Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы
Подстепный № 1 ЖОББ мектебі
Аяпбергенова Мөлдір Жұмагерейқызы
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 2ә
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға хабарлы сөйлем туралы түсінік беріп, хабарлы сөйлем жайындағы білімдерін,
байқағыштық қабілеттерін каллиграфиясын жетілдіру, сөздік қорларын, сөйлеу тілдерін дамыту, сонымен қатар ұқыпты
болуға, әдемі, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сабақтың тақырыбына байланысты суреттер, кестелер,интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап әдісі, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
- Сабаққа қажетті құралдарын әзірлеу
- Қане балалар,бәріміз ортаға шығып дөңгеленіп тұрайық.
-Балалар біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақ тілді –дамытамыз,орыс тілін-қолдаймыз,ағылшын тілін-үйренеміз» деген
болатын. Сондықтар біздерде үш тілде келген қонақтарымызбен амандасып алайық.
-Сәлемесіздерме. Здраствуйте. Hello
-Бүгінгі сабақты бастауға көңіл күйлерің қалай? (бас бармақ әд көрсету)
-Балалар сөйлем соңына қандай тыныс белгілер қойылады?
-Ендеше менің қолымдағы тыныс белгілер арқылы топқа бөлінеміз. (үлестіріп беру). Топ басшысын сайлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
168-жаттығу.Ребусты шешіп. Шешуі болған сөзге әңгіме құрап жазу. 3 топтан 3 оқушы оқиды. (әрбір оқушыға
смайликтер беру)
Сөйлем туралы ережені сұрау.
-Балалар,біздер қандай топтарға бөліндік? Нүкте,сұрақ белгісі,леп белгісі.
1 топ Нүкте туралы не білеміз?
2 топ Сұрақ белгісі туралы не білеміз?
3 топ Леп белгісі туралы не білеміз?
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыз «Хабарлы сөйлем» деп аталады.
-Мен қазір сендерге өз сыныбым туралы мынадай сөйлемдер айта аламын.
Менің сыныбымда 19 оқушы бар. Оның 13-і ұл, 6-ы қыз. Балалардың бәрі ақылды. Сабақтан қалмайды. Мұғалімді
сыйлайды. Сабақта тыныш отырады...
-Мен қандай тыныс белгісімен аяқталатын сөйлемдер айттым? (нүкте)
-Мен бұл сөйлемдерде не туралы айттым? (сынып)
-Ендеше осы сөйлемдерді хабарлы сөйлем дейміз. Сонда хабарлы сөйлем дегенді қалай түсіндіруге болады? (ережені
қорытып шығару)
Электронды оқулықтан тыңдатып, түсіндіру.
Кітаппен жұмыс.
169-жаттығу. Мәтінді оқы. Әр сөйлемде не туралы айтылған? Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар
Итбалық балықпен қоректенеді. Ол өте жақсы жүзеді, керемет сүңгиді. Аяқ орнында жүзу қанатшалары бар.
Итбалықтың күшіктері де аппақ. Сондықтан оларды ақүрпек деп атайды.
Топтық жұмыс. 1 топ. Мәтіндегі сөйлем саны
2 топ. Бірінші сөйлем неше сөзден құралған.
3 топ. Үшінші сөйлемнің бірінші сөзіне дыбыстық талдау жасау.
170- жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз. Мәтінге ат қой.
Бұлбұл- кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.
Сергіту сәті.
Ендібалалар орыс тілін-қолдап,сергіту сәтін жасайық.
171-жаттығу. (ауызша) Сөздерді оқып,әйелдердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін білдіретін сөздерді
бір бөлек топтастыр.
172-жаттығу.Алдыңғы жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырып жаз. (тақтаға жазу)
1 топ Орамал 2 топ Құлақшын 3 топ Камзол
Жаулық, Жейде,Сәукеле сурет бойынша хабарлы сөйлем құрау.
41
-Қане балалар, бәріміз бері қарайық. Біздің сыныпқа хат келіпті. Ол хат 3 топқа үш түрлі. Топ басшысы ашып барлығымыз
оқып көрейік.
-Хатта не жазылған?
1 топ: «Бізге келген хатта Нүкен өз жағдайын хабарлап, біздің хал – жағдайымызды сұрапты»
2 топ: «Бізге келген хатта Білгішбек өзінің қуанышты жағдайын хабарлапты»
3 топ: «Бізге келген хатта Ақылбек жақында туған күні болатынын хабарлап. Соған келесіңдерме деп сұрапты.»
-Өте жақсы балалар, демек хат хабар арқылы біз бір-бірімізбен хабарласып,жағдайымызды баяндай алатынымызды білдік.
173-жаттығу. (ауызша талдау)
Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелде.
1 - топ: Бірінші сөйлемді дәлелде.
2 - топ: Екінші сөйлемді дәлелде.
3 - топ: Үшінші сөйлемді дәлелде.
Оқушылар бірлесе жұмыстана отырып, бір ортақ шешімге келеді.
Бекіту. «Тез хабар айт »ойыны. Доп беру арқылы тобы жаиында хабар аиту керек
Табиғат
1)1 топ Хабарлы сөйлем
2 топ Лепті сөйлем
3 топ Сұраулы сөйлемге айналдыру
2) Табиғат сөзін 3 тілде айту
Табиғат-природа-nature (нейче)
VІ. Үйге тапсырма (Күнделікке жазу)
174-жаттығу Ережені жаттау
VІІ.Сабақты қорытындылау. Бағалау. Смайликтерді санаймыз
•
Х-дан егер бастасаң, сәлемін досқа жолдаған.
•
Қолы жоқ, сурет салады. Тісі жоқ тістеп алады.
•
Сырттай ұқсас малтаға, қаламның бұл ғажабы жылтыр қара тақтаға. Аппақ сүтпен жазады.
•
Күнде оған қараймын. Қара шашты тараймын.
•
Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші, әр үйде бар, тапқышым, кәне, тапшы!
•
Ешкінің төлін қалай атайды?
•
Күнделікті тамақ дайындауға қолданатын нәрсені ата.
Сөйлем
Хабарлы сөйлем
Хабарлы лепті
сұраулы Бірдеңе
Сөйлемнің
жайында
соңына нүкте
хабарлау
қойылады.
мақсатымен
айтылған
Мен мектепке бардым
*****
Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылы «Балдырған » бөбекжай-
балабақшасының жоғарғы санатты
тәрбиешісі Өтеғалиева Гүлнар Мүтиқызы
Логикалық ойынды есептер арқылы балалардың математика
пәніне деген қызығушылығын танымдық қасиеттерін арттыру
Балалардың математика пәніне деген қызығушылығын тудыратын негізгі іс- әрекет ойын, әрекет ойын, еңбек, сабақ.
Логикалық ойындар арқылы балалардың математика пәніне деген қызығушылық танымдық қасиеттерін арттыру.
а) Логикалық ойлауды дамытушы ойын жаттығулар.
ә) Логикалық есептерді шығару.
б) Қызықты есептер
в) Кеңістікті бағдарлау ойын жаттығулары
г) Пішін, көлем, салыстыру ұғымдарына байланысты ойынды есептер.
ғ) Графикалық диктант.
д) Ауызша диктант.
е) Интеллектуалдық іс әрекет машығы
«Балаларға жүргізілген бақылау-диагностикалық кесте-балалардың білімін тексеруші нұсқа.»
Балабақша өмірінде оқу-тәрбие үрдісінде ойынның маңызы зор. Ойын баланың мінез-құлқына, эстетикалық тәрбиесіне
үлкен әсерін тигізеді. К.Д.Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді:
Ойын балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда
өзіндік іс- әрекеті көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады.
Ойын баланың мінез-қүлқының қалыптасуына, техникалық процесс кезіндегі гармониялық жетілуіне әсер етеді.
Бір ойын ойлау және қабылдай білуін жетілдірсе, ал екінші бір ойын ойлау қабілетін, ал үшіншісі есте сақтау қабілетін
жетілдіреді. Ойындар сюжетті-рольдік, қимыл-қозғалысты, ойын жаттығулар, дидактикалық ойындар болып бөлінеді.
Ойын есептеріне сабақ материалын тереңдетуге және бекітуге арналған ойындар жатады.
Балалар ойын-есеп кезінде сабақ мазмұнындағы оқиғаны әңгімелейді. Балалардың белсенділігі сұрақ-жауап, әңгімелеу, өз
ойларын жеткізе білу кезінде көрінеді. Ойын түрлерін балабақшада жас ерекшеліктеріне байланысты қай сабақтарда да
қолдануға болады.
Ойын есптерінде балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды.
42
Мектепке дейінгі іс-әрекетінің бір түрі-ойын.
Әсіресе математика сабағында ойын есептерін енгізу сабақтың әсерлілігін арттырады.
Математика сабақтарында ғылыми тұрғыдан негізделген ойын есептер мен санамақтар, қызықты жаттығуларды логикалық
есептеуде тиімді пайдаланудың маңызы зор. Ойынды пайдалану жиілігін тәрбиеші анықтайды, және шығармашылықпен
түрлендіре отырып, балалардың мінез-құлық, даму ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды
қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру мақсатында, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне
айналдыруға болады. Бірақ ойын процесі мен оқу процесін бір-біріне етене жақын байланыстырып, ұйымдастырған жөн.
Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін
аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны
игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда ойын есеп шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін
көтеріледі.
Математика сабағында ойынды сабактың басында қолдану үй тапсырмасына балаларды түгел қатыстыру мақсатын
көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса, онда балалардың көңіл-күйін сергіту, шаршағанын
ұмыттыру мақсатында өтеді. Ойын сабақтың соңында ойналса тақырыпты бекіту немесе сол сабақтан алған білімді
жинақтау мақсатында енгізіледі.
Математика сабағында (“аз”) , (“кем”), (“артық”) ұғымдарын баланың зердесіне ұялату оңай емес. Оны қарапайым ойын
есептер арқылы түсіндіре бастасақ, онша қиындық келтірмейді. Даярлық топтарында математикадан сандар қатарын оқып
үйрене бастағанда балалар түсінігін жеңілдетіп, математика пәніне қызықтыра жетелеу үшін “Санамақ”, “Он саусақ”,
“Жұмбақ тапсырмалар” шешіп, жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы балалардың тілін дамытып, логикалық ой жүйелерін
қалыптастыруға болады.Мектепке дейінгі МАД топтарының математика сабағында бүгінгі күннің талабына сай жаңа
технологияға толы түрлі ойындар жүргізіледі.Оның ішінде дидактикалық ойын, комбинаториялық ойын, лабиринт,
математикалық диктант т.б. ойындарының маңызы зор. Балаларға осы ойындарды ойната отырып, олардың танымдық
қасиеттерін ашуды тәрбиешілер мақсат етеміз.Балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыратын төмендегідей жаңаша
ойындарды ұсынамын.
“Жеті күлте жапырақша” ойыны.
Ойын мазмұны:
Балаларды логикалық есептерді шығара білуге үйретуді жаттықтыру. Апта күндерін (бүгін, ертең, арғы күні...);
геометриялық фигураларды білуін бекіту. Екі кіші саннан сан құрау, ақиқаттықты дәлелдеу машығын дамыту.
Ойынның жүрісі:
-Балалар, біздің топтан қандай жаңалық байқадыңдар?
Балалар:
-Түнде тобымызда ғажайып гүл өсіп шығыпты.
Тәрбиеші:
-Жай гүлден қандай айырмашылыгы бар?
Балалар:
Күлте жапырақтары әр түрлі-түсті.
Тәрбиеші:- Қанша күлте жапырақтары бар?
Балалар:- 7 күлте жапырақтары бар.
Тәрбиеші: -Оны қалай атар едіңдер?
Балалар:- Жеті түсті гүл деп атауға болады.
Тәрбиеші: -Бұл гүл қай ертегіде бар?
Балалар:- Жеті түсті гүл ертегісінде қыздың барлық тілегін орындайды.
Тәрбиеші:- Біздің тілегімізді орындай алама екен?
Гүл:- Балалардың барлық тілегін орындай аламын.
Тәрбиеші:- Олай болса бірінші жапырақты үзіп алайық. Ол жапырақта қандай сан тұруы керек?
Айдан жапырақты алып, онда 1 саны тұратынын айтады.
-Бүгін аптаның қай күні? Ертең ше? Арғы күні? Ең жақсы көретін күнің қай күн?
Балалар: -Аптаның 1-ші күні, 2-ші күні, 3-ші күн. -деп жауап береді.
Айдана:- Аптаның 3-ші күнін жақсы көремін .-деп жауап береді.
Ғажайып гүлдің екінші жапырағындағы сұрақ:
“Фигураларға қарада, оларды тез атап шық.” Үстелде жазылып жатқан фигуралардың қасына барады да, “Не өзгерді?”
ойынын ойнайды. Балалар фигураларды естеріне сақтайды. Тәрбиеші фигуралардың орнын өзгертіп қояды. Соны балалар
айырады. Үшінші жапырақты жұлып алайық.
“Таяқшаларды санайық”
Тәрбиеші балаларды үстелдерге алып келеді. Үстелде таяқшалар мен онға дейінгі сандары бар үйлердің сызбалалары
берілген. Тоғыз таяқшаны тең бөл. 9 саны қандай екі кіші саннан түрады?
Бұл тапсырманы Аида тақтаға орындайды. Қалған балалар орындарында орындайды.
Төртінші жапырақты алайық. Бұл жапырақта “Ойын” жазу көпіршіктері.
Бір бала көпіршіктерді үрлегенін салады, ал қалғандары көпіршіктер ұша бастайды.
5-ші жапырақ: “6-шы жапырақты ашайық”
Балалар 6-шы жапырақты ашады. Мұнда “Сыйлық” деп жазылған. “Суық-ыстық” ойыны көмегімен балалар витамині бар
көпіршіктерді табады.
Тәрбиеші: -Балалар бізде бір жапырақ қалды. Онда “Бүгінгі сабақта не ұнады? Қай тапсырма қиын болды? Ең оңай
тапсырма ше?” деген сұрақтар бар.
Балалар өздеріне ұнағанын, қиыны да болғанын, ішінде оңай тапсырмалар да кездескенін айтып, қорытындылайды.
Балалар бұл біз үшін өте маңызды, себебі біз қазір Математика еліне аттанамыз. Бұл елдерде біздерді қиын сынақтар мен
оқиғалар күтіп тұр. Ол біздер екі топқа бөлініп капитандарымызды сайлап алайық. Бір команда үшбұрыш ∆, екінші команда
төртбұрыш □. Ал, топтар дайын. Математика еліне аттанайық. (Музыка ойналады) -Балалар біз лабиринт ішіне кірдік.
Лабиринттен менің тапсырмаларымды орындағанда шығасыңдар.
43
1-ші тапсырма
“Үшбұрыш тобының оң жағынан табасыңдар.” 1-ден 10-ға дейін қандайда бір тәсілмен санаңдар, санау түрін атаңдар.
Балалар тапсырманы тура, кері санап береді де, алға жүреді.
Тәрбиеші: -Балалар шаршаған болармыз, ойын ойнайық.
Ойын аты “Білсең әрі қарай жалғастыр” ойыны (кез келген саннан бастап)
Тағы музыка ойналады.
Лабиринт иесі екінші тапсырмасын береді. Бұл тапсырмада капитандар цифрлар жиынтығын алып топ мүшелеріне
таратады. Берілген белгі бойынша “1-ден 10-ға дейінгі ретпен сапқа тұр және керісінше” тапсырманы балалар орындайды.
Тәрбиеші:- Бұл не? Бізге ғажайып бар деп еді, ал біз оны көрмейміз. Осы кезде тағы да лабиринт иесінің дауысы естіледі. Ол
“Сандық бар” дейді. Балалар “Ыстық-суық” ойыны арқылы сандықты табады. Тәрбиеші оның ішінен кішкене сандық алып
шығады. Оның ішінде қағаз цифрлармен таңбалар жиынтығы салынған. Қағазды оқыса ішінен “Математика сабағынан
білімдеріңді тексеремін: артық, кем деген таңбаларды дұрыс пайдаланасыңдар ма? Егер дұрыс пайдалана білсеңдер сыйлық
беремін.”
(Екі топтың балалары тапсырманы орындайды)
Тәрбиеші тағы да сандықтың ішін ашып, жұмбақтар алып шығады. “Қар еріді, су ақты, күн ұзарды. Бұл қай кезде болады?”
Балалар: -Көктем кезі. -деп жауап береді “Күн ысыды, арпа пісті.
Бұл қай кезде болады?”
Балалар:-Жаз мезгілі.-деп тағы да жұмбақтың шешуін айтады. Тәрбиеші:- Балалар ойнайтын уақыт келді ау деймін.-деп
ойын ойнатады. Ойын ойналып болғасын тәрбиеші сандықтан қағаз алады.
-Бұл не?
-Геометриялық фигуралар.
-Бұл фигуралардан не құрастыра аласыңдар?
Балалар фигуралардан үй, балапан, машина т.б. құрастырады. Тәрбиеші:-Балалар, біз лабиринт иесінің қойған барлық
тапсырмаларын толық орындадық деп ойлаймын. Көптеген қызықты ойындар ойнадық. Лабиринт иесі де бізге
ризашылығын білдірді.
Көлемді өлшеуге берілген тапсырманы орындау үшін тиімді әдіс таңдап алу.Қиялын, зейінін, логикалық ойлауын,
біліктілігін тексеру. Талдау. Белсенді ойлауға негізделген қолданатын амал тәсілін таңдап алуға интеллектуалдық іс әрекет
машығын қалыптастыру.
Күтпеген жағдай. Топқа президент Өсетүс келіп, балалармен танысады.
-Мен Ғылым Академиясын ашпақшымын. Жай ғылым емес, басқатырғыш ғылымның! Мен, әрине президент боламын, ал
сендер болғыларың келсе академик болуға болады.
Алдымен басқатырғыш ғылыми Академиясының жарғысымен таныстырайын.
Кез келген ойлауды, ой қорытуды жақсы көретін кез келген адам Академия мүшесі бола алады.
Академиктерге
көңілсіз болуга, орынсыз қыңқылдауға болмайды.
Академиктер
шаршамай еңбектенеді, біріне-бірі көмектеседі. Академик болғыларың келе ме?
Балалар:- Иә, болғымыз келеді.
-Олай болса , мен сендерге тапсырма беремін.
1-ойын
“Ойла да жаса” жаттығу ойыны.
Сол жақтағы фигураны қалай Атауға болады?
Балалар:- Көпбұрыш, алтыбұрыш- деп жауап береді.
-Үшбұрыш шығу үшін көпбұрыштарға таяқшаларды қалай орналастыру керек?
-Үш тақшаны былай қолданғанда үшбұрыш шығады.- деп балалар көрсетеді.
2-ойын
Балаларға 1-ден 7-ге дейін цифрлар жазылған ұзындықтары әр түрлі жолақтар мен 1 үшбұрыш беріледі. Жолақшаларды
ретімен орналастыр, алдына үшбұрыш қой, неге ұқсайды?
Балалардың жауабы: -Реттеп орналастырғанда кемеге, қайыққа ұқсайды.
Қай жолақ ең ұзын?
Қай жолақ ең қысқа?
Жауабы: 4- жолақ ең ұзыны, ал 1-ші жолақ ең қысқасы.
Балалардың ойлау қабілетін тексеруші нұсқа-бақылау диагностикалық тапсырмалар.
Бақылау диагностикалық жұмысты жүргізу-жеке және топтық түрде өтіледі.
Бақылау диагностикалық жұмыстарды қыркүйек, қаңтар, мамыр айларында өткізіп тұру керек.
Осы бақылау диагностикалық жұмыстарды кеспе сызбаға түсіріп алған тиімді.
Айдың бірінші аптасында:
Есті дамытуга арналған дидактикалық ойын “Лабиринт”
Айдың екінші аптасында:
Дидактикалық ойын “Өзің құрастыр” ойыны, дидактикалық жаттығу “Не артық”
Айдың үшінші аптасында:
Есті дамытуға арналған дидактикалық ойын “Шытырман сурет” Айдың төртінші аптасында:
Дидактикалық ойын “Өзің құрастыр” дидактикалық жаттығу “Айырмашылыгын тап”
Бұл бақылауда мектеп жасына дейінгі бала қиналатын болса, ойынды өзгертіп, бірнеше рет қайталауға болады. Балалар
жеке сабақтарда тәрбиешісімен бірге ойнауға төселгеннен кейін, ойынды өз бетінше қолдануға болады.
Бұл кесте сызбаны толтырғаннан кейін әрбір тәрбиеші өзінің алдындағы балалардың математикалық, логикалық ойлау
қабілетін немесе танымдық қасиеттерін айтқызбай-ақ, кесте -сызба арқылы айнымай ажырата алады.
Сондай-ақ, тәрбиешілер жұмысының құрамды бөлігіне айналган ата- анамен жұмыс түрінің бірі- “Ата-аналар
жиналысында” айтылатын негізгі қорытынды жұмысын бақылау диагностикасы болып есептелінеді.
44
Ата-аналармен жұмыс.
1.
Тәрбиешінің тексеріс қорытындысы және балалармен жүргізілетін жұмыстар түрлері тізбегі ата-аналар
жиналысында айтылып талқыға түседі.
2.
Балаларды үйде үйрету үшін тәрбиеші ата-аналарға ойындар мен суреттер тізбегін ұсынады. Ол жаңа жоғарыда
айтылып кеткендей “Лабиринт”, «Шытырман-сурет», “Өзің жалгастыр” т.б ойындары.
3.
Сол
сияқты, тәрбиешінің бағалау нәтижесінің дұрыс және бұрыс екенін тексеру үшін ата-аналарға арнайы
балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерін көрсетіп, нақтылай түсуіне болады. Талдау жұмыстарының үлгі
материалдарын таратуға да болады. Ұсыныс-пікірім: Осы жоғарыда қолданған ойын түрлерін өз сабақтарыңызда
пайдалансаңыздар екен деймін.
*****
Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылы «Балдырған » бөбекжай-
балабақшасының жоғарғы санатты
тәрбиешісі Өтеғалиева Гүлнар Мүтиқызы
Тақырыбы
«3 цифрымен танысу . Цифрды заттың санымен сәйкестендіру. Жыл мезгілдері (күз) .
Мақсаты
Математикалық жұмбақтарды көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету:
3 цифрын 3 санының таңбасы ретінде таныстыру : Нүктелерді қосып , 3 цифрын
салуды үйрену : Өзге цифрлардың арасынан 3 санын табу : 1, 2, 3 цифрларын санын
сәйкестендіру, 3 санын қанша бірліктен тұратынын ажырата білгізу. Балалардың жыл мезгілі
білімін пысықтау(күз ):
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, құм терапиясы, мантессори технологиясы
Қажетті құрал-
жабдықтар
Үлестірмелі материалдар, сандар, цифрлар карточкасы, ойынға қажетті суреттер, құм, жіп,
жылжымалы тақта, құрастырмалы сандар, аудиожазба.
Іс-әрекет
кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің бастауы
Ал кәнекей бәріміз
Сәлем берейік үлкенге
Сәлеметсіздерме апайлар!
Балалар шаттық шеңберіне тұрып,
өлең жолдарын тәрбиешімен бірге
қайталайды.
Ұйымдастыруш
ылық-ізденістік
Тәрбиеші балалардан апта күндерін сұрайды.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын атайықшы.
-Күз мезгілінде ауа-райы қалай болады?
-Күзде қандай жұмыстар жасалады?
-Көкөністерге нелер жатады?
-Көкөністер қайда өседі?
-Жемістер қайда өседі?
-Күз туралы тақпақ білеміз бе
Балалар ,жарайсыңдар! Күз туралы толық түсінік алдық деп
ойлаймын.
Математика ұйымдастырылған оқу қызметінде біздер
сандармен танысамыз.Олай болса, өткен сандарымызды еске
түсірейікші.
Осы кезде ішке «1» саны кіреді.
-Балалар,бізге қандай сан келді?
-«1»- саны неше бірліктен тұрады?
Олай болса алдарыңдағы сандар арасынан «1» санын
көрсетіңдер.
«1» -санына сәйкес заттарды көрсетіңдерші.
-Жарайсыңдар, балалар.
-1 санынан кейін қандай сан?
Ішке «2» -саны кіреді.
-«2» -саны неше бірліктен тұрады?
-2- санын көрсетіңдерші
-2-санына сәйкес келетін заттарды көрсетіңдер.
-Балалар «2» саны «1» санынан кейін тұрады.
«2» саны досын іздеп келіпті.Ендеше балалар, біз бүгін «2»
санынан кейін тұратын «3» санымен танысамыз.
Ішке «3» саны кіреді
-Балалар, бұл сандарды біз бұрыннан да білеміз.Есімізге
Балалар сұрақтарға жауап
береді.Апта күндерін атайды.
-Күз мезгілі.
-Қыркүйек, Қазан, Қараша.
-Ауа-райы құбылмалы
болады,жаңбырлы, салқын болады.
Егін жинау, шөп шабу науқаны
басталады.
-Картоп, жуа, сәбіз, қызылша.
-Көкөністер бақшада өседі.
Жемістер ағашта өседі.Алма ағашы,
алмұрт, жүзім жемістерге жатады.
Айкөркем:
Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып
Саябек:
Ағаштардан жамырап
Ұшты жерге жапырақ
О, алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
Рахим:
Келші,келші алтын күз
Келші ,келші жарқын күз
Мерекені жалғастырып
Ойнап, күлші алтын күз
Балалар өткен тақырыпты естеріне
түсіреді.
-«1»- саны
«1»-саны 1 бірліктен тұрады.
Балалар 1 алманы көрсетеді.
45
түсірдік.Енді біз «2» санының досы көршісімен
танысамыз.Ол «3» саны.Үш санының таңбасы алфавиттегі 42
әріптіішіндегі «З» әрпіне ұқсас келеді екен.Үш саны үш
бірліктен тұрады.Үш санын көрсетіңдерші.Үш санына сәйкес
заттарды көрсетейік.
-Балалар тура санаған кезде 1,2,3, болып
саналады.Қолымызбен үш санын көрсетейік.3 саны қай
саннан кейін тұрады?
Алдарыңдағы сандарды ретімен орналастырыңдар.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Алма ағаштан алма теріп
Себеттерге салайық
Себетімізді қолға алып
Бақшамызға қайтайық
-Енді балалар,бүгінгі өткен үш санына байланысты ойша
есептер шығарайық.
1.Алма ағашта үш алма
Жерге түсті екеуі
Ағашта қалды нешеуі?
-Ағашта алмалар көбейді ме азайды ма?
2. Сымда отыр бір торғай
Қасына келді қос торғай
Сымда болды қанша торғай?
3.Отырғыздым үш ағаш
Жайқалып өсті екеуі
Өспей қалды нешеуі?
4.Қолымдағы алманы
Үш досыма сыйладым
Қолымда алма қалмады
Қолымдағы алманың
Нешеу сонда болғаны
Қимылды ойын:«Сандарды топтастыр»
Шарты:музыка әуенімен балалар қозғалып тұрады.2,3,1
сандары көрсетілген кезде балалар 2,3,1 болып топтасып
қалады.
-Ойын ұнады ма балалар?
-Балалар үш саны қай саннан кейін тұрады?
Ендеше тура санайық
Жарайсыңдар балалар. Ендеше кері санайық.
Тәрбиеші балаларды орталықтарға бөледі.Бірінші орталыққа
жіптен 1санын 2 санын 3 санын құрастыруды
тапсырады.Екінші орталыққа сандарды құм бетіне салуды
тапсырады.Үшінші орталыққа қиындылардан сандар
құрастыруды,келесі орталыққа нүктелерді қосу арқылы санды
жазуды,келесі топқа жылжымалы тақта арқылы сандарды
жазу тапсырылады.
-Жарайсыңдар балалар өте жақсы
-«1» -санынан кейін «2» саны
тұрады.
«2»- саны 2 бірліктен тұрады.
Балалар 2-санын көрсетеді.
2-қызанақты көрсетеді.
Балалар тәрбиешіні мұқият
тыңдайды.
Балалар алдарынан 3 санын тауып
көрсетеді. 3 санына сәйкес затты 3
қиярды көрсетеді.
«3»- саны «2»- санынан кейін
тұрады.
Балалар сандарды
орналастырады.1,2,3
3,2,1
Балалар өлең жолдарына сәйкес
қимылдар жасайды.
Балалар есептің жауабын айтады.
Алма ағашында 1 алма қалды.
Балалар жауабы.
Ағашта алмалар азайды.
Сымда 3 торғай болды.
Торғайлар көбейді.
1 тал өспей қалды.
Ағаштар азайып жатыр.
3-алма болған
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
-Ойын ұнады
3 саны 2 санынан кейін тұрады.
1,2,3 тура санайды. Балаларды
ретімен орналастырамыз.
3,2,1- балаларды кері санау.
Балалар орталықтарға бөлініп
тапсырмаларды қызыға орындайды.
Рефлексиялық-
түзетушілік
Тәрбиеші балалардың бүгінгі оқу қызметінен алған
әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не
үйренгендерін сұрайды.
Ендеше
көңіл-күйлеріңді
смайликтер
арқылы
көрсетіңдер.Балалар бірауыздан көңілді смайликті көрсетті.
Тәрбиеші балаларды мақтап ,мадақтады. .Белсенді балаларды
атап өтеді. Ұйымдастырылған оқу қызметін «Күз жомарт»
әнімен аятайды.
Балалар бүгінгі оқу қызметінен
алған әсерлерін көңіл күйлерін
әңгімелейді.
Көңіл күйлерін смайликтер арқылы
көрсетеді.
Тәрбиеші мақтап мадақтағанға мәз
болысады.
«Күз жомарт» әнін хормен
орындайды.
Күтілетін нәтиже:
Достарыңызбен бөлісу: |