115
Торғындай қанаттары дірілдейді,
Сусылдап ұшқаны да білінбейді.
Төгіліп сүйкімді бір нəзік сəуле
Толқытып жүрегімді күлімдейді.
Дəстүрлі таныммен сабақтасқан бейнелеу – нəзік сəулені төгілуі
– нұрдан жаратылған рух мəңгіліктігінің бір сəттік нышаны. Көк
ала үйректің көрінуі мен сəуленің төгілуін сəтті үйлестірген ақын
мифтік кеңістікке барынша тереңдейді. Кемпірбайдың кеудесінде
сайраған еркін күнін армандаған Көк ала үйрек жерге қонбайды.
Поэманың төртінші бөлімінде Көк ала үйрек туралы траге дия -
лық һəм лирикалық толғаныста өзекті тарихи əрі руха ни мə селе лер
қозғалған. Кемпірбайдың кіндік қаны тамған Деге лең мен Мыр-
жықтағы атажұрты зұлматтың ошағында күлге
айнал ғаны, ұлттық
рухтың шерлі қалпы Көк ала үйрек айналасына жинақ тал ған.
Сиқырлы Көк ала үйрек құлағына,
Шалынбай аруақ үні тұрады ма?
Келеді қайдан болсын салып ұрып,
Баяғы бауыр басқан тұрағына.
Кемпірбайдың моласына келгенімен,
таба алмай шыр айналған
Көк ала үйрек заман желінің екпінімен қаңғып жүргендей.
Қонбаса Көк ала үйрек қайта жерге,
Қалады не қасиет байтақ елде? –
деген аруақ үні – Кемпірбай мұңын ақын поэма финалында
дамытқан:
Халықтық қасиеттен жұрдай болсаң,
Қайрылып Көк ала үйрек қонсын қалай?
«Қым-қуыт, түпсіз терең кең əлемді шарлай ұшқан» Көк ала
үй рек
тек өлеңнің ғана емес, ұлттық рухтың тұлғасына айналып,
барынша дараланады. Кемпірбайдай ақынның кеудесіне қонған
өлең бойына күллі қасиет пен кие сіңірілген. Кеудесінде зор
қайғы бар шерлі құс жауыздық атаулыны қарғап,
ажалсыз болған
соң көк аспанды мəңгі шарламақ. Ақынның айтпағы, поэтикалық
емеуріні рухты қастерлеуге, өткенді құрмет тұтып,
оған тағзым
етуге саяды. Кемпірбай толғап айтқан Алланың аманаты кеуде-
дегі шыбын жан ғана емес, жаратушы сыйлаған ақындық, рух
əлемінің бір жаратылысы өлең, яғни, Көк ала үйрек. Ол түбі
қонар
айдынын іздеп, тағы бір мекені – көк төсінде мəңгі қалықтай
бермек. Сондықтан да ақын поэмасын:
116
Бар оның қанатында ғаламат күш,
Дамылсыз жер мен көкті аралатқыш.
Адамнан қайыр күтіп қапаланбас
Алланың бір өзіне аманат құс! –
деп түйіндейді.
«Көк ала үйрек» поэмасында Кемпірбайдың қоштасу өлеңін-
дегі бір деталь тұтастай тақырыпқа,
рухани болмыс тұлғасына
айналып, мифопоэтикалық тəсілмен барынша күрделенген. Ли-
рикалық қаһарман «Ат басын бұрдым, Семей, саған қарай» деген
жолдан бастап-ақ мифтік кеңістікке қарай қадам басқан. Сол
кеңістікте Кемпірбай аруағымен, Көк ала үйрекпен жолығып,
олардың мұңдарына өз мұңын қосқан. Ұлттың қасіреті мен
қайғысын толғап, иесі мен киесіне сұрау салған. Осы
Достарыңызбен бөлісу: