Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет27/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

Ғалайкум-ассалаума бас қонаққа,
Сонан соң үлкен-кіші жас талапқа,
Ниетімді жырға бұрдым, жүзімді – елге,
Хиссасын Ғайша бибі бастамаққа.
Фольклорлық үлгілерде көбіне тыңдарманға əсер ету басты 
назарға алынатынын ескерсек, ақынның бұлайша сөз бастауының 
өзі - шығарма мазмұнына оқырманның назарын аударту мақсаты. 
Ауыз əдебиетіндегі қисса жанрының қызғылықты да шым-
шытырық оқиғасы болатыны белгілі. Оқиға желісіне өзек болған 
халық жадындағы аңыз ақын қолданысында мүлде жаңа қырымен 
танылып, басқаша бағытта тарқатылады. 
Бұл өзі жаңам емес, ескім еді,
Алыстан жаңғырығып естіледі.
Мақал бар:
«Түлігім – жылқы, түбім – түркі»,
Ал, тарттық сол түркіден көшті бері – 
деген жолдардан ақынның қай тараптан, тарихтың қай тереңінен 
сөз қозғары байқалады. Түркілердің түп тарихын жыр тілімен 
өрнектей келіп, Көк Тəңіріне сыйынған сенімін, көшіп-қонып 
тірлік кешкенін тілге тиек ете отырып:
Бір елдің өткені хақ көшіп-қонып,
Көк селдір, көркем дала бесік болып.
Əлі ешкім алдымызға жайған емес
Сол көштің бума-теңін шешіп беріп

деп, сол тарихтың ашылмай жатқан сырлары мен қырлары 
барын айтып өтеді. Ақынның поэмаға арқау етіп отырғаны – сол 
айтылмай, ашылмай келген түркі тарихының бір қыры. Ақынның 
тарихты терең білетіні əр шумақта бір ойдың қазығына айналған 
елдің салты мен ғұрпын, көне дəуірлерде салтанатты сап құрған 
қалаларды жырлау мəнерінен көрінген. 


72
Түркілердің төрт тарапқа кеткен даңқы:
Бас ұрып түргеш-басмыл бұл табынды,
Саудаға Самарқаннан жұрт ағылды.
Ыңыранып, керуен тартып Ұрым, Тибет,
Елпілдеп елші салды Тұрпан, Үнді, - 
делініп жырланады. Түркілер тарихын шерте отырып, Та 
лас-
тың арғы бетін мекен еткен «кіл батырға билік берген» елді ақын 
шартты түрде «түркі еместер» деп алады. Бұл ел де осал емес:
Ері көп, көп майталман алғыры да,
Аз емес арғымағы, заңды бұ да.
Көк тіреп сол қағанат тұрса керек,
Ортақ боп талай жұрттың тағдырына.
Екі жұртты бір-бірімен аңдысқан, шарпысқан халі 
Біз айттық, екі жұрт та барыс дедік,
Барыстар бір-біріне шалыс келіп,
Аңдысып, айбат шегіп тұрмаушы ма ед,
Тайқуды, шегінуді намыс көріп.
Біз айттық, екі жұрт та арыстан деп,
Айқаспай арыстандар қалысқан ба ед?
Əзірге жұлқыласпай бірақ олар
Бір-бірін аңди тұрсын алыстан кеп – 
деп беріледі. Ақынның айтпақ ойы, ұстанымы – адамдар 
арасындағы татулық пен адамдық ниет, ізгілік мəселесі екені осы 
тарауда айқын аңғартылған. Поэманың əлқиссасында аңғартылған 
ой кейінгі тарауларда барынша терең тарқатылады.
«Жыландар жыры» тарауында Талас жерін мекендеген ордалы 
жылан тағдыры сөз болады. Адамдардың қара ниетінен отқа 
өртенген жыландар мен адамдар əлемі қатарластыра алынып, 
үлкен адамзаттық мəселе философиялық тұрғыдан көркем туынды 
заңдылығына сай зерделенеді. «Жыландар жыры» - адамдардың 
табиғатқа, сол арқылы өздеріне əкелген зауалын жыланның 
монолог-зары арқылы жеріне жеткізе айтып берген көркемдік 
тəсіл. Фольклорлық дəстүрдегі жыр үлгісін, ауызша жəне жазба 
əдебиеттегі ерекше əсер туғызған соңғы қайталау (эпифора) 
тəсілін пайдалана отырып, ақын жыланның зары арқылы 
күллі жаратылыстағы қайшылық пен қиянатты ақтарады. Ел 
жадындағы аңызда Айша қызды жылан шағып өлтіреді. Есенғали 
поэмасында осы желі болғанымен, Ғайшаның өлімі, жыланның 


73
шағуы мүлде басқаша жағдайда өрбіген. Адамдар тағдырымен 
жыландар əлемін қатарластыра берудің өзінде көне танымды 
негізге алу бар. «Бұл мақұлық күні бүгінге дейін қазақ сенімінде 
маңызды орынға ие болып отыр. Жыланға қазақ құпия таным, 
тылсымдық сипат берумен қатар, көмекшілік қасиет те берген. 
Басқаша айтқанда, жылан культі – арғықазақ мифологиясының 
басты сипаттарының бірі» – деп жазады мифтанушы С. Қоңдыбай. 
Жыландар – адам мен табиғат арасын байланыстырушы тылсым 
сыр иелері болып та ұғынылады. Жыланды культ санаудың ауыз 
əдебиетінде, тұрмыстық салт-ғұрыпта көптеген мысалдары бар. 
Əруақты қастерлейтін қазақ сол əруақтардың жылан кейпінде 
көрінуіне сенеді. Бұл сенімнің бірнеше мысалын Е. Раушановтың 
өлеңдерінен-ақ табуға болады. Ақын жыландар əлемін белгілі бір 
маңызды себептермен оқиға желісіне енгізген. Зерттеу еңбектерге, 
мифтанушы ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, дербес өмір 
сүретін рух жылан кейпіне ие болады, яғни адам дүниеден 
өткенде оның жаны жылан кейпіне айналады. Сондай-ақ өзіміздің 
қазақы түсінікте жер астына жасырылған қазынаның иесі де 
жылан болады деп есептелген. Поэмада Талас жерін мекендеген 
ордалы жыланды қағанат халқы «жылан бауырына алтын 
басып ұйықтайды» деп, ордаларын ойрандап, өртейді. Тотемдік 
қағиданы бұзған, киеге қарсы қол көтерген адамды қарғыс ұрады 
деген көне сенім тарихты, танымды қастерлеу мақсатында да 
өзіндік рөл атқарады. «Жыландар жыры» тарауындағы қасірет 
шеккен лирикалық кейіпкер дəрежесінде көрінген жыланның 
ішкі монологы – адамзат баласының адамшылық атаулыдан 
алыстап, табиғаттан алшақтауының түбі үлкен қасірет боларын 
аңғартқандай. Өрт ішінде аласұрған алтын бауыр ана-жыланның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет