Дерге ескерткіш орнатуымыз керек



Pdf көрінісі
бет15/27
Дата18.03.2017
өлшемі10,74 Mb.
#10004
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27

Серік ЖҰМАБАЕВ

Алматы өңірінде көктайғақтың кесірінен жол-көлік оқиғалары жиілеп 

кетт

т

і.

і.

Көш

өш

еде тайып 

п 

құ

қ

лап, аяқ-қолын сындырған жаяул

л

ар

ар

ды

ды

ң қатары д

д

а

а

ар

р

ты

ты

п 

п

от

от

ыр

ыр



. Те

Те

к 

к

бі

бір

р 

тә

тә

ул

ул

ік

ік

ті

тің 

ң өз

өз

інде Алматыда 100-ге

т

т

ар

ар

та

та

а

а

да

дам 

м 

дә

дәрі

р

ге

герл

рл

ер

ер

 

көме

і

гіне жүг

і

інген. М

М

амандар қала көшелерінде аса сақ жүруге кеңес бе

б

ріп 

отыр. 

№21(932) 

12.02.2013 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ТҰЛҒА


 

Ғалымның қандай еңбектері бар?



Белгілі қайраткер ғалым Жабайхан Әбділдин қандай қызметтер атқарған және ғылымның қай саласын 

игерген, қандай еңбектері бар?

Нұркенже МҰРАТҚЫЗЫ, Алматы облысы

Көрнекті ғалым, философия ғылымының докторы, ака-

де мик Әбділдин Жабайхан Мүбәрәкұлы 1933 жы лы 16 ақ-

панда Павлодар облысы Май ауданы Май тү бек ауы лында 

туған. Философия саласында өзіндік мек теп қалып тастыра 

білген ойшыл әр жылдары Қа зақстан ғы лым акаде мия-

сында түрлі жауапты қызмет 

тер атқарған. 1990 жылы 

Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болып сай-

ланды. 1994 жылы Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Пар ламентіне 

депутат болып, ұзақ жылдар сенатор бол ды. Ғалымның 

ғы 


лыми еңбектері негізінен диалекти 

ка 


лық логиканың 

өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Оның басқаруымен 

диалектикалық логиканың категория 

ларын, заңдарын, 

принциптерін жан-жақты зерттеуге ар налған ұжымдық 

моногра фия лар жарық көрді. Осы зерттеулердің нәтиже-

сінде «Диа лектикалық логика» аталатын төрт томдық іргелі 

еңбек дүниеге келді. Мұнда диалектиканың логикалық 

функ циясы анық дәлелденіп, категорияларының ғылы ми 

жүйесі жасалды әрі олар қазіргі жаратылыстану ғы лым-

дарының методологиялық мәселелерімен ұш тас тырылды. 

Әбділдиннің ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы, 

40-қа тарта ғылым кандидаты да йындалды. 

Қайраткер ғалым 1987-89 жылдары Алаш арыс тары 

Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұма-

баев, Ж.Аймауытов шығармаларын зерттеп, оларды ақ тау 

мәселесімен айналысқан арнаулы комиссия жұмыс тарына 

басшылық жасаған.



Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Жабайхан Әбділдиннің ел 

Тәуелсіздігіне сіңірген еңбегінің зор екендігі жиі айтылады. Содан бірер мысал 

келтірсеңіздер.

Айбек АЗАМАТ, Ақмола облысы

Бірнеше мемлекеттік, халықаралық ма-

ра паттар мен сыйлықтардың иегері, терең 

бі лімді ғалым, қайраткер тұлға Жабайхан 

Әб ділдиннің Қазақ елі Тәуелсіздігінің алғаш-

қы жылдарындағы сабырлы да салиқалы 

еңбегі халқына, еліне, жеріне, ұлтына ұйыт-

қылық қызмет атқаруға арналды.

Сенатта комитет төрағасы, басқа да мем-

лекеттік жобалар бойынша комиссиялардың 

мүшесі ретінде еңбек етті. 1990 жылғы 25 

қа зандағы Қазақ КСР-нің мемлекеттік еге-

мендігі туралы Декларациясы, Қазақстан 

Республикасының  мем  лекеттік  Тәуелсіздігі 

туралы конс титу циялық заңы, тіл, аза мат тық 

туралы заңдар және өзге де мем лекет тілік 

пен Тәуелсіз дік тің бастауы болған акті лер-

дің қабыл 

дануына табанды күш-жігерін 

жұм са ды. Жабайхан Әбділдиннің сол кездегі 

Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, Мұрат Әуе-

зов сияқты азамат тармен бірлесе атқарған 

елдік мұраттағы істерін, күш-қайратын ерлік 

деп бағаласақ та болады.

Қайраткер тұлғаның ерлігі

МЕРЕЙ


Әбділдиннің ой әлемі

Бұл күндері Қазақстанда, оның ішінде интеллигенция мен билік, 

білім мен ғылым саласы өкілдерінің арасында академик Жабайхан 

Мүбәрәкұлы Әбділдинді білмейтіндер кемде-кем. Жастайынан білім 

алуға ерекше құлшыныс білдірген, кейін ғылым соңына түсіп, соның 

арқасында сонау кеңес заманының өзінде «ғылымдардың ғылымы» 

атанған философия ғылымының шыңына шығып, өзін сол кездегі Одақ 

көлеміне, қала берді, әлемге мойындатқан қазақ ұлдары көп емес. 

Жабайхан Мүбәрәкұлы солардың бірі, бірі емес, бірегейі десек артық 

айтқандық емес.

ОЙ ІЛІМІНЕ ДЕН ҚОЮ

Еліміздің жаңа заманғы философия ғы лымы 

мектебінің негізін қалап, оның өр 

кендеуіне 

елеу лі үлес қосқан ол 25 жа сында кандидат тық, 

35 жасында док торлық диссертация қор ға ды, 

60 жылға жуық уақыт бойы бүкіләлемдік дең-

гейдегі конгрестерге, симпозиумдарға, ғы лы ми 

кон ференцияларға Қазақстан атынан қа тыс ты, 

еңбектері шетелдерде жария 

ла 

нып, ше 


тел 

ғалымдарынан оң бағасын алды. Жәкең 

нің 

ғылы ми ізденістері мен ой әле міндегі пара сат-



пайымын Қазақ елінің біртұтас қоғам, қа зіргі 

талапқа сай қалып тас қан мемлекет болуы ның 

жаңа саяси-рухани бағытын анықтауға да аян-

бай жұм сады. Ол – Ұлттық Ғылым академия сы-

ның кіші ғылыми қызметкерінен оның вице-

президентіне, Қазақстан Республи ка сының ха-

лық депутаты, Парламент мү шесі ретінде еліміз-

дің Тәуелсіздігін нығай ту ға атсалысқан аздар-

дың қатарындағы азамат.

Академик Ж.Әбділдиннің жетекшілігі мен 

қазақстандық философия мектебінің негізі қа-

ланып, оның бүкілодақтық дәре жеде танымал 

бо луында диалектикалық логика саласындағы 

еңбектерінің орны ер ек ше болды. Осылайша 

ғалым ой ілі міне басыбүтін ден қоя бастады. Бұл 

ең бек тер және басқалары, негізінен, 1985-

1987 жылдары Ж.Әбділдиннің жетекшілік етуі-

мен авторлар ұжымының қатысуы ар қылы, Қа-

зақ стан  философтарының  көп жыл дық  зерттеу 

жұмыстарының жемісті нәтижесі болды. Ғалым 

зерттеу еңбектері арқылы шындықты ұғынудың 

терең тео риялық деңгейін анықтады, маңызды, 

жал пыға бірдей және аса қажетті сипатта ма-

ларды адам танымы мен практикасы ар қылы 

түсінуге қол жеткізілді. Ал кітап бо йынша Мәс-

кеу мен Алматы философта рының арасында, 

Бүкілодақтық филосо фия лық симпозиумдарда 

болған пікір таласы Қазақстан ғалымдарының 

бұл ір гелі еңбегі осы проблематика бойынша 

жүр гізілетін зерттеулер ішіндегі үздігі еке нін 

көрсетті. Міне, бұл еңбектердің құн ды лығы да, 

ұл тымыз үшін тарихи тұрғыдан мәнділігі де 

осын 

да болатын. Еліміздің еге 



мен, тәуелсіз 

даму кезінде де бұл игі лікті іс өз жалғастығын 

тапты. Ж.Әбділдин және оның әріптестері бұл 

ұлағатты істерді заманның ыңғайы мен сұраны-

сына сай ары қарай дамытты. Ұлттық Ғылым 

ака де мия сының  Философия  және  саясаттану 

институты қазақ философиясы мен қо ғам дық-

әлеуметтік, саяси ойының әрбір кезеңдерін 

зерт теп, белгілі бір жүйеге тү сір ді. Институт қыз-

меткерлері еліміздегі «Мәдени мұра» мемле-

кет тік бағдарлама сын жүзеге асыруда да өз са-

лалары бо йынша қыруар еңбек етті. 

Соның арқасында Әлемдік филосо фия лық 

ойдың ең танымал өкілдері шы ғар маларының 

20 томдығы мемлекеттік тілге аударылып және 

Қазақ философиясы мен қоғамдық ойының 

көне заманнан осы уақытқа дейінгі тарихының 

көптомдығын жазып шықты. Көрнекті ғалым-

ның екінші бір жаңа қыры Тәуелсіз, егемен елі-

міздің саяси-әлеуметтік, қоғамдық-философия-

лық ойын өзіндік зерделеу барысында ер екше 

көрінді. 



ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТІ АЙҚЫНДАУ

Ғылымда қоршаған ортаның адамға тигізер 

әсері мол екені – бұрыннан айты лып жүрген 

жай. Ұлы дала, оның ерекше географиялық 

жағ дайы, флорасы мен фаунасы оны мекенде-

ген халықтардың өмір салтына, жалпы, тіршілі-

гіне, мәде ние тіне, діни наным-сенімдеріне, дү-

ние таны мына зор әсер еткен. Ж.Әбділдиннің 

«Ұлы дала және қазақтардың дәстүрлі дүние 

қабылдауы» деген зерттеуіне осы аталған мәсе-

лелер бойынша ғалымның ой-толғанысы арқау 

болған. Аталған ма қа лада ғалым оқырман на-

за рын халқы мыздың этномәдени ерекшелік те-

ріне ауда рады. Онда халқымыздың өзіне тән 

дү ниетанымы, дәстүрі, әдет-ғұрпы, салт-санасы 

кеңінен сөз болады. Қазақ хал қының өмір тірші-

лі гінен туындаған, ұлты мыздың табиғатпен бір-

лігі, табиғат ың ғайына қарай жүргізілетін шар-

уа шылық мәдениеті, эстетикалық, этникалық 

таны мы жан-жақты қарастырылады.

Халқымыздың тағы бір ерекшелігі – өз өмір 

тіршілігіне, қажеттіліктеріне сай қол данылатын 

заттарды жасауы. Автор бұл тұста екі ерекше 

құндылыққа көңіл бөледі. Оның бірі – бесік, 

екіншісі – киіз үй. Қазақ қауымында екеуінің де 

алатын орны ерекше, бірі тәрбие мен тіршілік 

басы болса, екіншісі – қалыптасу ортасы мен 

тіршілік аясы.

Халқымыздың рухани мәдениетін қа лып-

тауда ұлттық ырымдардың, наным-сенімдердің 

де орны өз алдына бір бөлек. Автор осыған бай-

ланысты аруақ, қыдыр, құт, ырым, бата ұғымда-

рының генезисіне тоқталып, олардың мәнін 

түсіндіру бары сында ауыз әдебиетінің озық 

үлгілеріндегі деректерге, Ш.Уәлиханов сияқты 

ғалым 


дар 

дың зерттеулеріне сүйене отырып 

қоры тынды  жасайды.

Жабайхан Мүбәрәкұлы үнемі ой әле мінен 

сөз қозғайды, бүгінгі қазаққа қай са лада да ой 

керек дейді. Академиктің бұлай айтуына толық 

адами құқығы бар дер едік. Өйткені ол бүкіл 

өмірі мен қыз меттерін ұлтымыз үлгі тұтқан Алаш 

азамат тарын ақтау комиссиясының басшысы 

ре тінде де қыруар еңбек жасады. Өз кезінде 

олар қазағын «Оян, қазақ!» (М.Дулатов) деп 

оянуға, әлеумет әлемінен өз орын да рын алуға 

шақырса, ғалым-философ қа зір гі уақытта «қа-

зақ қа алдымен ой керек, жаңаша ойлау, жа-

ңаша таным керек» дей ді. Және соның үлгісін 

өзі алдымен көрсе теді. Ол Ата Заңымыз – Кон-

сти туцияны ар дақ тұтуға, ұлттық ойды ұлағат-

тау ға, ұлт мақ танышы болар азаматтарды ар-

дақ тау ға, ғылым таппай мақтанбауға, ұлттың 

өз ін-өзі тану қажеттігіне, қоғамның даму ба ғы-

тын саралауға шақырып қана қоймай ды, олар 

туралы өзінің ой байламдарын ай тады. 

Жастайынан философия ғылымына ден 

қой ған Жабайхан саналы өмірін осы са лаға 

арнады, жай арнаған жоқ, оны ғы лым ретінде 

да мытты, тіпті әртүрлі алып қашпа түсініктерге 

өзінше анықтама беріп, дәлелдеді. Өзінің өткен 

ғасырдың  60- жыл дарында  «Білім  және  еңбек» 

(№1, 1968) журналына берген сұхбатында: 

«Адамзат тың ақыл-ойын алға бастырған алып 

ой иелерін еске түсіретін болсақ, онда фило-

софиядан артық және көп кемеңгерлері бар 

ғылымды табу қиын. Мәселен, адам зат ақыл-

ойының алыптары – сонау көне шығыс пен 

гректерден бастап Абайға де йін ең алдымен 

философиялық ой-пікір лердің өрені болған 

адамдар... Бұл жағы нан алып қарағанда, фило-

со фияны ке мең герлер ғылымы деп атауға әб-

ден  бо ла ды»  деген  пікір  білдіреді.  Философтың 

пікірінше, қазіргі уақытта философияның да-

муы на байланысты философтар мен табиғат-

танушы ғалымдардың арасындағы байланыс 

бұрынғысынан да нығая түсті. Сондықтан таби-

ғат, қоғам дамуының жал пы заңдылықтарын 

ашу мен бірге, бү гінгі философияның аса ма-

ңыз ды міндет те рінің бірі адамды, адамзаттың 

дамуы проб лемаларын зерттеу болып табы-

лады. Адам мәселесін тура немесе жанамалай 

көптеген қоғамдық-әлеуметтік, гумани тар лық 

ғылымдар және жеке жараты лыс тану ғылым-

дары зерттейді. Алайда адам ды нағыз адам 

ретінде зерттейтін ғылым – философия ғана. 

Адам деген ұғымның өзін толық беретін де – 

философия. Фило софия ғылымының түсіндіруі 

бойынша адам – тек табиғи тіршілік қана емес, 

ол ең ал дымен қоғамдық қатынастардың жемі-

сі, жиынтығы. Демек, адам мәселесі еш уа қытта 

қоғамнан, өндірістен, еңбектен бө лі ніп қаралуға 

тиіс емес. 

ҰЛЫЛАРДЫ ҰҒЫНУ

Кезінде «Ж.Әбділдин мектебі класси калық 

философиямен, оның ішінде неміс фи лософия-

сымен, философияның дәс түр лі мәселелерімен, 

жалпы тарихымен ай налысып кетті. Одан ұлттық 

қоғамдық фи 

лософиялық ойға пайда жоқ. 

Олар дың фи лософиясы бір жақта да, ұлттық 

ой-сана мен ұлт өмірі екінші жақта қалды» де-

ген сияқты пікірлер айтылды. Бұл әділетсіз, үс-

тірт ой-пікір болатын. Осыны дер кезінде түсін-

ген академик Ж.Әбділдин «Парасат» (№1, 

1993) журналына берген сұхбатын да өз ойын 

былайша тарқатады: «Ғасыр ба сында қылт етіп 

кө рінген ұлт ойшылдары қолдан жасалған әр-

түрлі қырғынға ұшы ра ды, одан ес жия берген 

50-60 жылдары ұлт тілі кеміп, төл мәдениеттен 

жери бас та дық. Бұл жағы бізді ойландырды, 

ойлан дыр ғанда да мықтап ойландырды. Ұлттық 

философия сол жылдары Шәкәріммен және 

оның тұстастары мен кейінгі ізбасар ла рымен 

бірге келмеске кеткендей болды. Сондықтан 

фи лософиядағы  әлеми  шың дар ға  шықпай, 

ұлттық ой ағымына анық та танық баға беріп, 

төре лік айта алмай ты нымызды, оны алға апа-

рып, дамыта ал майтынымызды түсіндік. Осыдан 

келіп, сол тұста алдымен философияның әлем-

дік бұлағынан сусындау, оны шама-шар қымыз 

келгенше игеру қажет болды. Біз солай істедік 

те».


Ғалым-философ айтса айтқандай, тек Шо-

қан мен Ыбырайдың, Абай мен Шәкә рімнің ат-

тарын атап, түстерін түстеу, қазақ ойын фило-

софияның жаһандық ұлы мұ хитына апарып құя 

алмайтын еді. Олардың ұлылығын әлемдік фи-

ло софия мектебін жан-жақты меңгергенде ғана 

түсінуге бо латын еді. 

Тағылымы мол ғалым Жабайхан Мү бә рәк-

ұлы жастарды классиктерді оқуға ша қы рады. 

Менімен бір әңгімеде ол қа зіргі әлеуметтік-

саяси, экономикалық са лалар дағы келеңсіз дік-

тер мен түсінбеу шіліктер, нәтижесіздіктер өт-

кенді шала бі луден, әр сала бойынша бұрын-

ғылардан қалған рухани мұраларды игермеу-

ден, осыларды игеріп барып жаңа теориялар 

жасап, оны жүзеге асыру керек. Ал әркімге 

«бол масақ та, ұқсап бағу» еш нәтиже әп ер мейді 

дегені есімде. Ол жастарда гума нитарлық білім 

болуын қуаттады. Себебі олардың бәрі бір ар-

наға тоғысқанда ғана толыққанды ин тел ли-

генттік, зиялылық ту ра лы айтуға бо лар еді. Жас-

тарды сауатты болуға, әлемдік деңгейдегі білім 

дәре же сіне көтерілуге шақырды. Жай сауат ашу 

мен шын мәнін дегі рухани жетілген адам ның 

арасында үлкен қашықтық бар дейді ол. 

Жаңа кезеңде Жабайхан Мүбәрәкұлы еге-

мен еліміздің рухани-әлеуметтік өмірі не ерекше 

атсалысты. Ол жазықсыз жаза кұр бандары бол-

ған қазақ зиялылары, Алаш арыстары Шәкәрім, 

Ахмет Байтұр сынов, Мағжан Жұмабаев, Мір-

жақып Ду латов т.б. арашашы болып, бір бөлек 

мә де ниет пен ғылым қайраткерлерінің шы ғар-

машылығымен кейінгі ұрпақтың су сын дауына, 

қол үзбеуіне жағдай жасады. Бір айта кететін 

жайт – жазықсыз жапа шеккен, ұрпақтарының 

санасынан аласта тылған Алаш арыстарын ақтау 

туралы талпыныстар бұрын болған еді. Бірақ 

олар мәселені аяғына дейін жеткізе алмады. 

Философ Жабайхан Әбділдин барлық мә селе 

бойынша төзімділік пен шыдамдылық көрсетіп, 

біліктілік пен қисынды оймен өз позициясын 

қорғап қала алды. Сол үшін де қазақ халқының 

оған деген ризашы лы ғы шексіз. 

ҚАЗАҚТЫ ҚОРҒАУ

Ой өлшемі биік, байлам-пайымы ерен 

Жабайхан ағаны ғылыми орта ерте танып білді. 

Ең алдымен оны қазақтың біртуар азаматтары 

Қаныш Сәтбаев, Салық Зима нов тар қолдады. 

Философия саласын 

дағы тұңғыш академик 

болуына жол аш ты. Оның жанында әрқашанда 

тілектес аға лары мен әріптестері, іні лері, шәкірт-

тері болды. 

Ғұлама ғалым, арлы азамат Тәуелсіздік жыл-

да рында қоғамда орын алған мем лекеттіктің 

конс титуциялық  негіздерін  шай қал туға  әрекет-

тенген жат пиғыл дарға дә лел дәйегімен соққы 

бе ріп отырды. Сол тұстағы шовинистік пи ғыл-

дағы Жо ғарғы Кеңестің кей бір депутаттарының 

аранда тушы лық тан  тұратын,  кейде  астыртын, 

кей де ашық айтқан жымысқы пікірлерінің аста-

рын әшкерелеп, бұл әлі де болса буы ны қатпа-

ған жас мемлекеттің бола шағы үшін қауіпті 

екенін Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев сияқты 

әріптестерімен бірге жа рыс сөздерде оның мән-

маңызын Жәкең де ашып көрсете алды. Ұлтқа 

жанашыр болу, қазақты қорғау мәселесінде 

басқа лар мен қатар Жабайхан ағаның істеген 

істері тарих беттеріне жазылып қалғанын көзі-

қарақты келер ұрпақтың көрері анық.

Сол тұстағы депутаттар арасында жиі көте-

рілген мәсе 

ле 


лердің бірі мемлекеттік тілдің 

қоғам да ғы  орны  еді.  Жабайхан  Мү бәрәкұлы  өз 

әріптестерімен бірге және оларды қолдай 

отырып, «мемлекеттік тілді – қазақ тілін барлық 

тұр ғындар, әсіресе ха лыққа қызмет көрсету-

шілер білуі тиіс, бұл – бірінші кезектегі бағдар-

ла малық  іс,  оны  шешу  әлеу мет тік-эконо ми ка-

лық мін дет терден де ауыр, алайда қажеттілік» 

де гендердің қатарында болды. 

Жабайхан Әбділдиннің ғылыми жетіс тік те-

рін кезінде КСРО ҒА Философия ин ституты мен 

МГУ-дің әйгілі ғалымдары сан рет атап өткен 

болатын. Олардың пікірін баяндасақ, мынаған 

саяр еді: Ж.Әбділдин – қазіргі заманғы алдыңғы 

қатарлы және болашағы зор бағытты зерттеген 

ғалым. Олар былай деп жазады: «Қазіргі уақыт-

та бүкіл Орталық Азия континентінде сіздің 

диалектикалық-материалистік филосо фиялық 

зерттеулеріңіздің теңдесі жоқ. Біз дің көп шілігі-

міз сіздің басшылығыңызбен сіздің институтта 

философияның өзекті мәсе 

ле 


лері бойынша 

ұйымдастырылған әртүрлі дәрежедегі форум-

дар ға қатысып пікір алмастық. Олар бізді жаңа 

өзіндік идея лармен, соны да қайталанбас пікір-

та лас тармен байытты». Ал Жабайхан Мүбә рәк-

ұлының жеке басына қатысты: «Сіздің кітаптары-

ңызда күрделі, ірі, маңызды да өзекті филосо-

фия лық мәселелер әлемдік қоғамдық-фило-

софиялық оймен ұштасып жатады және сіздің 

жеке өз басыңыз тын дырған тарихи-филосо-

фия  лық еңбекте ріңіз әлемдік қоғамдық ойды 

дамытуға қо сылған зор үлес деп білеміз» дейді. 

«Сіз философиялық ойдың Тян-Шаньдай 

биігіне шықсаңыз да, зор атақ-абыройға бөлен-

сеңіз де, қарапайым адами қасие тіңізді, қара-

пайым адамдармен қарым-қатынасы ңызды, 

жүрек жылуыңызды сақ тай алдыңыз, филосо-

фиялық-даналық өмір салтынан бір сәт те тан-

бадыңыз, міне, сондықтан да біз әрқашанда 

сіз бен жүзде суді, пікірлесуді өзіміз үшін бақыт 

санай мыз, тағатсыз күтіп жүреміз», – деген пі-

кір лерді кезінде Одақ академиктері Б.М.Кед ров, 

Ф.В.Константинов,  П.Н.Фе до сеев,  П.В.Копнин 

тағы басқа әйгілі ға лым философтар айтқан да, 

жазған да.

Алтай ТАЙЖАНОВ, 

философия ғылымының 

докторы, профессор

Р.S.

Елдің елдігін, халықтың 

халықтығын танытатын белгінің 

бірі – маңдайына біткен талантты 

перзенттерін қадірлей, қастерлей 

білуі. Бағалай, базарлай алсақ, 

көне заманнан бастап қазақ 

мәдениетінің аспаны да жарық 

жұлдыздарға кенде болып көрген 

емес. Саналы өмірінің көпшілігін, 

қоғамдық-әлеуметтік ғылымдар 

дамуында тоталитарлық жүйе 

үстемдік етіп тұрған дәуірде 

өткізген, соған қарамастан, 

философиядағы ең өзекті 

мәселелермен, киелі бағыттармен 

айналысып, республикамыз, қала 

берді, бұрынғы Одақ көлемінде 

ғылымда өзінің танымал мектебін 

қалдырған қазақ ұлдары сирек, 

болса да аз. Жабайхан Мүбәрәкұлы 

– ұлтымыздың қоғамдық-

философиялық, саяси-әлеуметтік 

ойын дамытуға зор үлес қосқан 

осы сиректердің сапындағы тұлға, 

ғалым-азамат, абыз аға.

САЙЫС


ХХ ғасырдың орта тұсын ала бере кесірткенің құйрығындай 

шорт кесілген термешілік пен өсиет өлеңнің ауылы қазақ 

баласынан көп жырақтап кеткені жасырын емес. Жоғымызды бір 

түгендеп, кеткеніміздің орнын толтыруға бұл бәйгенің қосқан 

үлесі орасан болды. Алпыстан асса да, аталы сөз айта алмаған 

бірсыпыра ақын ағаларымыз сылдыр сезім мен қу құлқынның 

қамын күйттеп, жастарды имандылыққа шақырудың орнына 

өздері жастардың аузына телмірген кезді де көзіміз көрді. 

Осындай олқылықтың орнын толтыру мақсатында ұйымдас-

тырылған бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен бас-аяғы 300-ге 

жуық шығарма түскен екен. Соның ішінде 20 ақынның термесі 

қазақ мәдениетінің қоржынын толықтырды. Аузы дуалы ақын-

дарды имандылыққа шақыратын терме жазуға итермелеген, ең 

бірінші, сайыстың талабы немесе берілер жүлде қоры емес, Хақ-

ты таныған жүректері деп білеміз. 

Кешке жиналған қауым қазына толы алтын сандық тауып 

алғандай қуанғанын бал-бұл жайнаған көздерінен, иман ұйыған 

жүздерінен байқау қиын емес. Белгілі айтыскер ақын Еркебұлан 

Қайназаровтың «Не жақсы, не жаман?» атты термесі мен «Нұр» 

Қазақ-Египет Ислам мәдениеті университетінің 2-курс студенті 

Роман Бұрқаштың «Кішкентай» атты термесі көпшіліктің көз-

айымына айналды. Жамағаттың жүрегін шымырлатып, көзіне 

жас алдырған Арман Бердалин мен Жәкен Омаров болды. 

Өрілген өлеңнің ішкі өзегін беру, сүбелі сөздің сөлін татыру, 

нақыл мен өсиеттің мәйегін бір шумаққа, кейде тіпті бір жолға 

сыйғызу – терменің негізгі талабы. Терме жазуға ниеттенген 

ақын дарға да қойылған талаптың тура осындай болғанына 

жеңімпаздарды марапаттау кезінде көзіміз жетті. Сонымен, үздік 

деп танылған 20 ақынның ішінде: Жамбыл Дүйсенов, Батырболат 

Айтболатұлы, Қанат Ибрагимов, Алмас Темірбай, Амандос Қар-

шалов, Тоқтарәлі Таңжарық, Тынымбай Досбатыр, Медетбек 

Шәб денбекұлы, Сырым Әуезхан, Бауыржан Қарағызұлы, Тілеген 

Әділов, Серікзат Дүйсенғазин, Мырзан Кенжебай секілді елге 

таны 


мал ақындар ынталандыру сыйлығымен қоса, «Умра» 

қажы лығына баратын жолдамаға ие болды. 

«Үздік мақам» аталымын жеңіп алғандар қатарында Оңтүстік 

Қазақстаннан келген сазгер-термеші Жақып Сыпатаевтың, ақтө-

белік жыршы Әділбек Сарин мен қызылордалық сазгер-жырау 

Жарқынбек Тұрымбетовтің мақамдары әуезділігімен, ырғақты-

лығымен ерекшеленді.

Ерік Жақсығұлов, Еркін Шүкіманов, Данияр Сүлейменов 

секілді күміс көмей, жез таңдай әншілеріміз өз таланттарының 

тұғырын тағы бір биіктетіп, үздік орындаушы атағына ие болды. 

Жоғарыда аталған «Үздік орындаушы» және «Үздік мақам» 

аталымдарының жүлдесі 150 мың теңге көлемінде. 

Жүлделі үшінші орынға табан тіреп, 500 мың теңге ақшалай 

сыйлықты қанағат тұтқан ақындар: Жұманазар Сомжүрек, Серік 

Қалиев, Бекмұрат Анарбаев. Ал екінші орынға Еркебұлан Қайна-

заров пен Қалқаман Сарин тұрақтап, әрқайсысы 750 мың тең-

геден ақшалай сыйлықты қанжығаларына байлады. 

«Текті сөздің төресі – терме» байқауының бірінші орны және 

1,5 млн теңге ақшалай сыйлығын «Кішкентай» атты терме авторы 

Роман Бұрқаш иеленді. Республикалық термешілер байқауының 

бас бәйгесін, сонымен қатар «Skoda» автокөлігін «Жоқ іздеп 

жүрмін» деген термесімен айтыскер ақын Арман Бердалин жеңіп 

алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет