Оқулық Алматы, 012 удк


Мүсірепов: От ішінде ойнақ салған əлденелер... Олар кімдер,  Тұрар аға? Рысқұлов



Pdf көрінісі
бет49/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

Мүсірепов:
От ішінде ойнақ салған əлденелер... Олар кімдер, 
Тұрар аға?
Рысқұлов 
(көтеріңкі):
 Жарық дүниеде жазықсыздарға 
жапа шеккізген озбырлар. Қиянатшыл бəлеқор-жалақорлар. 
Əділет тағынан тайғандар. Пейілі жаман пенделер. Одан 
əрі Голощекин, Сталин... табанынан бүрі кетіп, тозақтың 
мейманына айналғандар. 
Драматург халық ұғымындағы қарғыс, зауал, қатер деген 
ұғымдардың мəніне мəн үстеп, халық қаһарының күшін та-
нытады. Тағдырдың өзі кімнің кім екеніне баға беріп, асып кет-
кенді құрықтап, жетпегенді жеткізеді. Бұл өмірдің заңы. Автор 
осылайша түйін түйіп, тарих тегершігіне түскен тағдырлардың 
анықтап береді. Пьесадағы қоғам мен заман, əділдік пен 
əділетсіздік, күшті мен əлсіздің тайталасы көрінеді. Заман зары, 
халық қайғысы алма-кезек ауысқан тартысты оқиғалар аясында 
шынайы ашылады. «Бесеудің хаты» халық тағдырына ара түседі. 
«XX ғасырдың 90-жылдары мен XXI ғасырдың басындағы 
жиырма жылдық кезең Қазақстанның қоғамдық-əлеуметтік, 
тұрмыстық қарым-қатынастарында көптеген өзгерістер болуымен 
ерекшеленеді. Бірнеше ғасыр бойы басқа дінді жатжұрттың 
отарлық құрсауында болған қазақ халқының əлеуметтік жағ-
дайында, адамдардың қарым-қатынастар жүйесінде өзгерістер, 
құбылыстар орын алды. Хакім Абай шығармаларында өткір сын-
шыл тілмен сыналған халық ортасындағы жағымсыз қасиеттер, 
дағдылар қазіргі заманның қайраткер қаламгерлер тарапынан 
да өткір сыналды»,- дегендей (Т. Тебегенов), қаламгер заман 
көрінісін өткір көрсетеді. 
Ш. Мұртазаның «Жалғызүйлік зілзала» пьесасы қоғамның 
ащы шындығын суреттейді. Екі бөлімді драмада қоғамның 
бас ауруына айналған мансап, бюрократизм, əлеуметтік проб-
лема, қарапайым халықтың күнкөрісі, тұрмысы мен тойып 
секіргендердің көлеңкелі істері көрініс береді. 
Пьесадағы жайт қазірде таңсық болмай қалғаны соншалық, 
баспанасыздық, отбасылық кикілжің, тастанды сəби, халықтың 


123
топ болып құратын наразылығы үйреншікті құбылысқа айналды. 
Ал, автор осы жайттардың финалдық өресін жеткізеді. Адамның 
құны ақшамен, мансаппен өлшенген заманның шындығы ақын 
пьесасының өзегіне айналған. Жұмысы мен баспанасы жоқ 
Сандуғаш, үй-жайы, дəулеті мен мансабы жетерлік болғанымен, 
сəби сүюдің қызығынан құр қалған Малқар мен Мүнира, 
тұрмыстың тауқыметін көп тартып, енді соңғы əрекетке барған 
Салбырақ-Қорған, оның отбасы, туған анасы тастап кеткен 
Арман, осы жайттардан өздерінше тон пішкен албасты мен 
періштелер адам болмысындағы бір-бірінен итжығыс түсіп 
жатқан əрекеттердің оң-терісін салмақтамақ болуы - осының 
бəрі жер бетіндегі адамзат проблемасын шешудің күрделілігін 
танытады. Бір-бірімен тартысқан қоғам жағдайында қарапайым 
халықтың көкпарға айналуы көрінеді. Бұл да дерт, қоғамның 
бойына біткен сүйел. Осы жайттардың ащы шындығын алақанға 
салғандай жайып көрсететін автор құрбан болған тағдырлар 
арқылы адам жарасын, проблемасын жоюды көздейді.
Театр – ерекше əлем, көркемдік модель, ол көркем дүниені 
екіжақты бейнелейді. Кейіпкерлер əлемімен алғанда (сахна) 
онымен оқырман-көрермен тығыз бірлікте көрінсе де, басқа 
кеңістікте болады. Бұл тек кеңістіктік-көру түрінде ғана емес
уақыт жағынан алғанда да еріксіз (мəжбүрлік) қатынас деуге 
болады. Мəселен, роман оқуды шегере тұруға болады, лирикалық 
шығарма қысқа уақытта бітеді. Ал драма қабылдаудың үздіксіздігін 
талап етеді. Себебі, сахнадағы қойылым оқырманның көз алдында 
«осы шақта» өтеді де, оны аяқтағанша, көрермен үздіксіз көруі, 
қатысуы тиіс. Мұнда уақыт қашықтығы болмайды да, көрермен 
түгелдей сахналық туындының əсерінде болады, оқиға оның көз 
алдында, бір мезетте, осы шақта өтіп жатады.
Ш. Мұртазаның «Домалақ-Ана» екі бөлімді драмасы да адам 
əрекетінің түрлі қырларын саралауға құрылған. Жаугершілік 
заман, Бəйдібек сардар, шөл қысқан сарбаздар, шегенделген 
құдыққа құлаған Үрмəт қызы Нұрила, оның Бəйдібекке жар 
болуы пьеса оқиғасының алғышарты. Бəйдібектің екі əйелі – 
бəйбішесі Марау мен тоқалы Зереп Нүрилəні екі түрлі қарсы 
алады. Қинала толғатып жатқан Нұрилəнің сəбиінің басын жарған 
Мараудың қаскөйлігін көрген Зереп тез арада жəрдем шақырады. 


124
Нұрила айналасына жақсылық орнатып, жаманнан сақтандырып 
отырады. Оның айтқан болжамдары адамды сақтап, игіліктің 
жаршысына айналады. Өзінің жасаған істерінің ауыр күнəсін 
сезген Марау тозаққа салса да пейіл екенін білдіреді. Оны да 
бұл азаптан құтқарған Нұрила-Домалақ ана болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет