Есеналиева жанар е с е н а


– ұлт мәдениетінің ерекше қасиетін  хабарлаушы ақпарат



Pdf көрінісі
бет53/81
Дата19.09.2023
өлшемі10,61 Mb.
#108775
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

 
– ұлт мәдениетінің ерекше қасиетін 
хабарлаушы ақпарат.
 
Э.Оразалиева бұл мәселе туралы мынадай 
пікір білдіреді: «Мәдени концепті когнитивті концепті сөзінің 
беретін мәнінен өзгеше. Мәдени концепт – лингвомәдени таным 
бірлігі, онда ұлттық мәдениет көріністерінің жиынтығын 
бейнеленеді» [Оразалиева Э., 2007, 128б].
Қазақ халқының дүниетанымында, рухани болмысы мен 
тіршілігінде, қазақ «әлемінің тілдік бейнесінде» көптеген іргелі 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
192
концептілер мен олардың өрісіне енетін культуремалар жүйесі 
кездеседі. Ол концептілерді тұтас мәдени концептосфера 
аясында қарастыруға болады. Мәдени концептің жеке 
индивидуалды концептен айырмашылығы ол жеке адамның 
сөйлеу және ойлау құрылымдарымен тығыз байланысты емес, 
ол халықтың мәдениетімен байланысты. Мәдени концепті 
зерттеушілер концепті мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігі 
ретінде қарастырады. Мысалы Ю.С.Степанов: «Мәдениет-бұл
концептілердің жиынтығы және олардың арасындағы қарым-
қатынас»,-деп көрсеткен.
 
В.И.Карасик және Г.Г.Слышкин
концепт және мәдениеттің қарым-қатынасы жайлы: «Мәдениет 
концепті анықтайды. Концепт-мәдени жобаның ментальды 
элементі» деген еді.
Танымал шетелдік лингвист А. Вежбицкая «концепт» 
терминінің орнына «мәдениеттің түйінді сөздері» деген ұғымды 
қолданады. Бұл да мәдени концептпен бірдей. Түйінді сөздер 
ғалымның айтуы бойынша, мәдениет үшін маңызды және 
айрықша орын алатын сөздер [Вежбицская А., 1996, с.152]. 
Ал З.Д. Попова, И.А. Стернин концептосфераны белгілі 
бір халықтың концептілерінің реттелген бір жиынтығы
ойлаудың ақпараттық базасы деп анықтайды.
Біз бұл жұмысымызда қазақ тіл білімінде осы 
концептосфера термині қалай қолданылады және ұлттық 
концептосфераны анықтау жолдары қандай деген мәселеге 
тоқталмақпыз. Одан бұрын қазіргі заманауй когнитивтік 
лингвистиканың екі бағытын жіктеп көрсеткіміз келеді: 
1.ментальды-информациялық немесе американдық-
батысеуропалық бағыт.
2.этномәдени немесе мәскеулік бағыт.
Ментальды-информациялық және этномәдени бағыттағы 
когнитивтік лингвистиканың қарастыратын өзекті мәселесі: 
адам және адамзат тілі. Алайда бұл екі бағыттың ол мәселеге 
көзқарасы әртүрлі.
Ментальды-информациялық бағыттағы когнитивтік 
лингвистикада 


193
Лингвистиканың өзекті мәселелері
1.адам - қандай да бір этносқа, мәдениетке қатыссыз 
ақпаратты қабылдаудың, сақтаудың және тасымалдаудың 
белгілі бір жүйесі ретінде қабылданады
2.тіл - ментальдық ерекшелік яғни, адамдық когницияның 
құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Ментальды-
информациялық бағыттағы когнитивтік лингвистикада нақты, 
жеке ұлттық тіл емес жалпы адамзат тілі сөз болады» [Исабеков 
С.Е., 2010, с.216].
Жоғарыдағы екі бағыттың тағы бір ерекшелігі - олар 
әртүрлі когнитивтік құбылыстарды және мәселелерді 
қарастырады және оларды әрқалай түсіне отырып, алдарына 
әртүрлі зерттеу міндеттерін қояды. 
Ментальды-информациялық бағыттағы когнитивтік 
лингвистика көбіне зерделейтін ұғымдары: когниция, 
когнитивтік жүйе, адамның психикасы, адам когнициясының 
құрылымы мен қызметі, адам организмінде болатын 
физиологиялық, психологиялық, когнитивтік процестер, білім, 
өзін-өзі тану, адамның танымдық қызметі, адамзат тілі т.б. 
Этномәдени бағыттағы когнитивтік лингвистиканың 
ерекшелігі - ол әртүрлі когнитивтік құбылыстарды және 
мәселелерді қарастырады және оларды әрқалай түсіне отырып, 
алдына әртүрлі зерттеу міндеттерін қояды. 
Этномәдени бағыттағы когнитивтік лингвистиканың 
басты назар аударатын негізгі ұғымдары: «әлем бейнесі», 
«әлемнің тілдік бейнесі», «әлем моделі» немесе «когнитивтік 
модель».
Қазақ тіл білімі осы екі бағыттың қайсысының жолымен 
келеді деген сұраққа жауап берсек, этномәдени немесе мәскеулік 
бағытты ұстанып келеміз.
Қазақстандық ғалымдардың да еңбектерінде концепто-
сфера - когнитивтік лингвистикадағы маңызды тұжырым-
дамалардың бірі болып табылады. Ғалым Г.Хамитованың 
айтуынша «Концептосфера» термині өзіне көлемділіктің, 
тұтастықтың, үшқырлылықтың (трехмерность) образды 
коннотацияларын енгізіп, онтологиялық құбылыстың мәнін дәл 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
194
бейнелейді». Концептосфера көп қырлы, кеңістіктік, 
тұтастықтық құбылыс ретінде көрінеді, әйтсе де ол халықтың 
әлемтануымен, 
әлемді 
қабылдауымен, 
тарихымен 
менталитетімен, мәдениетімен байланысты ашық жүйе. Кез-
келген тілдің концептосферасының үшқырлылығы оның тілмен, 
рухани мәдениетпен, объективті шындықпен өзара байланысы 
мен өзара әсерлесуі нәтижесінде қалыптасады. Осыдан 
концептосфераның мынадай негізгі белгілері шығады:
1.көлемділік, ол халықтың мәдени тәжірибесі, мәдени 
дәстүрі мен түсініктерінің байланысын білдіреді;
2.тұтастық, себебі концептосфера белгілі бір халықтың 
тұтас ұлттық мәдениетін сипаттайды.
3.үшқырлылық, тілді халықтың мәдениеті, тарихы, 
әлемтануы мен әлемді қабылдауын өзіне енгізетін кеңістіктік, 
барлығын қамтитын құбылыс ретінде көрсетеді; [Хамитова Г., 
2004, 65 б.].
Профессор З.Ахметжанова қазақ ұлттық концепто-
сферасына тән мынадай ерекшеліктерді көрсетеді:
1. Қазақ концептосферасында негізгі орын Адамға, 
адамның әлеуметтік жағдайына беріледі. Сондықтан Адамға 
қойылатын доминантты сұрақтар: «Сен кімсің?», «Өмірдегі, 
қоғамдағы сенің орның қандай?», «Сен қоғаммен, адамдармен 
қалай араласасың?».
2. Қазақ концептосферасында ең басты концепт «Адам».
Кәміл адам (Е.Ж) жасайтын факторлар: тәрбие, еңбек, білім.
3. Кәміл адам үш негізгі компоненттен тұрады: ақыл 
(рационалды) + жүрек (эмоционалды) + қайрат (қиыншылықты 
жеңуге көмектесетін ішкі күш).
4. Адам - социумның бір бөлігі. Адамның қасиеттері тек 
өзіне ғана емес, қоғамға да қатысты. Сондықтан «Адам»
концептісіне байланысты фразеологизмдер мен паремиялар 
бір-біріне қарсы «жақсылық», «жамандық» сияқты концепті-
лермен ұштасып жатады.
5. Қазақ лингвомәдениетінде адамды алға жетелейтін - 
ақыл. 
6. Ақыл сезімді ноқталайды,


195
Лингвистиканың өзекті мәселелері
7. Ақыл біліммен қосылса үлкен жетістікке жеткізеді,
8. Ақылды адам басқаларға қандайда бір жағдайда дұрыс 
шешім қабылдауға көмектеседі.
9. Қазақ концептосферасында қазақи менталитетті 
көрсететін, бойында философиялық, экономикалық мотивтер 
мен әдет-ғұрыптық, адамдық қарым-қатынас нормалары, 
сонымен қатар туыстық қатынас ерекшеліктер қамтылған
«Туыстық», «Ағайын» концептері айрықша орын алады.
10. Қазақ лингвомәдениетіндегі концептосферада ерте 
дәуірден біздің заманымызға дейін ерекше нақтыланған мінез-
құлық этикеті орын алады. Ол әсіресе туыстық қатынаста: 
үлкендер мен кішілер арасындағы, алыс-жақын туыстар 
арасындағы, күйеуі мен әйелі арасындағы, ата-ана мен балалары
арасындағы сыйластық түрінде көрінеді.
11. Қазақ концептосферасындағы әлемнің тілдік бейнесін 
адам құндылықтарын көрсететін «Намыс», «Қанағат», «Қона-
қжайлық», «Дастархан», т.б. ядролық коцептілер құрайды.
Бұлардың ішінде «Намыс», «Қанағат» концептілері – ұлттық 
символға айналған концепттер [Ахметжанова З.Қ., 2012, с.37].
Осылайша, ұлттық тілдін тұтастай концептосферасы
жеке адамның шындықты концептуализациялау нәтижесі 
болатын жеке индивидуалды концептосфералардан құралады. 
Индивидуалды концептосферадан өзге ұлттық қауым ішіндегі 
белгілі бір әлеуметтік және мәдени қауым концептосферасы
да болатынын көрдік.
Белгілі бір тілде сөйлеуші адамдар қалыптастырған және 
олардың жадында сақталған концептілер тілдің концепто-
сферасын құрайды. Концептосфера - концептілерді жасаудың,
халықтың менталитетін анықтаудың қайнар көзі. Концептосфера 
– бұл ой-пікір сферасы, халықтың және жеке тұлғаның
когнитивті сана-сезімнің ақпараттық базасы болып табылады.
Дүние жүзінде тілдің зерттелуі халықтың концептосферасын 
зерттеуге септігін тигізеді, себебі концептосфера әлемнің 
когнитивті 
мүшеленуін 
белгілейді.Тіл 
арқылы 
біз 
концептосфераға қол жеткізе аламыз.Ұлттық концептосфера 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
196
әрбір этномәдени қауымдастық өкілдерінің тілдік бейнесінде 
өзіндік ерекше белгілермен көрініс табады. Әрбір концептінің 
вербалдануының нақты этномәдени тәсілі болады. Белгілі бір 
концептінің мағыналық мәні оның тілдік, қарым-қатынастық 
меңгерілуінен байқалады.
Сөзімізді түйіндей келе, екі сұраққа жауап бергіміз келеді.
1. Концептосфера деген не?
• Белгілі бір халықтың концептосферасы нақты ұлттық-
мәдени қауымдастыққа тән және оның спецификасы мен 
бірегейлігін көрсететін концепттердің жиынтығы болып 
табылады;
• Концептосфераны тіл білімінің аясы ретінде қарасақ, 
оның бірліктері концепттер болады;
• Әр ұлттың концептосферасын үңіліп зерттесек, сол 
ұлттың белгілі уақыттағы құндылықтарын анықтауға болады;
• Концептосфера бір-бірімен байланысты концептілердің 
бір ізді жиынтығы.
2.Ұлттық концептосфераны қалай анықтауға болады?
• Ұлттық концептосфера жеке адамның шындықты 
концептуализациялау нәтижесі болатын жеке индивидуалды 
концептосфералардан құралады;
• Ұлттық концептосфераны халықтың мәдениетінің 
ерекшеліктерін зерттеу арқылы анықтауға болады; 
• Концептосфераны құрастыру мен байытуда аса маңызды 
рөл атқаратын тұлғалар: жазушылар (әсіресе ақындар); халық 
ауыз әдебиетін таратушылар; белгілі бір кәсіп иелері;
• Ұлттық концептосфераны анықтаудың жолы: сол ұлттың 
ауыз әдебиетін және жазба әдебиетін зерттеу, тарихи мәдени 
тәжірибесін зерттеу, ол этностың концептілерін интер-
претациялау;
• Ұлттық концептосфераны анықтау үшін оны құраушы 
концептілер арасындағы байланысты білу қажет. Бұл байланыс 
адам мәдениетінің деңгейімен, белгілі бір қауымға кіретіндігімен 
және оның жеке даралығымен айқындалады;


197
Лингвистиканың өзекті мәселелері
• Белгілі бір ұлттың тарихымен танысып, ұлт тағдырында 
маңызы зор ұғымдарды зерттеу;
• Ұлттың мәдениетімен танысу арқылы олардың әр қырын 
ашу т.б.
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. 
№4/2019,76-79 бб.
Әдебиет
1 Нұрдәулетова Б.И. «Когнитивтік лингвистика» («5В011700-
Қазақ тілі мен әдебиеті» және «5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын 
мектертердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарына арналған 
оқулық): Оқулық. – Алматы: Қазақстан Республикасы Жоғары оқу 
орындарының қауымдастығы, 2011. – 515б.
2 Лихачев Д.С. Концептосфера русского языка //Русская 
словесность. От теории словесносьти к структуре текста. Антология. М.: 
Академия. 1997.С. 280-282.
3 Оразалиева Э.Н. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен 
дамуы. Ғылыми монография. – Алматы: Ан Арыс, 2007. – 312 б.
4 Вежбицкая А. Язык. Культура. Познание. М.: Русские словари, 
1996, - 416с.
5 Исабеков С.Е. Основы когнитивной лингвистики.Астана, 2010 – С.381.
6 Сүлейменова Э.Д, Мәдиева Т., Шаймерденова Н. Және т.б: 
жалпы ред. бастқ, Сүлейменова Э.Д. Тіл білімі сөздігі. –Алматы: Ғылым, 
1998. –540б. 
7 Хамитова Г.А. Культурная концептосфера в языке и принципы 
ее вычленения // ҚазҰУ хабаршысы. Филолоия сериясы. 2004. №2 
8 Ахметжанова З.К. Очерки по национальной концептологии. 
Издательство «Елтаным», 2012.
9 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1985. – 8-том.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет