Қазақстандағы орта білім: жағдайы және болашағЫ



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата18.03.2017
өлшемі5,16 Mb.
#10044
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ  
 
Талдамалық жинақ  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана  
2015  


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға 
ұсынылды (2015 жылғы 20 шілдедегі № 6 хаттамасы)  
 
 
Қазақстандағы орта білім: жағдайы және болашағы талдамалық жинағы. – 
Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 224 б.  
 
 
Талдамалық жинақта жалпы білім беру мектептеріндегі оқу-тәрбие үдерісі 
қарастырылған,  орта  білім  беруді  дамытудың  халықаралық  және  отандық 
тәжірибесіне, 
оқытудың 
негізгі 
әдістеріне, 
оқулықтар 
мен 
оқу 
бағдарламаларының,  оқу-әдістемелік  және  материалдық-техникалық  база 
сапасына,  сонымен  қатар  инновациялық  технологияларды  енгізу  жолдарына, 
республикадағы  кадрлық  және  ресурстық  қамтамасыз  ету  жағдайына  талдау 
жүргізілген.  
Талдамалық  жинақ  білім  беру  ұйымдарының  басшылары  мен 
қызметкерлеріне,  облыстардың,  Астана  және  Алматы  қалалары  білім 
басқармаларының басшылары мен әдіскерлеріне арналған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Ы. Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2015  


Кіріспе  
 
«Қазақстан-2030» 
Стратегиясының 
маңызды 
ұзақ 
мерзімдік 
басымдықтарының бірі білім беру болып танылды.  Елімізде жалпы білім беру 
мақсаты  білім  беру  жүйесін  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  бейімдеу  болып 
табылады» [1]. Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаев әлемдегі бәсекеге қабілетті 
50 елдің қатарына ену туралы міндеттер қойды.  
Бұл мақсатқа жетуде білім беру жүйесін жетілдіру маңызды рөл атқарады. 
Халықаралық  тәжірибеде  адам  капиталына  салынған  инвестиция,  жекелеп 
алғанда,  балалық  шақтан  бастап  ересек  жасқа  дейін  экономика  мен  қоғамға 
маңызды пайда келтіретіндігін көрсетті.  
Өзгермелі  заманға  тез  бейімделе  алатын  озық  техникалық  өндіруші 
жұмысшы күшін құру үшін адам капиталына инвестиция салу қажет.  
Болашақтың жетілген экономикасы білім, дағды және халықтың қабілетін 
инвестициялайтын  болады.  Білім  беруді  әлеуметтік  мұқтаждықтарға  жай 
шығын  ретінде  қарастырып  қоймай,  экономикалық  инвестиция  ретінде 
түсіну керек.  
Білім  беру  мен  экономикалық  өсуді  байланыстыратын  көптеген  дәлелдер 
бар:  макро-микроэкономикалық  халықаралық  зерттеулерді  шолу,  білім  беру, 
кіріс және өнімділік арасындағы тығыз байланыстарды дәлелдейді.  
Сонымен  қатар,  оқытудың  ең  ерте  кезеңінде  инвестицияның  көптеген 
тиімділігі  атап  өтіледі;  зерттеулер  білім  беруді  дамытудың  маңызын 
дәлелдейді.  Экономикалық  тиімділіктермен  қатар  білім  беру  басқа  да 
әлеуметтік  тиімділіктерді  жасайды,  азаматтық  белсенділік  таныту,  жоғары 
әлеуметтік ынтымақтастық пен кіріктіру әлеуметтік капиталды қалыптастыруға 
ықпал етеді.  
Ерте  жастан  бастап  білім  беру  әлеуметтік,  эмоциялық  және  басқа  да 
өмірдегі  қажетті  дағдыларды  қалыптастыруда  маңызды  рөл  атқарады.  Барлық 
білім беру қызметінің одан әрі даму үлесі дәлелдермен толықтырылады.  
«Қазақстан білім беруді жаңғыртуға түбегейлі өзгерістер қажет және оның 
сапасын  жақсартуға  білім  беруде  инвестицияны  көбейту  керек.  2020  жылы 
Қазақстан білімді ел, салиқалы экономика және жоғары білікті жұмысшы күші 
бар елге айналды» деген жаңа ұлттық көзқарас ұсынылуда [2].  
Білім  берудің  дамуы  еліміздің  болашақ  экономикалық,  саяси  және 
еліміздің әлеуметтік-мәдени гүлденуіне сүйенетін болуы керек.  
Қазақстан  Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  жалпы  білім  беру  мектептерінде 
зияткерлік,  дене  және  рухани  жағынан  дамыған  Қазақстан  Республикасының 
азаматын  қалыптастыру,  жылдам  өзгеретін  әлемде  жетістікке  жетуді 
қамтамасыз  ететін,  білім  алуға  деген  оның  сұраныстарын  қанағаттандыру, 
мемлекеттің  экономикалық  саулығы  үшін  бәсекеге  қабілетті  адам  капиталын 
дамыту атап көрсетілген.  
«Бағдарлама 
білім 
беру 
саласы 
мемлекеттік 
саясатының 
ұйымдастырушылық негізі ретінде, құрылымдағы, мазмұндағы және білім мен 


тәрбие  технологиясындағы,  басқару  жүйесіндегі  білім  беру  қызметінің 
субьектілері 
ұйымдастырушылық-құқықтық 
түрдегі 
және 
қаржылық-
экономикалық  механизмдердегі  өзгерістерді  қамтитын  қорлар  мен  шаралар 
мерзімі бойынша өзара байланыс кешенін ұсынады» [3].  
Елімізде  орта  білім  беруді  дамыту  әлемдік  білім  беру  реформалары 
мәнмәтінінде қарастырылады. Осы реформа негізінде жаңғырту идеясы жатыр, 
әлемдік білім кеңістігіне оның болашақта кіріктірілуі жалпы орта білімнің жаңа 
үлгісін енгізуді тұжырымдайды.  
Заманауи  білім  беру  саясатының  негізгі  бағдарларының  бірі  білім  беру 
сапасы  болып  табылады.  Білім  беру  сапасы  мемлекеттік  деңгейде  ғана  емес, 
нақты  білім  беру  ұйымдарының  деңгейіндегі  бағалау  нысаны.  Қазақстанда 
жалпы  орта  білімді  дамытудың  ерекше  үрдістері  мектепте  оқу  мерзімінің 
ұлғаюы,  жоғары  сыныптарда  міндетті  бейіндік  оқытуды  енгізу  болып 
табылады.  
Білім  беру  жүйесін  жаңарту  үшін  қоғамда  соңғы  жылдары  бірқатар 
қадамдар  жасалынды.  Осылайша,  білім  беру  сапасын  бағалау  критерийлерін 
әзірлеу  үшін  жұмыстар  басталып,  вариативтік  білім  беруді  енгізу,  жалпыға 
міндетті білім беру стандартын әзірлеу және енгізу іске асырылды.  
«Қазақстан қоғамының заманауи геосаяси, экономикалық және әлеуметтік 
жағдайы,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  кіріктіру  Қазақстан  Республикасында 
орта білім беру жүйесін жаңғыртуды талап етеді» [4].  
Бір  жағынан,  ұлттық-тарихи  және  этникалық  дәстүрлер,  екінші  жағынан, 
жалпы 
әлемдік 
ойлауды 
дамытуға 
бағытталған 
жалпы 
мәдениет, 
жалпықазақстандық  менталитет,  сын  тұрғысынан  ойлауды  және  этикалық 
өлшеуді  қамтитын  білім  берудің  мақсаты  мен  құндылықтары  есебінде 
анықталады.  
Құндылықтар  негіздемесі,  бұл  Қазақстандағы  білім  беру  жүйесінің 
болашақтағы  беталысы,  адам  ықпалы  мен  әрекетінің  құндылықтар  субъектісі 
ретінде  рухани  және  адамгершілік  бағдары  болады,  оның  даму  стратегиясын 
көрсетуіне мүмкіндік береді.  
Білім беру жүйесі тұлғаның өзін-өзі жетілдіру негізі: мәдениет, денсаулық, 
жалпы  және  функционалдық  сауаттылық,  кәсіби  бейімделуге;  Тұлғаның 
әлеуметтенуінің  негізі  ретінде  әлем,  отбасы,  Отанға;  Адам  мен  тұтас  адамзат 
тіршілігінің  негізі  ретінде  табиғаттың  табиғи  байлықтарын  сақтау  және 
көбейтуге,  танымға;  тұлғааралық  және  мәдениетаралық  әрекеттестік 
үйлесімділігінің  шарты  ретінде  сүйіспеншілік  және  үндестік,  өзі  және  Отаны 
алдында жауапкершілігі, әділеттілік, толеранттылыққа бағытталуы тиіс.  
Білім  беру  саласында  өзінің  барлық  буынының  стратегиялық  мақсаттары 
үшін  бағдарының  негізгі  жасаушысы  гуманистік  мәдениетті  дамыту  есебімен 
басталатын бұл өмірлік бағдарлар бір-бірімен әрекеттесе отырып құндылықтар 
негізін құрады.  
Білім  берудің  ұлттық  құндылықтары  халықтың  ділдік  ерекшеліктері  мен 
дәстүрлердің бірегей тұрақты жүйесін анықтайды.  
Мектеп  халықтың  дәстүрлерін  тарату  мен  ұлттық  сана-сезімдерін 


қалыптастыруға,  оқушыға  мәдениет  құндылықтарынан  жалпықазақстандық 
әлемдік мәдениетті дамытуды қамтамасыз етуге үндейді.  
Білім  беру  –  жүйе  ретінде  оқушыларды  мектеп  пен  отбасының  тұтас 
педагогикалық  үдерістері  жағдайында,  мектептегі  барлық  оқу  жылдарында 
сәйкесінше  білім  берудің  барлық  деңгейлерінде  негізгі  құндылықтарына 
тартуды қарастырады.  
Білім беру үдерісі – оқыту үдерісі және оның нәтижесі ретінде оқушыларда 
жаңа  білім  мен  дағдылар  қалыптасады,  қоғамдық  өмірге
 
деген  көзқарас 
қалыптасады.  
Білім берудің нәтижесі жалпы орта және негізгі орта, бастауыш білім беру 
деңгейлері түлектерінің үлгісінде көрінуі тиіс.  
«Негізгі  орта  білім  беру  деңгейін,  сабақтастықты  сақтай  отырып,  білім 
беру  мазмұнын  ұсыну  жолымен  оқушылардың  жас  мүмкіндіктеріне  сәйкес 
жалпыадамзаттық  мәдениет  компоненттерімен  толықтырыла,  неғұрлым 
кеңейтілген  білім  беру  салаларын  құруға  бағытталған.  Мазмұн  оқушыларға 
әлеуметтік  дағдыларды,  коммуникативтік  құзыреттілік  тәсілдерді  және 
шарттарын меңгеруге, оларға маңызды, сонымен қатар кезекті бір жағдайларға 
саналы түрде бейімделе білу, білім алуын жалғастыруға дәлелді шешім шығара 
білуге қызмет етеді» [5].  
Қазіргі  уақытта  елімізде  жалпы  орта  білім  беру  жүйесі  білім  беру 
ұйымдарының  келесідей  негізгі  типтерін:  құрылымы  мен  оқытуды 
ұйымдастыру  бойынша  бірқатар  айырмашылықтары  бар  жалпы  орта  білім 
беретін мектептер, гимназия және лицейлерді ұсынады.  
Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  басты  міндеттерінің  бірі  ұлттық  және 
жалпы  әлемдік  рухани  құндылықтардың  үйлесімді  сәйкестігі  негізінде  оларда 
тұлғааралық  және  этникааралық  қарым-қатынастың  жоғары  мәдениетін 
қалыптастыру  және  оқушыларда  ғылым  жүйесі  негіздерін  игеру  болып 
табылады. Жалпы орта білім қоғамға оқушының жетістікпен бейімделуін, оның 
қоғамда өз орнын табуын қамтамасыз етеді.  
 
 
 


1  Әлемдегі  орта  (бастауыш,  негізгі  және  жалпы  орта)  білімнің  дамуының 
негізгі үрдістері: әдіснаманың өзгеруі және мазмұнның жаңаруы  
 
Соңғы  онжылдықта  білім  беру  жүйесінің  рөлі  едәуір  өсіп,  түбегейлі 
өзгерді.  Ақпараттық  төңкеріс  және  ақпараттық  қоғамды  қалыптастыру  білім 
берудің дамуына ықпал ететін басым факторлар ретінде көрсетті.  
Білім  беру  саласындағы  үрдістер  әлемдік  қауымдастықтың  әлеуметтік-
саяси  және  экономикалық  өміріндегі  өтіп  жатқан  өзгерістерге  үздіксіз 
байланысты. Осы тұрғыда әлемдік білім берудің негізгі үрдістерін бөліп алып 
талдауға тырысамыз.  
Қоғамның даму қарқынына байланысты білім беру эволюциясы байқалуда 
және  білім  беру  жүйесінің  дамуына  ықпал  ететін  басым  факторларды,  соның 
ішінде  практикада  қолданылатын  инновациялық  даму  мен  тәсілдерін  бөліп 
қарауға болады.  
Білім  беру  экономиканың  дамуында  түйінді  ұстанымдарды  ала  бастады, 
қоғамдық  өмір  құрылымында,  оның  білім  беру  және  экономика  сияқты 
салалары арақатынасында білім берудің алатын орнын түбегейлі өзгертті.  
Жаңа  білім,  ақпарат,  білік,  дағдылар  игеру,  олардың  жаңаруына 
бағдарлану  және  дамуы  заманауи  білім  беруге  тән,  үрдістердің  іргелі  сипаты 
болып табылады.  
Ақпарат  және  іргелі  білім  еліміздің  стратегиялық  қоры  болып  табылады 
және білім беру жүйесінің дамуына үздіксіз ықпал етеді.  
Білім  беру  мәселелерін  шешу,  оның  жаңаруы  әлем  елдерінің  әлеуметтік-
экономикалық  дамуына,  оның  келешегі  мен  жаһандық  мәселелерін  шешуге 
ықпал етеді.  
Көбінесе білім беру ресми мектеппен, және жоғары білім беру деңгейіне де 
теңдестірілмейді,  егерде  онда  адам  мінез-құлқының  үлгісі  мен  нұсқауын 
өзгерту мақсаты жаңа білімді беру, оның білігі  мен дағдыларын дамыту жолы 
болса,  сондай-ақ  заманауи  қоғамда  кез  келген  қызмет  білім  беру  ретінде 
айтылады.  
ЮНЕСКО-ның  «Өмір  сүруді  үйрену»  баяндамасында  білім  беру  мектеп 
қабырғасымен  шектелмеуі  керек»  [6]  деп  атап  айтылған. Көптеген  мекемелер, 
оқытуға  арналған  не  арналмағандығына  қармастан  білім  беру  мақсаттарында 
қолданылуы керек.  
XXI 
ғасырға  тән  тұлғаның  даму  тұжырымдамасына  өту  тек 
басымдықтардың  өзгеруіне  байланысты  емес:  мемлекеттік  тапсырыстан  әрбір 
тұлғаның  қажеттілігін  қанағаттандыруға  мамандар  даярлауға  мемлекеттік 
тапсырыс, білім берудің дараланған сипатын дамыту, жекелеген нақты адамның 
мүмкіндігін ескеруге және оның өзін жүзеге асыруға ықпал етеді.  
Осы  үдеріс  білім  берудің  жаңа  стандарттарын,  түрлі  білім  беру 
бағдарламаларын  білім  алушылар,  педагогтердің  жекелеген  мүмкіндіктеріне 
сәйкес әзірлеуді жобалайды.  
Әлемдегі  заманауи  білім  беруді  дамытудың  маңызды  міндеттерінің  бірі 
адамзаттың  ғылыми  жетістіктері  мен  заманауи  және  перспективті  ақпараттық 


технология  құралдарын  қолдану  арқылы  білім  алушыларда  оқу  білігін,  өз 
бетімен когнитивтік қызметте қолдана алу білігін қалыптастыру болып табылады.  
ХХІ  ғасыр  адам  қызметінің  түрлі  салаларында  білім  беруді  жаңарту 
технологиясын 
жылдамдатумен 
сипатталады. 
Үздіксіз 
білім 
беру 
тұжырымдамасы,  оның  тәжірибеде  жүзеге  асырылуы,  заманауи  әлемде  білім 
беру  рөліне  көзқарастардың  радикалды  өзгеруі  білім  берудің  тиісті  жүйесін 
қалыптастыруға ықпал етті.  
Білім беру жүйесін дамыту көптеген факторларға және қоғамдағы келеңсіз 
үрдістерге  (күйзеліс,  өтпелі  кезең  және  т.б.)  байланысты.  Көптеген  елдердің 
білім  беру  жүйесінің  қаржылық  күйзелістен  шығу  жолдарын  іздеу  тек  ұлттық 
емес,  әлемдік  білім  беру  нарығының  пайда  болуына  алып  келді.  90-шы 
жылдардың ортасында шетелдік азаматтарға осындай қызмет көрсету, бірқатар 
мемлекеттердің  жалпы  бюджеті  мөлшерін  салыстырғанда  АҚШ  -  та  шамамен 
100  млрд.  долларға  бағаланды.  Осы  жалпы  соммадан  АҚШ  18  млдр.  доллар 
пайда  түсірді,  онда  «студенттерді  іске  тарту»  бойынша  мақсатқа  бағытталған 
жұмыстар өткізілді.  
Білім  беру  саласындағы  нарықтық  қатынастарды  дамыту  мемлекеттік 
қаржылық  мәселелердің  шиеленісуіне  ықпал  етті.  «Егерде  60-шы  жылдары 
көптеген  елдерде  білім  беруге  бағытталған  ұлттық  өнімнің  барлық  үлесі  тез 
қарқында  өссе,  80-ші  жылдардың  басында  дамыған,  дамушы  елдерде  білім 
беруге  жұмсалатын  мемлекеттік  шығын  қысқарды  немесе  сирек  кездесті, 
тұрақтанды» [6].  
АҚШ-тың өзінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының нағыз басым саласы 
білім беру ( АҚШ - та бұл саланы құқығы бойынша «мемлекеттегі мемлекет») 
болып табылады, қорғаныспен салыстырғанда білім беруге көп қаржы бөлінеді, 
мемлекеттік қаржыландыру мәселелері шиеленісуде.  
Аталған үрдістер жаңа білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын 
анықтады. Бұл жаңа жүйенің дәстүрлі жүйеден түбегейлі айырмашылығы оның 
технологиялық базасында болып табылады.  
Жаңа  білім  беру  жүйесі  жоғары  әлеуетті  компьютерлік  және 
телекоммуникациялық  технологияларды  жүзеге  асыруға  бағытталған.  Яғни, 
жаңа  ақпараттық  технологиялардың  технологиялық  негізі  жаңа  білім  беру 
жүйесінің  басты  артықшылықтарының  бірі  ‒  қашықтықтан  оқытуды  жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді.  
Заманауи  білім  берудің  негізгі  үрдістері  білім  алушылармен  жекелеген 
қарым-қатынас  жасау  тура  оқытудан  біртіндеп  араластыру  басымдықтары 
болып табылады. Заманауи білім берудің негізгі белгісі ретінде оқытуда түрлі 
тәсілдердің,  сонымен  бірге  оқыту  әдістерін  жүзеге  асыруда  айқындалатын 
диалогті атауға болады.  
Заманауи  мектеп  түлегіне  білім  мен  білік  жиынтығы  ғана  емес,  оны  алу 
қабілеті; орындаушылық емес, бастамашылдық және өзіндік жұмыс керек.  
Өздігінен  дамуға  тура  үйретуге  болмайды,  яғни  бұл  қабілет  бір-біріне 
берілмейді.  
Педагог  білім  алушылардың  өзін-өзі  дамыту  үшін  жағдай  жасау  керек 


және  мұғалімнің  осындай  білігі  кәсіби  талап  болып  табылады.  Жаңартылған 
білім беру үрдісінде кәсіби педагог пәндік білімді тасымалдаушы ғана емес, ол 
білім  алушылардың  көп  жоспарлы  әлеуметтік  маңызды  қызметін, 
шығармашылық 
тапсырмаларын 
шешу 
бойынша 
оқу 
жұмысының 
ұйымдастырушысы болып табылады.  
Бүкіләлемдік баяндамада «Баршаға арналған білім» мониторингі бойынша 
түрлі әлем елдерінің білім беруді дамытудың негізгі үрдістері көрсетілген және 
2015  жылы  әлемде  ондаған  миллион  бала  бұрынғысынша  мектепке 
баратындығы  атап  көрсетілген.  Әлемде  және  жекелеген  аймақтарда  мектепке 
бармаған  бастауыш  мектеп  жасындағы  балалар  саны  көбеюде.  Орта  білім 
беруде теңсіздік сақталуда. Орта білім берумен қамтылғанына қарамастан, орта 
мектеп  жасындағы  балалардың  едәуір  бөлігі  бұрынғысынша  мектептен 
тысқары жұмыс істеуге мәжбүр болуда. Біреулері мектепті тастаса, басқалары 
жұмысты  оқумен  біріктіруде.  Жұмыс  істейтін  білім  алушылар  базалық 
дағдыларды  алуда  замандастарынан  қалып  қоюда.  Жұмыс  істейтін  білім 
алушылардың пайыздық үлесін көрсету мүмкін емес, сауалнамалар барысында 
ата-аналар олардың балаларының жұмыс істеуге мәжбүр екендігін мәлімдегісі 
келмейді. Алдын ала қарастырылған міндеттермен қатар үлкендер мен жастарға 
оқу  мен  дағдыларды  меңгеру  үшін  тең  мүмкіндіктер  берілгендігі  баяндамада 
атап  көрсетілген,  Дакарлық  іс-әрекет  аясына  сілтеме  жасалған:  «Барлық 
үлкендер  мен  жастарға  білім  алуға  мүмкіндігі  беріледі  және  құндылық 
ұғымдарды,  әлеуметтік  нұсқауларды  және  кәсіптік  дағдыларды  дамытады, 
оның  зардаптары  оларға  жұмыс  жоспарында  өз  мүмкіндіктерін  кеңейтуге,  өз 
қоғамының  өміріне  жан-жақты  қатысуға  және  оқуды  жалғастыруға  мүмкіндік 
береді»  [7].  Бағдарламалық  оқуға  және  өмірлік  дағдыларды  алуға  жастардың 
қол жетімділігін қамтамасыз етуді 1-суреттен көруге болады (1-сурет).  
Мақсаттан өте 
алыс 
11%
Мақсаттан алыс 
35%
Мақсатқа  жақын
9%
Мақсатқа  жетті
45%
2000-2015 жж. мәлімет
 
Дереккөз: Білім беру бойынша әлемдік форум, Дакар қ.  
1-сурет – Бағдарламалық оқуға және өмірлік дағдыларды алуға жастардың қол 
жетімділігін қамтамасыз ету (әлемнің 167 елі)  


Көптеген  елдер  «қатты»  және  «жұмсақ»  дағдылардың  деңгейін  үздіксіз 
өлшеу  үшін  көрсеткіштерді  әзірлейді,  қалыптастыру  онда  білім  беру  жүйесі 
аясында жүзеге асырылады.  
Әлеуметтік-эмоциональды  (жұмсақ)  дағдылар  мектептің  оң  тәжірибесі 
нәтижесінде  қалыптасады  және  еңбек  нарығында  жетістік  үшін  маңызды, 
когнитивтік  («қатты»)  дағдыларға  қарағанда  маңызды  рөл  атқаруға  қабілетті. 
«Қатты» және «жұмсақ» дағдылар деңгейін үздіксіз өлшеу үшін көрсеткіштерді 
қолданудың  екі  үлгісімен  ересектер  құзыреттілігін  халықаралық  бағалау 
бойынша  Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымдары  бағдарламасы, 
сонымен қатар ағымдағы Дүниежүзі банкі «Жұмыспен қамту және өнімділікпен 
қамтамасыз  ету  үшін  дағдылар»  зерттеулері  қызмет  етуі  мүмкін.  Олардың 
нәтижелерін  білім  берудің  түрлері  түрлі  дағдыларын  қалыптастыруға  қалай 
ықпал  етеді,  бұл  дағдылар  адамның  қызметке  орналасу  мүмкіндігін  кеңейту 
мен  оның  қоғам  өміріне  араласуына  қалай  көмек  көрсетеді  деген  түйінді 
сұрақтарға жауап беру үшін қолдануға болады.  
2000 жылдан кейін білім беру саласында көптеген ұлттық жоспарлар пайда 
болды.  Дегенмен  «Баршаға  арналған  білім»  аймағында  ұлттық  саясат  және 
практикалық  қызметті  нығайтуда  жаңа  білім  мен  құралдар  қамтамасыз 
еткендігін сенімсіздікпен айтамыз. Барлығы үшін жақсы үлгерімді қамтамасыз 
ету  мен  оның  барлық  аспектілерінде  білім  беру  сапасын  көтеру  басымдық 
болып  табылды,  әсіресе,  сауаттылыққа,  есептер  мен  маңызды  өмірлік 
дағдыларға  қатысты  әрбіреуі  оқыту  нәтижесін  бағалау  мен  танымалдыққа 
жету керек.  
Білім  алушылар  мен  мұғалімдер  саны  арасындағы  арақатынас  бастауыш 
білім беру сатысында әлемнің 146 елінде 83%-ға азайған.  
Дегенмен,  еліміздің  үштен  бір  бөлігінде  ұлттық  стандарттарға  жауап 
беретін кәсіби дайындықтан бастауыш мектептің 75%-дан кем емес мұғалімдері 
өткен. Зерттеудің бірінші кезеңінде 105 елдің 87-де орта білім беру деңгейінің 
оқушы/мұғалім арақатынасы 30:1 кем көрсеткішін құрайды.  
Мысалы, 2007 жылы Корея Республикасында орта білім беруді үйлестіру, 
дамыту және жүзеге асыру мәселелерін қайта қарастырды.  
Қызығушылық  танытқан  тараптарды  жұмылдыру  мақсатында,  қызметтің 
көптеген  бағыттары  қайта  қаралды,  мысалы,  өмір  бойы  білім  алу  үшін  оқыту 
орталығын таңдау мен дамыту бойынша науқан өткізілді. Қатысу коэффициенті 
шамамен 2008 жылы 26%, 2012 жылы 36%-ға дейін өскен.  
Білім  беру  бойынша  2000  жылы  Дакарда  өткен  Бүкіләлемдік  форум 
қатысушылары  арасында  техникалық  және  кәсіптік  дағдыларды  дамыту 
қажеттілігін қолдағандар болды.  
Дағдылар  анықтамасы  кеңейді  және  өмір  сүру  жабдықтарын  алуға 
байланысты  енді  дағдылар  шектелмейді.  Көптеген  дағдыларды  жасаудың 
жақтастары  оны  бүгінде  жеке  емес,  жалпы  білім  берудің  ажырамас  бөлігі 
ретінде  қарастырады,  жұмыс  дағдыларымен  қатар  базалық  және  берілетін 
дағдыларды,  кәсіби  және  өмірлік  дағдылармен  біруақытта  берілетін 
дағдыларды  алу  мен  негізін  салуды  қалыптастыруды  қамтамасыз  етуге 

10 
мүмкіндік береді.  
Қазіргі  уақытта  әлемнің  28  елінде  кәсіби  дайындықтан  өткен  (жалпы 
білімнен  айырмашылығы)  білім  алушылардың  пайыздық  үлесіндегі  маңызды 
өзгерістер  атап  көрсетілуде.  Орта  білім  сатысындағы  білім  алушылардың 
жалпы  санынан  бұл  үлес  көрсеткіші  12  елде  көбейсе,  ал  16-сында  қысқарған. 
Соңғы  жылдары  бірқатар  елдер  білім  беру  саласындағы,  соның  ішінде 
ересектер  мүмкіндіктер  теңдігі  мәселесін  шешу  кезінде  әртүрлі  нәтижелерге 
жетті. Бразилияда дағдыларды қалыптастыру бойынша «Жастар мен ересектер 
үшін білім беру» бағдарламасы ресми білім алмаған 15 жастан асқан тұлғаларға 
бағытталған.  2012  жылы  бұл  бағдарлама  аясында  үш  миллионға  жуық 
оқушылар,  мигранттарды  қосқанда,  ауыл  қызметкерлері  мен  кедей  және 
жұмысшы отбасының өкілдері тіркелген.  
Бұл бағдарлама білім берудің төменгі сапасымен және білім алушылардың 
үлгере алмауының жоғары деңгейімен сипатталады.  
2006 жылы Норвегияда кең масштабтағы бастаманы өткізуге кірісті, оның 
аясында  жұмыс  берушілерге  тілдік  қарым-қатынасы  және  АКТ,  есеп, 
сауаттылық  салаларында  жалпы  дағдылары  төмен  қызметкерлері  үшін  оқу 
курстарын ұйымдастыруға қаржы бөлінген.  
2008 жылы Вьетнамда білім беру бағдарламаларымен 10 миллионға жуық 
адам қамтылған.  
Дакар  конференциясынан  кейін  көптеген  мемлекеттер  білімге  деген 
қолжетімділікті  кеңейту  аясында  үлкен  жетістіктерге  жетті,  алайда  бұл  оның 
сапасының  айтарлықтай  жоғарылауына  себепші  болмады.  «Білім  сапасының 
нақты көрінісі 2015 жылдан кейінгі кезеңіндегі жаһандық күн тәртібінде анық 
көрініс  табуы  мүмкін,  себебі  2013-2014  жылдары  250  миллион  баланың  130 
миллионы  мектепте  4  жылдан  кем  емес  оқыса  да,  ең  оңай  біліктерді  игеруге 
мүмкіндіктері болмағанын көрсетеді» [8].  
2007-2014 жылдар аралығында  60-тан астам  мемлекет бір немесе  бірнеше 
рет  бастауыш  сыныптарда  оқу  білігін  бағалауды  жүргізді.  2014  жылы  20-дан 
астам  мемлекет  бастауыш  сыныпта  санау  білігін  бағалауды  жүзеге  асырды. 
Зерттеу  қорытындылары  балалардың  мектепте  2-3  жыл  оқығаннан  кейін  бір 
сөздің  басын  қосып  оқи  алмайтынын,  ал  көптеген  мектептерде  бастауыш 
сыныптарда арифметика негіздері оқытылмайтындығын көрсетіп отыр. Зерттеу 
қорытындылары  көптеген  үкімет  орындарын  оқушылардың  ең  аз  оқу  және 
санау біліктерін игеретіндей етіп саясатты қайта қарастыруға мәжбүр етті.  
Осылайша,  аймақтық  және  халықаралық  үлгерімді  бағалау  оқыту 
нәтижелерінің  шынайылығының  деңгейін  өлшеуге  көмектеседі.  Дәстүрлі 
бағалаудан  бөлек  әлем  елдері  бірлесіп  оқушылардың  үлгерімі  мен  олардағы 
оқыту  жүйелерін  салыстыру  жұмыстарын  жүргізіп  отырады.  Латын 
Америкасында  жүргізілген  зерттеулері  оқушылардың  академиялық  үлгеріміне 
қатысты  компонеттерді  –  оқытуды  ұйымдастыру,  оқу  бағдарламасы  және 
отбасы  жағдайы,  сонымен  қатар  жалпыұлттық  прогресті,  оның  ішінде 
теңсіздікті төмендету аясында мәселелерді бағалауға мүмкіндік беріп отыр (2-
сурет).  

11 
Экономикалық 
ынтымақтастық 
және 
даму 
ұйымдары 
жүргізген 
оқушыларды  халықаралық  бағалау  бағдарламасы  әлеуметтік  мәртебе 
аясындағы  және  сауаттылық  пен  санау  біліктері  арасындағы  теңсіздіктердің 
арақатынасын  бақылауға  мүмкіндік  беретін  15  жастағы  оқушылар  туралы 
ақпаратты жинауды қамтамасыз етіп отыр.  
 
 
Дереккөз: «Education for All 2000-2015: Achievements and Challenges» ЮНЕСКО  
 
2-сурет – Бастауыш және орта білімде оқу мақсаттарына жету (үлгерімді 
бағалау қорытындысы бойынша)  
 
Көптеген  Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымдары 
мемлекеттері  Оқушыларды  халықаралық  бағалау  бағдарламасына  жауап 
ретінде саясатқа реформалар мен бастамалар енгізді. Көптеген мемлекеттердегі 
оқу  үлгерімдерін  бағалау  оқу  бағдарламалары  мен  оқыту  үдерістері 
реформаларына  өз  әсерін  тигізеді.  Алайда,  аймақтық  және  халықаралық 
бағалаулар өз мәселелерін алға шығара алады.  
Білім  мен  білікті  талдау  және  мониторингтеудің  тиімді  стратегиялары 
барлық  мемлекет  аясында  оқу  нәтижелері  бойынша  ақпарат  беретін  таңдаулы 
зерттеулер  негізінде  оқушылардың  үлгерімін  кең  ауқымда  бағалауды  талап 
етеді. Дакар конференциясы кезеңінде оқушылардың үлгерімін ұлттық бағалау 

12 
саны  өсті:  1990-1999  жылдары  жалпы  саны  283  бағалау  жүргізілсе,  2000-2013 
жылдары  олардың  саны  1167-ге  жетті.  Бұндай  бағалаудың  кең  тарауы  бай 
мемлекеттерде ғана емес, кедей мемлекеттерде де өсті.  
Ұлттық бағалаудың көпшілігі білім беру ұйымдарына оқушылардың білімі 
мен  құзыреті  деңгейін  көтеруді  үндейді.  Білім  бойынша  54  халықаралық 
зерттеуге  шолу  жасау  үлгерімді  ұлттық  бағалау  қорытындылары  бойынша 
әзірленген  білім  беру  аясындағы  саясат  оқу  бағдарламаларының  реформасы 
мен  оқулықтарды  қайта  қараудан  бастап  педагогикалық  білім  мен 
мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқу материалдарын дайындау, ата-аналарды 
жұмылдыру,  тиімділік  стандарттарын  әзірлеу  мен  үлгерімі  төмен  мектептерге 
қолдау  көрсету  үшін  тәсілдер  жасауға  дейінгі  кең  ауқымға  ие  екенін 
көрсетіп отыр.  
Білім беру қоғамның қарқынды дамуына қызмет етіп, әр адамға өмірден өз 
орнын  табуға  үйретуді  үндейді.  Білімді  адам  сұранысқа  ие  жоғары  дәрежелі 
маман болуы мүмкін. Сондықтан жаңарған білімді жеке тұлға үшін ғана емес, 
әр  мемлекет  үшін  де  стратегиялық  жоспар  тұрғысынан  ең  тиімді 
инвестициялық жоспар деп қарастыру керек.  
Білім  мазмұнын  жаңарту  оқыту  қызметінің  түрі  мен  білім  беру  кеңістігі 
типтерінің  сәйкесінше  өзгерісін  талап  етеді.  Дәстүрлі  оқытуға  тән  мақсат  пен 
міндеттерді,  соның  ішінде  өзгерген  жағдайлар  түсіндіріліп  және  бейімделуге 
тиіс  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  қайта  қарау,  қайта  бағалау  мәселесі 
алғашқы орынға қойылып отыр.  
Оқыту  үдерісі  «орташа»  оқушыға  бағытталған  дәстүрлі  оқытудағы 
мәселелерді  шешу  білімді  жаңартудың  құрама  бөлігі  болып  табылады.  Егер 
білім  беру  стандарттарының  талаптары  жоғарылаған  жағдайда,  «орташа» 
оқушы оқыту үдерісінен түсіп қалады, ал мықты және дарынды балаларға бұл 
деңгейде оқыған қызықты емес, сол себепті бұл білімді регрессивті етеді. Жаңа 
білім  беру  парадигмасында  адамның,  жалпы  қоғамдық  прогрестің  дамуына 
себеп болатын ізгілік ұғымының мазмұны да өзгереді.  
Білім  мазмұнын  жаңартудың  шынайы  тәжірибесін  әлемдегі  орта  білім 
жүйесін  дамытудың  негізгі  үрдістері  көрсетеді.  Білімді  дамытудың  үрдістерін 
анықтау  орта  білімді  дамытудың  дұрыс  тұжырымдамаларын  жасауға  және 
оның  тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Білімді  дамытудың  жалпы 
процестері  көп  мемлекеттерде  бар,  бірақ  олардың  көрініс  табуы  әр  елдің 
қоғамының  жалпы  жағдайына,  мәдени,  ұлттық  және  білім  берудегі 
үрдістерімен анықталатын ерекше сипатқа ие. Әлемнің түрлі мемлекеттеріндегі 
білімді  дамытудың  ұлттық  үрдістері  жалпыәлемдік 
тенденцияларға 
байланысты.  Орта  білімді  дамытудың  жалпыәлемдік  үрдістері  болып: 
ізгілендіру,  демократияландыру,  плюрализацияландыру  (вариаттылық  және 
баламалылық), интернационалдандыру, жаһандандыру, дифференциалдандыру, 
үлгілендіру,  аймақтандыру,  үздіксіз  оқыту  жүйесін  жасау  болып  саналады  (3-
сурет).  
 
 

13 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дереккөз: Болашақ: білім беру мәселелері. Париж: ЮНЕСКО, 2013., № 3  
 
3-сурет – Орта білім дамуының үрдістері  
 
Орта  білім  жүйесін  дамытудың  негізгі  үрдістерін  еуропа  мемлекеттерінің 
мысалында нақтылауға болады:  
Орта білім беру жүйесіндегі жекелену және бөлшектеу үрдістері (лицейлер 
мен  коллеждер  жергілікті  маңыздағы  оқу  орындары  мәртебесін  алды),  білім 
беру  жүйесін  орталықсыздандыру  құқықтық  негізі  90  жылдары  қабылданған 
заңдар мен оны реттеуші құжаттар болды;  
Мектептегі оқыту жүйесін орталықсыздандыру үш бағыт бойынша әрекет 
етеді:  өкілеттілікті  жергілікті  билік  өкілдеріне  тапсыру,  министрлік  пен  білім 
беру  ұйымдары  директорлары  арасында  әкімшілік  қызметті  қайта  үйлестіру 
 
Орта білім 
дамуының 
әлемдік 
үрдістері  
 
ізгілендіру
 
қоғамдандыру
 
демократияландыру
 
вариативтілік
 
интернационалдандыру
 
жаһандандыру
 
жаңғырту
 
аймақтандыру
 
дифференциациялау
 
үздіксіздік
 

14 
және оқыту мекемелерінің дербестігін ұлғайту;  
Тану  әдістері  мен  тәжірибелік  қызметтерді  игеруге,  сонымен  қатар  жаңа 
білім алып оны тәжірибеде қолдануға жағдай жасайтын түбегейлі білімді алуға 
мүмкіндік беретін орта білім мазмұнын түбегейлендіру және кіріктіру үрдісі.  
Озық  оқыту  арқылы  білім  беру  үдерісінің  құрылымы.  Ол  «қолдау» 
қағидатына  сүйенетін  дәстүрлі  оқытудан  ерекше.  Орта  білімдегі  озық  оқыту 
білім  мазмұнын  өзгерту  арқылы  қамтамасыз  етіледі.  Оның  бағыттары  болып 
тек  бастапқы  білім  үлесін  жоғарылату  ғана  емес,  сонымен  бірге  орта  білім 
жүйесіне  ғылыми  білімді  енгізумен  байланысты  біріктіру  процестері  (жаңа 
мазмұнның  жасалуы,  жүйені  құрастыру  процесі,  сапаны  бағалау)  саналады. 
Еуропа  мемлекеттеріндегі  орта  білімдегі  кіріктірілген  бағдарламаға  мысал 
ретінде  физика,  химия,  биология,  геология  және  астрономия  білімдерінің 
элементтерін, 
эксперименттік, 
экономикалық 
және 
гуманитарлық, 
экономикалық  ғылымдар  бойынша  кешендерді  қамтитын  «Жаратылыстану 
және  технология»  пәнін  алуға  болады.  Еуропада  оқытудың  түбегейлігі  оның 
тұтастығын  қамтамасыз  етеді:  бөлек  пәндер  жалпы  мақсатты  қызмет  пен 
пәнаралық байланысты  сақтай отырып бірыңғай пәндер циклына кіріктіріледі. 
Соңғы  10  жыл  ішінде  білімнің  кіріктірілуі  батысеуропа  елдерінің  бір-бірімен 
жақындасып, жас ұрпаққа көпмәдениетті және көптілді Еуропада өмір сүруіне 
қажетті білім мен біліктерді алу процесінің жүріп жатқандығын көрсетеді.  
Оқытудың  дифференциалданған  түрлерін  дамытудың  жаңа  бағыттарын 
іздеуде  байқалатын  оқытуды  дифференциациялау  және  әртараптандыру  үрдісі 
(жаңа  курстарды  жасау).  Білім  беруде  оқушылардың  жеке  бас  ерекшеліктері 
мен  қызығушылықтарын  анықтау  жолдарын  іздеу  жүргізілді.  Оқытудың 
дифференциациалануы  құрылатын  негіз  өзгерді,  қайта  оқытудың  объектісі 
болып  «анықтау»  сыныбы  атауын  алған  лицейлердің  2-сыныбы  алынды. 
Секциялар  жойылып,  мемлекеттік  тіл,  бірінші  шет  тілі,  математика,  барлық 
оқытылатын  пәндер  бойынша  міндетті  цикл,  оның  ішіне  физикалық  және 
жаратылыстану ғылымдары, дене шынықтыру енгізілді.  
Дифференциацияның маңызды бағыты – өтемдік оқыту, яғни артта қалған 
оқушылармен  қосымша  педагогикалық  жұмысты  күшейту.  Өтемдік  оқыту 
жүйесіне  қосымша  сабақтар,  сыныптардың  толық  болмауы,  бейімделу 
сыныптары кіреді. «Еуропа елдерінде, яғни Францияда өтемдік оқытуды жүзеге 
асыруға  байланысты  сыныптық-сабақтық  жүйені,  оқыту  және  оқуды 
реформалау  моделдері  жасалды»  [8].  «Өзіндік  ырғақта»  жекелей  оқыту 
алғашқы  орынға  қойылды.  Сабақ  кестесі  қайта  қарастырылып,  сыныптар 
топтарға  бөлінді,  үй  тапсырмасы  біртіндеп  азая  бастады.  Барлық  білім 
алушыларға  арналған  оқыту  қызметін  кеңейтуге  бағытталған  білім  жүйесін 
дифференциациялауды  қоғамдық  талап  деп  тану  еуропа  елдеріндегі  білім 
жүйесінің дамуындағы артықшылық болды.  
Оқытудың  жаңа  технологияларын  қолдану  үдерісі.  Білім  беру  үдерісін 
ұйымдастыруды  жетілдіру  және  тиімділігін  арттыруға  компьютерлер,  бейне- 
теле-галотехника үлкен мүмкіндіктер туғызды. Әртүрлі мемлекетте білім беру 
жүйесін үлгілендіру оқыту технологиясына сүйенген. Еуропалық орта білімдегі 

15 
инновациялар  мектептерде  үш  бағыт  бойынша  инновацияларды  іске  асыруды 
көздеп  отыр:  информатика  пәнін  оқытудың  сапалы  жаңа  деңгейін  жасау; 
информатика  мен  аудиовизуалды  құралдарлы  кіріктіру;  бұқаралық  ақпарат 
құралдарын жұмылдыру.  
Мемлекеттік  заңнамамен  бекітілген,  жалпы  білім  беру  деңгейін  көтеруге 
мүмкіндік  берген  лицей  оқушыларының  саны  басым  бакалавр  дипломын  алу 
үдерісі.  Сонымен  қоса,  мектептік  білімді  9  жастан  12  жасқа  ұзартуды 
шамалайды.  Оқушылардың  80%-ы  бакалавр  дипломын  алатын  деңгейге 
көтерілулері  керек.  Мысалы,  Францияда  лицейлердің  бітіруші  сыныптарына 
оқушылардың  56%  ғана  өткен.  Талдау  емтихандарда  оқушылардың  іріктелу 
пайызы  көрсеткішін  сақтағанның  өзінде  2000  жылы  бакалавр  үлесі  жыл 
сайынғы  бітірушілер  санынан  30%-дан  54%-ға  өсті.  Бакалавр  дипломын  алу 
тәртібін  жеңілдетуге  бағытталған  әдістердің  ішінде  мыналарды  атап  өткен 
дұрыс: екі жыл бір сыныпта қалушылықтың азаюы (2%), 1-сыныптан бітіруші 
сынапқа өту емтихандарын жеңілдеті немесе мүлдем алып тастау.  
Орта  білімнің  жеке  секторына  шектеу  қою  және  оны  дәстүрліге 
жақындастыру үрдісі.  
Орта  білімнің  кәсіптік  біліммен  бірізділігі  және  кәсіптік  дайындауда 
жалпы  білімдік  компоненттерді  көбейту  үрдісі.  Көптеген  елдердің  білім  беру 
жүйесінің  заңнамасында  «әр  жас  адам  білім  деңгейіне  қарамастан  орта  білім 
жүйесінде оқуын аяқтамас бұрын кәсіби даярлықтан өтеді» [9] деген ереже бар.  
Еуропа заң шығарушылары міндетті онжылдық оқудан кейін, орта мектеп 
барлық  оқушыларға  мектеп  бағдарламасы  аясында  білім  алуларына  ғана 
мүмкіндік жасап қоймай, алдағы үлкен және дербес өмір сүруіне дайындайтын 
кәсіби біліктерді де игеруіне жасау керек деп есептейді.  
Білім  мазмұнындағы  өзерістер  мектеп  пен  өндірісте  оқушылардың 
мектептен  алған  біліктерін  шынайы  жағдайда  қолдануларына  мүмкіндік 
жасайтын кезектестіріп оқытуды дамытуды көздейді. Кезекпен оқытудың мәні 
теориялық  оқытудың  тәжірибемен  ғана  емес,  әрдайым  мамандық  бойынша 
толық еңбек қызметімен жалғасып, кезектесіп отыратындығында жатыр [9].  
Еуропалық  мектептердегі  білім  мазмұнын  жаңарту  бойынша  бар 
құжаттарды  талдай  келе,  80-90-шы  жылдары  шынайы  жүргізілген  білім 
мазмұнын  реформалау  процесі  нәтижесінде  мектеп  елеулі  түрде  өзгерді,  көп 
қырларына  өзгерістер  енгізілді,  ол  өз  кезегінде  жаңа  білім  идеологиясын 
қалыптасуына әкеп соқты деген қорытынды жасауға болады.  
ХХІ  ғасырдың  басында  әлемдегі  білім  беру  жүйесінде  келесі  жаһандық 
үрдістер айқын көрініс тапты:  
1)  білім  беру  жүйесін  демократияландыруға  талпыныс.  Бұл  мемлекет 
халқының  барлығына,  ең  алдымен,  қабілетті  дарынды  жастарға  олардың 
әлеуметтік  шығуы  мен  материалдық  жағдайына,  білім  сатысы  мен  деңгейінің 
сабақтастығына байланыссыз білімді қолжетімді етеді;  
2)  барлық  үміткерлерге  білім  алу  құқығын  қамтамасыз  етуге  талпыныс, 
яғни әр адамға қалаған оқу орнында білім алуына нақты және тең мүмкіндік беру;  
3)  балаларды  мектепке  дейінгі  оқыту  мен  тәрбиелеудің  мерзімі  мен 

16 
сапасын  біртіндеп  көтеру.  Еуропаның  француз  тілді  мемлекеттеріндегі  білім 
беру  жүйесіндегі  тәжірибелер  көрсеткендей  мектепке  дейінгі  мекемелер  білім 
берудің келесі деңгейлерінің сәтті жұмысын жеңілдетеді;  
4)  бастауыш  мектептің  тиімді  жұмысын  бағдарламалар  мен  оқыту 
мазмұнын  қайта  қарастыру,  педагогикалық  жұмысқа  педагогикалық 
училищенің емес университет түлектерін тарту арқылы жоғарылату;  
5)  негізгі  (базалық)  мектепті  қайта  құру  (оқушыларды  оқу-кәсіптік 
бағыттауды  барынша  кең  қамтамасыз  ете  отырып  базалық  білім  мен  біліктің 
негізін салу);  
6) кәсіптік білім беру жүйесін біртіндеп қиындату, басым көпшілігі 18-23 
жастағы  жастарға  арналған  оның  жаңа  нұсқаларын  жасау  және  қолдану, 
сонымен қатар өте тар кәсіп пен қызмет түрінен, және жастарды бірден бірнеше 
мамандық бойынша дайындаудан бас тарту;  
7) мектептің «білімі орташа» оқушыға бағытынан ауытқып, оның дарынды 
балалар  мен  жастарға,  оқыту  үдерісі  кезінде  олардың  қабілеттері  мен 
шығармашылық  әлеуеттерін  ашу  мен  дамытудың  ерекшеліктеріне  деген 
қызығушылығын арттыру;  
8)  ерекше  қажеттіліктерге  ие  балалардың  білім  алуын  қамтамасыз  етуге 
қосымша ресурстар іздеу;  
9) оқыту нарығының біртіндеп өсуі және олардың шоғырының кеңейуі;  
10)  әлемнің  дамыған  мемлекеттерінің  барлығында  қаржыландырудың 
басым  объектісіне  айналу,  адами  капиталды  қаржыландырудың  болашағы 
барын ұғыну;  
11) бір жағынан білімді қатаң орталықтандыру мен стандарттау арасында 
дұрыс мәміле іздеу, екінші жағынан оқу орындарын толық автономияландыру;  
12)  әртүрлі  қызығушылықтарды,  оқушылар  қабілетінің  дамуына 
бағытталған оқу-ұйымдастыру шараларының шоғырын кеңейту;  
13) оқыту қарқынында және оқушылардың болашақ мамандықты таңдауда 
тұтастылықты қамтамасыз ететін көп деңгейлі білім беру жүйесін дамыту;  
14)  білім  беру  саласында  мемлекетаралық  ынтымақтастық.  Аталмыш 
процестің  белсенділігі  ұлттық  білім  беру  жүйесінің  болашағы  және 
мемлекеттердің 
серіктестігі 
мен 
осы 
ынтымақтастықтың 
жеке 
қатысушыларының тең жағдайын қамтамасыз етумен байланысты;  
15) қалыптасып қалған ұлттық дәстүрлер мен мемлекет пен аймақтардағы 
ұлттық  сәйкестіктерді  сақтай  отырып  жаңалықтарды  тарату.  Білім  беру 
кеңістігі  көпмәдениетті  және  адамзат  пен  жалпы  өркениеттің  дамуына 
әлеуметті  бағытталған,  халықаралық  білім  беру  кеңістігін  әзірлеуге  дайын, 
мәдени жағынан да, білім беру жағынан да ұлттық сипатта, адамзатты әлемдік 
өмірлік  құндылықтарға,  жалпы  өркениеттік  жетістіктер  қазынасына 
араластыруға ашық.  
Білім  беруді  дамытудың  қарастырылған  әлемдік  үрдістері  ортақ  сипатқа 
ие. Бірақ білім берудің барлық деңгейін дамыту үшін өздерінің мақсаттарына, 
ерекшеліктеріне,  орындалу  сипатына  және  түлектерді  дайындауда  жаңа 
әлеуметтік талаптарына шартталған ерекше үрдістер орын алады.  

17 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет