Рысқұлов:
«... Бізде бір ақын:
Əурелікке аралған фани адам,
Бақ пен сордың арасы бір-ақ қадам,
- деген екен.
Сталин:
Қалай-қалай? Бақ пен сордың арасы бір-ақ қадам.
Мұны, сірə, ол ақын Наполеоннан бұрын айтқан болар. Наполеон
императорлықтан түскенде: «От великого до смешного один шаг»
дегенін білесің ғой?
Рысқұлов:
Оқығанмын.
Сталин:
Сонымен «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ».
Айта бер.
Рысқұлов:
Айтсам, Одақта жолдас Сталинсіз күрделі бір
мəселе де шешілмейді ғой. Ол шындық. Ал, Қазақстан үшін
Голощекин де солай. Басқалар оның бетіне қарсы келе алмайды.
Сталин:
(Ары-бері теңселіп, түнеріп жүріп алады). Сонда
демократияның аузы буылып, аяғы кісенделгені ғой. Сол ма
айтпағың?
Рысқұлов:
Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады
деген бар. Көлгірсіме деген өзіңіз».
Драмадағы көрініс сайын беріліп отыратын қазақтың
адуынды, шымыр күйлері заман күйін, драмадағы психологиялық
121
тар тыс сипатын тереңдете түседі. Сталинді осы бір құдіретті əуен
сескендіргендей. Ол Тұрарды «Түркістанның Шығыс ханы» атап,
негізді, дəл тілек-талаптарын орындайды.
Қаламгердің келесі «Бесеудің хаты» драмасы 1932 жылғы
ашаршылық зардаптарының шындығын көрсетуге құрылған.
Сол кезеңдегі асыра сілтеудің нақақ құрбаны болған халықтың
жағдайын көрсетуге құрылған екі бөлімді тарихи драма бірден
шиеленіскен оқиғадан басталады. Қазақстандағы жағдайдың
барысын баяндаған бесеудің хатын талқылаған бюро мүшелері
түн ішінде шұғыл мəжіліске жиналады. Голощекин «Бесеудің
хатына» ызалы. Жантоқов, Құрамысов, Исаев, Иванов, Елеусіздер
əр қилы пікірлер айтып, хат авторларына қатысты мəселелерді
талқылауда. Оларды жеке-жеке шақырып, айыптауда. Бесеу:
Мүсірепов, Гатауллин, Алтынбеков, Қуанышев, Дəулетғалиев
ел ішіндегі ауыр жағдайды жеткізгені үшін жазалы болады.
Голощекин ызғарынан ықпаған Мүсірепов хатта жазылғанды
көзбен көруді ұсынады. Келесі көріністе Қорқыт күйі зарлаған,
шибөрілер шулаған сұрқай далаға, өлі ауылға Нұрхан ақын мен
Мүсірепов келеді. Жиһазы бұзылмаған иесіз үйлер, аштық құр-
бандары, бесіктегі жансыз сəби, талықсыған ана. Осы көріністі
қара дию мен ібілістер тіпті де қоюлата түседі. Осы көрініс
аясында Нұрхан ақынның жыр-реквиемі естіледі:
Жалғыздап қадақ ел қалған,
Есіктері ашылып,
Сирағы сидам сырықтай,
Білегі күйген шыбықтай,
Саусағы салған сүліктей,
Табаны қара сүріктей
Тырнағы темір күректей,
Мас болғандай маужырап,
Сүйектері саудырап,
Қыбырлаған неткен жан.
Пьесаның əр суретінде қазақтың бір күйі («Көкіл», «Ақсақ
құлан», «Заман-ай») беріліп, пьеса өзегіндегі тартыстың мəнін
аша түседі. Қазақтың зауал шақтағы тұрмыс-күйі, жазықсыз
шеккен жаза, іштен тынған нала терең ашылады. Осы зауал
шақтың суреті тамұқпен пара-пар суреттеліп, халықтың көз
жасына қалғандарды тіпті тамұқ та қабылдамас деген үкім
122
айтылады. Шығарма эпилогі тіпті де адамның сезім-күйіне терең
əсер береді. Өрден шыға келген екі елес Рысқұлов пен Мүсірепов
арғы беттегі əрекеттерге таңқала қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |