Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет31/37
Дата21.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#10063
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37

КҮҢГІР-ДҮҢГІР  е  л  і  к.  Күмбір-күмбір,  дүмбір-дүмбір  еткен 
дыбысты  білдіретін  сөз.  Арғы-бергі  жай-күйлерді  сұрасып,  жалпы  көп 
сөзден жалыққан қауым қазір Жақаштың қолында күңгір-дүңгір еткен ескі 
қарағай домбыраның үніне құлақ тігеді (Ә.Көшімов, Қысталаң.).
КҮҢГІР-КҮҢГІР е л і к. Қайта-қайта күңгірлеген үлкен қоңыраулардан 
шығатын  дыбысты  және  соған  ұқсаған  жаңғырықты  білдіретін  сөз. 
Күңгір-күңгір  қоңырау  Соғылғандай,  салып  ой...  Таныс  әуез  –  Ой  мынау 
Құрманбайдың  даусы  ғой!  (А,Шамкенов,  Жасыл  жайлау).  Бір  кезде  дауыс 
шықты  күңгір-күңгір,  Бұралды  қара  құлағы  салдыр-гүлдір.  Есігі  қараңғы 
үйдің  жарқ  еткенде,  Көрінді  дүниенің  бәрі  бұлдыр  (Қ.Тоғызақов,  Таңд.). 
1966 жылы қаланың қай шетінен болса да естілетін көне сағат қоңырауына 
қайтадан тіл бітіпті. Оның дабылы алысқа жетеді. Күңгір-күңгір күміс 
сылдыры  әр  сағат  сайын  қала  үстін  шарлап  кетеді  (А.Сатаев,  Ақын.).  // 
Сөзі түсініксіздеу, көмескі үн. Сөз аяғын қараңғылық бүркеп, орман жұтып 
жатыр.  Алысқа  бармай,  табан  астында  мағынасыз  бір  күңгір-күңгірге 
айналады (С.Бақбергенов, Қарға там.).
Күңгір-күңгір  етті.  Күңгірлеп  кетті.  Бұлар  ақырын  сөйлесе  де 
дауыстары күңгір-күңгір етіп алысқа жетіп тұр (Р.Тоқтаров, Терістік.).
Күңгір-күңгір кісінеген. Бабына келген, жарау (қазанат туралы). Күңгір-
күңгір  кісінеген  Алтын  жалды  арғымақ,  Шапса  жерді  қуырған,  Ескен 
желдей  ағындап  (Жамбыл,  Шығ.).  Күңгір-күңгір  кісінеген.  Таңдайынан 
есінеген.  Күреңді  мініп  ән  шырқап,  Тұлпарды  емін  өсірген!  (Қаз.  әндері). 
Күңгір-күңгір  кісінескен,  Бірін-бірі  иіскескен,  Құлыншақтың  атасы  Айғыз 
бассын үйіңді (С.Сейфуллин, Шығ.).
КҮҢК  е  л  і  к.  Қысқа  айтылған  түсініксіздеу  көмескі  дыбысты 
бейнелейтін сөз. Сол жақтан күңк деген дыбыс шықты (Ауызекі).
Күңк демеді. Дыбыс шығармады, үндемеді. Бір Жарастың қас-қабағына 
қарап, Гүләйша да күңк демей шыдап бақты (Ш.Құмарова, Қос шынар).
Күңк  етті.  Келіспейтінін,  қарсы  екенін,  наразылығын  бәсең  дауыспен 
көмескілеу,  түсініксіздеу  етіп,  қысқа  айтты,  мыңқ  ете  қалды.  “Тымақ 
кепті  даладан...  Ұшып  кепті  қаладан...”  Деген  хабар  дүңк  етті.  Тымақ 
біткен күңк етті, Шуылдасты, жиылды, Алласына сиынды (Ж.Аймауытов, 
Шығ.). – Елге қайтпасаң болмайтын шығар, – деп күңк ете қалды Күндебай 
(О.Бодықов, Бұлбұл). Үш-төрт саудагер аттың жанынан өте беріп “қоңы 
тәуір мал екен” деп күңк ете түсті біріне-бірі (З.Ақышев, Ақбел.).
КҮҢК-КҮҢК е л і к. Келіспеушілік, қарсылық білдірген жағдайда немесе 
бір жаңалықты өзара талқылай бастағанда туындайтын адамның ренжу, 
наразылану,  таңғалу  күйін  жеткізетін  түсініксіз  дыбысты  бейнелейтін 
сөз;  пыш-пыш.  Апам  күңк-күңк  сөйлеп  орнына  жатты  (Т.Бердияров, 
Солдат.). – Ыдырыстың баласының көзі ілелі көрінеді. Былтыр далада соғып 

245
кетіпті,  – деп, ауыл арасы күңк-күңк әңгіме ете бастады (С.Жүнісов, Өшп. 
іздер). Өзі тіпті күлмеуші еді: Күңк-күңк, Мыңқ-мыңқ. Үндеуші еді. Әлдекіммен 
сөйлескендей, Оттың басын үрлеуші еді (І.Жансүгіров, Шығ.).
Күңк-күңк етті. Түсініксіз, баяу үн қатты, пыш-пыш етті. Ол теріс қарап 
күңк-күңк етті (Ауызекі).
КҮП  3  е  л  і  к.  Суға  сүңгігенде,  шұңқырға,  топыраққа  т.б.  секіріп  не 
құлап түскенде шығатын дыбысты бейнелейтін сөз. Күп деген дауыс естілді 
(Ауызекі).
Күп берді. Тереңге іркілмей секіріп кетті, сүңгіп кетті. Алтай жасында 
сан рет шомылған өзен иіріміне келгенде киімін шешіп, керіліп келіп күп берді 
(А.Лекеров, Түз гүлі). Баяғы түнгі от басында қорқып қашқан арлан бастаған 
бір топ қасқыр күп беріп дарияға түсіп, жылжып жүзе жөнелді (Қаз. ертегі.). 
Қайрат қылар деген бәйге жирен алдыңғы тобын тоқтатпақ болып кісіней 
жүріп, малдың алдын орай бергенде, әлдеқандай бір опқа күп беріп түсіп кетті 
(М.Әуезов, Таңд. шығ.). Сырғанаған өгізді ол қайдан тоқтата алсын. Өгіз күп 
беріп құдыққа түсті де кетті (С.Мұқанов, Таңд. шығ.).
Күп болды [болып кетті]. Барынша ісінді, быртиды, торсиды, күпшектей 
болды. Жаяулап зорға жетіпті, Қолына ұстап тал таяқ. Денесі күп боп кетіпті, 
Бет-аузы да жалқаяқ (С.Мұқанов, Алдабергенов.).
Күп  боп  істі  [семірді].  Торсиып  істі,  быртиды,  толды,  бойына  ет,  май 
жинады. Машина Марданның аяғына түсіп кесіп кеткен екен, түрмеде ол аяқ 
күп  болып  ісіп  кетті  (І.Жансүгіров,  Шығ.).  Май  шабаққа  тойынған  тарғыл 
мысық он шақты күннен кейін күп боп семіріп алды (Ө.Қанахин, Жер бас.).
Күп  дегізді.  Күмп  еткізді,  тез  салып  жіберді;  шұғыл,  жедел.  Өгізбас 
қара бақырды Қайнар қара бұлаққа Күп дегізіп малады, Шайқалтып су алады 
(Манас).
Күп ете түсті [күп ете қалды]. а) Суға құлады, күмп етіп түсіп кетті. Ат, 
арба сырғып аунақшыған бетімен суға барып күп ете түсті (С.Бегалин, Ана.)
ә) Кенеттен тап болды, үстінен түсті, дәл төбесінен түсті. О пері де осында 
ма еді! Мен өзім, Сайра, ненің үстінен күп ете түскем. Ұлығы анау, Мыналары 
мынау  (Ш.Хұсайынов,  Үкілі  Ыбырай).  Бұрын  мұншама  мал  ұстап  көрмеген 
кедей ауыл бірден мол байлыққа күп етіп түсе қалған соң, оның ретін тауып 
та жұмсай алмады (С.Жүнісов, Жапанда.). Бір түкпірге барып, қайтуым мұң 
боп қалмасам игі еді деген ойлар келді. Жоқ, олай болмады, дәулеті шалқыған 
колхозға келдім де, күп ете қалдым (К.Қазыбаев, Дәуір.).
КҮП-КҮП  е  л  і  к.  Күбі  піскенде  естілетін  дыбысты  бейнелейтін  сөз.
Балқаш көлге барайық Балығын ұстап алайық. Суына салқын түсейік, Күбідей 
күп-күп пісейік (Ө.Тұрманжанов, Менің кітаб.).
Күп-күп етті. Мақтанды, ісіп-кепті, өзіне-өзі сыймады. Барақ өзінше 
батырсып, күп-күп етіп отыр (Ауызекі).

246
КҮРК е л і к. Тамақты қырнай жөтелгенде шығатын қысқа дыбысты 
бейнелейтін сөз.
Күрк  етті.  Қысқа,  келте  үн  (жөтел  т.б.)  шықты.  Аузында  шылым, 
ара-тұра  күрк  етіп  жөтеліп  те  алады  (Ж.Молдағалиев,  Торғай.).  Қапас 
күркесінде  қалғып  отырып  аяғы  оқыста  тайып  кетіп,  күрк  етіп  қалған 
тауық үні секілді. Үйдің басқа тасасынан тағы бір “тауық” күрк ете түсті 
(Ғ.Сыланов, Дөң асқан).
КҮР-КҮР е л і к. Күрілдеген, күркіреген дыбысты бейнелейтін сөз. Күр-
күр етті аралап, Аспанның күмбез шатырын, Жаңбырдың бірер тамшысы 
Тырс  етті  жерге  ақырын  (Ә.Сәрсенбаев  Өлеңд.).  Қар  суы  жардан  ағып 
күр-күр,  сыр-сыр,  Кіріп  жүрміз  қойнына  күлдір-сылдыр.  Тас  атпай,  суға 
шалп-шұлп,  мұзға  сарт-сұрт,  Мұндайда  тиыш  жүре  ме,  балалар  құр 
(С.Дөнентаев, Шығ.).
Күр-күр еткізді. Күрілдеген, күр-күр еткен дыбыс шығарды. Тұмарбай 
сыбызғы  тартқан  кісіше,  ұзын  кеңірдегінен  күр-күр,  дыр-дыр  еткізіп  бір 
әуез шығарды (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Күр-күр  етті.  а)  Күр-күр  еткен  дыбыс  шығарды,  гүрілдеді,  бұрқ-сарқ 
етті.  Сол  Алтайдың  күнгейінен  құбыла  жаққа  құлай  аққан,  құлай  ағып 
Ертіс  түскен,  күр-күр  еткен  Күршім  бар  (Ж.Аймауытов,  Шығ.).  Ырым-
сырым  дегенге  бағынбайды,  Байға,  бекке,  кісіге  жалынбайды.  Серпіні, 
түйе менен атты ағызып, Өзендей күр-күр етіп ағындайды (С.Әлімбетов, 
Өлеңд.). ә) Гүж-гүж етті, арпылдады. Қоян жымындай жолдар болмаса, 
кісі адасатын, шарбақ ішін күзеткен дәу, сұр овчарка жан жуытар емес. 
Көзінен от шашып, тықыр сезсе, күр-күр етеді (Ғ.Мұстафин, Миллионер).
КҮРК-КҮРК е л і к. Күркілдеген дыбыстың дүркін-дүркін қайталануын 
бейнелейтін  сөз.  Будақ-будақ  бу,  түтін.  Шыңғырған  немесе  күрк-күрк, 
пыс-пыс дыбыс. Бұндағы адамдардың үсті-басы баттасқан май мен күйе 
(Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Міне, бұның жатысы. Көкірегі күрк-күрк. Одан 
түсіп  жатқананау  қап-қарадымқыл  қай  қаланың  күлі?  (Ә.Кекілбаев,  Бір 
шөкім.).
Күрк-күрк  етті.  Күркілдеген  дыбыс  шығарды.  Күні  бойы  жөндеп 
жайылмастан,  күрк-күрк  етіп,  түйелерді  айнала  тайрақтаған  қара 
бураның әрекетін жұрт енді ғана аңғарған (Ә.Көшімов, Жас аңшы). Әуелі 
Бершін, сонан қалған екеуінің де мылтықтары жай отындай күрк-күрк ете 
қалды (Т.Жармағамбетов, Сентябрь.).
Күрк-күрк  жөтелді.  а)  Өкпе,  тыныс  жолдары  қабынған  адам,  мал 
дүркін-дүркін  жөтелді.  Ауыздағы  үйден  ұзақ  күрк-күрк  жөтеліп,  кәртең 
үнмен  ыңыранып  алқынған  дауыс  келді  (М.Әуезов,  Таңд.  шығ.).  Ауру 
көкесінің  түрі  анау,  күрк-күрк  жөтеліп,  екі  иығынан  дем  алып  жүргені 
(М.Дүйсенов,  Гүлжан.).  Қойлардың  халі  тіпті  нашар.  Мойны  ырғайдай 

247
саулықтар күрк-күрк жөтелді (С.Жүнісов, Жапанда.). ә) б е й н. Зеңбірек 
т.б. дүркін-дүркін атылды. 1941 жылдың 6 декабрінің таңы әлі бозарып 
атқан  жоқ.  Шығыс  жақ  нажағайдай  жарқ-жұрқ,  сатыр-күтір.  Жер 
солқылдап, күрк-күрк жөтеледі (Б.Момыұлы, Москва.).
КҮРП  е  л  і  к.  Бие,  сиыр  сауғанда  ағарғанның  шұңғыл  ыдысқа 
құйылуынан шығатын дыбысты және қалың қарды салмақпен басқанда 
естілетін дыбысты бейнелейтін сөз.
Күрп етті. а) Күрк еткен дыбыс шықты. Аяғындағы саптама етік 
біресе  көдеден  тайғанап,  біресе  күрп  етіп  қалады  (Ғ.Мүсірепов,  Таңд. 
шығ.). ә) Олжаға белшеден батты, даярға тап болды. Жәрмеңкешілердің 
биыл еңселері көтеріңкі. Осы жолы қолдары күрп еткелі тұрған тиімді 
сауданың  елірткіш  буына  бәрі  де  әлден  семіріп  алғандай  (Б.Аманшин, 
Көкжар).  –  Өмірбаяныңды  қоя  тұр,  –  деді  Клавдия  Петровна  –  кім 
басынан  қиыншылық  өткізбеді  дейсің.  Рас,  мол  тұрмысқа  күрп  ете 
түскен кейінгі жастар білмеуі мүмкін, бірақ тарихта жазылып жүр ғой 
(Абзал жандар).
КҮРП-КҮРП  е  л  і  к.  1.  Ыдыс  толы  көпіршіген  сүттің  үстіне 
онан  әрі  мал  сауғанда,  айранды,  қымызды  піскенде,  су  шайқалғанда 
естілетін  дыбысты  бейнелейтін  сөз.  Бижамал  үндемеді.  Сүт  шелекке 
күрп-күрп  құйылып  жатыр  (Б.Тоғысбаев,  Алдыңғы.).  Жарау  төре  енді 
– Сәруар көрінеу қысылып қалғанда – ұзын тұра денесін жеңіл көтеріп, 
қаба сақалдың тамағын ісіре жаздаған сабаға барды, сонсоң сабадағы 
қымызды бес-алты рет күрп-күрп пісіп жіберді (А.Сүлейменов, Бесін). 
2. Ішіне су кірген аяқкиіммен, кең етікпен жүргенде естілетін дыбысты 
бейнелейтін  сөз.  Тәнзила  жеңешем  керзі  етігін  күрп-күрп  сүйретіп 
қырманды айналып жүр (Тұлпар). Үстінде телогрейкасы бар, керзі етігін 
күрп-күрп  басқан  ол,  кешеден  тұрған  жуындыны  төкпек  боп  тағы  да 
сыртқа шығып кетті (Ө.Қанахин, Жүрек). 3. Омбы қарды, топырақты, 
құмды  салмақ  сала  басқанда  шығатын  дыбысты  бейнелейтін  сөз. 
Жарқабақты айналып, омбы қарға күрп-күрп түсіп кетіп, Рясниковтың 
бұғылары келеді (Р.Тоқтаров, Терістік.).
Күрп-күрп  етті.  Күрпілдеді  күрпілдеген  дыбыс  шығарды.  Шелек 
біртін-біртін  күрп-күрп  ете  бастады.  Сөйткен  сайын  көбік  көбейіп, 
шелек ернеуіне таяп келеді (Ә.Қалдыбаев, Шаншар.).
КҮРС е л і к. Салмақты нәрсе т.б. құлағанда шығатын гүрс еткен 
дыбысты  бейнелейтін  сөз.  Нұрғали  тұра  қашты.  Жолындағы  қазанға 
күрс  жығылды  (Ғ.Мұстафин,  Көз  көрген).  Сол  сәтте  зорға  тұрған 
шаңырақ  жігіттің  үстіне  күрс  құлай,  жалтара  берген  оның  шекесін 
соғып  өтті  де,  жалаңаш  бесікті  құшағына  алғандай  сақыр-сұқыр  зар 
шеге жауып қалды (Қ.Мұхамеджанов, Өзіме де.).

248
Күрс  берді.  Күп  берді,  қойып  кетті.  Қараңғыға  күрс  беріп  жан-
жағына қармана құлағанда қолына еш нәрсе ілінбей, жамбасымен ұшып 
түсті (М.Әуезов, Таңд. шығ.).
Күрс етті. а) Гүрс етіп құлады. Аяғын өзі тұрған тақтайдың бойымен 
баса  беріп  еді,  күрс  етіп  төменге  құлап  түсті  (М.Әуезов,  Таңд.  шығ.). 
Жау тепсініп келіп, қамшысымен тартып қалғанда, ежелден бойға біткен 
жасқаншақтықпен  өз  ісін  өзі  тентек,  өрескел  көргендей,  оп-оңай  жасып 
қалып, шошып барып аттан күрс ете түсті (М.Әуезов, Қараш.). ә) Тарс 
етті, атылды. Сол уақытта асығып тұрған саусақ, жіңішке суық темірді 
нығыздап  қысып  қалғанда,  қарғыс  оғы  күрс  етті  (М.Әуезов,  Қараш.). 
Оқ күрс ете қалғанда, Теміртай естен жаңылды. Кең дүние сол кезде Ол 
сорлыға тарылды (С.Мұқанов, Таңд. шығ.).
КҮРС-КҮРС  е  л  і  к.  1.  Салмақты  зат  бірінен  соң  бірі  жалп-жалп 
құлағанда естілетін дыбысты бейнелейтін сөз. Қандай епті, шапшаң адам 
болса  да  күрс-күрс  құлап  тұрған  мынау  қомақты  балшықтардан  толас 
тауып,  шығар  ауызға  өтіп  болар  емес  (Ғ.Мұстафин,  Өмір  не  өлім).  Бұл 
ыстықта, от-азапта қай тірі жан шыдайды. Күн өткесін басы айналып 
күрс-күрс жерге құлайды. Түске дейін қырық мың адам түгел құлап бітеді, 
Түстен  кейін  қырық  мың  адам  орнына  кеп  тұрады  (Ж.Қыдыров,  Нұр 
жаусын.). 2. Оқ атылғанда шығатын тарс-тұрс еткен дыбысты бейнелейтін 
сөз. Айнала оқ зуылдап, снарядтар түн қараңғысын қақырата қақ жарып, 
күрс-күрс  жарылып  жатыр  (Б.Момышұлы,  Москва.).  3.  Ауыр  затпен 
(кетпен,  балға  т.б.)  күш  сала  ұрғанда  шығатын  дыбысты  бейнелейтін 
сөз. Ұсталардың көрігіне шейін машина басады, электр балғасы күрс-күрс 
ұрып жатыр (Ғ.Мұстафин, Өмір не өлім). Қара кетпенді күрс-күрс ұрады 
құлаштап (А.Нысаналин, Алыста.).
Күрс-күрс  етті.  а)  Күрсілдеді,  гүрсілдеген  дыбыс  шықты.  Пісілді 
күрс-күрс  етіп  қара  саба,  Даусына  жаңғырықты  мидай  дала,  Құйылып 
сары  қымыз  сапырылып,  Шүпілдеп  көбіктене  толды  шара  (С.Мұқанов, 
Таңд. өлеңд.). ә) Ырс-ырс етті, ентігіп дем алды. Бәйбіше қайда? Ақбілек 
қайда? – деп көзі шарасынан шығып, Мамырбай отағасы күрс-күрс етті 
(Ж.Аймауытов, Шығ.).
КҮРТ  3  е  л  і  к.Қатты  нәрсе  морт  сынғанда,  бірден,  тез  үзілгенде 
шығатын дыбысты бейнелейтін сөз. Ал қағы мұз болып қатқан Күрт егерде 
Жарылып қала берер жұрт өтерде. Тұратын сияқты ғой Алматыда Жаз бен 
Күз, Қыс пен Көктем Бір пәтерде! (Қ.Мырзалиев, Ақ отау).
Күрт етті. Күрт еткен, тырс еткен дыбыс шығарды. Алып ағаш туған 
жерін соңғы рет басып жатыр. Күре тамыры күрт етіп үзіліп кеткенше 
өмір бойы сапта тұрып, соңғы деміне дейін адам баласына қызмет еткен 
қарт солдат сияқты (Бәйшешек).

249
КҮРТ-КҮРТ  е  л  і  к.  1.  Қатты  нәрсені,  шөпті  шайнағанда  шығатын 
дыбысты бейнелейтін сөз. Бурыл жас шөпті күрт-күрт күйсейді (О.Бөкеев, 
Үркер). Өгіз айдаушысының сөзін құптағандай, мүйізін шайқап қойып, көктем 
шөбін күрт-күрт жұла берді (Қ.Исабаев, Соңғы.). Қайқайып пимаң басы көлік 
айдап,  Салдырап  қатқан  тоның  сорың  қайнап,  Жайланып  ас  ішуге  шамаң 
келмей, Суықта қатқан нанды күрт-күрт шайнап (И.Байзақов, Құралай.). 2. 
Беті қатайыңқырап, нығыздалып қалған қармен жүргенде естілетін дыбсты 
бейнелейтін сөз. Қалың табан қызыл етігімен қарды күрт-күрт басып, қалаға 
баратын  тура  жолға  түсті  (С.Бақбергенов,  Адам.).  Таптаурын  сүрлеу-
соқпақтай емес, тұяғы батып, күрт-күрт ойылған сүрі қарға шығысымен, атым 
әлгідей  шаба  алмады  (Ф.Дінисламов,  Көл  жағасы.).  Іле  тас  түйін  кейіптегі 
ықшам ширақтықпен қаңтардың үрінді қарын күрт-күрт басып, жүгіріп кетті 
(“Лен. жас”). 3. Қураған заттың, бұтаның сынған, үзілген кезінде естілетін 
дыбысты бейнелейтін сөз. Қараған-бұта жалпақ табан астында күрт-күрт 
сынады (К.Сегізбаев, Ашыл. сыр). Сарғайып қурап кеткен изен, адыраспан, 
жусандар аяқ басқан сайын күрт-күрт үзіліп түседі (Т.Әбдіков, Көкжиек).
Күрт-күрт  етті.  Қайта-қайта  күртілдеген  дыбыс  шықты.  Ағаш 
арасында  дым  дыбыс  жоқ.  Тек  ұзақ  жатқан  қар  ақырын  басқан  аяғының 
салмағымен  ойылып,  күрт-күрт  етеді  (Ә.Нұрпейісов,  Күткен  күн). 
Бірқалыпты күрт-күрт еткен, оқта-текте осқырынған дыбыстар естіледі 
(“Қаз. әдеб”).
КІДІҢ  е  л  і  к.  Күрт,  үздік-создық  қимылды  бейнелейтін  сөз.  //  з  а  т. 
Кірбің, кикілжің. Шамасы, Балымай екеуіңнің араңда бұрыннан да кідің бар 
ғой? – деді Михаил Жұмаға сынай қарап (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.).
Кідің алды. Көңіліне алды, жаратпады. Жақыптың сөздерін кідің алған 
Шоқан, оған түйіле бір қарады да үндемеді (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).
Кідің мінез. Қыңыр, кілтетпе. Шоқанның тікшіл, кідің мінезін аңғарып 
үлгерген  Григорий  бөлмесіне  бірден  кіріп  баруға  бата  алмады  (С.Мұқанов, 
Аққан жұлдыз).
КІДІҢ-КІДІҢ е л і к. Бірнеше дүркін қайталанған күрт, үздік-создық 
қимылды бейнелейтін сөз. Кес-кестей бүкіл бөксе, біздей өкше, Жалт қарай 
жайындай боп жылмың етсе. Тұсаулы аттай басып кідің-кідің Кертеңдей 
жылмың етсе, қылмың етсе (Б.Майлин, Шығ.).
Кідің-кідің етті. Кідіңдеді, қоқиланды, кіжіңдеді. Болмашы нәрседен бала 
қоразша кідің-кідің етіп, шекісе қаламыз (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).
КІЛК е л і к. Сұйық немесе қоймалжың заттың шылпылдаған, тербелген, 
шайқалған, былқылдаған үздік-создық қозғалысын бейнелейтін сөз.
Кілк етті. Айныды, көтерілді. Еттің майдағы семізін, майлысын теріп 
асағанда,  жемей  қарап  отырған  менің  жүрегім  кілк  етіп,  май  тигендей 
болады (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.).

250
КІЛК-КІЛК е л і к. Сұйық немесе қоймалжың заттың қайта-қайта 
шылпылдаған, тербелген, шайқалған, былқылдаған үздік-создық қозғалысын 
бейнелейтін сөз.
Кілк-кілк етті. а) Шылпылдады, шылп-шылп етті. Жер-дүние тұтас су 
болып кетті. Қайда бассаң да кілк-кілк етеді (Дала шұғыласы). ә) Қалың, 
бітік өсіп, жел лебіне жайқалады. Әй, Қалау, байқайсың ба, ана қарашы, ала 
бұтасы, ащылық сораңы кілк-кілк етеді. Нағыз түйе ұстайтын жер екен 
(Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Жоқ, шық үсті керім от, іріп тұр екен. Несін 
айтасың, бой алып өскен сарбалақ бұйырғын кілк-кілк етеді (Ә.Нұрпейісов, 
Қан мен тер).
КІЛТ3  е  л  і  к.  Оқыс  қозғалғанда  дене  буындарының  шытыр,  сықыр 
еткен қысқа дыбысты білдіретін сөз.
Кілт  еткендей.  Буыны  тайғандай.  Олжай  жұлыны  үзіліп,  белі  кілт 
еткендей сегіз көздің тұсынан ұстай алды (Ә.Әбішев, Заман.).
Кілт етпе. Көбіне оқыс, ыңғайсыз қимылдағанда білінетін буын ауруы. 
–Профессор келетін болса, мен де барып көрініп, белімнің кілт етпесі барын 
айтсам ба екен? – деді Меруерт (Б.Соқпақбаев, Аяжан). Оның белінің кілт 
етпесі  бар  (Қ.Жұмаділов,  Көкейкесті).  //  Жоққа  өкпелегіш,  тез  ренжігіш. 
Әдетте,  өз  өмірін  баласыз  оңаша  өткізген  кәрі  әйел  күйікшіл,  мұңдар 
болмақ. Әрі кілт етпе, кінәмшіл келеді (К.Тоқаев, Түнде.).
Кілт  етті.  а)  Буыны  сынды.  Ол  киіктей  бола  алмай,  Терең  сайға 
сылқ  етті,  Бел  омыртқа  кілт  етті  (Т.Шопашев,  Бәйтерек.).  ә)  Жоққа 
өкпеледі,  босқа  ренжіді.  Ол  баласының  неге  кілт  ете  қалғанын  түсінбеді 
(С.Мыңжасарова,  Қыр  қыз.).  Жөнсіз  жерге  араласып,  болмашы  біреңеге 
кілт ете түсетін анасына аз да болса басу айтып, үй ішіндегі кикілжіңнің 
алдын орай отырады (М.Хасенов, Тұлпар.).
КІРТ  2  е  л  і  к.  Кенеттен  бырш  ете  түскен,  кірш  еткен  дыбысты 
бейнелейтін  сөз.  Сол-ақ  екен,  батыр  да  кірт  еткізіп  жыланның  басын 
тістеп бөліп алып, “қақ тіпу” деп атып жіберіпті (А.Нұрманов, Құлан.).
Кірт  етті.  Кірш  ете  түсті,  қырт  етті.  Кенет  бір  нәрсе  кірт  ете 
түсті.  Қарасам,  шұңқырға  жапқан  қақпақты  тесіп  өткен,  мылтықтың 
сүңгісі екен (“Қаз. әдеб.”). Ат кірт етіп шөп жемей, Ер қылт етіп су ішпей, 
Еркіндеп бір бел шешпей, Ер үстінде езіліп (Манас).
КІРТ-КІРТ е л і к. Қайта-қайта күрт-күрт, қарт-құрт етіп естілген, 
қыртылдаған дыбысты білдіретін сөз. Көксерек көк күшікті жерге жұлқып-
жұлқып  соғып,  қабырғаларын  кірт-кірт  сындырып,  өлтіріп  тастады 
(М.Әуезов,  Көксерек).  Меңдігерей  үндемеді.  Жолдың  тапталған  қарына, 
кірт-кірт  басқан  аттың  аяғына  қадала  қарап,  тұнжырап  отыра  берді 
(Х.Есенжанов,  Ақ  Жайық).  Қалың  қар  кірт-кірт  езіліп,  аяқ  тайғанақтай 
береді. Ғимран таңырқанды (М.Қаназов, Жер.).

251
КІРШ-КІРШ е л і к. Қайта-қайта қарш-қарш, қашыр-құшыр, кірт-
кірт  етіп  естілетін  дыбысты  білдіретін  сөз.  Кірш-кірш,  тақ-тақ,  дүрс-
дүрс,  сырт-сырт,  кірш-кірш!...  Міне,  бұл  дыбыстар,  шынында,  би  емес 
пе?  (С.Сейфуллин,  Шығ.).  Қасқырдың  жоғарғы  азулары  Аққасқаның 
тұмсығының  екі  жағынан  жоғарғы  ұрттарына  келіп,  кірш-кірш  кірді 
(М.Әуезов,  Қараш.).  Жолбарыс  әуелі  жас  сырбаздың  жұмсақ  етіне  ауыз 
салып, шертеу сияқты балдырған сүйектерін кірш-кірш шайнап, бусанып 
бітеу жұтты (Т.Рыскелдиев, Ұлы көш.).
-Қ-
ҚАЙҚАҢ 2 е л і к. Қайқайған, шалқайған қысқа қимылды бейнелейтін 
сөз.  Бетке  келгенде  бірің  қайқаң,  бірің  жалтаң,  пәтуасыз,  не  елге,  не 
жастарға септіктерің жоқ (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.). 
Қайқаң етті. а) Бұл етті, қайқайған шалт қимыл жасады. Жамбасына 
аунап  түсіп  мені  өзіне  тартты.  Қайқаң  етті  қасақана  іргеге  ығыстым 
(Б.Нұржекеев, Күй толғақ). Қайқаң етті хас қыран, Қайта көкке самғады 
(М.Мақатаев, Дариға жүрек). ә) Тайқып шыға келді. Ислам дінінде Мұқамет 
қатынды 4-ке дейін алыңдар деп ыссы қаны тасып айтатын, тегіс ұстай 
алмаймын  деп  қорқасыңдар  ма  біреуден  алу  жөн  деп  қайқаң  ете  түскен 
(М.Дулатов, Шығ.). 
Қайқаң  қақты.  а)  Қайқаң-қайқаң  етті,  зыр  қақты.  Бақытжан  оның 
ғажаптарын алғаш рет сол сапар көрді: әлі тасқыны анық қайтып болмаған 
судан  қайықша  қайқаң  қағып  жүзіп  өте  берді  (Б.Аманшин,  Көкжар). 
Жамиға  бір  түкірді  де  қайқаң  қағып,  жан-жағын  ала  көзімен  бір  шолып 
өтті  (Ж.Самитұлы,  Сергелдең.).  ә)  Белі  майысып,  қайқақтап  қиналды. 
Арқанның  сол  жақ  қолыма  оралған  түбінен  ұстап  алып,  мен  де  сіресіп 
келемін, екеуіміздің тартысымызға шыдай алмай астындағы аты қайқаң 
қағады (Ә.Әбішев, Найзағай). б) Шалқалап барып, тік көтерілді. Томағасын 
тартқанда бір қырымнан, Қыран құс көзі көріп самғағанда. Төмен ұшсам 
түлкі өрлеп құтылар деп, Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға (Абай, Тол. 
Жин.). Көңілін оның еш уақыт қайтармадың, Ұшты бір күн қанаты қайқаң 
қағып,  Жақсылықты  құстар  да  біледі  екен  Соқты  бізге  шырылдап  қайта 
айналып (С.Мәуленов, Рауан). Қарақұс етікті қозы деп қалғанын суға таяна 
бере сезініп, қайқаң қағып қайта жоғарылап кетті (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. 
Кет.).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет