К.Ж. Амирханов
д.т.н., профессор, проректор по научной,
инновационной работе и стратегическому развитию
Государственного университета имени
Шакарима города Семей
2015 жыл №9 (82) қараша
Семей қалаСының Шәкәрім атындағы
Семей қалаСының Шәкәрім атындағы
1995 жылдың 13 қарашасындағы
ҚР Үкіметінің №1518 қаулысымен
және Білім министрінің 1995 жылдың 1
желтоқсанындағы №304 бұйрығымен
үш жоғары оқу орындары: Шәкәрім
атындағы педагогикалық институты,
Семей зоотехникалық–малдәрігерлік
институты және Семей ет және
сүт өнеркәсібінің технологиялық
институты
негізінде
«Семей»
мемлекеттік университеті құрылды.
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
1999
жылдың
22
қыркүйегіндегі №1436 қаулысымен
университетке ақын Шәкәрім
Құдайбердіұлының
аты
беріліп,
университет
Шәкәрім
атындағы
Семей мемлекеттік университеті деп
аталды.
ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 14 ақпанындағы қаулысы мен ҚР Білім және ғылым
министрлігінің 2000 жылдың 15 ақпанындағы №129 бұйрығы негізінде Семей мемлекеттік
қаржы институты Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрамына кірді.
2000 жылдың 4 маусымында Білім және ғылым министрінің №677 «Шәкәрім
атындағы Семей мемлекеттік университеті жанынан Агротехникалық колледжге бiлiм
беретiн қызметiн жүргiзу құқығына ие лицензияны берулер туралы» бұйрығы бойынша
колледж ашылды.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 2003 жылдың 26 маусымдағы
Ғылыми Кеңесінің шешімімен «Университетке сіңірген ерекше еңбегі үшін» медалін
тағайындау туралы Қаулы қабылданды.
ҚР Үкіметінің 2004 жылдың 3 ақпанындағы №128 қаулысы мен ҚР Білім және ғылым
министрінің 2004 жылдың 4 наурызындағы №182 бұйрығы негізінде Шәкәрім атындағы
Семей мемлекеттік университетінің құрамынан Семей мемлекеттік педагогикалық
институты бөлініп шықты.
2004 жылдан бастап Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті білім берудің
халықаралық үш деңгейлі жүйесіне көшті.
2005 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті сапа менеджменті
жүйесін енгізіп, сертификаттаудан өтті.
2005 жылы желтоқсан айынан «Студент әлемі» газеті жарық көре бастады.
2008 жылы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредитациялау орталығы
жүргізген ҚР жоғары оқу орындарының білім беру қызметін бағалау нәтижелері бойынша
Шәкәрім университеті еліміздің ірі көпсалалы жоғары оқу орындарының ішінде 10 орынды
иеленді.
2008 жылдың қараша айында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
бас ғимараты алдынан Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған ескерткіш ашылды.
2009 жылдың 29 маусымында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде
07.00.02 - Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша
диссертациялық кеңес ашылды.
2009 жылдың қыркүйек
айында Қазақстанның 12 жоғары
оқу орындарының ішінде Шәкәрім
ат.СМУ университеттердің Ұлы
Хартиясына қол қойды (Италия,
Болонья қ.).
2009 жылдың 22 сәуірінде
студент
жастар
театрының
алғашқы
қойылымы
болды.
Театр премьерасы Қ.Жүнісовтің
«Студенттер
хикаясы»
комедиясымен ашылды.
2010 жылы Европалық
желінің мүшесі болып табылатын
Ресей
инженерлік
білім
қауымдастығында
(РИБҚ)
2
білім бағдарламасы халықаралық
аккредиттеуден өтті.
2011 жылы университет Еуразия университеттері ассоциациясына мүше болып кірді.
2012 жылдың сәуір айында «Абай арманы» зиялылар клубы құрылды.
2013 жылы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінен (НААР) институционалдық
аккредитациядан өтті.
2013 жыл 31 мамыр. ҚР Үкіметінің Қаулысымен Семей мемлекеттік педагогикалық
институты және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті біріктіріліп, Семей
қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті деп аталды.
2014 жылы Агротехнологиялық парк ашылды.
2015 жылы университет мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті.
Университет тарихынан
Университет ректорлары
Сыдықов Ерлан
Бәтташұлы
(1997-2004), (2008-2011)
Әділов Жексенбек
Мәкейұлы
(2004-2008)
Әмірбеков Шәріпбек
Ағабайұлы
(2011 жылдан бастап
осы кезеңге дейін)
асқақ арманыма
қол жеткіздім
Студент болған кезде, мен өзімнің
өмірімді ғылыммен байланыстыруды
және отандық ғылымның дамуына
өзімнің үлесімді қосуды армандаған
едім.
«Биотехнология»
мамандығы
бойынша жақсы білім алуым мен
үшін
дәл
осы
университеттің
магистратурасы мен доктарантурасына
түсуге алғы шарт болды. Заманауи
құрал-жабдықтармен
жабдықталған
зертханаларда жұмыс істеу және
университеттің білікті профессор-
оқытушылар құрамынан білім алуым
менің алға қойған мақсатыма жетуге
жақындатты.
Университет қабырғасында жас
ғалымдарға өзінің ең батыл ойларын
іске асыруға, қызықты эксперименттер жасауға, қаржыландыратын шәкіртақыларға
қатысуға және әлемнің білікті шетел ғалымдарымен тәжірибемен алмасуға
мүмкіндіктері бар.
2014 жылы Халықаралық ынтымақтастық аясында Ұлыбританияның жетекші
жоғары оқу орнындарының бірі - Рединг университетінде 5 айлық стажировкадан
өтуге мүмкіндік туды. Осындай білім алуыма мүмкіндік жасаған Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университетінің ұлағатты ұстаздарына алғысымды білдіремін.
Дәл осы университетте менің барлық армандарым орындалуда. Университеттің
қабырғасында алған сапалы білімімнің арқасында мен осындай жетістікке
жеткеніме қуаныштымын.
Университет ұжымын оқу орнының 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Айгерім Бепеева,
PhD - докторант.
Панин Михайл
Семенович
(1996-1997)
2015 жыл №9 (82) қараша
мемлекеттік университетіне 20 жыл
мемлекеттік университетіне 20 жыл
2004 Алтын медаль «Жоғары дәрежелі іс-тәжірибесі үшін»
(Швейцария, Женева).
2005 Алтын медаль «Мінсіз іскерлігі үшін» (INSAM, Швейцария,
Қазақстан-Швейцарлық бизнес клубы). «Білім беру саласындағы
жоғарғы сапа мен үздік көрсеткіштер, жаңалықтар үшін» Карл Фаберже
сыйлығы.
2006 «Жоғары қарқында даму үстіндегі кәсіпорын» номинациясы
бойынша (Бизнес пен басқару ісінің женевалық жоғарғы институты
INSAM, Швейцария) Халықаралық «Алтын құйма» сыйлығы. «Ұлттық
экономиканың көшбасшысы» Құрмет белгісі (Ресей, Мәскеу).
2008 «Алтын сапа сертификаты» Сапа бақылаудың ІV Халықаралық
ассамблеясы (Ресей, Мәскеу).
2009 Университеттер хартиясының мүшесі (Италия, Болонья)
TEMPUS IV жобасының қатысушысы: «Батыс-Шығыс-Россия:
Жоғары білім берудің ақпараттық орталығы» «Заманауи бизнес-НОВА
Академиясымен» келісімшарт жасалды.
2010 ҚР Білім және ғылым министрлігі Аккредитация орталығында
өткен Институттық аккредитация Инженерлік бағыттағы екі бағдарлама
бойынша Ресейдің Инженерлік ассоциациясындағы Халықаралық
аккредитация «ХХІ ғасырдағы Білім
мен ғылым» оқыту бағдарламасы
бойынша сапаның жақсартылуы.
2011
Университеттердің
Еуразиялық ассоциациясына мүше.
2013 «Назарбаев Университеті»
және басқа да шетелдік ЖОО-мен
бірлесіп техникалық мамандықтар
бойынша жобалар әзірлеудің базалық
орталығы.
2014 Білім беру сапасын
қамсыздандыру
тәуелсіз
қазақстандық агенттігінің сараптауы
бойынша Семей қаласының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік университетінің қашықтықтан оқыту үрдісі
бойынша Қазақстан ЖОО арасында бірінші орынды иеленді.
2015 Білім беру қызметтері сапа менеджментінің жүйесін өндіргенін
және оны қолданатын куәландыратын «TUV SUD Management Service
GmbH» сертификатын иеленді.
2015 жылдың қорытындысы бойынша Тәуелсіз аккредитация мен
бақылау агенттігінің (НААР) рейтингісі бойынша Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 55 оқу орнының ішінде
13 орынды иеленді.
Университет
жетістіктері
киелі
қара шаңырағым
Заманның әрбір зар мұңын,
Шәкәрім болып аңдығын.
Халқыңды сүйсең дәл солай,
Өткейсің сүйіп жарқыным.
Еліне ақжол бастаған,
Кітаптан шуақ шаш бабам.
Жеріміз байтақ болғанмен,
Сыйдырмай сізді тастаған.
Барында білмей қадірін,
Зорға да таптық қабірін.
Қазақ деп соққан жүректің,
Таба алмай кеттік қалыбын.
Өзгеден жүрмей шет қалып,
Жиналдық сізді еске алып.
Адалдық болған жақыны,
Шәкәрім еді текті алып.
Бостандық мына таңында,
Күші бар кезде заңымда.
Жүйріктер шыққан өзіндей,
Ордаңа келдім... бағым ба?!!.
Бабаның беріп есімін,
Мерейін тағы өсірдің.
Ұлықтап бүгін жетпесек,
Ұрпағыңды кешіргін.
Киелі қара шаңырақ,
Нұр болып сәулең жамырап.
Көңілшек кейде көк денең,
Қозы бұлттардай маңырақ.
Бабаның ақтап үмітін,
Баласы тынбай күні түн.
Жанашырларды оқытқан,
Ел үшін және жыр үшін!!!
Алмат Қадырбек,
филология факультетінің
1-курс студенті.
білім нәрімен
сусындатқан
Келдім мен киелі елдің жеріне,
Топырағы бұрқыраған Шәкәрімнің еліне.
Талай ұлы бабам қаны тамған жер,
Мағанда дарыған ақындық өнер иесіде.
«Шәкәрім» атты ордасы бар білім берген,
Білім нәрін сусындатып келем мен.
Киелі жерде оқу маған бір
Парыз санар едім өзіме мен.
Арман қуып алыстап ем ауылымнан,
Білім қуып, мақсат қылып келдім саған.
Семей атты қаланың төрінде,
Шәкәрімдей білім ордасында білім алам.
Шәкәрім ыстық ұя, алтын мекен,
Талай небір жандар осы жерден түлеген.
Әрқашан бізде биіктен көрінерміз,
Шәкәрім атты мемлекеттік университеттен!
Іңкәр Карипжанова,
ВТ-505 тобының студенті.
шәкәрім –
биік тұғырым
Алаш ақын – жұрттары туып өскен,
Білім менен ғылымның нәрін сепкен.
Данагөй Мұхтардай алыптардың,
Аты шығып, білім қуып өмір кешкен.
Бәрі ұғынар білімнің мұнар аты,
Айбектейін алыпты шығаратын.
Шығысымның шырайлы шынар тауы,
Студенттің талабын ұға алатын.
Шәкәрім биік менің тұғырым-ай,
Жылдарменен келеді өсіп талмай.
Құтты болсын 20 жылдық мерейтойың,
«Әмин» деп орындалсын менің ойым.
Айнаш Абдолла,
ЖУ-511
Қазақстан Студенттерінің Альянсы
ұйымдастыруымен Шәкәрім университетінің
20 – жылдығына орай «Шәкәрім-биік тұғырым»
атты жас ақындар мүшәйрасы өтті...
Қазақстан Студенттерінің Альянсы
ұйымдастыруымен Шәкәрім университетінің
20 – жылдығына орай «Шәкәрім-биік тұғырым»
атты жас ақындар мүшәйрасы өтті...
Мен Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
қабырғасында білім алып жатқаныма ризамын. Себебі, бұл
білім ордасында өзіңді жан-жақты көрсетуіңе барлық жағдай
жасалған.
Мәселен, менің спортқа деген бейімділігімді аңғарған
ұстаздарым қолдау көрсетіп, әрдайым сеніммен қарайды.
Биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы
болып, Сочи қаласында өткен қысқы олимпиадаға қатыстым.
Мен қайда жүрсем де өз университетімді мақтан тұтамын!
Галина Вишневская,
Дене шынықтыру және спорт мамандығының
4-курс студенті, Халықаралық деңгейдегі спорт шебері.
университетіммен
мақтанамын
2015 жыл №9 (82) қараша
Ұстаздықтың тамыры
тереңде
жатыр.
Оның
тағылымды
тарихы,
атқарылған,
атқарылып
жүрген қызметі тұрғысынан
алып қарағанда да. «Ұстаз
ұлы есім» - деп жатады,
ұлылықты бойына сыйдыра
білген әрі дарыта білген ұстаз
есімі шәкіртінің көкейінде
мәңгілікке сақталмақ.
Ал,
еңбегі
шынымен
де
өлшеусіз.Біздің
ауыз
толтырып
айтарлықтай,
аналық
махаббаты
да,
ұстаздық тағылымды тәрбиесі
де қоғамдағы тұлға болып
қалыптастыру жолындағы
нұсқауы да соны үрдіске
айналған, біз үшін интеллект
иесі - Раушан Қойшанқызы.
Шәкіртінің талабын шыңдау
мен білім, ғылымның биік шыңын бағындыруды, өмірде адам ретінде жетістікке жетуін бар болмысымен
тілейтін, аянбай еңбек атқаратын ерекше тұлға есімі де Раушан Қойшанқызы.
Бүгінде факультетіміздің білікті оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, КЯ – 413,
Қ-409 с топтарының кураторы, аяулы ұстазымызды 50 жасқа толған мерейтойымен шәкірттері шын жүректен
құттықтай отырып, ізгі тілектерімізді мына өлең жолдарымен аяқтаймыз.
Арайланып, таң күліп нұрланды күн.
Ақ тілекті ақтарсақ жырдан бүгін,
Жылылықты сыйлайтын жанымызға.
Санамызға сусындап құйған білім.
Күндей күліп жүріңіз шуақ шашып,
Құтты болсын, ұстазым, туған күнің.
Сіз дегенде көңілдің жыры басым.
Мерекелі мерейлі тойыңызда
Шәкірттерің жайып сап тұр құлашын,
Ақ жүректі екінші анамызға
Алламыздың шапағат нұры жаусын.
Шәкірттері
ұлағатты ұстаз өркені
Биыл
мамыр
айындағы
үздіктер
кешінде
озат
студенттерге марапат
грамотасын тапсырып
тұрып
университет
ректоры
Шәріпбек
Ағабайұлы: «Студенттік
кезең – сіздердің кім
болатындарыңызды
анықтайды. Осы төрт
жылда-ақ кімнің кім
болары белгілі болады.
Студент атану бақыты
бұйырған әрбір жас
үшін іздену жолын
саналы өткізу – міндет»
- деген болатын. Осы
сөз есімде жатталып
қалыпты.
Қазір мен Астана қаласында журналистік қызметтемін. Қай
істі қолға алсамда, қандай кездесулерге барсамда университет
қабырғасында алған білімім мен ұстазым үйреткен қағидалар
санамда сайрап тұр.
1-курстағы сарыауыз балапаннан ақ парақта көсіле
жазатын қалам иесіне айналуыма себепкер – ұстазым Ақтанова
Айман Советқызы болатын. Ұстазымыздың кабинетінің есігі
жабылмайтын. Қашан барсаңда оқу бағдарламасынан бөлек
әдебиет жайлы қосымша жаңа дүние, тың тақырып тауып
қоятын. Алғашында түсінбей, жатырқасақта кейін тақырыпты
қалай игеріп кеткенімізді байқамаушы едік.
Сиясы кеппеген дүниеміздің кем-кетігін «тағы ізденіп
көр, сенің мұнанда жақсы жаза алатыныңа мен сенемін» деп
қана қайта ұсынатын. Кей-кейде еңсеміз түссе, Абай мен
Шәкәрімнен үзінді оқып, жігерімізді жанитын. Шәкірт деп қана
емес, әріптес ретінде күрделі жұмыстарды жазуға тапсырып,
түрлі конференциялар мен жиындарға ертіп баратын. Қарап
отырсам, соның бәрі болашағымыздан күткен үміт, ертеңімізге
деген сенім екен. Маған ғана емес мен сияқты кеудесінде оты
бар шәкірттерінің барлығына осылай сенетін.
Сондай ұстаз-шәкірт бола жүріп жеткен жетістіктеріміз
де аз емес. Талдықорған қаласында І. Жансүгіровтің 119
жылдығына орай өткізілген студенттер фестивалінде ІІІ
орын алсам, ҚазҰУ-де өткізілетін дәстүрлі республикалық
«Әуезов әлемі» байқауының 2 мәрте бас жүлдегері атандым.
С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтің 120 жылдық
мерейтойына қарсаңында ұйымдастырылған «Үш бәйтерек»
атты республикалық әдеби байқауда ғылыми эссе номинациясы
бойынша 2 орын, Қазақстан халқы Ассамблеясының
«Аңсар-2014» әдеби байқауының «2014 жылғы жас қаламгер»
номинациясында дипломант болуым және екі мәрте ҚР
Президент атындағы шәкіртақы иегері атануым бәрі дерлік
ұстазымның жетекшілігінің арқасында қол жеткіздім.
Алдыңғы буынды айтпағанда университетіміздегі
PhD докторы Жүндібаева Арай Қанапияқызы, Пекин
университетінің докторанты Берікхан Іспек ұстаздың жолын
жалғап ғылым шыңын бағындырған шәкірттері болса,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2-курс
магистранты Ақмарал Кусаинова мен университетіміздің
мақтанышы Арман Шеризат білім әлеміне Айман
Советқызынан жолдама алған жастар.
Студенттік кезең деген ағын сияқты, өтеді де кетеді. Алайда
жақсыдан алған тәлімің өшпейді, өнерің өлмейді. Шәкәрім
университеті менің – қара шаңырағым. Қандай асқарға
көтерілсемде, түспей аттана алмайтын үлкен үйім, өнеге
мектебім. Ал ұстазымның санама құйған сәулесінің жарығы
маған әлі талай күндерге жол көрсететініне еш күмәнім жоқ.
Университет мерейтойының қарсаңында жетекші ұстазым
Ақтанова Айман Советқызын, сонымен қатар маған дәріс оқып,
білім берген барша университет оқытушыларын құттықтағым
келеді!
Сіздер барда Алаш қаласы Қазақ елінің білім көкжиегіне
әлі талай қырандарын ұшыратын болады!!!
Аяулым Шаймарданова,
Филология факультетінің түлегі,
Астана қаласы.
Шәкіртіне жүрек
төрін ұсынған ұстаз
2007
жылы
университетте
ашылған отандық және халықаралық
стандарттарға сәйкес инженерлік
бейіндегі зертхана «Радиоэкологиялық
зерттеу
орталығы»
басымды
бағыттағы
зерттеу
жұмыстарын
жоғары деңгейге көтерді, ғылыми
педагогикалық
мамандарды
дайындауға, Қазақстанның жоғары
оқу орындары және ғылыми зерттеу
институттарының тиімді ғылыми
жұмыстар жасауына ықпал етті.
Ұлттық аккредиттеу орталығының
сертификаты
берілген
зертханада
биотехнология, өнімдердің технологиясы,
медицина, ветеринария, химия бағыттары
бойынша
пәнаралық
зерттеулер
жүргізіледі.
Бұндай зерттеулердің нәтижесінде өнім сапасы
жақсарып, адам мен жануарларға организіміне қажетті,
биологиялық тұрғыдан құнды, радиопротекторлық
қасиеті бар өнімдер алынды, медициналық дәрі-
дәрмектер, криогельдер жасалынды. Практикаға
құнды ұсыныстар енгізілді. Докторанттар мен
магистранттардың ғылыми зерттеу ізденістерін
жүргізуге мол мүмкіндік туындады.
Университет ғалымдары Білім және ғылым,
Ауыл шаруашылығы министрліктері тарапынан
жарияланған жобаларға қатысып, 100 миллион
теңгеден асатын әртүрлі саладағы ғылыми ізденістерді
іске асыруда.
Ғалымдардың ғылыми мақалаларының, оның
ішінде импакт – факторы жоғары журналдарда
жариялануы ғалым еңбектерінің ашық та, әлемдік
ғылыми ортаға шығуына жол ашылса, екінші
жағынан ғылыми жұмыстардың өзектілігі, алынған
негізгі деректердің шынтуайттылығы, жаңалығы
және ғылыми зерттеулердің жоғары, әлемдік деңгейде
орындалғанын байқатады.
Университет қабырғасында, жақын және алыс
шетелдерде жүйелі түрде өтетін ғылыми форумдар,
ғылыми-практикалық отандық және халықаралық
конференцияларға профессор - оқытушылар құрамы
мен магистрант, докторанттардың қатысуы ғылыми
ақпараттармен алмасуға, ғылыми бағытта серіктес
табуға, бірлесіп жұмыс атқаруға мүмкіндік береді.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» гранты,
«Болашақ» бағдарламасы тарапынан берілетін
ғылыми тағылымдамалар, жас талантты ғалымдарға
берілетін мемлекет және университет тарапынан
берілетін гранттары ғалымдарды ынталандыратын
игілікті шаралар.
Оқытушылар мен зерттеушілердің шетелдердегі
ғылыми
орталықтардың
тағылымдамаларынан
алынған ғылыми нәтижелері 10-нан аса докторлық
және магистерлік диссертациялардың негізі болды.
Жүргізілген ғылыми жұмыстар нәтижесінде 100
аса ғылыми мақалалар Қазақстанның, Ресей,
АҚШ, Канада, Венгрия, Чехия және т.б. елдерде
жарияланып, әлемдік ғылыми қоғам алдында
университет ғалымдарының жетістіктері көрсетілді.
Жалпы, қорыта келе, Шәкәрім атындағы
мемлекеттік
университетте
инновациялық
ғылымның дамуына толықтай мүмкіншіліктер
жасалған, сондықтан да, Қазақстан Республикасы
экономикасының
жоғарылауына
университет
ғалымдарының игілікті істері, инновациялық ғылыми
ізденістері зор ықпалын тигізетініне кәміл сенеміз.
С.Т. Дүйсембаев,
Инженерлік бейіндегі аймақтық сынақ
зертханасы «Радиоэкологиялық зерттеудің
ғылыми орталығының» жетекшісі,
ветеринария ғылымдарының докторы,
профессор.
ҒылымдаҒы инновация -
ел экономикасы дамуының кепілі
жылы лебіз
ақ тілек
|