Қазақстандағы орта білім: жағдайы және болашағЫ


  Қазақстан  Республикасындағы  жалпы  білім  беретін  мектептеріндегі



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата18.03.2017
өлшемі5,16 Mb.
#10044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2.4  Қазақстан  Республикасындағы  жалпы  білім  беретін  мектептеріндегі 
балаларға қосымша білім беру  
 
Бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің  оқу  бағдарламаларын 
(«Білім туралы» ҚР Заңы 37-бап 1-тармақ) жүзеге асыратын біртұтас білім беру 

72 
үдерісінің  маңызды  құрамдас  бөлігі  білім  ұйымдары  мен  мектептен  тыс  білім 
ұйымдарында білім беруді іске асыратын қосымша білім беру болып табылады [12].  
Қосымша білім берудің мақсаты – тұлғалық өзін-өзі билеуін дамыту үшін 
жағдай  жасау,  оқушылардың  шығармашылығы,  олардың  қабілеттерін  жүзеге 
асыру,  қоғам  өміріне  бейімделу,  азаматтық  сана-сезімін  қалыптастыру,  жалпы 
мәдениет, салауатты өмір салты, мазмұнды демалыстарын («Білім туралы» ҚР 
Заңы 14-бап 4-тармақ) ұйымдастыру [12].  
Мектептің  қосымша  білім  беру  жүйесі  бірлестіктер  мен  үйірме 
жұмыстарындағы  сабақтастық  пен  бірізділік,  әлеуметтік  маңызды  нәтиже 
беретіндей  баланы  іс-әрекетке  жұмылдыру,  жеке  және  топтастыра  оқыту, 
еріктілік  ретіндегі  қағидаларға  сүйенеді.  Қосымша  білім  беру  мектеп 
бағдарламасындағы пәндердің байланысын іс жүзіне асыруға мүмкіндік береді. 
Қосымша  білім  беру  жүйесінде  барлық  топтағы  балалардың  әлеуметтену  мен 
бейімделуі,  дамыту  бағдарламасы  іске  асырылады,  білім,  тәрбие  беру, 
әлеуметтік  қызметтер,  балалардың  өмір  салтына  әлеуметтік-педагогикалық 
моделі әзірленіп енгізіледі.  
Заманауи  қосымша  білім  беру  екі  топта:  білімдік  және  мәдени  демалыс 
ұсынылады.  
Балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесінің  қызметі  заңнамалық  және 
нормативтік құқықтық актілермен реттелген.  
2013-2014 оқу жылында 680 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істеді, 
2012-2013  оқу  жылымен  салыстырғанда  (2012  ж.  –  641  бірлік)  қосымша  білім 
беру  ұйымдарының  желісі  39  бірлікке  ұлғайды.  Елімізде  балаларды  қосымша 
білім ұйымдарымен қамту 2012-2013 оқу жылы - 22,9 % құраса, 2013-2014 оқу 
жылы 23,1% құраған (45-сурет).  
 
 
Дереккөз: Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы деректері  
45-сурет – Қосымша білім беру ұйымдарының контингенті мен желісі  
 
Үш  жылдық  динамика  көрсеткендей  қосымша  білім  беру  қызметін 
көрсететін әртүрлі ұйымдар желісінің түрлері өскен (+243 бірлік), соның ішінде 
24-і  жеке  меншік  болып  табылады.  Бұлардың  қатарында  балалар  мен 
жасөспірімдер  шығармашылығы,  экология  және  өлкетану  орталықтары,  оқу-
әдістемелік  және  экологиялық  орталықтар,  аула  клубтары,  спорт  және  өнер 
мектептері,  балалар  сауықтыру  лагерлері,  балалар  мен  жасөспірімдердің 

73 
арнайы олимпиадалық резерв мектептері т.б. ұйымдар.  
ҚР  БҒМ  деректері  бойынша  6  мен  18  жас  аралығындағы  балалар  мен 
жасөспірімдерді  қамту  көрсеткіші  598 769  адамды  құраған,  соның  ішінде 
мемлекеттік ұйымдарға баратын оқушылар 583 280, жеке меншік мекемелерде 
15 489 адам.  
Балаларды  тәрбиелеу,  сонымен  қатар  оқыту  ретінде  білім  алу 
қажеттіліктерін  қанағаттандыру  формасы  ретінде  осы  уақыт  аралығындағы 
мектептен  тыс ұйымдар желісі  мен  контингентінің өсуі  қосымша білім  беруге 
сұраныстардың бар екеніне дәлел бола алады (46-сурет).  
 
Дереккөз: Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы  
46-сурет – Республика бойынша оқушыларды қосымша білім берумен қамту %  
 
Республикада  қосымша  білім  беру  жүйесінің  мазмұны  ғылыми-
техникалық,  туристік-өлкетану,  эколого-биологиялық,  көркемдік-эстетикалық 
және  басқа  да  бағыттар  бойынша  балалардың  жан-жақты  қызығушылығы  мен 
қабілеттерін  ескеретін  мектептен  тыс  тәрбиенің  таңдаулы  дәстүрлерін  сақтап 
қалуға негізделген (47-сурет).  
 
Дереккөз: ҚР БҒМ деректері  
47-сурет – Қосымша білім беру ұйымдар бағыттар бойынша  

74 
Республиканың  қосымша  білім  беру  жүйесін  дамыту  шеңберінде 
бұқаралық,  оның  ішінде  мектеп  жасындағы  балалар  арасындағы  спортты 
дамыту  бойынша  мақсатты  жұмыстар  жүргізілуде.  Орта  білім  беру 
ұйымдарында  білім  алушылардың  жалпы  санынан  спорт  секцияларымен 
қамтылған  оқушылар  үлесі  30,5%  құрады.  Бұқаралық  спортты  тиімді  дамыту 
үшін Республикада спорт залдардың, спорттық инвентарлар мен жабдықтардың 
жетіспеушілігі  байқалады.  Облыстық  білім  басқармаларының  мәліметтері 
бойынша  26,7%  жалпы  білім  беретін  мектептердің  спорт  залдары  жоқ,  сол 
себепті  дене  тәрбиесі  бойынша  міндетті  сабақтар  өткізуді  толық  қамтамасыз 
ету мүмкін емес [10].  
2014-2015  оқу  жылында  республикада  833  қосымша  білім  беру  ұйымы 
(2012 ж. – 641 бірл.) жұмыс атқарды, онда 620 мыңнан аса бала қамтылған, ол 
барлық оқушылар санынан 24%-ды құрайды (2012 ж. – 22,9%). Қосымша білім 
беру  ұйымдары  соңғы  үш  жылдағы  жалпы  саны  192  бірлікке  өскен.  Көбінесе 
ауылдық жерде осындай ұйымдардың өсу қарқыны есебінен (ауыл: +175, қала: 
+17 бірлік). Ауылдық жерде – 465 ұйым бар, оның жалпы оқушылар санының 
8,6% қамтылған.  
Соңғы үш жылда қосымша білім беру ұйымдары желісін кеңейту ауылдық 
жердегі  балалардың  қатысуын  51,5  мың  адамға  өсуін  қамтамасыз  етті.  Бұл 
қалалық  жерде  қазіргі  кездегі  қосымша  білім  берумен  қамту  өсімінен  2,6  есе 
көп.  Алайда  ауылдық  жердегі  қосымша  білім  беру  ұйымдары  асып  түсуіне 
қарамастан  қалалық  жердегімен  салыстырғанда  қамтылуы  172,2  мың  балаға 
кем болып отыр (48-сурет).  
 
Дереккөз: Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 
деректері  
 
48-сурет – Қосымша білім беру контингенті және желісі  

75 
Соңғы  он  жылда  елімізде  11  техникалық  бағыттағы  қосымша  білім  беру 
ұйымдары (2004 ж. -14 бірлік, 2014 ж. - 25 бірлік) ғана ашылған. Қазіргі таңда 
ең  көп  қосымша  білім  беру  ұйымдары  Шығыс  Қазақстан  облысында  (116) 
болса, ең аз қосымша білім беру ұйымдары Маңғыстау облысында (11) болып 
отыр.  Алматы  қаласы,  Қызылорда,  Маңғыстау,  Солтүстік  Қазақстан,  Оңтүстік 
Қазақстан  облыстарында  бірде-бір  техникалық  шығармашылық  орталықтары 
жоқ.  Қосымша  білім  беру  ұйымдарының  өсімі  Батыс  Қазақстан  –  84,9%, 
Шығыс  Қазақстан  –  59,1%,  Қостанай  –  59  %,  Павлодар  –  58  %,  Солтүстік 
Қазақстан  –  52,5  %,  Ақтөбе  –  48  %,  Қарағанды  –  45,2%  облыстарында 
байқалады (49-сурет).  
Мектеп  оқушыларының  қосымша  білім  берумен  барынша  көп  қамтылуы 
Батыс  Қазақстан  –  59,9  %,  Қостанай  –  47,1  %,  Шығыс  Қазақстан  –  44,4%, 
Ақтөбе  –  34,6  %,  Павлодар  –  34  %  облыстарында  көрінеді.  Қосымша  білім 
берумен  ең  аз  қамтылған  –  Алматы  облысының  (10,4%  мектеп  жасындағы 
балалар) оқушылары.  
Қосымшабілім  беру  баланың  бейінділігі  мен  сұранысын,  әртүрлі 
қызығушылықтарын қанағаттандыратын ұйымдар желісімен қамтамасыз етеді. 
Олар оқушылар сарайлары  – 198 (2012 - 189); жас туристер станциялары  – 35 
(2012-26);  жас  техниктер  станциялары  –  25  (2012-21);  жас  натуралистер 
станциялары – 19 (2012-18); музыкалық мектептер – 200 (2012-206); көркемдік 
мектептер – 30 (2012-30); өнер мектептері – 127 (2012-110); аула клубтары – 51 
(2012-31);  сауықтыру  лагерьлері-148  (2012-11)  оның  ішінде  жыл  бойғы 
лагерьлері -7 (2012-5) (50-сурет).  
 
 
 
Дереккөз: Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 
деректері  
 
49-сурет – ҚБ ұйымдарының желісі бағыттар бойынша  
 

76 
Балаларға  қосымша  білім  беру  бағдарламалары  жалпы  білім  беретін 
мектептердегі  59  006  үйірмелердің  961  524  баланы  қамту  қызметтері  арқылы 
іске  асырылуда,  ол  оқушылардың  жалпы  санының 36,6%  бала  санын құрайды 
(2012 – 53мың үйірмелерде 35,1% балалар қамтылған ) (49-сурет).  
 
 
 
Дереккөз: Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 
деректері  
 
50-сурет – Мектеп үйірмелері  
 
Балалар  мен  жасөспірімдердің  шығармашылық  әлеуетін  дамытуға 
әлеуметтік  маңызы  бар  акциялар  («Қазақстан,  біз  –  сенің  балаларыңбыз,  Біз 
жаңа әлемде өмір сүреміз!» «ХХІ ғасырдың балалары әлем мәдениеті жолында» 
«Қазақстанның  балалары.  Біздің  құқықтарымыз  және  мүмкіндіктеріміз»  т.б.) 
өткізу арқылы жағымды тенденциялар байқалды. Бұл шаралардың барлығы ата-
аналар  мен  балалардың  қосымша  білімге  деген  қызығушылықтары  артып, 
қосымша  білім  беру  ұйымдарына  қызығушылықтарының  артуына  мүмкіндік 
туғызды.  Қосымша  білім  беру  ұйымдарына  мүмкіншілігі  шектеулі  балаларды 
тарту жұмыстары іске қосылды.  
2014 жылы 1,5 миллионнан астам балалар қосымша білім беру ұйымдары 
мен мектеп үйірмелеріне қатысқан, бұл жалпы оқушылар санының 60,8% құрап 
отыр.  2015  жылы  балаларды  қосымша  білім  берумен  қамтуды  70%  ұлғайту 
жоспарлануда.  
Бүгінгі  таңда  жалпы  білім  және  қосымша  білім  беру  ұйымдарында 
техникалық бағыттағы бағдарламалар бойынша 47 000 астам балалар қатысады. 
Соның  ішінде  75%  (35  937  адам)  –  ер  балалар  және  25%  (11  965  адам)  –  қыз 
балалар.  Техникалық  шығармашылыққа  жалпы  қамту  1,8%  құрап  отыр. 
Ауылдық жерде мектеп жасындағы балалар (20913 адам) жалпы санының 0,8% 
қамтылған. Техникалық шығармашылық бірлестіктерінде айналысатын төменгі 
(9477) және орта мектеп (27629) жасындағы балалардың тұрақты өсу үрдістері 

77 
байқалады. Сонымен қатар, техникалық шығармашылықпен қамтылған жоғары 
сынып оқушыларының саны жалпы балалар санының 1/4 құрайды [10].  
Қосымша  білім  берудің  маңызды  сипаттамасының  бірі  оның  мазмұны 
болып  табылады.  Қосымша  білім  қызметін  беретін  ұйымдардың  (балаларға 
арналған музыкалық, көркем-сурет мектептері мен өнер мектебі) білім мазмұны 
әдістемелік  немесе  педагогикалық  кеңеспен  үлгілендірілген  (бейімделген), 
эксперименттелген,  бекітілген,  уәкілетті  органмен  бекітілген  және  әдістемелік 
немесе  педагогикалық  кеңеспен  ұсынылған  авторлық  бағдарламалар  ҚР  БҒМ 
бекіткен үлгілік бағдарламалар негізінде құрылады.  
Қосымша білім беру жүйесін дамыту шынтуайтында, егер қосымша білім 
беру  бағдарламалары  балалардың  қажеттілігі  мен  қызығушылығына  сәйкес 
болып  жатса  тиімді  болып  табылады.  Нақты  мекемелерде  олардың  шынайы 
мүмкіндіктерін  қанағаттандыруын  ескеріп,  балаға  өзіндік  әрекеттік  және 
құндылықтық  ұстанымдарын  қалыптастыруға  көмектеседі,  оның  өзін  дамыту 
және өздігінен білім алуын ынталандырады.  
2014 жылы Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 
музыкалық,  өнер  және  сурет  мектептеріне  арналған  5  бағдарлама,  3  оқу-
әдістемелік құрал, 13 әдістемелік нұсқаулық, педагогтерге арналған 2 сценарий 
мен  бағдарламалар  жинағын  әзірледі.  Балаларға  арналған  «Экоәлем»  және 
«Темірқазық»  танымдық  журналдарының  16  нөмірі,  педагогтерге  арналған 
«Қосымша  білім  және  тәрбие.  Дополнительное  образование  и  воспитание» 
журналы  жарық  көрді.  Балаларға  арналған  республикалық  ғылыми-танымдық 
«www.ziyatker.kz» сайты жасалынды.  
Қосымша  білім  беру  ұйымдарының  материалдық-техникалық  базаларын 
нығайтуда оң өзгерістер орын алуда:  
- типтік орынжайларда орналасқан ұйымдардың саны 138 бірлікке ұлғайды 
(2014 жылы – 321, 2012 жылы - 163);  
-  күрделі  жөндеуді  талап  ететін  ұйымдар  саны  70  бірлікке  азайды  (2014 
жылы – 109 бірлік, 2012 жылы – 179);  
- апаттық жағдайлардағы ұйымдар саны 20 бірлікке азайды (2014 жылы – 2 
бірлік, 2012 жылы – 22 бірлік);  
-  мектептен  тыс  ұйымдардың  материалдық  жарақталуы  64,8  %  құрайды 
(2012 жылы - 60%, ауылда – 52,0%);  
-  мектептен  тыс  202  ұйым  кітапханамен  қамтамасыз  етілді,  оның  ішінде 
ауылдық жерлерде -79.  
Талдау нәтижесі бойынша қосымша білім беру ғимараттарының саны 2012 
жылмен салыстырғанда 192-ге көбейіп отыр. Оның ішінде типтік ғимараттар – 
112; бейімделген ғимараттар – 255. Апаттық жағдайда тұрған ғимараттар саны 
20-ға  кеміді,  қалған  жөндеуді  қажет  етіп  тұрғаны  –  екеу.  Күрделі  жөндеуді 
қажет ететін ғимараттар саны 52-ге өсіп отыр (51-сурет).  
 
 
 

78 
 
Дереккөз: Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы деректері  
51-сурет – ҚБҰ материалдық-техникалық жағдайы 
 
 
Сонымен  бірге  техникалық  бағыттағы  қосымша  білім  беру  ұйымдары 
материалды-техникалық  базасы  заманауи  техника-технологиялық  талаптардан 
айтарлықтай  артта  қалып  отыр.  Қажетті  шығыс  материалдарымен  қамту 
қажеттіліктен  50%-дан  төмен.  Жабдықтардың  көп  бөлігі  тозған,  сапалық 
ескірген  техникалар.  Техникалық  шығармашылық  орталықтарының  7 
ғимаратына  күрделі  жөндеу  қажет  етеді,  14  бейінделген  мекемелерде  және  3 
жалдамалы ғимараттарда орналасқан.  
Балалардың  қосымша  білім  беру  жүйесін  табысты  дамыту  үшін  кадр 
әлеуетін жоғары дәрежеде қамтамасыз ету қажет. Оқушылардың сабақтан тыс 
уақыттағы жұмыспен қамтылуын ұйымдастырумен 70 мың маман айналысады: 
18,4  мың  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарының  педагогтері,  53,1  мың 
мектеп үйірмелерінің жетекшілері (52-сурет) [10]. 
Қосымша  білім  беру  ұйымдары  педагог  кадрларының  сапалық  құрамы 
туралы  сараптамалық  деректер  көрсеткендей,  жұмыс  істеп  жатқан 
мамандардың  75%  ғана  жоғары  техникалық  және  педагогикалық  білімі  бар. 
Кадрлардың  бағдары  бойынша  кәсіптік  және  техникалық  жоғары  білім 
алғандардың салыстырмалы салмағы жалпы санынан 25% құрап отыр.  
 
Дереккөз: Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы деректері 
 
52-сурет – Қосымша білім беру жүйесінің кадрлық қамтылуы  

79 
Үш  жылды  салыстырғанда  жоғары  педагогикалық  білімі  бар  (2012  ж.  – 
58,3% адам, 2014 жыл – 60% адам) педагогтер үлесінің өсуі көрінеді. Қосымша 
білім беру ұйымдары жұмыс жасайтын жалпы орта білімі бар педагогтер саны 
152 адамға төмендеген (53-сурет).  
 
 
 
Дереккөз:
 
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 
деректері  
 
53-сурет – ҚБҰ педагогтерінің сапалық құрамы, мың адам  
 
Қазіргі  уақытта,  балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесі  ұйымдарында 
балалар  мен  жасөспірімдердің  ғылыми-техникалық  шығармашылығы  мен 
туризмін дамыту, балалардың әлеуметтік тәрбиесінің инновациялық бағыттары 
болып табылады. Осы салада жүйелі жұмыстар жүргізілуде.  
Қазақстан  Республикасында  балалар  мен  жастардың  ғылыми-техникалық 
шығармашылығы  жүйесін  және  туризмін  2015-2018  жылдары  дамытудың 
тұжырымдамалық тәсілдері әзірленіп бекітілді.  
Қазақстан  Республикасында  балалар  мен  жастардың  ғылыми-техникалық 
шығармашылығы  жүйесін  2015-2018  жылдары  дамыту  бойынша  іс-шаралар 
жоспары бекітілді (ҚР БҒМ 10.02.2015 ж. № 61, ҚМ 11.02.2015 ж. № 85, ҰЭМ 
16.02.2015 ж. № 100 біріккен бұйрықтары).  
Қазақстан Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік бағдарламасына  сәйкес  «Жалпы  орта  және  қосымша 
білім беру ұйымдарында оқушылардың жалпы санынан қосымша білім берумен 
қамтылған  балардың  үлесі  2020  жылы  –  70  %»  мақсаттық  индикаторы  (2014 
жылы  –  60,5%)  және  «Балаларға  арналған  қосымша  білім  беру  ұйымдарының 
саны,  оның  ішінде  техникалық  және  туристік-өлкетану  бағыттары  бойынша 
2020 жылы – 900 ұйым» (2014 жылы – 833) көрсеткіш енгізілді [3].  
Балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі позитивтік өзгерістермен қатар 
республикада шешімін талап ететін бірнеше мәселелер бар:  
1)  Балаларды  статистикалық  есепке  алудың  қолданыстағы  жүйесі 
балалардың  қосымша  біліммен  қамтылуы  растайтын  объективтік  ақпаратпен 

80 
қамтамасыз  етпейді.  Әлеуметтік  жағынан  осал  топ  тұрғындарының  балалары 
туралы толық статистикалық ақпарат жоқ.  
2)  ҚР-да  мектептен  тыс  ұйымдарда  балалардың  қосымша  біліммен 
қамтылуы  төмен.  Барлығы  –  23,9  %-ды  (833  бірл.  ұйымда)  құрайды,  оның 
ішінде ауылдық жерде – 8,6% (466 бірл.) (Беларусь – 44%, Өзбекстан – 16,9%, 
Тәжікстан – 1 %, Ресей – 51%). Жалпы білім беретін мектептердегі МББС-ның 
элективті сағаттарының мақсатты қолданылмауы, баланың қызығушылығы мен 
қажеттілігін ескере отырып, шығармашылығын, интеллектуалды дамуын толық 
қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.  
3)  Балаларға  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын 
ұйымдардың қызметін үйлестіру жұмысындағы жүйесіздік байқалады.  
4)  Қосымша  білім  беру  жүйесіндегі  педагогикалық  технологияларды 
меңгерген 
кадрлардың 
төмен 
деңгейдегі 
дайындығы. 
ЖОО 
және 
колледждердегі  педагогтерді  дайындаудың  Типтік  жоспарларында  «Балаларға 
қосымша білім беру педагогикасы» пәнінің болмауы.  
5)  Қаржылық-экономикалық  механизмнің  игерілмегені,  балаларға 
қосымша  білім  беруді  қаржыландырудың  қалдық  принципі,  ұйымның 
техникалық,  туристік  профилі  бойынша  материалдық-техникалық  даму 
қарқынының  кешігуі,  инновациялық  қызметтің,  ақпараттық  технологияның 
дамуына  бағытталған  жаңа  буындағы  бағдарламалардың  жетіспеушілігі, 
қосымша білім берудің дамуын тежеп тұратын фактор болып табылады.  
6) Балаларға қосымша білім берудің бағыты бойынша дағдыларын дамыту 
үшін  мамандардың  біліктілігін  арттырудағы  жүйелі  көзқарастың  жоқтығы 
(жылына курстармен қамту – қажеттіліктің 36,6%).  
7)  Қосымша  білім  беру  ұйымдарының  әлсіз  инфра  құрылымы  (еліміздегі 
он бір аймақтағы жас техниктер, натуралистер және туристер станцияларының 
болмауы).  
8)  Қосымша  білім  беру  жүйесін  балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескере 
отырып,  өзекті  әлеуметтік-экономикалық  ағымдағы  контекстінде,  ғылыми-
техникалық, 
туристік-өлкетанулық, 
әлеуметтік-педагогикалық, 
әскери-
патриоттық,  көркем-эстетикалық  бағыттары  бойынша  бағдарламалық  және 
әдістемелік қамтамасыз етудің қаржылық жетіспеушілігі.  
Қосымша  білім  беру  жүйесін  жетілдіру  мақсатында  төмендегі  міндеттер 
ұсынылады:  
- қосымша білім беру жүйесінде тиімді бюджеттік жоспарлау және желілік 
жобалау үшін балаларды статистикалық есепке алу жүйесін жетілдіру;  
-  қосымша  білім  берудегі  балалардың,  әсіресе,  әлеуметтік  қорғалмаған 
және девиантты мінез-құлыққа бейім балалардың қамтылу санын көбейту;  
- қосымша білім берудің мазмұнын жаңарту, жаңа буын бағдарламаларын 
әзірлеу;  
-  сыныптан  тыс  ұйымдар  мен  жалпы  орта  мектептердің  материалдық-
техникалық базасын нығайту;  
-  мектепте  балалардың  қызығушылық  үйірмелерін  ашу  үшін  мектеп 
мұғалімдері  мен  қосымша  білім  беру  педагогтерінің  кадрлық  әлеуетін  тарту, 

81 
қолданыстағы  мектептен  тыс  ұйымдарды  қосымша  білім  берудің  ресурстық 
орталығы ретінде пайдалану;  
-  балаларға  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыратын 
ұйымдарды сапалы үйлестіру қызметімен қамтамасыз ету;  
-  қосымша  білім  беру  бағдарламаларына  балалардың  қатысу  құқығын 
қолдаудың  қаржылық-экономикалық  тетігін  әзірлеу,  балаларға  қосымша  білім 
беру  ұйымдарындағы  техникалық,  туристік,  экологиялық  және  басқа  да 
бағыттарының материалдық және техникалық базасын қамтамасыз ету;  
-  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  мен  колледждердің  педагогтер 
дайындау типтік жоспарларына «Балаларға қосымша білім беру педагогикасы» 
пәнін енгізу;  
-  балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесіндегі  мәселелер  бойынша  терең 
қолданбалы  зерттеулер  жүргізу.  Білім  беру  ұйымдарының  білім  беру  сапасын 
өлшеу және бағалау шарттарының, бәсекелік құралдарын дамыту;  
-  қосымша  білім  беруді  дамыту  мәселелері  бойынша  БАҚ-тағы 
ақпараттық-ағартушылық жұмыс;  
-  қосымша  білім  беру  ұйымдары  инфрақұрылымын  дамытудағы 
жағдайларды қамтамасыз ету бойынша облыстық жоспарлар әзірлеу;  
-  қосымша  білім  беру  ұйымдары  балаларды  қамту  мақсатында  6  бағыт 
бойынша республикалық іс-шаралар өткізу;  
-  қосымша  білім  берудің  көркем-эстетика,  музыка,  ғылым  және  техника, 
туризм  және  өлкетану,  биология-экология,  әлеуметтік-педагогикалық,  әскери-
патриоттық  және  т.б.  бағыттары  бойынша  педагогтер  мен  ата-аналарға  көмек 
ретінде  балалардың  жас  ерекшіліктерін  ескере  отырып,  әдістемелік  құралдар, 
бағдарламалар, ұсынымдар, жинақтар әзірлеу, тарату және іске асыру.  
 
 
 
2.5 Орта білім беру жүйесіндегі мәселелер және оларды шешу жолдары  
 
«Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңына  сәйкес  «Орта  білім  – 
азаматтардың  Қазақстан  Республикасының  Конституциясымен  (1995)  кепілдік 
берілген,  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттарына  сәйкес 
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі» [12].  
Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  (1995)  және  «Білім  туралы» 
Қазақстан  Республикасының  Заңы  (2007)  бойынша  «Мемлекет  Қазақстан 
Республикасы  азаматтарының  тегін  мектепалды,  бастауыш,  негізгі  орта  және 
жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді» [16].  
Еліміздің  тәуелсіздік  кезеңіндегі  орта  білім  беру  жүйесінде  қоғамның 
экономикалық,  әлеуметтік-демографиялық  себептеріне  байланысты  көптеген 
өзгерістер  болды.  Жүргізілген  реформалардың  бағдарламалары  мектепке 
дейінгі  білім  беру  жүйесін  кеңейтуді,  мектепті  қаржыландырудың  жаңа 
жолдарын 
әзірлеуді, 
білім 
беру 
мазмұнын 
жаңартуды, 
мектеп 

82 
инфроқұрылымын 
дамытуды 
инвестициялауды, 
мектептерде 
кеңінен 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдануды қамтыды.  
Қазақстан  Республикасында  білім  беру  үдерісін  жаңғырту  Білім  беруді 
дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  арқылы 
жүзеге асырылып жатыр. Мұнда сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету 
арқылы білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен адами капиталды дамыту 
саясатының негізгі бағыттары көрсетілген [3].  
Республикамыз  білім  саласын  жақсарту  мен  жетілдіруде  өзіндік 
көзқарастарымен  қатар  жүргізілген  реформалардың  тиімділігін  қадағалау 
мақсатында  халықаралық  және  ұлттық  зерттеулерге  белсенді  түрде  қатысып 
келеді  және  халықаралық  стандарттар  мен  озық  тәжірибелерге  көбірек 
сүйенеді.  
TIMSS,  PISA  халықаралық  зерттеулердегі,  оқу  жетістіктерін  сырттай 
бағалау  (бұдан  әрі  ОЖСБ),  ұлттық  бірыңғай  тестілеулердегі  (бұдан  әрі  ҰБТ) 
оқушылардың  оқу  жетістіктерін  мониторингілеу  [17],  Экономикалық 
ынтымақтастық  және  даму  жөніндегі  ұйымы  (бұдан  әрі  ЭЫДҰ)  мен 
Халықаралық  банктің  бірлесіп  жүргізген  жобасы  аясында  мектептердегі 
ресурстарды  қолдану  тиімділігін  жақсарту  бойынша  елдердің  саясатына  шолу 
жасауға  қатысу,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігіне 
бағынысты  ұйымдардың  жұмыстарын  талдау  осы  күндегі  орта  білім  беру 
жүйесінің  алдына  қойылып  отырған  негізгі  мәселелерді  айқындауға 
мүмкіндік берді.  
Бұл  мәселелер  материалдық-техникалық,  оқу-әдістемелік  базаның 
төмендігімен  және  білім  мазмұны  мен  оқыту  әдістерін  жаңартудың 
қажеттілігімен 
байланысты 
болады. 
Осы 
мәселелердің 
өзара 
байланыстылығынан біреуінің шешімі екіншісіне де әсерін тигізіп отыр.  
Бүгінгі  күні  Қазақстан  Республикасының  орта  білім  беру  жүйесінде 
төмендегі мәселелер анықталды:  
1. Білім беруді қаржыландырудың жетілдірілмеген жүйесі мен инвестиция 
деңгейінің төмендігі:  
- бір оқушыға бөлінген мемлекеттік шығын деңгейі үлгерімге тікелей әсер 
етеді;  
- Қазақстан Республикасы ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда бір оқушының 
біліміне  2,3  есе  кем  шығындалады  және  Ресеймен  салыстырғанда  2  есе  кем 
болып отыр [17]. Нәтижесінде – мұғалімдердің жалақысы, жалпы білім беретін 
мектептердің материалдық техникалық базасы төмен.  
Шешімі:  
-  2020  жылға  қарай  білім  беруге  бөлінетін  бюджеттік  шығындарды 
дамыған  елдердің  орташа  деңгейіне  дейін  кезеңмен  арттыру,  жалпы  ішкі 
өнімдегі олардың үлесін көтеруді қамтамасыз ету;  
- бір оқушыға бөлінетін шығындарды арттыру;  
- білім сапасын арттыруға және білім беру қызметінде тең қолжетімділікті 
қамтамасыз етуге бағытталған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;  
-  бюджеттік  шығындардың  тиімділігін  арттыруға  және  әртүрлі  тұрғындар 

83 
қатарына сапалы білім беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жан басына 
қаржыландыру механизмін енгізу;  
-  педагогтер  біліктілігін  арттыру  үшін  ваучерлі  модульдік  жүйесін  жан 
басына  қаржыландыруды  енгізу  және  оның  аясында  педагогке  біліктілік 
арттыру  орны  мен  өту  мерзімін  таңдауына  мүмкіндік  беріліп,  төлемақы 
соммасын педагогтің өзіне аудару.  
2. Білім берудегі менеджменттің нашар дамуы:  
-  еңбек  нарығындағы  қатаң  түрдегі  бәсекелестік  білім  берудегі 
менеджменттің икемділігі мен өсуін талап етеді;  
- білім берудегі мемлекеттік жеке серіктестікті қолданудың төмен деңгейі.  
Шешімі:  
-  білім  беруді  басқарудың  мемлекеттік  қоғамдық  жүйесін  әзірлеу; 
педагогикалық  ұжыммен  қатар  әртүрлі  тұрғындар  қатарын  білім  беруді 
басқаруға  кеңінен  тарту  (қамқоршылық  кеңесін  құру),  қамқоршылық  кеңестің 
білім беруді дамытуға қатысу механизмін әзірлеу;  
-  корпоративтік  басқару  принциптерін  енгізу:  басқарудағы  әріптестілік, 
қызметті атқарудағы өзінділік, қызметтің нәтижесіндегі міндеттілік, қызметтің 
ашықтылығы,  жауапкершілік.  Корпоративтік  басқару  принциптері  басқару 
қызметінде үш  негізгі  аспектілерді  қамтиды:  стратегияны  қабылдау,  бюджетті 
бекіту, кадрлық саясат;  
- менеджмент саласында білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін 
арттыру және қайта даярлау.  
3. Мектептегі оқу бағдарламаларының күрделілігі және білім мазмұнының 
заманауи талаптарға сәйкес келмеуі:  
-  білім  мазмұнын  іріктеудің  ескірген  әдіснамасы  мен  принциптерінің 
сақталуы;  
-  оқу  жетістіктері  бойынша  халықаралық  зерттеулер  ЭЫДҰ  елдерімен 
салыстырғанда  қазақстандық  оқушылар  математика  бойынша  –  1,5  жылға, 
жаратылыстану  бойынша  –  2  жылға,  оқу  сауаттылығы  бойынша  –  2,5  жылға 
артта қалғанын көрсетеді [17].  
Қазақстандық  оқушылар  үзік-үзік  мәтіндерді  (графикпен,  кестемен  және 
т.б.  берілген  мәтіндерді)  нашар  оқиды,  оқылған  ақпаратты  түсініп,  бағалай 
білмейді.  Түсіндіруге  арналған  есептерді  нашар  шығарып,  ықтималдық  пен 
статистикалық  құбылыстарды  орындай,  мәліметтерді  болжай  және  дәлелдей 
алмайды. Заманауи білім берудегі негізгі стандарттардың бірі – функционалдық 
сауаттылықты  және  танымдық  дағдыларды  дамыту.  ЭЫДҰ  сарапшылары 
«Қазақстандық  білім  беру  –  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандартының  (бұдан  әрі  МЖМБС)  қатаң  жүйесін  сақтайтын  дәстүрлі 
теориялық  білімге  бағытталған  модель.  Ақпараттың  көбеюі  денсаулықтың 
бұзылуына  және  оқуға  деген  ынтасының  төмендеуіне  әсер  етеді»,  -  деп 
қорытынды жасаған [18];  
-  оқыту  тұлғаны  дамытуға  емес,  формальді  нәтижелерді  алуға 
бағдарлануы;  
-  заманауи  талаптарға  сәйкес  жалпы  білім  беретін  пәндер  бойынша 

84 
оқулықтарды жетілдірудің қажеттілігі.  
Шешімі:  
- МЖМБС-ға сәйкесінше өзгертулер енгізу;  
- оқу бағдарламаларын жаңарту;  
- жаңартылған оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу;  
- білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.  
4. Жалпы білім беретін мектептердің материалдық техникалық базасының 
төмен болуы:  
2014-2015 оқу жылы бойынша республикамызда 7222 мемлекеттік күндізгі 
жалпы  білім  беретін  мектеп  қызмет  атқарып,  оларда  шамамен  2,5  млн 
оқушылар білім алады [18].  
Барлық  мектептер  санының  64,6%-ы  типтік,  35,4%  -  бейімделген 
ғимараттарда,  177  (2,4%)  мектеп  аппатық  жағдайда  (апаттық  жағдайдағы 
мектептер  саны  Оңтүстік  Қазақстан  облысында  –  48  бірлік  (27,1%),  Шығыс 
Қазақстан облысында – 36 бірлік ( 20,3%), Қызылорда облысында – 25 (14,1%) 
және Жамбыл облысында – 25 (14,1%)); 112 (1,5%) мектеп 3 ауысымды болып, 
1452 (20,1%) мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.  
Оқушылар орнының тапшылығын 129 601 құрайды.  
ББСҰО  мәліметтері  бойынша  кабинеттермен  жабдықталған  еліміздегі 
мектептердің үлесі шамамен 40-60%, кейбір аймақтарда мұндай көрсеткіш тек 
20-30% мектепті құрайды [18].  
Жаңа  түрленімді  физика  кабинетімен  3071  (42,5%)  мектеп,  химия 
кабинетімен  –  2552  (35,3%)  мектеп,  биология  кабинетімен  –  2687  (37,2%) 
мектеп, ЛМК – 3789 (52,4%) жабдықталған.  
1776  (24,6%)  мектеп  тасымалданған  суды  пайдаланады,  өйткені  олар 
негізінен ауылдық жерлерде орналасқан.  
Әрбір  бесінші  мектептің  асханасы,  1975  (27,3%)  мектептің  спорт  залы 
болмай  отыр.  Мектептердің  жабдықталуы  1:13  қатынаста  компьютерлердің 
болуымен сипатталады. Мектепке балаларды мемлекетпен қаржыландырылған 
арнайы автобустармен тасымалдау бағдарламасы жоқ.  
Шешімі:  
-  оқушылар  орындарының  тапшылығын,  үш  ауысымды  және  апаттық 
мектептерді жою мақсатында жаңа мектептер салу;  
-  мектептерді  заманауи  жабдықталған  спорт  залмен,  жаңа  түрленімді 
физика, химия, биология кабинеттерімен, лингафондық және мультимедиялық 
кабинеттермен  (олардың  сервистік  қызмет  көрсетуімен)  жабдықтау 
мәселесін шешу;  
- мектепте тамақтандырудың тиімді менеджменті;  
-  мектеп  жасындағы  балаларды  медициналық  қызмет  көрсетумен 
қамтамасыз ету;  
-  мектептерді  компьютерлендіру,  кеңжолақты  интернет  желісіне  қосу 
мүмкіндігін арттыру.  
5. Шағын жинақты мектептердің (бұдан әрі ШЖМ) мәселелері:  
-  ШЖМ  кеңейтілген  желісі  –  білім  беру  қызметін  ұсынудың  тиімсіз 

85 
нұсқасы болуда.  
2014  жылғы  мәліметтер  бойынша  Республикамызда  3639  (49,8

)  ШЖМ 
қызмет  атқарады.  Кейбір  облыстарда  шағын  көптеген  мектептер  жинақты 
болуда,  атап  айтсақ:  Солтүстік  Қазақстан  облысында  –  81,2%,  Ақмола 
облысында – 81,8%, Қостанай облысында – 77,6%, Ақтөбе облысында – 67,8%, 
Батыс  Қазақстан  облысында  –  61,6%  және  Шығыс  Қазақстан  облысында  – 
57,3%. Іс-жүзінде әрбір төртінші мұғалім және әрбір алтыншы оқушы ШЖМ-де 
оқиды [18].  
- ШЖМ-де білім беру қызметі сапасының төмен болуы;  
- білікті педагогтердің жетіспеушілігі;  
-  мұғалімдердің  біліктілігін  көтеруге,  техникалық  қызмет  ету,  жабдықтар 
және  оқу  материалдарына  жұмсалатын  шығындар,  оқушы-мұғалімнің  төменгі 
ара-қатынасынан төмендеген.  
Шешімі:  
-  бастауыш  және  негізгі  орта  білім  беру  деңгейлері  үшін  ғана  ШЖМ 
қызметін ұйымдастыру;  
- тірек мектептер желісін кеңейту;  
- ШЖМ мектептер үшін көппәнді мұғалімдердің дайындығын көбейту;  
- ШЖМ үшін педагогтерді даярлау бағдарламаларын жетілдіру;  
- интернаттар салу, білім алушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;  
- ШЖМ-ны жаңа түрленімді компьютерлермен және кеңжолақты интернет 
желісіне қосуды қамтамасыз ету;  
-  «E-learning»  электрондық  оқыту  аясында  қашықтықтан  оқытуды 
ұйымдастыру;  
- ШЖМ-ды бірыңғай ақпараттық желіге қосу.  
6. Инклюзивті білім беру дамуының бастапқы сатысы:  
-  бүгінгі  күні  республика  бойынша  инклюзивтік  білім  беру  үшін  жағдай 
жасалған мектептер 1232-ні (16,8%) құрайды [18];  
инклюзивтік білім берумен қамтылған, бала саны-20567.  
Шешімі:  
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептер санын арттыру;  
-  мектептерде  мүгедек  балаларға  арналған  көтергіш  құрылғыларды, 
пандустарды,  санитариялық  бөлмелерде  арнайы  тетіктерді  орнату  және 
тұтқалармен,  арнайы  оқу  үстелімен,  орындықпен  және  т.б.  арнайы 
өтемдеуіштік  құралдармен  жабдықтау  арқылы  «кедергісіз  қолжетімділікті» 
жасау;  
-  инклюзивті  білім  беруді  дамытуда  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың 
қамтылуын арттыру;  
-  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  кіріктіріп  оқытудың  модульдік 
бағдарламаларын жасау;  
- мүгедек балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру;  
- мүмкіндігі шектеулі балаларды тең қолжетімді оқыту мен тәрбиелеу үшін 
жағдай 
жасау 
(мектептерде 
педагог-дефектологтардың, 
балаларды 
психологиялық-педагогикалық  қолдаулардың,  арнайы  жекелей  техникалық 

86 
және өтемдеуіштік құралдардың болуы);  
-  мүгедек  балаларды,  үйде  оқитын  білім  алушыларды  жекелей 
мүмкіндіктері  мен  сұраныстарын  ескере  отырып,  компьютерлік  техника  және 
компьютерлік қолдаудың кешенімен қамтамасыз ету.  
7.  Педагогтің  еңбегін  материалдық  және  моральдық  ынталандырудың 
жетілмеген жүйесі және әлеуметтік мәртебесі мен оның біліктілігін көтеру:  
- педагог мамандығының төменгі мәртебесі;  
- балалардың құқығын қорғау саласында педагог кадрлар мен мамандарды 
дайындаудың жеткіліксіз сапасы;  
- жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;  
-  50  және  жоғары  жаста  жұмыс  істейтін  әрбір  бесінші  мұғалім; 
педагогтердің жалпы өтілінен 3 жылға дейін 12,8 %;  
- жыл сайын жас кадрлармен толықтыру 3,3% құрайды;  
-  педагогтердің  төменгі  жалақысы.  Төменгі  жалақы  (ел  бойынша  орташа 
жалақы 60% құрайды), педагог мамандығы мәртебесінің жеткіліксіздігі жоғары 
білікті кадрлардың кетуіне ықпал етеді;  
2000
 
-дан  бастап  білім  беру  қызметкерлерінің  жалақысы  400%  өскен, 
оның деңгейі елімізде төмен болып табылады;  
2001
 
гендерлік  теңсіздік,  мамандықтарда  әйелдердің  көбеюі  байқалуда 
(236585 (80,2%) мұғалім – әйелдер);  
-
 
ұлттық біліктілік жүйесінің жоқтығы.  
Шешім:  
-  мемлекеттік  қолдауды  және  педагогикалық  қызметкерлердің  ынтасын 
күшейту:  нәтижеге  бағдарланған  еңбек  жалақысын  енгізу  механизмдерін 
әзірлеу;  
- педагогтерге талапты күшейту;  

педагогикалық 
қызметке 
бейімділік 
бойынша 
педагогикалық 
мамандықтарға ЖОО абитуренттерді таңдау;  
- педагогтерді аттестаттау және біліктілігін көтеру жүйесін жетілдіру;  
-  бағдарламаларды  жаңарту  мен  мұғалімдердің  біліктілігін  көтерудің 
ваучерлік-модульдік жүйесін енгізу;  
педагог  кадрлардың  біліктілігін  көтерудің  ваучерлік-модулдік  жүйесін 
енгізу;  
- ағылшын тілді, көп тілді педагогикалық кадрларды дайындау;  
-  педагог  кадрларды  қайта  даярлау  мен  кадрладың  біліктілігін  көтеруді 
ұйымдастыру;  
- мұғалімдердің кәсіби білімінің сапасының ұлттық мониторингтік сапасын 
ұйымдастыру;  
–  мұғалімдер  конкурсын,  акцияларын,  БАҚ  біріккен  жобалар,  шебер-
сыныптар,  жаңашыл  педагогтердің  форумдары,  конкурстар,  педагог  әулеттер 
слеттары,  ғылыми-тәжірибелік  семинарлар  және  симпозиумдар,  семинар-
тренингтер және дөңгелек үстелдер өткізу.  
8. Орта білім беру сапасын саралаудың жоғары дәрежесі:  
-  оқырмандар  сауаттылығы  бойынша  төменгі  және  жоғары-экономикалық 

87 
мәртебелі  отбасынан  шыққан  оқушылар  арасындағы  айырмашылық  PISA  73 
баллды ( 2 жыл оқыту шамасында) құрайды;  
-  қала  және  ауыл  мектептері  оқушыларының  оқу  жетістігі  арасындағы 
айырмашылық;  
-  төменгі  әлеуметтік  мәртебелі  топтан  шыққан  үлгерімі  төмен  оқушы 
топтарына ерекше мән берілу керек;  
-  ауыл  мектептерінде  білім  сапасын  көтеру  бойынша  жоспарлы  жұмыс 
жүргізілуде.  
9.  Білім  беру  ұйымдары  мен  балалардың  қоғамдық  ұйымдарының 
тәрбиелеуші әулетінің төменгі тиімділігі:  
-  еңбекке  тәрбиелеу  мен  мектептерде  кәсіби  бағдарлар  жүйесі  жоғалған, 
мектептерде  және  мектептен  тыс  ұйымдарда  көркем  және  музыкалық 
шығармашылық  үйірмелер  санының  жеткіліксіздігі.  Балалар  және  мектептегі 
қоғамдық ұйымдардың қызметі дұрыс жолға қойылмаған;  
-  республика  бойынша  қосымша  білім  беру  ұйымдарының  саны  –  828. 
Олардың  мемлекеттігі  –  803,  жекелеп  алғандар  –  24.  Республика  бойынша 
балаларды  көркем,  музыкалық,  техникалық  және  ғылыми  шығармашылықпен 
қамту 
32,4%. 
Білім 
алушылардың 
балалар-жасөспірімдердің 
спорт 
мектептерімен қамтылуы 11,5%.  
Шешім:  
-  жастардың  әлеуетін  ашу  механизмдері  және  әлеуметтік  жауапкершілік, 
азаматтық  белсенділігін  қалыптастыру  және  патриоттық  тәрбие  бойынша 
шаралар кешенін жүзеге асыру;  
-  волонтерлық,  әскери-патриоттық  ұйымдар,  әскери-спорттық,  әскери-
іздеушілік және спорттық-техникалық клубтар желісінің көбеюі;  
-
 
 білім беру ұйымдарында спортық секциялар желісінің дамуы;  
-
 
тарих,  дәстүрлер  және  ана  тілі  бойынша  білімді  қалыптастыру, 
мемлекеттік рәміздердің өзектілігі бойынша шараларды өткізу;  
-
 
 түрлі 
жобаларды 
жүзеге 
асыру 
арқылы 
жастар 
ортасында 
қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру;  
-
 
девиантық  және  деликвенттық  мінез-құлықты  балалармен  жұмысты 
күшейту;  
-
 
қосымша білім беру мазмұнын жетілдіру.  
10. Білімді ақпараттандыру әлсіз дамыған:  
- ОЖСБ, ҰБТ жүйесін жақсартуды талап етеді;  
-  мониторингті  өткізудің  аяқталмаған  механизмдері  (шешім  шығару  үшін 
мәтіндік талдау қажет);  
- білім беру статистикасы халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді;  
- білім беру статистикасы алушыларға жеткіліксіз.  
Шешім:  
- білім беруді дамытудың мониторингтік жүйесін жетілдіру, соның ішінде 
халықаралық талаптарды ескере ұлттық білім беру статистикасын құру;  
-  бастауыш,  негізгі  және  бейіндік  мектептерді  аяқтағаннан  кейін  ұлттық 
тестілеу өткізу: бастауыш мектепте – оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың 

88 
мониторингін  өткізу  мақсатында,  таңдап  алынған  таңдамалы  (10-сыныптан 
кейін)  -  оқытудың  одан  арғы  траекториясын  анықтау  мақсатында;  бейіндік 
мектепте- алынған білім мен білік деңгейін бағалау мақсатында;  
-
 
 жазба 
жұмыстарын  қосумен,  білім  алушыларда  құзыреттілікті 
қалыптастыру  деңгейін  анықтауға  бағдарланған  базалық  тест  тапсырмаларын 
қалыптастыру;  
-
 
білім  беру  сапасының  халықаралық  зерттеулеріне  Қазақстандық 
оқушылардың  қатысуын  қамтамасыз  ету:  PISA  (15-16  жастағы  математикалық 
және оқу, жаратылыстану сауаттылығын бағалау), TIMSS (4 және 8-сыныптағы 
оқушылардың математикалық және ғылыми жаратылыстану сапасын бағалау), 
PIRLS (әлемнің елдерінде бастауыш мектепте оқушылардың мәтінді оқу түсіну, 
салыстыру  деңгейі),  TIMSS  ADVANCED  (11-сыныптарда  оқушыларды  бұл 
пәндерді  тереңдетіп  оқуда  математика  және  жаратылыстану  (физика) 
сауаттылығын  бағалау),  ICILS  (8-сынып  оқушыларының  компьютерлік  және 
ақпараттық сауаттылығын бағалау);  
-
 
«Жалпы оқумен қамту» оқушылар қозғалысы мониторингісінің бірыңғай 
ведмоствоаралық  кешенін  енгізу,  соның  ішінде  оқумен  қамтылмаған  «тәуекел 
тобы» балаларын дербес есепке алу бойынша мәліметтер.  
11. «e-learning» оқытуды құрудың қажеттілігі:  
Білім  беруді  жаңғырту  ісі  оқыту  үдерісіне  қатысушылардың  үздік  білім 
беру  ресурстары  мен  технологиялардың  бәріне  бірдей  қолжетімді  болу 
мақсатын  қамтамасыз  ету  үшін  оқыту  үдерісін  автоматтандыруды  енгізуге 
жағдай жасауды көздейді. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу -білім сапасының 
артуына,  білім  беруді  тиімді  басқаруға,  сыртқы  ортамен  ақпараттық  бірлестік 
орнатуға мүмкіндік береді.  
Шешім:  
- электронды оқытуды енгізу;  
- электрондық оқыту жүйесінде қызмет жасау үшін мемлекеттік стандартқа 
өзгеріс пен толықтырулар енгізу үшін жоғарғы, техникалық және кәсіби білім 
беру  бөліктеріне  электронды  оқытуды  міндетті  түрде  пайдалануға  арналған 
педагог кадрларды қайта даярлықтан өткізу;  
-  электронды  оқыту  жүйесін  пайдалану  үшін  электрондық  оқулықтар  мен 
әдістемелік  кешенді  әзірлеуге  арналған  талаптарды  бекіту,  пайдаланушылар 
үшін  оқыту  жүйесінде  жекелей  және  ұжымдық  техникалық,  жұмыс  тәртібін 
сақтау  (әрі  қарай  –  ОӘК),  (электронды  оқытумен  қоса  жүру  және 
эксплуатациялау);  
-  электронды  оқыту  жүйесін  пайдаланушыларын  кәсіби  білімін  көтеру 
және қайта даярлау;  
- Білім беру ұйымдарын өткізу мүмкіндігі 4-10 Мбит/сек интернет желісіне 
қосу;  
- интернет-ресурстар және оқыту ресурстарымен қамтамасыз ету;  
- интерактивті және зияткерлік сандық оқыту ресурстарын құрастыру.  
12.  Мектепте  білім  беруге  әсер  ететін  басқа  деңгейдегі  білім  беру 
проблемалары:  

89 
-  мектепке  дейінгі  білім  берудің  төмен  қолжетімділігіне  байланысты 
мектепке оқушылардың жеткілікті деңгейде дайындықпен келмеуі;  
- мектепке дейінгі білім беру желісін кеңейту;  
- мектепке дейінгі білім беру мен оқытуды жаңғырту;  
-  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарын  оқыту  және  тәрбиелеуші 
мамандармен қамтамасыз ету;  
-  қауіпті  топтардағы  балаларға  арналған  ерте  дамыту  кешенді 
бағдарламаларын құрастыруға аса мән беру.  
13.  Мектеп  пен  жоғарғы  білім  беру  мазмұны  арасындағы  байланыстың 
дұрыс 
болмауы. 
Балалар 
мен 
жасөспірімдердің 
оқуға 
деген 
қызығушылықтарының төмендеуі:  
Шешім:  
Сәйкес бағдарламаны құрастыру және іске асыру.  
 
 
 

90 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет