл білімі әрқашан тілді оқытудың практикасына негізделді, ал
шет тілді оқытудың негізі назардан тысқары қалды, ол мағына,
семантика, тілдің мағыналық жағы болуы керек еді. Ол бір.
Екіншіден, семантикалық мазмұн генетикалық жағынан алыс
тілдер арасындағы тілдік категорияларды салғастыруда сенімді
негіз болатыны сөзсіз. Үшіншіден, мазмұнды категорияларға
сүйене отырып салғастыру салыстырылып
отырған тілдердің
Лингвистиканың өзекті мәселелері
136
әрқайсысының өзіне тән ерекшелігін яғни спецификасын
айқындауға жағдай жасайды. Құрылымы әртүрлі тілдерді
салғастырудың негізгі шартының
бірі ретінде семантикаға
сүйену ұстанымын ұсына отырып, ғалым негізгі ұғымдық
категорияларды мәселен, уақыт, мекен, сан, сапа және
басқаларды универсалды деп айтамыз дейді. Себебі олар барлық
тілдерде кездеседі.
Семантикаға
сүйену
принципіне
негізделген
салғастырмалы зерттеулер тілдер
арасындағы типологиялық
қызық фактілерді анықтауда негізгі аргумент болып табылады.
Типология тілдік құрылымның сәйкестіктері мен
ерекшеліктерін, варианттылық пен инварианттылықты
қарастыратын ілім болса, онда мазмұн типологияға да қатысты
деп, түйінін жасайды З.Қ.Ахметжанова. Өйткені, тілдің
мазмұндық жағында да сәйкестіктер
мен ерекшеліктер
кездеседі.
Тілдерді типологиялық тұрғыдан салғастырудың
2-ұстанымы деп З.Қ.Ахметжанова
Достарыңызбен бөлісу: