201
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Демек, бір ұғым туралы екінші бір ұғымның терминдерін
қолданып сөз етеміз де, екі ұғымды да
бір метафора арқылы
бейнелейміз.
Ағылшын тіліндегі «time is money» (уақыт деген – ақша)
метафорасы.
Ағылшын тілінде
Орыс тілінде
Қазақ тілінде
To spend time – to spend
money
Тратить время – тра-
тить
деньги
Ақша жұмсау – уақыт
жұмсау
To spare money – to
spare time
Выделять деньги –
выделять время
Ақша бөлу – уақыт бөлу
Don’t waste your money
– don’t
waste your time
Не трать деньги зря –
не трать время зря
Ақшаны босқа құртпа –
уақытыңды зая кетірме
Екі концептіні біріне бірін теңеуді күшейту үшін, бірдей
тілдік бірліктерді пайдаланамыз. Қазақ тіліндегі «қымбат
уақыт», «алтын уақыт» деген секілді метафоралар да «уақыт
деген – ақша» метафорасымен салғастырылады.
Дегенмен,
қазақи менталитет пен ұлтымыздың психологиясына, тарихы-
мыз бен географиямызға байланысты біз Батыстан гөрі кішкене
жайбасарлау халықпыз, оны мойындау қажет. Сол үшін уақытты
ақшаға теңеу, одан пайда табуды көздеу, үнемі асығу қазақ
халқына тән емес.
Сонымен, концептілер мен ұғымдар метафоралар арқылы
жүйеленеді. Бірақ егер екі ұғым метафоралар арқылы толығымен
жүйеленсе, бұл екі ұғым бір-біріне тең болар еді.
Тілде олай
емес.
Мысалға, соғыстың мақсаты – жауды жою, қыру, өлтіру
Достарыңызбен бөлісу: