Алдшңа барсам » «Қаш ан$кайьі ң жетеді жаі?»



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата21.03.2017
өлшемі1,95 Mb.
#10086
  1   2   3   4   5   6   7   8
10086

^ к п а *

<<Ардақтьі|ай|р 

алдшңа барсам...»

«Қаш ан$кайьі ң 

жетеді жаі?»

АЛГАШШЬ

Студенттердің  эдеби-та

Мешиік иесі

Қазақстан  Республикасы Білім  ж эне  ғылым  министрлігінің «Қазақ  мемлекеттік  кыздар  иедагогикалык 

университеті»  шаруашылық жұргізу кұқыгындагы  республикалық мемлекеттік кэсіпорны

Ұлылардың  мұрасы 

да, мұраты  да,  атақ- 

даңқы  да,  мерейтойы 

д а -   кейінгіге  үлгі.

Ал  үлгіге  қарап 

үрпақ  өседі.

Н.Ә. Назарбаев

М А 3 М ¥  Н Ы

Алгы  сөз......................................................................................................................................................4

ЗЕРТТЕУ:  АЛАШ  РУХТЫ ӘДЕБИЕТ

Әлімтаева  С.,  Адылбекова  Ф.  «Ардақты  ай,  алдыңа  барсам...»....................................................6

Дәуітәлі Г.  «Қашан,  қайың,  жетеді жаз?»..................................................................................... 10

¥Л Ы  ДАЛАНЫҢ ДАРА ҚЫЗДАРЫ

Көнетүркі  кезеңдерінің  әйелдері...................................................................................................... 14

Түркі-ислам  кезеңінің әйелі.................................................................................................................. 15

КЕШЕГІ СТУДЕНТ -  БҮГІНГІ АҚЫН

Қыздар университетімен ңұрдас ақын............................................................................................... 16

Дара талантты айтыс ақыны............................................................................................................18

поэзия

Тұрганбекүлы Н.  Арнау өлеңдері.........................................................................................................20

Тұрсынбекүлы Ы.  Арнау өлеңдері....................................................................................................... 21

Сагидолла Қ   Арнау өлеңдері................................................................................................................22

Асыл  Е.  Арнау өлеңдері......................................................................................................................... 23

Нұржауова А. Жыр күнделігінен..........................................................................................................24

ПРОЗА

Солтанбаева  Т.  Үмітімді үзбеиіі....................................................................................................... 26

Қожанов  О.  Ауыл  тірш ілігі.................................................................................................................30

ДРАМАТУРГИЯ

Қабылденова Қ.  Махаббат  шыргалаңы............................................................................................31

ИМАНИ ГҮЛ

Батырханова Г. Хиджаб киген дүрыс па?.........................................................................................47

Өмірзақова А.  Жаратылыс қүдіреті.................................................................................................. 49

ЖАСТАР КӨЗІМЕН

Рэп  туралы  көзқарас............................................................................................................................ 51

Әз Наурыз құтты болсын!

Құрметті студенттер!

«Алашшыл жас» журналының окырмандары!

Баршаңызды  ¥лыстың  ұлы  күнімен,  касиетінен  Самарканның  көк  тасы  жібіген, 

шығыстың Жаңа жылымен құттықтаймын!

Жер  ана  жылынып,  күн  мен  түн  теңелген  күн  -   үлагатты  үлтымыздың  ғасырлар 

қойнауынан  оз  бояуын  жоғалтпай  келген  үлы  күндылықтарының  бірі  де  бірегейі,  бағзы 

замандардан үлтымыздың төл мерекесі, қала берді күллі түркі жүрты тойлайтын үлыстың үлы 

күні, наурыз мерекесі!

Қытымыр  қыстың  қыспағынан  шығып,  барша  тіршілік  атаулыны  шүлен  шүғыласына 

шомылдырған,  көңілдерге  гүл  егіп,  жүректерге  жыр  егіп,  адамның  ішкі  әлемінің  терең 

қатпарларындағы балауса сүлу ойларды оятатын наурыз айы,  наурыз күні ата дәстүрімізден аса 

қасиетті.  Ата-бабамыз  «мал  түяғы  көкке,  адам  аузы  акка  жетіп,  ырыстың  басы  келді»  деп  эз 

Наурызды асыға күткен.

Ғажап  күнім  бас  иетін,  казактығым  касиетім  дейтін  үлтымыз  аспаннан  күннің  нүры 

жауған наурыз күні сөздің де нүрын жаудырған. Ата дәстүр бойынша, осы күні «ак көп болсын, 

арпа-бидай мол болсын,  жаңбырлы-жауын берекелі болсын,  айдан аман, жылдан есен өтейік, 

ақсақалдан  бата  алып,  көктемде  көктей  берейік» деген  ниетпен тек жақсы  тілектер  айтылып, 

асыл сөзді аталар мен ак жаулықты аналар, көпті көрген даналар батасын берген. Бабаларымыз 

бүл күні мал-жанның амандығымен катар, табиғат анаға да тағзым еткен.

Ойсыл қараң жоталы болсын,

Жыл қүрғатпай боталы болсын.

Қамбар атаң қүлынды болсын,

Зеңгі бабаң сүтті, Шопан атаң қүтты болсын! - 

дей келе:

Динар Жүсіпэлікызы  Нөкетаева

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің ректоры

пашшыл жас

>013  №1  (3)

6


Ай -  тәнірің іркілмесін,

Күн -  тэңірің күрсінбесін!

От -  тэңірің көз ілмесін!

Су-тәңіріңбезінбесін!

¥лы с ұлы тойлы болып,

Елім өсіп, өркендесін!

¥ л  менен кыз бакты болсын,

Кешер ғұмыр жақсы бол сын! -  

>

сынды тілектер наурыз күні айтылса, кабыл болып, ел үміті ақталар, ел бірлігі сакталар, ак мол 



болар,  қайда  барса жол  болар  деп  түсінген.  Алдымен  ауыл-үйді  тазалап,  отпен  аластау,  жаңа 

өнген  жеті  дэнге  қарап  болашақты  болжау,  жеті  дәмнен  дәстүрлі  үлттық  наурызкөже  үсыну, 

аяғын  акка  толтыру,  ескіні  тастап,  таза,  жаңа  кию, 

жақсы  тілекпен,  жаксы  ниетпен  төс 

қағыстыра амандасу, бүл күндері жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау ету, кембағал, 

мүгедектерге қарасу, жүтқа үшырап қиналғандарға жылу жинап беру, жастардың «ұйкы ашар», 

«селт еткізерімен»,  түрлі жоралғы сый-тартуларымен коса, алтыбақан басында эн айтып, күй 

тартып, дәстүрлі үлттық ойындармен атқан таңды қарсы алу сынды наурызнама аталатын сан 

түрлі  шаралар  ғасырдан  ғасырға,  атадан  балаға  мүра  болған  үлттық, 

адамзаттық  асыл 

құндылықгар екендігі даусыз.

Бүл күн  астрономиялық күштердің теңдесіп,  күн  шапағының молая түсетін сәті, аспан 

денелерінің таразы  басының тен түсуінен  әлемде  ризық сезім  артыи,  табиғат  пен  әлеуметтік 

қоғам арасындағы үйлесімді қарым-қатынас орнайтын кезең.

Наурыз  мейрамының ең  асыл  қасиеті  жаңару  идеясында жатыр,  осылайша ел  арасына 

түскен  кикілжің  кешіріліп,  ежелгі  бауырлас  жүрт  дастарқан  басында  табысқан.  Қоғамдық 

дипломатия  салтанат  қүрған. 

Наурыз  -   үлт  пен  үлысты  біріктіретін,  ағайын-туысты 

жакындастыратын  ынтымак-береке  бастауы,  достык,  ізгілік,  туыстық,  бауырмалдық  сынды 

адам бойындағы ең ізгі касиеттер козін ашатын күн нүрындай жылы мереке.

Наурыз -  ана сүтімен, салт-дэстүрімізбен бойға сіңген салтанатқа толы сүлу мереке, Әз 

Наурыз деп аты айтқандай, ең эзиз, ең ізгілікті, ең қасиетті мереке.

5-6 мың жылдық тарихы бар,  парсынын «жаңа күн» үғымын білдіретін наурыз мерекесі 

шығыста  9  күн  тойланған  деген  түсінік  бар. 

Ал  2010  жылдан  бастап,  Біріккен  ¥лттар 

¥йымының  Бас  Ассамблеясы  «Халыкаралық  Наурыз  күні»  карарына  сэйкес,  21  наурызды 

Халықаралық  Наурыз  күні  ретінде  бекітіп,  әлем  жүрты  тойлайтын  нағыз  азаматтық,  нағыз 

адамзаттық мерекеге айналды.

«Наурыз  күні  көзі  ашылған  бұлақтың  суы  сарқылмайды, 

егілген  талдың  жемісі 

таусылмайды,  айтылған тілек орындалады,  қалай қарсы  алсаң, солай жыл өтеді» деп иланған 

халқымыздың тол мерекесі -  Әз Наурыз қүтты болсын!

Еліміз  бен  Елбасымыз  аман  болсын!  Тэуелсіздігіміз  баянды  болсын!  Жаңа жыл  бақыт 

жылы  болсын!  Ел  дегенде  еміренген,  тіл  дегенде  тебіренген  жастарымыздың  жолы  болсын! 

Күніміз  үлысты,  жеріміз  ырысты  болсын!  70  жылдай  тарихы  бар  қара  шаңырағымыз  өсіп- 

өркендей берсін!  Қыз тілеуі -  ел тілеуі емес пе, елімізде көш бастап, әлемдік білім кеңістігінде 

еркін  жүземіз  деген  тілегіміз  орындалсын!  Әрбір  шанырақта  қуаныш,  молшылық,  береке- 

бірлік, амандық болсын!

Студент  жастарымыздың  тырнақалды  ғылыми  еңбектері  мен  эдеби  шығармашылығы 

жарык  көргелі  отырған  ресми  тіркеуден  кейінгі  алғашқы  журнал  саны  наурыз  мерекесімен 

қатар келгендігі коңіл қуантады.

Қүрметгі  алашшыл  жастар!  Сіздерге  ақ  жол  тілей  отырып,  қашан  да  қадамдарыңыз 

кұтты, талаптарыңыз нұрлы болсын демекпін!

Алашшыл жас

2013  №1  (3)


лашшыл жас

2013  №1  (3)

тттт

 м

і 



жхшітттт:

«Ардақты ай,  алдыңа барсам...»

Осыдан бір ғасыр бұрын ұлттық баспасөзіміздің бірі «Қазак» газетінің дүниеге келгеніне 

өзгеден  бұрын  жүрегі  жарыла,  бөркін  аспанга  лактыра  куанган  Сүлтанмахмүт  Торайгыров 

«Міне,  алақай!!!»  деген  өлең  жазды.  «Қазақ»  газетінің  1913  жылы  1  наурыздагы  санында 

жарияланган бүл өлеңінде:

Қараңгы, түман түнде еді 

Қара қазақ баласы.

Ай мен күн һэм жүлдыз жоқ,

Жым-жырт сахара даласы... -  

деп,  ақын  ең  алдымен  «XX  гасыр  басына»  дейін  өзінің  газет-журналдары  жарык  көрмей, 

«қараңгы, түман түнде» гүмыр кешкен халқын суреттеуден бастайды. «Қараңгы түннің қарасы» 

казақтарды калай «жасытқанын» да жасырмайды.

«Жиырмасыншы ғасыр басында, Міне, Алланың панасы!» деп қазак өміріне енген жарқын 

күбылыстарға шаттанған ақын одан эрі өлеңінде былай дейді:

Бір жағынан «Ай» туып,

Бір жағынан «Күн» туып,

Жарық көрді Апашы.

«Шолпан»-нан үміттағы да,

Біріксе елдің данасы.

Сүлтанмахмүттың  бүл  арада  «Ай»  мен  «Күн»  деп  үлттық баспасөзіміздің  қос  жарығы 

болған  «Айқап»  журналы  мен  «Қазақ»  газетін  нүсқап  отырғаны  белгілі.  Ал  «Шолпан»  деп 

отырғаны  1911  жылдың  наурыз  айынан  1913  жылдың  шілде  айына  дейін  біресе  жабылып, 

біресе шығып түрған «Қазақстан» газеті еді. Бүл туралы «Қазақ» /1913, №2/ газетінде басылған 

«Қазақстан»  газетасы»  деген  шағын  мақаламен  таныс,  яғни,  ондағы  «Уралск  қаласында  он 

шақты  нөмір  шығып  тоқтаған  «Қазақстан»  жаңадан  шыға  бастады.  Уралскіде  27  шақты 

оқымысты  қазақ жастары,  ішінде  Бақытжан  Қаратаев  бар,  бас  қосып,  «Қазақстан»  шығарып 

жүргізіп  жіберу  турасында  кеңеседі...»  деген  хабарды  оқыған  Сүлтанмахмүт  «біріксе  елдің 

данасы» деп  «Қазақстаннын» да жабылып калмай  шығып түруына ниеттестігін білдірген  еді. 

Сөйтіп, «Бүл үшеуі тізілсе, Бейне қолдың саласы» екенін де ескертеді.

Көңіл менен көзді ашып,

Алға сүйреп барады.

Бүл жарықтар барында,

Кім адасып калады?-

деп үлт мүддесін ойлайтын қазақ баспасоздерінің барында халқының да жағдайы түзелетініне 

кэміл сенген акын өлеңін осылайшатүйіндейді.

«Қазак» газетін дүниеге экелген  1913 жылды зор үмітпен қуана қарсы алған Сүлтанмахмүт 

көп  үзамай  өзінің  ойлағандары  жүзеге  аспағандығына,  яғни,  сол  уақытта  коғамды 

ақпараттандырып, халықты оқу-білімге, бірлікке шакырып отырған баспасөздер, оның ішінде 

«Қазақстан»  газеті  жабылып,  «Айқап»  журналы  мен  «Қазак»  газетінің  арасында  өзара 

түсінбеушіліктен  біршама  айтыстың  етек  алғанына  қынжылады.  Осы  өкініштерін  сыртқа 

шығару үшін Сүлтанмахмүт бірнеше өлең жазып, оны «Айқапқа» жариялайды да.

«Бас  қосу»  туралы  мәселеден  басталған  түрлі  келіспеушіліктер  алаш  зиялыларының 

арасындағы алауыздықтарды тудырғаны екі баспасөздің өзара айтыстарын зерттеген ғалымдар 

еңбегінен  де  белгілі.  Алайда  сол  дау-дамайға  катысты  «Айкап»  пен  «Қазақта»  жарияланған 

хаттар  мен  мақалаларды  оқығанда  іштей  сезіп,  үғынган  болып  отырасың  да  әйтеуір  бізге 

белгісіз бір шындықтың барын түсінесің.

Ал  1913 жылдары сол «бас қосудың» неден шыкқандығы, оның кім үшін жэне қаншалықты 

қажеттілігі  болғаны  туралы  тарихи  шындықты  Сүлтанмахмүт  «Айқапта»  /1913,№20/ 

жарияланған  «Кешегі  түндегі  түс,  бүгінгі  іс»  деген  өлеңінде  түспалдап  айтып  кеткен  екен. 

Ақынның  өзі  де  өлең  соңында  «Әркімдер  тілегінше  жори  берсін»  деген  екен.  Олай  болса, 

осыөлеңнің күпиясын ашуға тырысып көрейік.

6


тшитт 

әдтмлч:

Алашшыл жас

2013  №1  (3)

Сұлтанмахмұттың 31  шумактан тұратын өлеңін екі тақырыпка бөліп, яғни «кешегі түндегі 

түске»  14  шумағы,  «бүгінгі  іске»  17  шумағы  бойынша  талдау  жасаймыз.  Алдымен  «кешегі 

түндегі түске» тоқталсақ, ақын өлеңін «Жіп-жиі көкте жұлдыз жымдаскандай, Күлімдеп, айға 

карап ымдаскандай» деп бастайды да солардың ішіндегі төрт жүлдызды ерекше атап өтеді. Бұл 

арада акын  аспандағы  айды Ресей  патшалығына балап, онымен жымдасқан жұлдыздарды сол 

мемлекетке карасты 2000-нан  астам  газет-журналдарды  нүсқап  отыр.  «Қазақ»  /1913, 2  акпан, 

№1/ газетінің бірінші бетінде басылған «Қүрметті оқушылар» деген мақалаға сүйенсек, Ресей 

мемлекетінде шығып түратын газет-журналдар 1907 жылғы санағы бойынша 2173 екен.

Ал «толықсып тобын жазбай түрленіп» тұрған  «екі-екіден босағадағы төрт жұлдызы» -  

1913 жылы қазақ оқушылары үміт арткан төрт басылым: «Айқап» (1911, Троиңк), «Қазақстан» 

(1911,  Орал),  «Қазақ»  (1913,  Орынбор),  «Ешім  даласы»  (1913,  Петропавл).  Сондай-ақ  ақын 

мұнда  «нұрсызы  нұрлысынан  азық»  алатынын  да,  яғни,  басылымдардың  бір-бірінен 

материалдар алып отыратындығын,  сапасы жағынан да олардың біркелкі еместін айтып өтеді.

Сұлтанмахмүт одан эрі «Шолпансып ерте туып Есекқырған (Сартты да соған сеніп кұдай 

ұрған)»  деп  қазақ  баспасөздерінің тарихына  көз  жібереді.  Бұл  арада  «Есекқырған»  деп  1907 

жылы бір саны шығып жабылып қалған қазақтың тұңғыш ұлттық газеті «Серкені» меңзеп отыр. 

«Айқаптың»  1911  жылғы  бірінші  санында  басылған  М.Сералиннің  кіріспе  мақаласында  да 

«1907  ж.  II  Мемлекеттік думаның жиынымен  Шэһмэрден Қощығұлов «Серке»  есімді журнал 

шығара бастап еді.  Үзаққа бармай, үкімет тарапынан тоқтатылды» деген мәлімет корсетіледі. 

Жалпы,  «Серке»  газетінің  Петерборда  1906  жылдан  бастап  жарық  көрген  «Үлфаттың» 

қосымшасы  болып  шыққаны  белгілі.  «Серке»  жабылғаннан  кейін  коп  үзамай  «Үлфат»  та 

жабылады.  Татар баспасөздерінің тарихына сүйенсек,  87 саны шыққан «Үлфат»  1907 жылы 9 

июньде  патша  экімшілігінің  бүйрығымен  жабылып,  шығарушылары  да  жауапқа  тартылған 

екен. Сұлтанмахмұттың «Сартты да соған сеніп қүдай ұрған» деуі де осыдан еді.

Ақын  эрі  карай  «Үмтылып  ойға,  қьірга оқтай  ағып»  отар  елдерін  қырағылықпен  бағып 

тұрған  айдың,  яғни,  орыс  патшалығының  «Ел-жұртым  тұр  дегендей  элде  нағып,  Аралап 

ақырындап маң-маң» жүзген бейнесін суреттейді.

Одан эрі «шеттеп жүрген Қаракшы жеті жұлдыз» бен «соларды аңцығандай үңіліп» әрі «түн 

жақтан  қолын  бұлғап»  тұрған  Темірқазыққа  тоқталады.  Бұл  арада  ақын  «Темірқазық» 

жұлдызын  Ресей  Мемлекеттік  Думасына,  «Қарақшы  жеті  жұлдызды»  Ресей  Мемлекеттік  II 

Думасына  соңғы  рет  қазақтан  сайланған  жеті  депутатты  нұсқап  отырған  сияқты.  Тарихи 

деректерге  сүйенсек,  мәселен,  «Алаш  қозғалысы» /2008/ атты  кітапта «1907  жыл,  20  ақпан-3 

маусым  -   Ресей  Мемлекеттік  II  Думасы  жұмыс  істеді.  Оған  қазақтан  М.Тынышбаев, 

Т.Алдабергенов, Ш.Қосшығұлұлы, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, А.Бірімжанов, Т.Нұрекенов мүше 

болды» (272-6.) деген мэлімет беріледі. Жэне де осы казақ депутаттарының Ресей Мемлекеттік 

III Думасына мүше бола алмай «шеттеп» қалғаны, ел-жұртты үміттендіргендей амалсыз «алдап 

күліп», «құр сырттан жылтырап» көрінген іс-әрекеті айтпак ойымызды дэлелдей түседі.

Сұлтанмахмұт  одан  эрі  «Айқайлап:  «таң  мынау»,-  деп  Шолпан  туып,  Өзгеден  алты 

Үркердің түсі  суық» дей  келіп,  «бір-біріне  нүр  шашып  жаудырлаған  жарық жұлдыздарға» да 

қызыға қарайды. Енді бұл арада жарк етіп  1911  жылы жарық көрген қазақтың тұңғыш журналы 

«Айқапты»  «Шолпан»  жұлдызына  балап  отырғаны  айдан  анық.  Ал  «өзгеден  түсі  суық  алты 

Үркері»  кімдер?  Жэне  де  олар  өлеңнің  соңына  дейін  «жеті  каракшыға»  қарағанда  қолында 

билігі  бар  жұлдыздар  бейнесінде  көрінеді.  Біздіңше,  «алты  Үркер»  -   1912  жылғы  Ресей 

Мемлекеттік  IV  Думаға  мүше  болған  мұсылман  халықтарының  6  өкілі:  Уфа  губерниясынан 

сайланған  И.Ахтямов,  Уфа  губерниясынан  сайланған  Г.Байтереков,  Уфа  губерниясынан 

сайланған  Қ.Тевкелев,  Қазан  губерниясынан  Г.Еникеев,  Баку  губерниясынан  М.Жапаров, 

Самара губерниясынан М.Мангалиев. Алайда, казақ елінің тағдырына тікелей катысы бар осы 

Ресей  Мемлекеттік  IV  Дума,  ондағы  1912  жылдың  12  қарашасынан  1917  жылғы  26  ақпанға 

дейін кызмет еткен алты мұсылман депутатының казаққа жасаған пайдасы туралы толығырақ 

мэліметті іздегенде, окінішке орай, қазақ тарихы туралы қазіргі зерттеу еңбектерден ешқандай 

кездестіре алмадык.



7

лашшыл жас

2013  №1  (3)

ттмшя ляті:шты: әщшт

«Айкап»  1911  жылы жарық көргеннен бастап ел жағдайындағы эр түрлі мәселелерді көтеруі өз 

алдына,  Ресей  Мемлекеттік  IV Думаға  казақтан  депутат сайлану  керектіғін  дамыл  таппастан 

насихаттай  бастады.  «Бізғе  не  істеу  керек?»  /1911,  №6/  деғен  мақалада  арнайы  бағдарлама 

жасап,  қазаққа  қажеттілерді  тізген  кезде  «Мемлекет  думасында  қазақтың  мүддесін  айтып, 

өкіметке жеткізіп отыратын депутаттарымыздың болуы» дегенді баса енгізген болатын.  Тіпті, 

мүны  А.Байтұрсыновтың «Қазақ һэм 4-ші Дума» /1912/ мақаласындағы  «Айқап» оқушыларға 

мағұлым:  төртінші Думаға қазак депутаттық сұрау керек деп жазылғаны» деген мэліметтен де 

аңғарамыз.  Сондай-ак  осы  макалада  «...3-ші  июнь  законы  бойынша  қазақтар  бұл  Думаға  да 

депутат жіберу хұқұкынан  мақұрым.  Хал  мүшкіл:  соңғы жер проекті  каралғанда қазақтардан 

өкіл болмайды, басқа өкілдер олардың халін жаксы түсіндіре алмайды...» деп жазылады. Демек, 

өздеріне  сенімсіз  қараған  «Айқаптың»  бұл  қылығын  басқа  ұлттан  болған  депутаттардың 

жактыра қоюы екі талай. Тіпті, «өзгеден алты Үркердің түсі суық» болып көрінбей қайтсін.

Енді Сұлтанмахмұт «Жел қуып жапа шеккен сорлы бүлыттың» тағдырын баяндауға көшеді. 

Бұл арада акынның «жел» деп отырғаны қазақ жеріне қаптап қоныс аударған қарашекпенділер 

болса, «жапа шеккен сорлы бұлты» сол мұжықтардан зэбір көрген көшпелі қазағы еді.

Жер мэселесі сол уақытта барлык қазақ жұртынын жүрегін сыздатқан ең бір ауыр да жанды 

мәселесі  болғаны белгілі.  Өйткені  «Қазақ ССР тарихының» мэліметі  бойынша «1893  жылдан 

1905 жылға дейін, яғни,  12 жылдың ішінде қазак халқынан 4 млн. десятинадан артығырақ жер 

тартып  алынса,  7  жылдың  ішінде  1906  жыл  мен  1912  жыл  аралығында  17  млн.  десятинадан 

астам  жер  тартып  алынды»  (418-6.).  Бұл,  әрине,  патша  үкіметінің  басшысы  Столыпиннің 

аграрлық  саясатының  белсенділікпен  жүзеге  асырылғанының  белгісі.  Тортінші  Думада  да 

қазақтан  депутат  сайланбауы,  эр  жерден  келген  мұжыктар  мен  хахолдар,  тіпті,  орыс 

байларының  ең  шұрайлы  қазақ  жерлерін  өз  білгенінше  бөліске  салып,  ұзак  мерзімге  жалға 

алуы,  заңды  тірек етіп  білгенін  істеп  жатуы,  әсіресе,  көзі  ашық қазақ зиялыларының  жанына 

аяздай батты.

Өлеңде эрі қарай «сорлы бұлт Айға арыз айтпақ болып» ниеттенеді:

«Ардакты ай, алдыңа барсам,-деді -  

Ортаға нақақтықты салсам, -  деді.

Үркер мен желден керген қорлықты айтып,

Теңдікті сол арада алсам»,-деді.

Осылайша, ақын жер мәселесі жөнінде заңды қарайтын Дума депутаттары мен оны жүзеге 

асыратын қоныс  аударушылар органдарының жауапсыз іс-әрекетін патша үкіметіне жеткізгісі 

келген  қазақ  зарынан  хабардар  етеді.  А.Байтұрсыновтың  «Орынбор.  13-ші  Октябрь»  /Қазақ, 

1913,  №36/  деген  мақаласындағы  «Қазақтың  дүнияда  болған-болмағанымен  жұмысы  жоқ 

депутаттар,  хүкімет  кіргізген  проект  қандай  болса  да,  жарайды  деп  қабыл  ете  салады.  Қазак 

үшін ойланып бастарын ауыртпайды...» деген мәліметтер де ақын сөзінің шындығын дәлелдей 

түседі.


Оленде енді «сорлы бұлттың» Айға арызданбақ болғанын «естіп алты Үркердің түсі жаман» 

болады.  «Сол  арада  шақшиып,  бұлан-талан»  ашуланған  «үркерлер»  оларды  тоқтатпақка  қам 

жасайды.  Өйткені  «Бұлтты  енді  токтатпаса айыбы  ашылар,  Алдыңғы  оған  қылған  ісі жаман» 

дегенді ескертеді ақын. Алайда, сол заманда өмір сүрген қазақ зиялыларына ғана аян, яғни, осы 

«үркерлердің»  қазақтарға  жасаған  «алдыңғы  жаман  ісі»  бізге  түсініксіз.  Бэлкім,  казақ 

жұртының  жай-күйі  Үшінші  Думада  да  ескерілмегендігін  мегзеп  отырған  шығар.  Мэселен, 

мұны Ә.Бөкейхановтың «Тортінші дума һэм казақ» /«Қазақ»,  1913, №19/ деген мақаласындағы 

«Біз Сібір депутаттары үшінші думадан бергі, міне жеті жыл переселен мұжыкка жер алғанда 

қазақтың  һәм  бурятдың  ең  жаксы  жерін  алып,  бұпарға  жер  калдырмай  отырсың  деп  зарлап 

келеміз...» деген Забайкал депутаты Волковтың сөйлеген созінен берілген үзіндіден де аңғаруға 

болады.

Акын  одан  эрі  «қозғалтып  қол-аягын  сермей»,  «акырын  өрлеп»  келе  жатқан  бұлтты 



«алдынан  әкімдетіп  Үркер  қысқанынан»  айтады.  Содан  соң  «малтығып жүрген  сайын терлей 

берген» элгі бұлттың шарасыз халі суреттеледі:



8

тшш* лшт ғт ш  вдттт


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет