Алашшыл жас
2013 №1 (3)
Құрбы қыз!
Іздеймін,
Бойыңнан иба, нэзіктік,
Білмеймін,
Сырыңды бүгін аз ұктық.
Гүлдейсің,
Өңірдің сәнін келтірер,
Жүргейсің,
Қадамды эркез басып нық.
Тіл тиді,
Түсті ғой еңсем қынжыла,
Жүрмейді,
Булыққан эмір түншыға.
Үрлейді,
Үкіліүмітсанаға,
Сенбеймін,
Өң емес, бэлкім түс шығар.
Недеймін?
Қазақтың қаны бойыңда,
Жүдеймін,
Тым жеңіл болса ойыңда.
Түнейді,
Беймезгіл келіп жаман ой,
Тербейді,
Көңілсізтылсым қаймыға.
Қүрбы қыз,
Жаңсақтау бастың қадамды,
Жүрміз біз,
Зерттей де алмай ғаламды,
Тимеші,
Өзгелік кесір өзгемен,
Игісі,
Қазақы болсаң болғаны.
Қазақы болмыс,
Қазақылықтан қашпашы,
Кетсінші бәрі,
Әдептіліктен аспашы,
Қазақ аруы,
Жанарлар саған телмірді,
Қанеки гүлім,
Жақсылықтарға басташы!
Азғырым менің - таусылмас мүңлы
жыр-ай бір
Қасірет шегіп үнсіз тек бұғып жатсың-ау,
Сезе алар ма екен қайғыңды біздей өзгелер.
Халқыңда сенің өкініш, айып тасқын-ау,
Солардың бэрі атқылар сәтті көз көрер.
Топырағыңнан нэр алып өскен тек мен бе?
Зардабын көріп келеді қанша жамағат.
Кемтар боп сәби тоғыз ай бойы күткенде,
Ондайды көрген жас ана мэңгі жаралы-ақ.
Кезінде бэрі жақсы еді дейтін карттарым,
Қатарың сиреп, үмітпен жасқа қарайсың.
Сезесің бірақ сақадай сайлы жастарың,
Отызға жетпей ауру мендеп дейсің бе оны
оңай сын.
Жанарлар көрдім қызғана маған қадалған,
Жаралы жүрек, кішкене ғана сәбилер.
Тағдыры солай қызығы ерте тоналған,
Жасанды күлкі әрленген солай эр үйлер.
Содан да болар жүйкесі әбден жүкарған,
Үміттен дейді біздерге мынау не қайыр.
Үмтылған жандар көрмедім жолда бүлтарған,
Азғырым менің таусылмас мүңлы жыр-ай бір.
Сыналған жердің жыры да бөлек білсеңіз,
Елі мен жері мэңгіге олар жаралы.
Жағдайын сұрап, қош сәлем айтып жүрсеңіз,
Біздерде білсең соған да мэз боп қалады.
Ал өзім солай ояндым ауыр зілменен,
Күңіренген күйі таңым да атты жэй ғана.
Ойладым тағы ауылды күйсіз түнерген,
Қуарған сенім, алдамшы үміт кайда да.
2 5
ашшыл жас
Үмітімді
Сағынтып жеткен нұрлы көктемнің алғашкы күні. Арайлы күн шуағы жердің бетін
мейірімғе бөлеп, сәулесін шашып, көк жүзінен күле карайды. Мынау элемді караңғылықтан
сактап, жарықка, жақсылыққа шакырғандай. Еркелей ойнаған таңғы жел де лебімен сипап,
бойыңды қуанышка бөлейді. Қыстың каһарынан қорқып кар астына жасырынған жасыл желек
те жер бетіне шыға бастапты. Жәрдем сүрап, жылулық тілегендей мөлдіреп қана шықтанып түр.
Киімсіз қалғандай қурап қалған ағаштарға да өң кіре бастаған. Табиғаттың эрбір жаратылысын
куанышқа бөлеген арайлы көктем жыл сайын осындай сыйымен, мейірімімен келетін.
Азамат табиғаттың осы бір тамашасына таңырқай қарайды. Көктемнің әсері болар онын
бойын белгісіз бір куаныш кернеп, елдің бэріне күле карайды. Жаны жақсылыкқа, эдемілікке
кұмар болғандыктан ба көктемді ерекше жаксы көреді. Осы көктем болатын оның жүрегіне
нэзік бір сезім үялатып махаббатка болеген. Осы көктем болатын оның арманын орындатып,
кияларға жетелеген. Жайдары көктемнің жаркын күндері болатын Азаматты жарымен
табыстырған. Жылы жүзді, күлім көзді, сүп-сүйкімді сүйіктісі Айсүлу өміріне көктем боп еніп,
жанына жылу сыйлаған. Өз көктемі есіне түскенде ерекше сезімге бөленіп, өз-өзінен жымиып
койды. Әдемі күлкісі, еркелей карап тіл қатқаны, бэрі де жарасымды. Үйінен жаңа ғана шықса
да аяулы жарын көргісі келіп, бойын сағыныш кернеді. Өзінің осы бір кылығына күлкісі де
келді.
Таңғы сүлулықтан көз алмай, сүйсіне карап, үлкен ой үстінде келе жатқан Азамат
жұмысқа жеткенін де байқамай қалды. Бүгін эдеттегісінен ерте келген еді.
Өз орнына отырарда касындағы Айдардың элі келмегенін байкады. Үнемі жүзінен күлкі
кетпейтін, елдің бәрін әзілімен баурап алатын көңілді жігіт Азаматқа бір түрлі ыстық көрінетін.
Есіне алғаны сол еді ол да есіктен кіріп келді:
- Ассалаумағалейкум, бауырым,-деп Азаматка қолын созды.
- Уағалейлумассалам,- деді Айдардыңқолын алып. Айдардыңжүзінен күлкінің
ізі байкалады. Оның қандай да бір қызыкка тап болмай жүре алмайтынын білетін Азамат та:
- Екі езуің екі құлағыңа жетіп өзің бір үлкен істі тындырып келген сияқтысың
ғой, деп Айдарға көзінің қиығымен қарап қойды. Аяғын айкастырып, бастықтарша косіліп
отырған Айдар:
- Әрине, мендей адам бос жүруші ма еді,- деп көкірегін керіп, кеудесін ұрып
қойды. Бұл қылығына Азаматпен қосылып өзі де бір күліп алды да, орнынан тұрып Азаматтың
қасына келіп, ентелей қараған бойы әнгімесін бастап кетті.
- Бүгін таңертең бір қызыққа тап болдым.
- Білем гой сенің қызықсыз жүре алмайтыныңды.
- Күндегідей автобусқа міндім. Өзін білесің, іші толған адам, ине шаншар жер жоқ.
Әйтеуір бір жерден тұрып тұратын орын бұйырды. Онда да емін-еркін тұра алмай, кысылысып,
сыгылысып бір аяқтап эрең тұрғанмын. Сондай кезде, «эй, осыдан қарап тұр, жынды машина
алмасам ба» деп коясың ғо й ,-деп бір күліп алды.
- Содан не болды, тезірек айтшы, осы сенің сыздықтатып тұрып алатының-ай, - деп
Азамат шыдамсыздана бастады.
- Әңгімені айтқан соң дэмін келтіріп, байыппен, осылай мен сияқты айту керек қой.
- Әй, саған дауа жоқ. Сонымен әңгімеңді жалғастыршы.
- Иэ, жалғастырайын. Содан қысылып эрең тұрмын. Қасымда бір әжей тұрған.
Қайта-қайта маған қарай береді. Озім тіпті ыңғайсызданып кеттім, «мына кісіге не істеп
қойдым» деп қоям. Әлгі кісі енді тесіле қарауды шығарды. Бір кезде айқай салды: «Әй, ұстаңдар
мына бұзақыны» деп құлағымнан шап беріп ұстай алды. Не болғанын түсіне алмай,
сасқанымнан «әжетай, құлағымды жіберіңізші» дей беріппін.
ПРОЗА
Алашшыл жас
2013 №1 (3)
- Өзіңе де сол керек, - деп Азамат каркылдап күле берді.
- Содан не керек, элгі әжейден әрең қүтылдым. Сөйтсем бүкіл автобусты басына
көтерген әжейім мені өзінің ақшасын үрлаған басқа біреумен шатастырып алған екен. Орта
жолдан түсіп қалып, элгі әжейге эрең дегенде түсіндірдім-ау. Әжейден күтылғаныма қуанып, екі
езуімнің екі қүлағыма жетіп тұрғаны содан ғой, - деп Айдар тағы да жымиып қойып орнына
отырды.
- Өзің де қызық іздеген бәлесің ғой, - деп қойды Азамат.
Осылай күліп отырғанда сыбырлап қана амандық сұрасып, жандарынан Ербол өте
шыкты. Үнемі бастыққа жағымпазданып, қасынан шықпайтын Ербол да Азаматпен бір уақытта
жұмыска қабылданған. Алайда қандай жолмен екені белгісіз екі айдын ішінде орынбасар болып
шыға келген. Азамат осы бір жүзінен жымысқы күлкісі жыйылмайтын қу мінезді Ерболды көре
сала жақтырмаған болатын. Ербол да Азаматпен тайталасып, үнемі озық көрінуге тырысатын.
Сырттай білдіртпесе де, іштей бәсекелесіп жүретін. Таңғы көңіл-күйді Ерболдың өтірік күлкісі
бұзды да кетті. Содан ары бітпейтін кұжаттарды реттеу, түрлі қүрылыс сызбаларынын үлгісі,
онымен қоса бастықтардьщ косымша тапсырмалары Азаматтты қалжыратып тастады. Жұмыс
аяқталысымен үйіне қарай асыкты.
Асыға басып үйіне ентелей кірген Азамат күтпеген көрініске тап болды. Үйдің іші ала
көлеңке. Жадырап күліп қарсы алатын жары да көрінбейді. Азамат мүлгіген тыныштықтан
корқа бастады. Қас қағым сэтте түрлі-түрлі ойға кетіп үлгерді.
- Айсүлу, - деп үрейлене дауыстай берді. Жатын бөлмеге карай аяқ басты. Айсұлу элі де
төсектен тұрмаған екен.
- Айсұлу, ауырып қалғаннан саумысың? Саған не болды? - деп жанына жақындай
түсті. Нендей жағдайдын орын алғанын түсіне алмаған Азамат Айсұлуға қайта-қайта қараумен
болды. Бір кезде басын әрең көтерген Айсұлу:
- Қашан келдің? - деді. Сұраққа жауап берместен, эйелінің сұрланған жүзіне шошына
қараған Азамат:
- Түріңе не болған ауырып тұрсың ба? - деп қайта сұрады.
- Жоқ, бэрі дұрыс, шаршағандықтан ғой, - деп жымиып қойды. - Аз ғана жатып
демалып алайын деп едім ұйықтап кетіппін ғой. Сағат неше болды?
- Жеті. Щ ІІ
- Уақыт деген зымырап өте шығады екен-ау, қалайша ұйықтап қалдым екен, элі кешкі ас
та дайын емес,-деп әбігерленген Айсұлу солқылдатып бара жатқан басының ауырғанын
білдірмеуге тырысып орнынан тұрып, үстін ретке келтіріп, ас үйге карай асықты.
Жарының бұрын-соңды мұндай қылығын көрмеген Азамат таңдана жүріп киімін шешіп,
бір сәтке тынығып алмак ниетпен көзін жұмып, төсекке жантая кетті.
»
Айсұлу екеуі теңіз жағасында серуендеп жүр. Әдемі табиғат, таза ауа, екеуін де
куанышқа бөлеген, жүздері бал-бұл жайнайды. Әсіресе, Айсұлу ерекше сұлуланып, құлпырып
тұр. Бір кезде кол ұстаскан Азаматтан алыстап, желмен ойнаған қолаң шашы төгіліп,
күлімсіреген күйде теңізге карай кетіп бара жатыр. Аласұрған теңіз толқындары Айсұлуды
кұшағына алып, тұңғиыққа батырып жіберді. Азаматты байлап қойғандай, артынан жүгірейін
десе, қозғала алар емес. Тынысы тарылып, кысылып бара жатыр. Қолын босатпақ болып
жұлқып қап еді, түсі екен. Тұра салып Айсұлуды іздеді. Жүрегі дүрсілдеп, үсті-басын тер басып
кетіпті. Ас үйге жүгіріп шығып Айсұлудың еш камсыз ас дайындап жүргенін көріп, сабасына
түсті. Жаңағы шым-шытырықтың бэрі бейуақта үйықтап кеткеннен болар деп өз-өзін жұбатқан
болды. Қасық алмақшы болып бұрыла бергенде жарының бозарған жүзін көрген Айсұпу
шошынақарап:
- Саған не болған? Есіктің аузында не істеп тұрсың? Түрің өзгеріп кетіпті ғой,-деп асыға
басып жанына жақындады.
- Ештеңе емес, жай сені көргім келді. Сыртыңнан қарап сүйсініп түрғаным ғой,-
деп, бауырына тартты. Азамат Айсүлуға жаңағы түсін айтып, алаңдатқысы келмеді.
Жұбайының түсініксіз қылығына таңданған Айсұлу:
- Онсыз да күнде көріп жүрсің ғой, кайта-қайта маған қарай беруден жалыққан
2 7
ашшыл жас
жоқсың ба?- деп әзілдеп қойды.
- Мен сенің жүзіңе күнде қарасам да тоймаймын ғой, мен сондай тойымсыз
адаммын,- деп Азамат та әзілмен жауап берді. Жарасымды эзілге екеуі де жадырай күліп алды
д а кешкі ас ішуге кірісті.
Жарына жадырай карап, күлумен жүрсе де Азаматтың ойынан элгі түс кетер емес. Кешкі
ас үстінде де маза бермеген ой, міне, енді үйқы бермей ызыңдап түрып алды. Дәл осылай
Айсүлу да үйқысыз жатыр. Оның денсаулығы сыр беріп жүр, басының ауырғаны соншалык,
біреу инемен тескілеп жатқандай көрінеді. Бүгінгі үйықтап кеткенін де шаршағандыққа жаба
салды. Шын мәнінде, басын көтеруге шамасы келмеген еді, эйтеуір бар күшін жинап, көңілді
жүруге тырысты. Онсыз да басынан жүмысы артылмайтын Азаматқа ештеңе айтпау керек деп
шешкен. Жаңадан жүмысқа түрып, енді-енді еңселерін көтеріп, ел қатарына қосылып келе
жатқанда масыл болып, артық шығын шығармаудың қамын ойлаған. Осылайша бірінен-бірі сыр
жасырған жас жүбайлар өздерімен-өздері арпалысып жатып үйқыға кетті. Олар жасырған сыр
кап-қара түнге ғана мэлім еді.
Түнде кеш үйықтаған Азамат бүгін жүмысқа кешігіп келді. Ол үшін бастығынан сөгіс те
алды. Оның кешігіп келгенін Ерболдың жеткізгенін де кейіннен білді. Тапсырған қүжатты да
дүрыс орындай алмай, қателік жасаумен болды. Мазасыз ойдан элі де арыла алмаған Азамат
үйіне ерте қайтып кетті.
Үйіне келіп, күлімсірей карсы алған жарын көргенде ғана шаршағаны басылып, жаны
тыныштық тапты. Айсүлу да Азаматтың жүмыстан ерте қайтқанына қуанып қалды.
- Қаласаң ас дайындап берейін, карның ашқан шығар?- деп бәйек қағып жүр. Асқа
тәбеті болмай түрғанын айтып, жай ғана демалғанды жөн көрді. Бүгін Айсүлу ерекше
қуанышты сияқты көрінді. Үйдің ішін тап-түйнақтай етіп жинап, гүлдерге су қүйып, өзінше
әндетіп жүр. Жарының бүл қылығын сырттай бақылаған Азаматтың ойына кенеттен
«Айсүлудан айырылып калсам не істеймін?» деген корқынышты сауал орала кетті.
Қорқынышты ойдың шырмауынан Айсүлудың:
- Мен біздің көп баламыз болып, бакытты да үзак ғүмыр кешкенімізді калайм ы н,-^
деген сөзі қүтқарды.
- Әрине, бақытты боламыз, көп баламыз да болады,- деп күліп қойды Азамат.
Қылығымен баурап алатын Айсүлу еркелей қарап қойып, ас үйді жинастыруға кетті. Бірнеше
уақыттан кейін ыдыс-аяқгың сынған даусы естілді. Ойында ештеңе жоқ Азамат ас үйге келді.
Келе сала жарының ес-түссіз қүлап жатқанын көрді. Не болғанын түсіне алмай, көз алды
түманданып «Айсүлу» деп жүлқылай бастады. Ештеңені сезер емес. Бір сәтте есін жиған
Азамат жедел жәрдем шақыртты.
Аурухана. Азамат мең-зең күйде. Жадырап күліп жүрген жарының аяқ асты мұндай
күйге түскеніне сене алар емес. Ойына тағы да сол бір беймаза түс орала кетті. Сол түстің
жайдан-жай кірмегенін енді түсінгендей. Ары-бері теңселіп, дэрігерлердің жауабын күтіп жүр.
Ауруханаға әкеле сап бір бөлмеге алып кіріп кеткен, содан бері еш жауап жоқ. Жүгіріп өтіп
жатқан медбикелерге жалтақ-жалтақ қараумен түр.
І І Н Ш Й Р Ж М
- Кешіріңіз, сіз Айсүлу Омарованың жолдасысыз ба? - деген үзын бойлы эдеміше
келген сары қыз.
- Иә,мен.
- Жүрініз, сізді бас дэрігер күтіп отыр.
Айсүлуға не болғанын біле алмай өрекпіп түрған жүрегі атша тулап қоя берді. Басын изеп жас
қыздың соңынан еріп келеді. Өзін ату жазасы кесіліп, олер күні жетіп, дар алдына бара жатқан
адамдай сезінді. Аяқ-қолы дірілдеген күйде дәрігердің кабиентіне эрең кірді.
- Сэлеметсіз бе?
- Сәлеметсіз.
- Отырыңыз,- деді ақ халатты, аппақ жүзді дәрігер жігіт қарсысындағы орындықты
нүсқап.
- Сізгеқаншаауыртиседеайтуменің міндетім. Сіздің жарыңыздың ауырғанына
көп уақыт болған.
*р
£
- Ол сонда қандай ауру? - деді Азамат шыдамсыздана.
- Жазылмауы да мүмкін қатерлі ауру. Басында ісік пайда болған.
Қатерлі ауруды естігенде Азамат үндей алмай отырып қалды. Дәрігер сөзін жалғастырып
жатыр:
- Егер мүмкіндік болса шет елге апарып, ота жасатуға болады. Онда да үміт аз.
Сізге киын екенін түсінемін, алайда уакыт аз қалды, тезірек каржы табу қажет.
Ойланыңыз.
Бөлмеден шыққан бойда, солқылдап жылады. Осыншалықты ауыртпалықтың бір
басына түскеніне сене алар емес. «Неге біз? Неге мүндай күйге түсірдің Аллам-ау! Қатерлі ауру,
жазылмайды, мен Айсұлусыз не істеймін? Оның әдемі күлкісінсіз қалай күн кешемін? Қалай
өмір сүремін? Мен... мен бэріне де кінэлі. Оған дүрыс қарай алмаған мына мен. Айсүлуға не
деймін? Не істеймін?..»
Есін жиған Айсүлу қасындағы Азаматқа бір қарап, айналасына бір қарап, қайда
жатканын түсіне алмады.
- Азамат, маған не болды?
- Сен есіңнен танып, қүлап қалдың. Содан осы жерге әкеп жатқызып қойды. Біраз
ем кабылдаған соң жазылып кетесін деді дәрігер, уайымдама.
Салған дэрінің әсерінен бе Айсүлу кайтаүйықтап кетті.
Өзгенің алдында иілгісі келмесе де, жарының амандығын ойлаған Азамат ертесінде
Ерболдан ақша сүрауға бел байлады. Ерболды таңертеңнен бері күтумен жүр. Судай жаңа
көлігінен түсіп, шірене басып келеді. Алдынан қарсы шыққан Азаматты елегісі де келмейді.
Амандаса берген қолын да ерініп әрең алды.
- Иэ, не жағдай? Не сүрайын деп түрсың? Білем ғой мен сендерді бір нәрсе керек
болғанда ғана осылай жағымситындарыңды,- деді Ербол озі сүттен ақ, судан таза адамдай
көрініп. «Біз де сені білеміз, талай былыктың ортасында жүрсің гой» дегенді іштей ойлаған
Азамат «нағыз жағымпаз сенсің» деп айта жаздап, сабырға келді.
- Маған карызға ақша бере аласыз ба?
- Ақша дейсің бе? - Ерболдың жүзі күрт өзгеріп кетті де, - Ақша жоқ қой, - деп
Азаматқа көзінің қиығымен қарады.
Осыдан кейін-ақ Азамат мазалағанына кешірім сүрап, сырт айналып жүре берді.
Жарының жаны азапқа түсіп, өлім мен өмірдің арасында жатқанын ойлағанда өзегін өкініш
өртеген Азамат кімнен, қайдан ақша табарын білмеді.
Аурухана төсегіне байланған Айсүлудың жағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатты.
Өзінің кандай ауруға үшырағанын білмесе де, енді кайтып айықпасына көзі жеткен тэрізді.
Азаматтың да бармаған жері қалмады. Ешбір жаннан көмек болмады. Сонда да үмітін үзгісі
келмеді. Бір күні түсте Айсүлу Азаматты шақыртты. Басын көтеріп, бар күшін жинап:
- Азамат, менсіз қалсаң көп қайғырма,- Азаматтың олай айтпа дегеніне
қарамастан,- мүқият тындашы, мен сенің қиналғаныңды көргім келмейді. Қу тізеңді қүшақтап,
жалғыз қалғаныңды да қаламаймын, - деп сөзін қыска қайырды. Одан эрі сөйлеуге шамасы
жетпеді...
Кешке қарай Азамат қанша күннен бері қараусыз қалған үйіне барып қайтуды жөн көрді.
Үйдің сәні де, ажары да, қуанышы да Айсүлумен бірге кеткендей қаңырап түр. Мүлгіген
тыныштық қана. Сол тыныштық сүрланып түрған бөлменің ішін одан эрі түңғиыққа батырып,
қараңғылыққа бөлеп экетті. Сол сәтте тынысы тарылған Азамат терезені айқара ашты. Еңкейіп
үясына батып бара жатқан қып-қызыл күнге көзі түсті де, ішінен соңғы демі шыққандай
күрсінді. «Осылайша менің де күнім батқаны ма? Шынымен де Айсүлудан айырылып қаламын
ба? Жо-жоқ, олай болуы мүмкін емес. Айсұлу жазылады... Әлі-ак жарқыраған күн кайта
шығады. Ей, Алла, үмітімді үзбеші...»
Талшын Солтанбаева
Қазац филологиясы және әлем тілдері
факулътетінің 4-курс студенті
29
Ауыл тіршілігі
Қаланың у-шу тіршілігінен бір сәт тыным тапкысы келетін кала тұрғыны ауылдың
гыныштык тербеген кәусар ауасын аңсайтыны анык. Иэ, самаурынның шайын ұрттагі қойып,
<ен даланың еркіндігін сезініп жатқанға не жетсін, шіркін. Кешкі ауьшдың көрінісінің өзі қора
гөбесіндегі үйілген шөпте ауызымен ши тістелеп, қолында дүрбісі бар адамға тамаша әсер
салдырады: оріс жақтан қойшының айғайынан бағытынан жаңылмай келе жатқан ешкі-койлар,
адра жакта таныс дыбысқа үн қосқан қозы-лақтар, сиыр мен сериалдын екі ортасында жүгіріп
жүрген жеңгелер, ауылдың ана шетінде тастан қақпа қүрып, өрістен үйге келмейтін кара
гоқтыны үмытып, ала допқа үмтылған қара домалақ балалар (сол балалардың ауылға шағын
ілаң салып берсе екен деген армандары да жоқ емес), ақшам уақытында азанмен қатарласып
^ріп жатқан ауыл иттері, бэрі-бэрі қаймағы бүзылмаған алтын бесік ауылдың бүгінгі тірлігінен
:ыр шертеді. Бүл - жаздың жайдарлы күндерінің бірі ғана. Қысқы ауылдың тіршілігі бір бөлек.
Биыл қыс қаһарына мініп, ауыл халқын эбігерге салды. Қар қалың түсіп, боранды күндер
көп болды. Жолдар қар күрсауында қалып, қалаға қатынау қиындық туғызды. Аяз салдарынан
мектептерде сабақ өткізілмеген күндер де болды. Қорасындағы төрт-түлігін төрт баламның
камы деп отырған ауыл жүрты жем-шөбін есептеп, күн мен түнді жалғап отырды. Оның да
әзіндік себебі бар. Жаздыгүні жауын-шашын болмай, шөп шабу науқанына кері әсерін тигізген
зді. Бүл жағдайды Алланың сынағы деп қабылдаған ауыл жүрты қиындыққа мойымай,
шыдамдылықтаныта білді.
Мінекей, көктемнің алғашкы күндері де ауыл халқының көңіл-күйіне қуаныш сыйлап келіп
қалды. Бірақ та қыстың оңайлықпен бергісі жоқ. Десек те, қыстың ауыр күндері артта қалды.
Эне, тағы да көкжиектен күлімдеп күн шықты. Осылай жиырма төрт сағатын арқалаған уақыт
зымырап өтіп жатыр, өтіп жатыр. Келер күннен тек қана қуаныш күтіп, Алладан отбасының,
ағайын-туыстың амандығын тілеген ауыл жүрты осындай тіршілік етіп жатқан жайы бар...
* & 'к
чпаилап атқан таң
ржасынан оаяу^оудақтап шық
йылып,' маң-маң"гбасы п'бар
лыққан тэрізді екьүш сиыр өр
:ында оюлы тақия, үстіне жа
қысын шайдай ашты’ Түні б
<індікті аңсағандай дархан да
>ілдың таңғы көрінісін қүшта
іді. Келе сала күнделіктН ті
мысын бітірген немересін қар
аққан баланың жан-жүйесін
гарластарынан қалып қойғані
ден шығып кетті.
Мінекей,' ауылдың күйбеі
ібір жүтірмектері мектеп бос
етін киім-кешегі, қалам-қары
іаларын ішер асын тапсын дег
Атағы дардай Шерхан аға
пне шашырап,
• !,
■* .
аиынан, эоден ■
- . •. .
. ..
:зектерінщиісі
• г ■, , і и
қара баланың
гүрған жануар
сап, қара бала
і үйіне’ қайтып
үн шыққанша
ііай мүрнынан
ктепке барғані
>зінё жас"алып1
са да, ауылдың
аяғымектепке
тан-ата-аналар ■
шшыл жас
13 №1 (3)
ПРОЗА
ДРАМАТУРГИЯ
Алашшыл жас
2013 №1 (3)
Алгашқы тырнақалды иіыгармамда бүгінгі тацдагы жастар өмірінің бірмысалы алынган.
Болган жагдайдың қай ісі дүрыс, ал қайсысы бүрыс болатынын кейіпкерлер арқылы жастар
ажырата білсе екен деп ойладым.
Қатысушылар «айтатын» мәселелер қогамда жиі
кездесіп, сан түрлі талқыга түседі. Бүган қатысты сіздердің де ойларыцызды білгім келеді.
Бес актылы шыгармада олқылықтар болып жатса, айып етпеціздер.
Автор
Қатысушылар:
Айым -3-курс студенті
Арман -Айымның топтасы
Мирас -студент, Айымның бұрынғы сыныптасы
Айханым - Айымның ең жақын құрбысы
Қуаныш - студент, Айымның көршісі
Нұржан Алпысбайұлы - профессор, кафедра меңгерушісі
Қуаныштың әжесі
Қуаныштың жеңгесі
Қуаныштың туыстары
Студенттер
Бірінші акт
Бірінші сахна
Жатақхананың кең, жарық бөлмесі. Терезеден түскен күн сәулесі сабақ оқитын үстел
үстіндегі айнамен шағылысып, бөлмені одан сайын жаркыратып түр. Айым өз төсегінде
Достарыңызбен бөлісу: |