ШАЛДЫР-ШҰЛДЫР е л і к. Шалдырлап, салдыр-сұлдыр етіп
шыққан шулы, жағымсыз дыбысты білдіретін сөз. Тағы да қол беру, тағы
да шалдыр-шұлдыр («Қазақст. әйелдері»).
292
Шалдыр-шұлдыр еткізді. Шалдырлатты, салдыр-сұлдыр еткізді.
Бөлме толы тұтқындар «немене, немене?» десіп, бәрі де темір
бұғауларын шалдыр-шұлдыр еткізіп, терезеге ұмтылды (Ғ.Мүсірепов,
Кездесп. кет.).
ШАЛҚАҢ е л і к. Шалқалақтаған, қайқаңдаған қимыл-қозғалысты
бейнелейтін сөз.
Шалқаң етті. а) Шалқалап кетті, шалқасынан түсті. Жүсіп
зембілдің екінші жағы жерге түсіп кеткенде, ауыр салмақ оның бүкіл
денесін артқа қарай жұлқи тартып, шалқаң ете қалды (Ұ.Доспанбетов,
Сырғалы.). ә) Айқара ашылды. Ентелей басып кеп, есікті жұлқып қалып
едім, мен ойлағандай шалқаң етіп ашыла кетпеді (Е.Қонарбаев, Жол.).
ШАҢҚ е л і к. Оқыстан, кенет шаңқылдап шыққан қатты,
жаңғырыққан дыбысты бейнелейтін сөз.
Шаңқ етті. Даусы саңқ етіп шықты. Алтыатарын алып, Ақбілекке
кезене бергенде Ақбілек шаңқ етіп безілдеп, кезеулі мылтыққа қарсы
тұра жүгірді (Ж.Аймауытов, Шығ.).
ШАҢҚ-ШАҢҚ е л і к. Оқыстан қайта-қайта шаңқылдап
шыққан қатқыл дыбысты бейнелейтін сөз. Жасыл айдарлы қызыл
сауыр томағасын, көк найзаларымен сарт-сұрт қағып, қыран үмітін
қомданып, қызыл түлкісін аңсап «Құшақ-пышақ!» деп, шаңқ-шаңқ етер
еді (Ж.Аймауытов, Шығ.).
ШАПЫР-ШҰПЫР е л і к. Сарт-сұрт, апыр-тапыр. Жігіттер
шапыр-шұпыр атқа қонды (З.Шүкіров, Сарша тамыз).
ШАР9 е л і к. Кенеттен, оқыс шыққан жағымсыз, ащы дауысты
бейнелейтін сөз. Есіктің де қоңырауы шар ете түсті (Ш.Құмарова, Қос
шынар).
Шар етті [ете қалды]. Бажылдап жылады. Ересектеу бала қасындағы
екі кішкентай баланың бірін табанын қытықтап, сықылық аттырып
қойды да, екіншісін санынан бұрап үзіп алды. Ол жылан шаққандай шар
етті (Ә.Нұрпейісов, Шығ.).
ШАРТ-ШҰРТ е л і к. Қайта-қайта сатырлап, шартылдап шыққан
қатты дыбысты білдіру үшін қолданылатын сөз. Шарт-шұрт найзағай
ойнайды, сатыр-сұтыр нөсер жаңбыр құяды (Ғалам ғажап.).
Шарт-шұрт етті. Қайта-қайта шартылдады, шартылдаған дыбыс
шығарды. Балбаналар жалпақ бас Құйылмаған балшықтан. Бабам,
тегі, шақпақ тас, Шарт-шұрт етсе, От шыққан! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі
майдан).
ШАТЫР4 е л і к. Кенеттен, ойламаған жерден шатырлап шыққан
қатты дыбысты бейнелейтін сөз.
293
Шатыр етті. Шатырлады, сатырлады. Кенет дәл төбеден күн
шатыр ете түсті (Ә.Әлімжанов, Махамбет.).
ШИҚ е л і к. Заттардың үйкелісінен шығатын дыбысты білдіретін
сөз.
Шиқ етті [ете қалды]. Шиқылдаған дыбыс шығарды. Ол сан еті
үзіліп бара жатқан соң, салмағын сау аяғына сала бергенде протез шиқ
ете қалды (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.).
ШИҚ-ШИҚ е л і к. Кішілеу құстардың, жәндіктердің үсті-үстіне
шиқылдаған дауысын білдіретін сөз. Қысы-жазы ауланың іші сықыр-
сықыр, шиқ-шиқ: жаз бойы арбаның доңғалақтары ыңырсып кіріп,
ыңырсып шығып жатады (Қ.Ысқақов, Күреңсе).
Шиқ-шиқ етті. а) Құстар шиқылдаған дыбыс шығарды. Жазғы
таңда шиқ-шиқ етіп ұша бастайтын торғайлардың бірі жоқ
(С.Жүнісов, Өшп. іздер). ә) Заттардың үйкелісі салдарынан шиқылдап
дыбыс естілді. Арба дәл біздің терезенің алдына келді де, шиқ-шиқ етіп
жылжып барып ақырын тоқтай қалды (О.Сәрсенбаев, Жақсы.).
ШИПАҢ е л і к. с ө й л. Шипың. Оның астындағы шипаң торысы
дүниеде жоқ сүріншек жануар екен (А.Нұрманов, Құлан.).
ШОЛП е л і к. Бір нәрсенің суға, сұйықтыққа кенеттен түсіп,
құлап кетуінен шығатын дыбысты білдіретін сөз.
Шолп етті. Суға күмп етіп түсіп кетті. Көлбақалар аяқ тықырын
естісе, суға шолп етіп сүңгиді де кетеді (ғалам ғажап.).
ШОЛТАҢ е л і к. Қысқа, шолақ нәрсенің шолтаңдап, оқыс қозғалған
қимылды білдіретін сөз.
Шолтаң етті [қақты]. Шолтаңдап қозғалды, шолтаң-шолтаң
етті. Кенет тізгіннің бір ұшы шолтаң етіп, көзінің алдына кеп ұрды
(Ә.Кекілбаев, Дала.).
ШОШАҢ е л і к. Селтең етіп, шошаңдаған қимылды бейнелейтін
сөз.
Шошаң етті. Шошаңдады, селтеңдеді. Оның сүйір иегіндегі үшкір
қара сақалы шошаң ете қалды (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).
ШОШАҢ-ШОШАҢ е л і к. Селтең-селтең еткен, қайта-қайта
шошаңдаған қимылды бейнелейтін сөз.
Шошаң-шошаң етті. Селтең-селтең етті, қайта-қайта шошаңдады.
Бөксені бөгелекке беріп, құдды қазан аңдығандай ошаққа басын тығып
алған көк байталдың сабаудай құйрығы масаның қалың бұлтын жырта
алмай шошаң-шошаң етеді (Қ.Ысқақов, Күреңсе).
ШҰҚЫҢ е л і к. Шошаң еткен қысқа, шалт қимылды бейнелейтін
сөз.
294
Шұқың етті. Шошаң етті. – Бекең біртүрлі, шұқың етіп Сағынай
жаққа бір қарап ап, даусын бәсеңдете, – Бекең, ұзағынан босын-ау,
бибақ қыртиып отыра қалады (Ж.Нәжімеденов, Кішкентай).
ШҰНАҢ е л і к. Қутыңдаған қысқа жеңіл қимылды бейнелейтін сөз.
Шұнаң етті [қақты]. Қутыңдады, шыбжың қақты, шошаңдады.
Қолыңа бес-он қара түсе қалса Тұсыңнан құда тамыр шұнаң етер
(Майлықожа, Нақыл).
ШҰНАҢ-ШҰНАҢ е л і к. Қутыңдаған қайталама жеңіл қимылды
бейнелейтін сөз // Шошаң-шошаң етіп, қайта-қайта шыбжыңдап. Кеше
туған көк лақ шұнаң-шұнаң, Ескі дауыл үстінде секіреді (Ш.Жиенқұлова,
Өлеңд.).
Шұнаң-шұнаң
етті
[қақты].
Шошаңдады,
қайта-қайта
шыбжыңдады. Шұнаң-шұнаң қағып, Жүгіреді ақ лағым (З.Қалауова,
Таңд. шығ.).
ШҰРҚ 1 е л і к. Қазандағы сұйық емес, қоюлау тамақ қайнағанда
шығатын дыбысты бейнелейтін сөз.
Шұрқ етпе. а) Сау тамтығы жоқ, тесік-тесік. – Емеурінімнен
шығып кетер ел жоқ, шұрқ етпеңіз, жеңеше! (Д.Әбілов, Арман.).
ШҰРҚ 2 е л і к. Жыпырлаған көп тесікті, жыртықты бейнелейтін
сөз.
Шұрқ тесік. а) Сау тамтығы жоқ, тесік-тесік. Өлгені емей
немене: құдықтың орнында қалған ойпауыттың беті шұрқ тесік
екен (О.Сәрсенбаев, Жиде.). ә) Шаруасы қисайған, жағдайы нашар.
Қымтадың жаныңменен сол кездегі Шұрқ тесік тіршіліктің кемістігін
(«Қаз. әдеб.»). б) Жыртық-жыртық, ескі. Аяқта шұрық тесік бәтеңкесі,
Киімім жыртық-ау, деп жасымайды (Б.Батырбекова, Жарқыра.). в)
Адыр-бұдыр, кедір-бұдыр. Әйткенмен... Самаркіннен зауытына шейін
батпақ, беті шұрық тесік (Ж.Нәжімеденов, Кішкентай.). г) Жарым,
көңілсіз. Күлжәмиланың өз көңілі де тап осындай шұрқ тесік боп кетті
(К.Қазыбаев, Ызғар).
Шұрқ тесілді. Ойылып-ойылып тесілді. Жағасы мал тұяқтарымен
шұрқ тесілген, тізені соғатын қалың шөп су жағасындағы қамыс,
қоғаларға барып ұштасқан (С.Еркебаев, ауыл.).
ШҰРҚ-ШҰРҚ 2 е л і к. 1. Қазандағы сұйық емес, қою тамақ
қайта-қайта бырқылдап қайнағанда шығатын дыбысты бейнелейтін
сөз. 2. Суы көп лай-батпақты басқанда қорсылдап шығатын дыбысты
бейнелейтін сөз.
Шұрқ-шұрқ етті. Шұрқ-шұрқ деген дыбыс шығарды. Біраздан
соң су өтті де қорық-сазды басқандай шұрқ-шұрқ ететін боп алды
(С.Мұратбеков, Жабайы.).
295
Шұрқ-шұрқ қайнады. Бұрқ-сарқ етпей, бабымен қайнады. Үйдің
ортасындағы тас ошақта бір кішкене қазан шұрқ-шұрқ қайнап
жатыр (А.Жүнісов, Өмір ізі).
ШҰР-ШҰР е л і к. Бос ыдыс не кеңістікке сұйықтық құйылғанда
шығатын дыбысқа ұқсас дыбыстарды білдіретін сөз.
Шұр-шұр етті. а) Шұрылдаған дыбыс шығарды. Аяқ асты
сызданып басқан сайын шұр-шұр етеді (С.Мұратбеков, Көкорай.). ә)
Іші құрқырап, қарны ашты. Бокал ұстаған қолым талып барады,
ішім шұр-шұр етеді (Қ.Исмагилов, Витамин.).
ШҮЛДІР е л і к. Шүлдірлеген қысқа дыбысты білдіретін сөз.
// Түсініксіз, шүлдірлеп сөйлейтін (адам). Тілі сақаудың тіліндей
шүлдір екен (Қ.Ысқақов, Тұйық).
Шүлдір етті. Түсініксіз сөйледі. Сен емес пе едің дәл құлақ
түбінен келін шүлдір ете түскен (Бал дәурен.).
Шүлдір шүмек. с ө й л. Шылдыр шүмек.
ШҮЛДІР-ШҮЛДІР е л і к. Шүлдірлеген дыбысты бейнелейтін
сөз. Ауыл сыртындағы сылқылдақ күлкіден аумайтын өзеннің
шүлдір-шүлдір ағысы да құлаққа сүйкімді де етене жақын дауысты
әкелгендей («Лен. жас.»).
ШҮМП-ШҮМП е л і к. Шүмпілдеген дыбысты бейнелейтін сөз.
Шарап деген шалқардай Шөлмегінде шүмп-шүмп (Қ.Байсейітов, Беу,
қыздар.).
ШҮҢК-ШҮҢК е л і к. Шүңкілдеген дыбысты бейнелейтін сөз.
Тіпті Балабек ұйықтап қалған соң да, қызымен екеуі шүңк-шүңк
әңгімемен едәуір отырды (Т.Нұрмағамбетов, Дария.).
ШҮР 2 е л і к. Шүр еткен жіңішке, қысқа дыбысты білдіретін
сөз.
Шүр етті. Шұрылдады, шұрқырады. – Балжан, немене, қарның
ашты ма? – деді Сағымбек өзінің де осы кезде шүр ете қалған ішегін
қолымен баса қап (Р.Райымқұлов, Бұрылыстар).
ШЫЖ е л і к. Кенеттен быжылдап шыққан жай, үздіксіз
дыбысты білдіретін сөз. Біз соған сүйсіне күлеміз, иә, шоқтың шыж
еткеніне сүйсініп күлеміз (Ғ.Қабышев, Күлеміз бе.).
Шыж ете қалды [түсті]. Даусы оқыс шықты, шыр ете қалды. –
Қой! – деп, Шолпан шыж ете қалды. Басқалары да қостай қойған
жоқ (Ғ.Мүсірепов, Дауыл.).
Шыж еткізді. Отқа қатты қыздырып, шыжылдатты,
быжылдатты. Жігіт шыңғырған кердің мінер жақ құлағына ыстық
таңбаны шыж еткізіп басып алды (Ғ.Мұстафин, Көз көрген).
296
Шыж көбелек болды. Асты-үстіне түсті, бәйек болды. – Сіз әуре
болмаңыз. Мен қазір өзім әкеліп берем, – деп шыж көбелек болып
Шара жүр (Е.Ахметов, Талшыбық.).
ШЫЖ-ШЫЖ е л і к. Шыжылдаған, шыж-быж еткен дыбысты
бейнелейтін сөз. Анада Батталмен шыж-шыж айтысып, мына
екеуіне ара тұрған өзің емес пе едің (А.Смаилов, Тамыз. таңы).
Шыж-шыж етті. а) Шыж еткен, быжылдаған дыбыс шықты,
шыжылдады. Бүкіл төңірек май шыжғырып жатқандай шыр-шыр,
шыж-шыж етеді (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті). ә) Шыр-шыр етіп
бәйек болды. Әупілдек те өз қызметін атқарып, желбауын көтеріп,
жанкүйерлік істеп, шыж-шыж етеді («Қаз. әдеб.»).
ШЫҚ-ШЫҚ е л і к. 1. Шықылықтаған дыбысты білдіретін сөз.
– Эх, ш-шайтан!.. Шық-шық күліп Арынғазы жүр: – Жетті енді...
Босат жапыраңдамай! (З.Қабдолов, Өмір ұшқ.). 2. Жүріп тұрған
сағат тілінің дыбысын білдіретін сөз. Шық-шық соққан сағат тілі
жылжып жай, Жүрісінен өріс тапқан жыл, күн, ай (Ө.Жайлауов,
Жарқын жаз).
Шық-шық етті. а) Шықылдаған дыбыс шықты. Шық-шық
еткен балға, жарқылдаған ұшқынға бір кезде Мейрам елең етті
(Ғ.Мұстафин, Шығ.). ә) Шиқылдап күлді. Бір қызарып, бір бозарып,
төңірегіндегілерге шық-шық ете тиісіп ойқастап жүрген оның сол
күнгі әрекеті сойқан еді (Ш.Құмарова, Қос шынар). б) Тықылдады,
тырсылдады. Сопытай бөлмесіне барып, ештеңе болмағандай шық-
шық еткізіп есеп шотын қағып отыра берді (Д.Исабеков, Тіршілік.).
Шық-шық тиді. а) Жағымсыз естілді. Темір басқышты тық-тық
басқан аяғы тап бір шекеңе шеге қаққандай шық-шық тиіп жатты
(«Қаз. әдеб.»). ә) Күннің көзі өтті, шекені шақты, қыздырып жіберді.
Күннің ыстығы шекеге шық-шық тиеді (З.Асабаев, Ар соты).
ШЫҚЫР е л і к. Қышыр, сықыр еткен дыбысты бейнелейтін сөз.
Тұла бойымдағы барлық қан ойнап басыма шықты да, тісім шықыр
ете қалды (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты).
ШЫҚЫР-ШЫҚЫР е л і к. Шықырлаған, сықырлаған қайталама
дыбысты білдіретін сөз. Қарды шықыр-шықыр басып, аязда деміміз
бұрқырап, мектепке келдік (Б.Қойшыбаев, Ай нұры).
Шықыр-шықыр етті. а) Шықырлады, шиқылдады. Орындықтар
мазасыз шықыр-шықыр етті де, тыныштық қайта орнады (Ә.Сараев,
Тосқауыл.). ә) Қышырлады. Көмекейінде шықыр-шықыр етіп болмаған
әлдебір немелерді түкіріп жіберді ( Д.Досжанов, Тұлпар.).
ШЫЛДЫР 2 е л і к. Соғылған қоңыраудан, жұқа металдардың
бір-біріне соқтығуынан шығатын, шыңғыр, сыңғыр еткен қысқа
297
дыбысты білдіретін сөз. Ол таң қараңғысында құлақ жарған қоңырау
шылдырымен тұрады (Қ.Исабаев, Ажал құрсауы).
Шылдыр етті. Шылдырлаған дыбыс шықты, шылдырлады.
Трубканы қойғанымша болған жоқ, телефон қайтадан шылдыр етті
(Ауызекі).
Шылдыр шүмек. э т н. Ортаншы саусақ пен кішкентай саусақтың
арасындағы саусақ.
ШЫЛДЫР-СЫҢҒЫР е л і к . Шылдыраған, сыңғырлаған дыбысты
бейнелейтін сөз. Шылдыр-сыңғыр сыңғырлап сол бір дарқан, Өлеңдете
аспандап жөнеледі (Д.Әбілов, Өлеңд.).
ШЫЛДЫР-ШЫЛДЫР е л і к. Қайта-қайта шылдырлаған
дыбысты білдіретін сөз. Тек айнала тұрған қу шеңгелдің
қоңыраушалары былдыр-былдыр, шылдыр-шылдыр ызың қағып,
теріскей желдің лебінен баяу ғана тербеледі («Қаз. әдеб.»).
Шылдыр-шылдыр етті. а) Шылдырлады. Іштен шылдыр-шылдыр
еткен шынжырдың, ауыр ілгешектің салдырлап жақтауға соғылғаны
естіледі (М.Сүндетов, Ескексіз.). ә) Сылдырлады; салдырлады.
Кеудесіне оқа тігілген, ақшаны тесіп алдыңғы етегіне дейін қадаған
күміс шылдыр-шылдыр еткен қамзол киген (Ә.Шәріпов, Сахара.).
б) Сыңғырлады. Рюмкалар шылдыр-шылдыр етті (С.Сарғасқаев,
Тәмпішқара).
ШЫЛҚ е л і к. Суды басқанда шығатын қысқа дыбысты білдіретін
сөз.
Шекесі шылқ етті. Жетісті, қарқ болды. Шекең шылқ ете қалар
барсаң (К.Ахметбеков, Ақдала).
Шылқ етті. Солқ етті деген мағынада. Гранат тиді шылқ етіп,
Түсті неміс сылқ етіп (Қ.Аманжолов, Шығ. жин.).
ШЫЛҚ-ШЫЛҚ е л і к. Шылқ-шылқ, сылқ-сылқ еткен қайталама
дыбысты білдіретін сөз.
Шылқ-шылқ етті. а) Шылқылдады, малмандай болды. Ат тұяғымен
шылқ-шылқ етеді (Т.Дәуренбеков, Біз кездес.). ә) Сылқ-сылқ етіп
қорпылдады. Басқан сайын етіктің іші шылқ-шылқ етеді (Қ.Жұмашев,
Жайсаң жан.).
ШЫЛП е л і к. Жалпақ затпен басқа затты, сұйықты ұрғанда
шығатын қысқа дыбысты білдіретін сөз.
Шылп етті [еткізді]. Сылп, шалп еткен дыбыс шықты. Кемпір де
состиып тұрған. Ернін шылп еткізді (С.Сматаев, Бұлақ.).
Беті [бет-аузы] шылп етпеді. Беті бүлк етпеді, ұялмады,
қысылмады. Қалқа тұрғызуыңа қалғаны да жарайды, – деді Жырымбет
бет-аузы шылп етпей (А.Хангелдин. Ғани.).
298
Шылп етпеді. Тырп етпеді деген мағынада. Екеуміз де шылп етпей
борыққа көміліп жатып алдық (А.Жұмаділдин, Құт құбыры.).
ШЫЛП-ШЫЛП е л і к. Шылпылдаған дыбысты білдіретін сөз.
Түнгі ағын су қайық ернеуіне шылп-шылп соғып, қорқыныш тудырады
(Т.Дәуренбеков, Кездес. осы).
Шылп-шылп басты. Аяғын шылпылдатты. Үй ішіне кірген суды
жалаң аяқ шылп-шылп басып, далаға шықтым (М.Тиесов, Дала.).
Шылп-шылп етті. Лайсаң суы шылп-шылп етіп, бірнеше күн бойы
ернеуледі де тұрды (Т.Нұрмағамбетов, Дария.).
ШЫМЫР-ШЫМЫР е л і к. Ақырын, жай, бүлк-бүлк еткен
қимылды бейнелейтін сөз. Шымыр-шымыр ағыс анау орта тұста ғана
аңғарылады (Ж.Дәуренбеков, Уақыттан оз.).
Шымыр-шымыр етті. Шымырлады. Теміртас шыдап отыра
алмады. Денесі шымыр-шымыр етті. Арбада отырып қарауға
қанағаттанбай, тік тұра келді (С.Мұқанов, Теміртас.).
ШЫҢ 7 е л і к. Шың еткен, шыңылдаған дыбысты бейнелейтін
сөз.
Шың етті . Шыңылдаған дыбыс шықты, шыңылдады. Қайсар
солқылдап жылап, далаға шығып кетті. Ақлима шың еткізіп тағы да
дыбыс берді (Ғ.Мүсірепов, Кездесп.).
ШЫҢҚ е л і к. Шың, шыңқ, шыңқ етіп қысқа есілген дыбысты
білдіретін сөз. Сізге кім керек? Кемпір әлі үнсіз. Тілсіз сілейіп тұрған,
төске соққан балғадай әлгінің шыңқ еткен үнінен тағы селк етті
(Д.Досжанов, Тұлпар.).
Шыбық тимес шыңқ етер. Тиіп кетсең бажылдап қоя беретін,
жылауық. Мен үндемедім. «Ефрейтор» ағамыз бүгін тым толқулы,
шыбық тимес шыңқ етер халде екен (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).
ШЫҢҚ-ШЫҢҚ е л і к. Қайта-қайта шыңқылдаған дыбысты
бейнелейтін сөз.
Шыңқ-шыңқ етті. Шыңқыл қақты, шыңқылдады.
ШЫҢ-ШҰҢ е л і к. Шаңқ-шаңқ еткен дыбысты бейнелейтін сөз.
ШЫҢ-ШЫҢ е л і к. Қайта-қайта шыңылдап шыққан дыбысты
бейнелейтін сөз. «Бабың жетпей қалған хат» деп оқуға кеткен балалар
жұбатқан болады. Құлағы түкті естімейді, шың-шың (С.Жүнісов,
Өшп. іздер.).
Шың-шың етті [еткізді]. Шыңқылдаған, шыңғырлаған дыбыс
шығарды. Сәрсенбінің сәтінде жол шегу қамымен жүрді. Шың-шың
етіп қоңырау соғылып жатқан кез болатын (Қ.Құрманғалиев, Атырау
ару).
299
ШЫП 2 е л і к. Қамшы, шыбық, сойыл, арқан т.с.с. денеге
ұрылғанда шығатын дыбысын бейнелейтін сөз.
Шып етті [еткізді]. а) Денені қамшымен, шыбықпен т.б. затпен
ұрып қалды, соғып жіберді. Қолындағы ат қамшы, Шып етеді сауырға.
Осы күн батқанша, Қайтпайды атам ауылға (Қ.Баянбаев, Әсем.). ә)
Қан, тер сияқты заттар бірден лып етіп шықты. Маңдайлары тез
істі, Шекеден қан шып етті, Құйрықтары қып етті (Ө.Тұрманжанов,
Бозша торғай).
ШЫП-ШЫП е л і к. 1. Дүркін-дүркін, үсті-үстіне тер немесе
қанның шығуын бейнелейтін сөз. Достар сөз қатты батса керек,
жігітіміз қызарып, маңдайына шып-шып тер шығып кетіпті (Б.Мәдиев,
Өрендер). 2. Шырқ-шырқ, сорп-сорп еткен дыбысты білдіретін сөз.
3. Сарт-сұрт, шарт-шұрт еткен қамшы, шыбық тигендегі дыбысқа
ұқсас дыбысты білдіретін сөз. Шыбығымен түйесін шып-шып ұрып
қойып, өзімен-өзі сөйлесіп те алады (Р.Райымқұлов, Бұрылыс.).
Шып-шып етті. а) Тер, қан, су т.б. қайта-қайта шықты. Омардың
маңдайынан шып-шып етіп тер шығып, пысынап қоя берді. Сасқанынан
жымиған болды (Б.Тілегенов, Аққайнар). ә) Шыбық, қамшы сарт-сұрт
тиді, шыпылдады. Шып-шып етіп молданың, қолындағы тобылғы,
Қозғалтпайды жон жағым, Талай дүре соғылды (Қазақ тілі. аймақ.
сөздігі).
ШЫР 4 е л і к. Бір орында тұрып, бір осьпен зыр етіп айналғанды
бейнелейтін сөз. Ұршықтар шыр айналып, зыр қағады (І.Жансүгіров,
Әңгім.).
Бір айналғанды шыр айналдырды. Адам өмірінде, жолында бір
сәтсіздік, жамандық басталса, үсті-үстіне болады, көбейеді деген
мағынада.
Шыр айналды. а) Зыр қақты, зыр жүгірді. ә) Кете алмай,
айналшықтады. б) Зуылдады, мидай араласты. в) Теріс қарап кетті,
бетін әрі бұрды. г) Табансыз болды, тұрақсызданды. ғ) Шарқ ұрып
іздеді.
Шыр айналып іздеді. Шарқ ұрды, әбден іздеп шаршады. Шыр
айналып іздеді, Қайда көзін сүзбеді. Сабылса да күндіз-түн Күндерін
бір үзбеді (С.Жиенбаев, Алтын қалам).
Шыр көбелек айналды [дөңгеленді]. а) Бір орында зыр қақты,
айналды. ә) б е й н. Бір-біріне ұласты, қосылды. б) Басы қатты, миы
айналды, ештемені ажырата алмады.
Шыр [көбелек] айналдырды. Істің көзін тапты, игерді, билеп алды.
Қаншайым бір үйдің шаруасын шыр айналдырады (С.Мыңжасарова,
Қыр қыз.).
300
ШЫР 5 е л і к. Шырылдағандағы қысқа дыбысты бейнелейтін сөз.
Шыр етті [ете қалды]. а) Оқыстан қатты шырылдаған қысқа
дыбыс шықты. Нақ осындай шат-шадыман жағдайды шыр еткен
телефон бұзып жіберді (Б.Қыдырбекұлы, Шойын құлақ). ә) Біреудің
арасына түсті, қорғаштады. Бір-біріне жаны ашып шыр ете қалады
(Ә.Нұрмаханова, Ұлбала).
Шыр етіп жерге түскеннен [түскелі, түскесін]. б е й н. Көз ашып,
өмірге келгелі. Шыр етіп жерге түскелі, артық еді қылығың. Иіскесем
мейір қандырған, Шекерден тәтті шырыным (О.Шипин, Екі дастан).
ШЫРҚ е л і к. Шырылдағанда, шұрқылдағанда шығатын қысқа
дыбысты білдіретін сөз.
301
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ашмарин Н.И. Подражание в языках Среднего Поволжья. Вып. I-IV.
- В кн.: “Известия АзГУ. Баку, 1925. “Обществ. науки”, I-II, С. 143-157;
III-IV. С.
2. Дмитриев Н.К. К изучению турецкой мимологии; Очерк южнотюркской
мимологии // Строй тюркских языков. М., “Наука”, 1962, С. 59-108.
3. Харитонов Л.Н. Типы глагольной основы в якутском языке (разделы II-
III: “звукоподражательные глаголы”, “Образные глаголы”). М.-Л., 1954.
4. Баскаков Н.А. Каракалпакский язык. 2 том (фонетика и морфология).
Москва, 1952.
5. Спиркин А.Г. Происхождение языка и его роль в формировании
мышления // Сб.: “Мышление и язык”, М., 1957.
6. Газов-Гинзберг А.М. Был ли язык изобразителен в своих истокох? М.,
1965, С.3-184.
7.Корнилов Г.Е. Имитативы в чувашском языке. Чебоксары, 1984, С.
3-184.
8. Ысқақов А. Еліктеу сөздер туралы // Халық мұғалімі. 1948.
9. Сарыбаев Ш.Ш. Елiктеуiш сөздер. Метод. кеңес және бақылау-
пысықтау жаттығулары. Алматы, 1982, 3-56 бб.
10. Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском
языке. Алма-Ата, 1986.
11. Оспанова Б. Бейнелеуіш етісгіктердін этнолингвистикалық сипаты.
Канд. дисс. авт. Алматы, 2003.
12. Шота Қ. Дыбыстық еліктеуіш етістіктердің этнолингвистикалық
негіздері. Канд. дисс. авт. Алматы. 2004.
13. Қайдар Ә.Имитатив теориясына қатысты жаңаша көзқарас // ҚР ҒА
БҒМ. Хабарлары 2003, №5.
14. Кайдар А.Т. Грамматические индикаторы в производных основах
подражаний в тюркских языках // Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi.
Алматы, “Ана тiлi”, 1998, С. 100-105.
12. Башкирско-русский словарь. – М., 1958.
302
13. Дмитриев Н.К.Строй тюркских языков. М., 1962, стр. 59-105.
14. Харитонов Л.Н.Неизменяемые слова в якутском языке. Якутск, 1943,
стр. 7-8. 56-69.
15. Аганин Р.А. О принципах подачи подражательных слов в турецких
словарях. «Тюркско-монгольское языкознание и фольклористика». М.,
1960, стр. 165.
16. Құдайбергенов С. Подражательные слова в киргизском языке. Фрунзе,
1957.
17. Махмуд Қошғарий. Девону луғотит тур, т. ІІІ, Ташкент, 1963, - 369.
18. Радлов В.В.Опыт словаря тюркских наречий, т. І. Спб., 1893; Спб.,
1899.
21. Сарыбаев Ш.Ш. Подражательные слова и их отношение к
междометиям // Изв. АН КазССР. Серия филол. и искусств., 1954, №135,
вып. 4-2.
22. Сарыбаев Ш.Ш.Елiктеуiш сөздердiң түсiндiрме сөздiкте берiлу тәсiлi
// ҚР БжҒМ хабарлары. Филология және өнертану сериясы, 1960, №1
(14).
23. Хұсаинов К.Ш. Дыбысбейнелеуiш негiздердiң морфологиялық
құрылымы // Қазақ тiлi тарихи лексикологиясының мәселелерi. –Алматы:
Ғылым, 1988, 40-64 бб.
24. Хұсаинов К.Ш. Звукоизобразительность в казахском языке. -Алма-
Ата: Наука, 1989, 230 с.
25. Ысқақов А.Ы. Қазақ тiлiнiң фономорфологиялық құрылысын тарихи
тұрғыдан сараптау. Алматы, 1999, 3-186.
303
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз………………………....……………………....………………..……...3
І тарау. Имитатив теориясының табиғаты
Имитатив теориясының зерттелу тарихы .........................................................6
Имитатив теориясына қатысты жаңаша көзқарас.............................................6
ІІ тарау. Еліктеуіш сөздердің табиғаты
Еліктеуіш сөздердің жасалу механиздерi мен тарихи
қалыптасу тетiктерi.............................................................................................27
Еліктеуіш сөздердің тұлғалық сипаты .............................................................33
Еліктеуіш сөздердің лексика-грамматикалық көрінісі....................................41
Еліктеуіш сөздердің лексикографиялық сипаттамасы.....................................47
Қос сөздердің құрамындағы еліктеуіш сөздердің лексика-
семантикалық сипаты.........................................................................................55
ІІІ тарау. Еліктеуіш сөздер
Еліктеуіш сөздердің түркі тілдері сөздіктерінде
жіктелу принциптері........................................................................................121
Еліктеуіш сөздердің түркі тілдері сөздіктерінде берілуі…...........................121
Қорытынды ......................................................................................................175
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................301
304
Қайдар Әбдуәли
Ғылымдағы ғұмыр
Редакторы: Э. Ә. Өтебаева
Корректоры: Ж. Нұрғожина
Дизайнері: Р.Арсланов
Беттеуші: Б. Қасымбекова
Теруші: Г. Тлегенова
“Сардар” баспа үйі
Алматы қаласы,
8 ы/а, 19а үй.
Тел.: 8(727) 249 68 05
e-mail: sardar777@list.ru
Шартты баспа табағы 19. Пішімі 60х90
1
/
16
Офсеттік басылым. Қаріп түрі «Таймс» Таралымы 4000 дана
Достарыңызбен бөлісу: |