134
Сəнжан
(абыржып):
Апырым-ай, мама. Не болған сізге. Мен
Сəнжанмын ғой. Көңіліңіз қатты-ау, мама! Есікті ашыңызшы.
Бəрін түсіндіріп айтайын.
Ана дауысы:
Он жыл бойы керегім болмап еді!
Енді керек
болдым ба?
Сəнжан:
О не дегенің, мама! (Бəсең дауыспен). Сіз де...
Кезінде... Мен кет десеңіз де кетпеймін! Сіз маған ғұмыр-бақи
керексіз.
Ана дауысы:
Өзеуреме! Өтірік айтпа! Оған сенің ожданың
жетпейді! Сенің берген антың не, құмға сіңген тамшы не.
Сəнжан:
Сізге не болған, мама!.. Соңғы екі жыл келе
алмағаным рас. Уақыт болмады. Қол тимеді. Бірақ хат салып, ай
сайын ақша жіберіп тұрдым ғой.
Ана дауысы:
Он екі айда жолдаған
екі хатыңды бұлдайын
дедің бе?
Осындай қазіргі қоғамның дертіне айналған құбылыстар
пьесаның əр көрінісінде беріліп отырады. Автор адамдар ара сындағы
арзандап бара жатқан қарым-қатынас,
жалған көлгірсу, адамшылық
қасиеттердің төмендеуін көрсете отырып, адамды ойлануға
шақырады. Келесі «Лайнер» трагикомедиясында
сахнада тарихи
тұлғалар көрінеді. Мерген əркімге бір жалбақтап, бірін екіншісіне
жамандап, сыртынан сатып күн көретін адам. Оны əйелі Зəуре: Бəрі
сенің арам пиғылыңның кесірі! Сен мансап үшін арыңды сатқан
сайын мен бір перзентімнен айырыла беріппін», - деуімен білдіреді.
Мерген Қонаев, Юсупов, Колбин, Назарбаев
секілді басшылардың
тұсында өлермендікпен, сатқындықпен өмір сүріп, мансапқа қол
жеткізеді. Тіпті осы жолда отбасын құрбандыққа шалады.
Бұл пьесада əзіл, юмор элементтері аз. Оның орнына Мерген
секілді адамдардың
бейнесін жинақтай беру арқылы, қоғамның
ащы шындығын беру, кесек мысқыл, уытты ыза байқалады. Бұл
Мерген секілділер қазіргі заманның
трагедиясын тудырушылар
арқылы беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: