Ii жинақ Алматы, 2017 1 ббк 74. 00


Біледі: 1,2,3 санын цифрын түсіне біледі; Игереді



Pdf көрінісі
бет9/30
Дата21.03.2017
өлшемі6,23 Mb.
#10101
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

Біледі: 1,2,3 санын цифрын түсіне біледі;
Игереді: 3 санының үш бірліктен тұратынын, заттардың көп аз ұғымдарын:
Меңгереді: 3 санының жазылуын санын.
*****
46

    Атырау   облысы, Исатай ауданы  «Бәйтерек»  бөбекжай -  балабақшасының
     жоғары   санатты  әдіскері Махатова  Ақлима  Абсатырқызы
  
Балаларына   қамқорлық   жасау   және  оларды 
 тәрбиелеу – ата – ананың табиғи құқығы әрі  парызы
                                            Қазақстан Республикасы Конституциясынан 
Мектеп   жасына   дейінгі   баланы   толыққанды   тәрбиелеу   отбасы   мен   балабақшаның   тығыз
ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. Ата – аналардың балаларға тәрбие беру міндеті ҚР
Конституциясында,   ал   балалардың   отбасындағы   құқығы-   бала   құқықтары   туралы   конвенцияда
белгіленген. Отбасы- барлығының басы, жан – жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты.
Отбасының   балаға   тәрбие   берушілік   қызметінің   мақсаты   –   баланың   жасын,   жеке   ерекшелігін,
психологиялық   дамуын   ескере   отырып   жарасымды   жетілген   ұрпақ   тәрбиелеу.   «Баланы   жастан»,
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Есейіп кеткен
соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін бастамас
бұрын өзіңіздің мінез – құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп бақыладыңыз ба ?» деген сауал туады. Ұлы
педагог А.С. Макаренко «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге
беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасына рухани  өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық.  Бұл
беделді болудың қандай жолы ? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады » деген.
Отбасындағы ата – ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы
үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше – баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата – аналар бала бақытының шынайы бағбаны
балуы тиіс. Бала бақыты – білімде. «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп
жасайды » дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріңіздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата –
аналардың   бала   тәрбиелеудегі   жауапкершілігі   арта   түсуде.   Балаларды   оқыту   мен  тәрбиелеуде   отбасының   басым   рөлін
мойындай бірлесе жұмыс атқару керек. Бала психикасы үйдегі көрген – білген, естіген мәліметтермен толығады. Әрбір
ұстаз ата – аналармен қарым – қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып ата –
ананың   қызығушылығын   арттыру   мақсатында   жұмыс   атқарса,   ата   –   ананың   балабақшаға,   тәрбиешіге   деген   көзқарасы
өзгерер еді.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті
ісіне   айналуда.   Тәрбиешілердің   практикасында   ата   –   аналармен   және   көпшілікпен   бірігіп   жұмыс   істеудің   иәртүрлі
формалары   қалыптасып,   жемісті   түрде   қолданылуда.   Отбасы   тәрбиесіндегі   кездесетін   сәтсіздіктер   ата   –   аналардың
педагогикалық   –   психологиялық   сауатсыздығынан   және   оларда   тәрбие   жұмысын   жүргізуге   қажетті   тәжірибенің
жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата – аналарға көмектесу – тәрбиешілердің міндеті.
Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады ? Ол үшін біз, яғни психологтар, тәрбиешілер
ата – аналармен   жақынырақ танысып,   отбасының   әлеуметтік   жағдайын ,отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін
анықтау үшін ата – аналардың ұсыныс – пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға
болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата – аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді, себебі ата
– аналар заман талабына  сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптартарды өздері ұсына  алады.
Сонымен қатар ата – аналардың ұсыныс – пікірлерімен санаса отырып ата – аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар,
консультациялар,   сұрақ  –  жауап   кештері,  тәрбие   жұмысын  алмасу жөніндегі  конференциялар,   психологиялық   тренинг-
сабақтар,   ата   –   аналарды   педагогикалық   әдебиеттермен   таныстыру   әдіс   –   тәсілдері   қарастырылады.   Мұхтар   Әуезов
айтқандай : «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек».
Өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады. Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты
күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс – шараларға, ата – аналарға және топ жиналыстарына
ата   –   аналарды   тартудың   қажеттілігі:   балаларда   іс   –   әрекетті   таңдаудың   үлкен   мүмкіндігі   болады,   балалар   маңызды
жетістіктерге жете алады; балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады ; ересектер тәрбиешінің жұмысымен жақын танысып, оны
бағалай біледі.  Әрбір отбасының мықты жақтары болады , әр адам жақсы ата – ана болғысы келеді, барлық отбасы көмекті
қажет   етеді,   көмек   түрі   отбасының   нақты   қажеттіліктеріне   байланысты   болады.   Ата   –  анамен  жұмысты   ұйымдастыру
барысында   ата   –   ананы,   яғни   отбасын   тәуелді   ете   емес,   оны   қиыншылықтарды   жеңу   мүмкіндігін   нығайтуды   көздеу,
баланың дамуы туралы ақпарат ата – аналарға бала тәрбиелеуде өз рөлін жүзеге асыруға ықпал етеді. Ата – аналармен
бірлесе атқаруға болатын жұмыстар: тақырыптық кеңес (ата – аналарды психологиялық, педагогикалық білім және тәжірибе
жаңалықтармен   таныстыру,   кеңес   беру,   ой   қозғау,   ой   қорыту),   педагогикалық   семинар   (отбасылық   тәрбиенің   әдіс   –
тәсілдеріне арналады), шығармашылық кештер (балабақша және топішілік болуы, озық қабілетті, танымал ата – аналарды
үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады).  Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып өздері де тәрбиеге енуі
қажет.   Қазіргі   таңда   баланы   тәрбиелеуде,   бала   психологиясының     дұрыс   қалыптасуында   ата   -   ананың   да,   тәрбиеші-
ұстаздың да атқаратын рөлі зор. Сондықтанда отбасы мен балабақша ынтымақтастығының  өсіп  келе жатқан болашақ ұрпақ
өміріне тигізетін әсері өте зор. «Ұстаз – бағбан, бала - гүл» деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздың  ұстанымы. Осы қағиданы
ата – ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша балалары үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір
өскенінен   әдемі   болып   өскені   қажет,   ата   –   ана   мен   ұстазға   да   баланың     әйтеуір     ержеткенін   әдепті   болып   есейгені
қажеттірек. Бағбан өзінің   өсірген гүлінің   санымен емес, сапасымен   мақтанады,   ата – ана да баласының әдептілігімен
мақтануы тиіс.
  Егер  біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, 
қоғам болып шешуіміз қажет.  
       Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша 
жұмыстар жүргізілу қажет.
Сонымен бірге, балабақшаның отбасына  үнемі ашық,  яғни  олар қалаған кезінде өздерінің мәселелерін талқылауға, 
консультация мен көмек алатындай болғаны жөн. 
Педагогтың  жұмысы  ата-анамен  және  балалармен жұмысқа үйлестірілген болуы міндетті.  
Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнағаны жөн. Педагог ата-аналармен
47

жұмыста олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізуі қажет.  
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін жоспарлауға ата-аналарды қосуды келесі бағыттармен жүзеге асыруға 
болады: 
Ата-аналармен жұмыс формалары: 
Форма – (латын сөзі forma) – құрал, бірнәрсенің құрылымы, ұйымдастыру жүйесі. 
Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл деп саналатын әртүрлі әдістері мен 
формалары қолданылып келеді: 
- көрнекі   насихаттау; 
- оn-line бақылау; - отбасына қатынау; 
Осындай ата-аналармен өткізілген (Тренингтер мен ойындар)
Тренингтің өту жоспары:
Мақсаты:  Тәрбиешілермен   ата-аналар   арасында   өзара   достық   ,   сыластық,   ынтымақтастық   қарым-қатынасын
жақсарту.Баланың   дамуына   жеке   тұлға   болып   қалыптасуына   балабақшаның   әдістемелік   жұмысын   жұзеге   асыру
шараларына ата-аналарды жұмылдыру. Бір-біріне жылы ілебіздерін білдіру.
Міндеттері: Балабақша мен отбасының тығыз байланысын арттыру.
Көрнекілігі: Музыка жазылған үнтаспа қағаз-қаламдар, ағаш, алмалар ,шарлар,себет,гүлдер.
Әдіс-тәсіл: Пікір алмасу,сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар
Тренингтің бағдарламасы:
                        1. Ата-анаға арналған кеңес
                         2. Шаттық шеңбер
                         3.Ой толға
                         4.Ситуациялық сұрақтар
                         5.Отбасы мен балабақша бірлігі
                         6. «Жанұя шашуы» ойыны
                       Ортаға 8ата-анамен4 тәрбиеші шығады
Шаттық   шеңбері:  Ата-аналар  және   тәрбиешілер   ортаға   шығып   шеңбер  болып   дөңгеленіп   тұрайық.   Кәне   бәріміз   бір-
біріміздің қолымызлан үстап шеңбер құрайық. Шеңберге тұрудың ұлкен қасиеті бар. Шеңберде тұрып бір-біріміздіжақсы
көре   отырып   жақсылықпен   жылулығымызды   сыйлай   аламыз.   Міне   сондықтан   бұл   шеңберді   танысу   ,достық   шаттық
шеңбердеп атаймыз. Мына гүлді бір-бірімізге біреу арқылы аттарымызды атап танысып алайық . Себеттегі гулдердің түсін
таңдау арқылы үш топ құрып орынымызға жайғасайық .Топта топ басшысын сайлап алайық
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық
Ой жинау.
Үш топқа тақырып беріледі
Топ мүшелері пікірлесіп тақырып бойынша ойларын ортаға салаотырып қорғайды:
1-топ Бала ұшін тәрбиеші мен ата-ана арасында қандай байланыс болуы керек.
2-топБала білімді, тәрбиелі, мейірімді болып өсуі үшін ата-ана мен тәрбиешінің ролі
3-топ Баланың теріс әркеттеріүшін ата-ана ментәрбиешінің жазалау түрлері.
Ситуациялық сұрақтар:
1.Әртоптағы ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бәліп алып ,сұрақтарға жауап береді.
Баламен сөйлесе білуде өнер.Мысалы:Түн неге қараңқы?
Күн қайда кетті?
Ұшақ аспанда қалай ұшады?
деген сияқты балаңыздың сауалына жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасызба?
2.Баланы тәрбиелей білуде үлкен өнер. Мысалы: Сізге балабақша тәрбиешілері «Сіздің балаңыз басқа баларды ұрады» деген
шағым айтты Қандай шара қолданар едіңіз?
3. Баланы сыйлай , қадрлей білуде үлкен өнер. Мысалы:Қасыңыздабір ата-ана баласының іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен
ештеңе білмейсің , сен ештеңе істей алмайсың»- деп айтып жатқанын байқадыңыз.Бала «с-әрекетіне теріс баға беруді қалай
қарайсың?
       Отбасы бір-біріне қамқорлық жасайтын , бәрі бірге тұратын, бірі мұңайса бәрі мұңайатын, бірі қуанса бәрі қуанатын
үлкен   ұжым.   «Табиғатсыз   адамдардың   күні   жоқ,   оны   айтуға   табиғаттың   тіліжоқ»   демекші   адам   табиғатпен   тығыз
байланысты табиғаттың бір бөлігі бұл ағаш, енді сол ағаштың иесіболар едіңіз тамыры ма, әлде діңгегі ме,әлде жапырағы
ма?
Тамырлар бір бөлек, жарырақтар бір бөлек, діңгектер бір бөлек отырамыз. Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес,
психологиялық   сәйкестік.Ағаштың   тамырын   таңдағандар   істің   нәтижесіне   мән   беретіндер   адамдар.   Ағаштың   діңгегін
таңағаңдар   берік   мықты   біреуге   тірек   бола   алатын   адамдар.   Ағаштың   жапырағын   таңдағандар   сұлулықты,   әсемдікті,
ұқыптылықты қалайтындар. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жеміс
береді. Топ мүшелері мына ақ қағазға: «Тамыр тобы», «Діңгек тобы»,  «Жапырақ тобы»жемістерді жапсырамыз. Мәуелі
ағашымыздың тамыры бар, діңгегі бар, жапырағы бар, енді жемістер өсіріп шығарамыз , ол  үшін «Жанұя шашуы» ойыеын
ойнаймыз.   Әр топқа шар беріледі, шардың ішінде жемістер бар.Жемістерге әр кім балаларына тілек жазып ағашымызға
жапсырамыз.
Қорытынды: Ағаштың тамыры –ата-әже,
                    Діңгегі –ата-ана,
                   Жапырағы – тәрбиеші,
                  Жемісі – балалар.
48

        Осылай жан-жақты бірігіп жұмыс жасасақ нәтижесінде білімді, ақылды адамгершілігі мол, инабатты , мейірімді жас
ұрпақ тәрбиеленіп өседі.
  Осындай   ұжымдық   жұмыс   немесе   осындай   шараларда   ата-аналар   балабақшадағы   белгілі   бір   жас   тобындағы   және
отбасындағы   тәрбиенің   мақсаты   және   міндеттерімен,   түрлі   әдістерімен   жүйелі   түрде   таныстырылып   отырады.Белгілі
жазушы Мұхтар Әуезов: «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар; Ең алдымен ниет,онан соң күш, содан кейін тәртіп
керек»-деген Өмірлік тәжірибе қаламгер сөзі даналығының дәлелі.
   Біздің балабақшада ата-аналарға арналған кеңес пункті ашылған онда ата-аналар өзіне бала тәрбиесіне қажетті ақпаратты,
сондай-ақ психолог, мамандардан кеңес ала алады.
     Өскелең ұрпақ тәрбиесі қашанда маңыздылығын жоғалытқан емес.Бүгінгі заманның  педагогына  қойылатын  талап  та
өте  жоғары.  Педегог  үнемі ізденісте жүрсе, ал ата-ана бұл үрдісте қолдау көрсетіп, көмекке келетін болса , жұмыс табысты
болмақ
*****
Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Сайрам  ауданы  Ақсукент  ауылы
№ 93  Абылай хан  атындағы  жалпы  орта мектебі  математика   пәні  мұғалімі
Эгамбердиева  Кулия  Дуисенбаевна
Тақырыбы: Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану
Сабақтың ақпараттық картасы:
Мақсаты:
1) Білімділік:  Тригонометриялық өрнектерді  түрлендіру жайлы алған білімдері мен біліктерін  
жүйелеп жалпылау.
2) Дамытушылық: Есептеу дағдыларын , шығармашылық және стандарттан тыс ойлау қабілеттерін, 
шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
3) Тәрбиелік : Пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өзіндік және өзара бақылау дағдыларын, коммуникативтік 
құзырлықтарын қалыптастыру.
Типі: Жалпылау сабағы
Сабақ түрі: жаттықтыру- практикум
Әдісі: ізденушілік, зерттеу, практикалық, және өзіндік жұмыс
Бақылау түрі; өзіндік және өзара, мұғалім тұрғысынан бақылау
Көрнекі құрал: Слайдтар,формулалар
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі- 3мин
ІІ. Тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде қажетті  анықтамалар мен формулаларды қолданудағы білім мен біліктің 
практикада қажеттілігін сезіну, сабақтың тақырыбы, мақсаты, міндеттерімен таныстыру. Сабақта одан әрі жұмыс істеудегі 
оқушылардың белсенділіктерін арттыру -10 мин 
ІІІ. Берілетін тапсырмаларды орындауда  мазмұны мен жүйенің бірізділігі-16 мин
ІV. Мұғалімнің бақылауымен өзіндік жеке тапсырмаларды орындатуы- тест/ 8 мин
      V. Орындалған тапсырмаларды  жалпылау және жүйелеу-3 мин
      VІ. Сабақты қорытындылау және үй жұмысына нұсқау беру-5 мин 
      Резерв тапсырмалары 
Сабақтың моделі/барысы 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
Уақыт аралығы 3 мин
6.
Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
 ІІ. Сәлеметсіздерме! Оқушыларға сабақтың  тақырыбы, мақсаты, құрылымы айтылады.
14) Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: « Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру »
Біздің сабағымыз  « Қазақстанға саяхат» яғни ......
1)  блиц- сұрақтардан тұрады.
Мұғалім:  Сіздердің назарларыңызды мынадай мәселеге аударғым келеді. 
« тригонометрияға»  байланыстының бәрін жаттап есте сақтау қажет емес, тек сандық шеңберде қалай іздеу керек екенін 
түсіну жеткілікті.
1-сұрақ : 
Градустық өлшемде берілген бұрышты радиандық, ал радиандық өлшемде   берілген бұрышты  градустық өлшемге 
айналдыру формуласын атаңдар.?
Жауап:  -градустық өлшем     ,  а-радиандық өлшем 
2 тапсырма :
Оң және сол бөліктерде тұрған тұжырымдарды сәйкестендіріп бағыт арқылы анықтама шығатындай етіп 
қосыңдар.
Жауап:
3- сұрақ 
У= sin  функциясының анықталу және мәндер аймағын атаңыздар
Жауап: 
У= sin  функциясының анықталу облысы  аралығы, ал мәндер облысы  аралығы
Тапсырма №4 
 бұрышы қай ширекке тиісті екенін бағыт арқылы қосып көрсетіңдер  / сәйкес жауаптарды байланыстырыңдар/
Жауап:
 5- сұрақ  /3 мектеп/
Қандай тригонометриялық функцияларды жұп функциялар  қайсысын  тақ функциялар деп атаймыз  ?
Жауап:
49

Жұп функция- косинус,ал тақ функциялар :синус, тангенс, котангенс 
6 –тапсырма  /3 мектеп/
Негізгі тригонометриялық теңбе- теңдіктерді  жалғастырыңыздар :
Жауап:
«Сыңарын тап» ойыны арқылы формуланы толықтыру:
Ш . Жаттығулар кезеңі
№1 есеп
Өрнекті ықшамдаңдар: 
1) 
Жауабы: 
1) =
№2 есепті/ 5-мектепке/  жолдаймыз 
1) 
жауабы ; 
1) 
Рахмет! Бәрекелді жарайсыңдар!
№3 есеп
 , мұндағы  болса f(x)- табыңыздар
Жауабы: 
№4 есеп 
Өрнекті ықшамдаңдар
Жауабы: 
 №5 есеп
Тепе-теңдікті дәлелде:
.
1
sin
cos
sin
cos
4
4
2
2







.
sin
1
cos
cos
sin
1







Өрнекті ықшамда:
.
cos
sin
sin
cos
3
3





Оқулықпен жұмыс:
№320
№321
№324
№325 
IV-кезең
Енді, бүгінгі сабақтан алған білім ,біліктерімізді тиянақтау үшін қазір тест тапсырмаларын орындайсыңдар. 
Тапсырмалардың әрқайсысын орындау барысында сәйкес торларда «белгі»  қойып отырыңдар. /Кері байланыс/
                                     (      -қайталауды қажет етпейді бәрін түсіндім)
                                     (        – келесі сабақта  осы тапсырма жайлы есіме түсірсе екен)
                                      (          -қиын, сыныпта тағыда ұқсас есеп шығарғым келеді)
Тест 
№ Тапсырмалар
Жауаптар
1 80
0
 бұрыш қай ширекке тиісті
А) I B)II C)III D)IV
2 Cos 60

–ң мәнін табыңдар
А)  B)   C)   D)
3 Сандардың қайсысы  нөлден кіші
А)  sin150
0
B)cos 120
0
 C) sin 60
0
 D)cos 50
0
4 Егер  , болса , онда  табыңдар 
А) B) C)0 D)1
5
 
Өрнекті ықшамдаңдар
А)  B)0 C) D) 2
V. Орындалған тапсырмаларды жүйелеу
Мұғалім :Оқушылар, мұндай тест тапсырмаларын орындау барысында тек анықтамалар мен тригонометриялық 
функциялардың таңбасын ғана емес,  өрнектерді ықшамдауда формулаларды да білуді талап етеді . Мұндағы 4 есепті мен 
көрсеткен әдіспен есептесеңдер уақыт үнемдеуге көмектеседі. Ал  2-ші тапсырманы орындағанда  кестедегі мәндерді есте 
сақтау үшін өзіміздің алақанымызды пайдалансақ болады. 
Синусты табу ережесін қарастырайық. – Үлкен бармақ пен ең кіші саусақтың қиылысуында Ай  ортасы бар. Саусақтарды 
кеңірек айқара ашу керек. . Егер саусақтарды Ай  ортасы  шығатын сәулелер десек, онда кішкентай саусақтың бағыты 0

 
береді. 
№0 мен №1 арасы 30
0
 , №0 мен №2 арасы 45
0
 ,№0 мен №3 арасы 60
0
 №0 мен №4 арасы  90
0
Саусақтарды нөмірлесек, 
 1)  №0                сәйкесінше  0
0
2) №1                  сәйкесінше 30
0
3) №2                сәйкесінше 45
0
4) №3                сәйкесінше  60
0
5) №4                сәйкесінше 90
0
Мына формуланы есте сақтау керек: , мұндағы n- саусақ нөмірі.
50

 Sin 45

=№2/2  =, ал косинусты табу үшін кері нөмірлейміз. 
Тест тапсырмаларының жауаптары 

Жауаптар 
1
А
2
А
3
В
4
А
5
С
IV . Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасына нұсқау беру
1. Мұғалім - Ал, енді бүгінгі сабақтан алған білімдерің мен біліктеріңді үй тапсырмасын орындағанда дұрыс қолдана 
білесіңдер деп ойлаймын. 
1. Теориялық материалдарды қайталау 
2.    В.№318 
       В.№ 322 
       С.№328 
2 . Мұғалім : - Балалар, бүгінгі сабақ туралы қандай ойларың бар және келер сабақтарды құрғанда қандай  тапсырмаларға 
көңіл бөлсек деп ойлайсыңдар 
Жауап : /Оқушылардың сабақтағы, топтағы және өздерінің жұмысы жайлы жауаптары 
Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!
*****
Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Сайрам  ауданы   Ақсукент  ауылы
     № 93 Абылай хан  атындағы  жалпы  орта  мектебі  математика   пәні  мұғалімі
                                                      Маханова  Майрамгуль  Шарапатовна
Сыныбы:
  10  сынып
Сабақ тақырыбы:
Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу.
Мақсаты:
Тригонометриялық теңсіздіктер ұғымымен танысып,  оларды шешу әдістерін үйрену.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар тригонометриялық теңсіздіктер ұғымымен танысып, оларды шешуде 
алгоритмді қолдана алады.
Сілтеме
10 сынып алгебра және анализ бастамалары
Ресурстар
Интернет сайдтары, 10 сынып алгебра және анализ бастамалары оқулығы, 
критериалды бағалау бетшелері.
Тапсырмалар

Ұйымдастыру

Ауызша жаттығулар

Шығармашылық тапсырма.

Алгоритммен танысу.

Деңгейлік тапсырма.

Өзіндік жұмысы.

Қорытындылау, бағалау.

Рефлексия.
Жүргізілетін жұмыс.
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
5мин
1.Ұйымдастыру.
Оқушыларды топқа бөледі, сабақ тақырыбы және  
мақсатымен таныстырады. Бағалау бетшелерін таратып, 
бағалау критерийлерімен таныстырады.
Топқа бөлінеді , сабақ тақырыбымен танысады.
3 мин
2.Ауызша жаттығу. 
Теңдеуді шешіңдер.
a) sin x=1.             ә) tg x=0.
б) ctg x=-1.           в) sin x=0.
г) cos x=-1.
Берілген теңдеулердің шешімін ауызша табады.
10 мин
3.Шығармашылық тапсырма.
Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді бірлік 
шеңбер көмегімен шешу.
Әр топтан бір оқушы интерактивті тақтада 
тапсырманы орындайды. Тапсырманы орындау 
барысында тақтаның мүмкіншіліктерін ( сызғыш
көмегімен координаталық жазықтық сызу, 
циркуль көмегімен шеңбер сызу, әр түрлі сызық 
түрлерін қолдану, фигура бөлігін түспен толыру,
т.б.) қолдана отырып , шығару барысына 
түсіндірме жүргізеді.
12мин
Анықтама.  sin x <0,   sin x ≤0, sinx>0 , sin x≥0, cos x< 0, 
cos x > 0, cos x ≤0, cos x≥ 0, tgx < 0, tg x > 0,  tg x ≤ 0, tg x 
≥ 0, ctg x < 0, ctg x > 0, ctg x ≤ 0, ctg x ≥0 түріндегі 
теңсіздіктерді тригонометриялық теңсіздіктер деп  
Оқушылар алгоритммен танысып, топпен 
алгоритмді қолданып мысалдар орындайды.
51

атаймыз. 
Алгоритм.
1. Теңсіздікті қарапайым теңсіздікке келтіру.
2. Кординаталық жазықтыққа теңсіздікке 
тригонометриялық функциялық графигін және у=а 
түзуін жүргізу . 
3. Қиылысу нүктелерін табу.
4. Теңсіздікті қанағаттандыратын қисықтың бөлігін және
бас аралықты анықтау.
5. Кері тригонометриялық функцияның мәнін ескеріп 
абциссаның мәнін табу.
6. Тригонометриялық функциялалардың периодтылық 
қасиетін пайдаланып теңсіздігінің жалпы шешімін жазу.
Топ басшылары 
топтың шығарған мысалдарын сыныптастарына 
түсіндіріп, шығару жолымен таныстырады. 
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
 
7мин
 Деңгейлік тапсырма
І деңгей.  №108 (а, б), №109 (ә, в).
ІІ деңгей  №110 (ә, в)
ІІІ деңгей №115 (а)
 
Деңгейлік тапсырманы орындай отырып ұпайлар
жинайды.
5мин
 Өзіндік жұмыс.
Оқушылар өзіндік жұмысты орындап, бірін-бірі 
тексереді.
2мин
Қорытындылау, бағалау.
Сұрақ-жауап ретінде алгоритмді еске түсіреді, үй 
тапсырмасы беріледі.
Бағалау бетшелеріндегі ұпай сандары бойынша 
критерийді қолданып бағалайды.
1мин
 Рефлексия  "Интервью„.
1) Сізге сабақ  ұнады ма?
2) Сіз не үйрендіңіз?
 
Сұрақтарға жауап береді. 
*****
52

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БАУЛУ
Султанова Гулжауган Кадирбековна
Атырау облысы Қызылқоға ауданы №75 бастауыш мектебі
Бастауыш   мектеп-оқушы   тұлғасы   мен   санасының   дамуы   қуатты   жүретін,   ерекше   құнды,
қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басшысы, қиын да
жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,
яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті
түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу
мәдениетіне   үйретеді.   Дамыта   оқытудың   да   басты   мақсаты-   баланы   оқыта   отырып,   оны
шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа
ынта-жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту-бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі.
Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты
болса,   ал   болашақта   ғылым   мен   техниканы,   өндірісті   дамытатын   бүгінгі   мектеп   оқушылары.
Сондықтан мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Оқушылардың
өз-өзіне сенімін арттыру,  олардың шығармашылығын дамыту,  өтілетін сабақтың оқу-материалын
терең ұғына білуге баулу-мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.
Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Бұл аталған талаптармен бірге
мұғалімнің күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс.
Осы талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген
құштарлығы   дамып   отырады.   Оқушы   құлшынысын   ұдайы   дамытып   әрбір   өтетін   сабағын   жаңаша   ұйымдастыра   біліп,
оқытудың   озық   әдіс-тәсілдерін   қолдана   білгенде   ғана   бастауыш   сынып   оқушыларының   шығармашылық   қабілеті   дами
түседі. Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін
дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.
Оқушылардың   белсенділігі   мен  танымдық   іс-әрекеттері   арқылы   шығармашылығын   дамыту,   қажетті   жағдайда   айрықша
шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тұрған үлкен
міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық
технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын. Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс.
Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек.
-Әрбір шығармашылық  тапсырманы оқушыға  ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына
үлесуі керек.
- Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу.
- Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.
Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек.
Баланың   қиялын   дамытып,   ойын   ілгері   жетектеуде,   түрлі   лингвистикалық   жаттығулардың   да   ролі   зор.   Сабақ   үстінде
материалды салыстырып қарама-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді.
Мұғалім   сабақта   әдіс-тәсілдерді   пайдалана   отырып,   балалардың   ұсыныс   пікірлерін   еркін   айтқызып,   ойларын   ұштауға
өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсіл көмегімен өткізген әрбір сабақ оқушылардың
ойлауын және қиялын, ойын дамытып, оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың
ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану, оқушылардың шығармашылық деңгейін
бақылап отыру-әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.
Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына
көмектеседі.
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып
табылады.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де әр
баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік-оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Оқушының шығармашылық
қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Оқушыларды   шығармашылық   жұмысқа   баулып,   олардың   белсенділіктерін,   қызығушылығын   арттыра   түсу   үшін,
шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар
мынадай:

Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.

Логикалық   ойлауын   дамытатын   ойындармен   берілген   тапсрымаларды   шешу   /ана-грамма,   сөзжұмбақ,
құрастырмалы ойындар т.б./

Берілген тапсырманы   түрлендіру  бағытындағы   жұмыс  /кері  есеп  қарастыру,   мәтін мазмұнын  өңдеу,   шығарма,
шағын әңгіме, мәтін құру, т.б./

Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.

Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.

Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.

Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:

Әр түрлі кездесулер өткізу.

Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.

Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану.
53


Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін
байытуға,   қиялын   ұштауға,   өз   бетінше   ізденуге   зор   әсерін   тигізеді.   Бала   бойындағы   қабілетті   ашу   оқушының
шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
Қазақ   тілі   сабағында   сөзбен   жүргізілетін   жұмыс,   сөздерді   байланыстырып   сөйлеуге,   әңгіме   айтуға,   шығарма   жазуға
көмектеседі.   Сөздік   жұмысы   оқушыны   бір   жағынан   қызығушылығын   оятып,   шығармашылық   қабілетін   арттыруға,
белсенділікке ынталандырады.
Қорыта келгенде, бастауыш  сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық  қабілетін дамыта
оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын дамыта түседі.
Баланы оқу -тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі –бұл жылдар бойы көптеген ғалым-психологтардың, педагогтардың,
практик-мұғалімдердің арасында пікірталас тудырып келе жатқан және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей жүрген
мәселе.
Теориялық мәселелерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады. Біріншісі- биологиялық
фактор, екіншісі-әлеуметтік орта және үшіншісі-тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі. Ғалымдардың пікірінше, осы фактордың
ішінде тәрбиенің, яғни оқу-тәрбие үрдісінің ролі зор. Көптеген ғалым-педагогтардың,практик мұғалімдердің тәжірибесіне
сүйенсек,   оқу-тәрбие   үрдісі   негізінде   дамыту   мәселесінде   басты   рөлді,   ең   алдымен,   оқушының   өз   бетімен   әрекеті,
белсенділігі   атқарады.   Себебі,   сабақ   қаншалықты   сапалы   болсын   немесе   мұғалімнің  білімі,   тәжірибелік   шеберлігі   мол
болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған
дәлел-оқушыны дамытуға бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім алып, дамуына жете мән беріле бастады. Кезінде өз
бетіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете  көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ ғалымдарының бірі,
ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов болды. Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал
мұндағы   мұғалімнің  қызметі-балаға   орындалатын   жұмыс   түрлерін   шағындап   беру  және   қойылған   мақсатқа   жету  үшін
бағыт-бағдар көрсету.
Бұдан   біз   А.Байтұрсынұлының   1920-30   жылдардың   өзінде-ақ   кейінгі   жылдары   Ресей   ғалымдары   В.Давыдов   пен
Л.Зенковтың   дамыта   оқыту   теориясының   негізі   болған-өз   бетіндік   танымдық   әрекеттің   рөлін   көре   біліп,   оның   бала
дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз. Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыруда,
оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық
бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, сондай-ақ бағаланып, марапатталауы сияқты мәселелерге жете мән беріледі.
Өз бетіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,
олардың өз бетінше жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол
ашатын   қолайлы   жағдай-бұл   оқушылардың   жас   ерекшеліктеріне   сәйкес   өзіндік   ерекшеліктері.   Өйткені   бұл   жастағы
балалардың   ойлау   қабілеті   жоғары   және   қиялдау,   елестету,   шығармашылық   жұмысқа   талпынысы   басым   болады.   Сол
себепті   де   бұл   жұмысты   тиімді   ұйымдастыра   білген   мұғалімге   оның   берер  маңызы   зор.   Өз   бетіндік   жұмыс   түрлеріне
қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы  негізінде біз шығармашылық  жұмысқа баулуда,
оқушылардің белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін негізгі үш жұмыс түрін атай аламыз. Олар:
1.
Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар өз бетімен жұмыс түрлері;
2.
Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері;
3.
Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар.
Мұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша,жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған
сәйкес жұмыстың ауызша,жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол,
сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу
–тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы
ерекше. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің
білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің
барлық   саласында   белсенді,   шығармашылық   іс-әрекетке   қабілетті,   еркін   және   жан-жақты   жетілген   тұлға   тәрбиелеу.
Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше  білу тек шығармашыл  адамның қолы нан келеді. Оқушының  шығармашылық
қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу.
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу.
Шығармашылық іс-әрекетке жағдай тудыру.
Оқушының   шығармашылық   іс-әрекетіне   жағдай   тудыру   дегеніміз-оқушыны   ойлай   білуге   үйрету   екені   сөзсіз.   Мектеп
табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Осыған
байланысты «Оқытудың  жаңа технологияларын пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық  қабілеттерін дамыту»
тақырыбын   алдыма   келелі   мәселе   етіп   таңдап   алдым.   Бұл   мәселені   алудағы   басты   мақсатым-оқытудың   жаңаша   әдіс-
тәсілдерін   қолдану   арқылы   баланың   кішкентай   кезінен   дүниеге   өзіндік   көзқарасының   қалыптасуына   жол   ашу,
шығармашылығын дамыту.  Оқушының шығармашылығына бағыт- бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.
Жұмабаев болатын. «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі-деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап, үйренуіне көп
күш жұмсау керектігін ескертеді. Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері
бар
- Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау.
- Арнайы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
- Шығарма, шағын әңгіме құру.
- Сөзжұмбақ құру, шешу
- Қиялдау арқылы сурет салу, рөлдерге бөлу.
- Мазмұндама түрлерін жазу.
Сондай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын
ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигіздік.
54

Болашақ данышпандарды тәрбиелейтін, дарындылардың талантының көзін ашатын бірден бір орта-мектеп. «Білім –теңіз,
мектеп-кеме» демекші, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын менгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ.
Ондай адамдарды дайындайтын- мұғалім.
Олай болса, қоғамымыздағы әрбір адам өз ойын өз тілінде-өз ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде таратады.
Халықтың мәңгі ғұмыры-тілінде. Ендеше білім беру мен тәрбиеге қатысты нәрсенің бәрі де шығармашылыққа бет бұруы
керек. Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы,
шапшандығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Қорыта   айтқанда,   оқушылардың   шығармашылығын,   танымдық   белсенділігін   арттыруда   шығармашылық
сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.
*****
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Балқұдық жалпы орта мектебі
химия пәні мұғалімі Ниетқалиева Гүлбану
Сабақтың тақырыбы: Алюминий
Сабақ  мақсаты :
1.Оқушыларда алюминий қасиеттеріндегі ерекшеліктері, табиғи қосылыстары, алынуы, қолданылуы
туралы білім қалыптастыру;
2.Оқушылардың     металдардың   қасиеттері   туралы   білімдерін   дамыта   отырып,   өзіндік   ойлау
дәрежелерін арттыру. 
3.Оқушыларды     сабақтың     мазмұны     бойынша     ұйымшылдыққа,     өз     бетінше   ізденуге,   алған
білімдерін өмірде қолдана білуге, елін, табиғатты сүюге тәрбиелеу.  
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ әдісі: жеке, жұптық, өзбеттік, баяндау
Көрнекілігі: АКТ, тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс: физика, математика
Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі   Психологиялық ахуал қалыптастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру  «Серпілген сауалдар»  слайд  №1
                                                            қандай су?
1.  Судың кермектігі                неге байланысты болады?
                                                            пайдалы ма?
                                                              неше түрі бар?
      2. Кермектіктің түрлері            уақытша кермектік деген не? 
                                                              тұрақты кермектік деген не?  
      3. Кермектікті жұмсарту(жою) деген не? Уақытша кермектікті қалай жұмсартады? Тұрақты кермектікті ше?  
      4. Егер судың кермектігі кальций нитратының қатысуынан туса, оны қалай кетіруге болады?  Сәйкес реакция теңдеуін 
жаз. 
«Ой шақыру»  слайд  №2
Кейде тамақ дайындауға крандағы ыстық суды пайдаланады. Бұл дұрыс па?
Шайнекте қақ қайдан пайда болады?
Ішінде қағы бар шайнектегі су тез қайнай ма? Түсіндір. 
                                                 ІІІ. Жаңа сабақ    слайд  №3
Жоспары:
             І. Алюминийге жалпы сипаттама беру
                                                  «Кім шапшаң?» ойыны
             ІІ. Алюминийдің табиғатта кездесуі
ІІІ.Физикалық,  химиялық қасиеті
             ІV. Алюминийдің алынуы, қолданылуы  
a)
«Кім шапшаң?» ойыны          слайд  №4
1)
Алюминийге жалпы сипаттама беру
        -химиялық таңбасы
        -периодтық жүйедегі орны
        -реттік нөмірі
        -ядро заряды
        -электрон саны
        -протон саны
        -нейтрон саны
        -Ач = 
        -атом құрылысы, электронды формуласы
        -валенттілігі
        -тотығу дәрежесі 
2)
Алюминийдің табиғатта кездесуі     слайд №5
  а)   -тек қосылыс түрінде
        -барлық элементтер арасында ІІІ орын
        -металдар арасында І орын
        -жер қыртысындағы мөлшері 8,8%
55

   ә)   Кестеге алюминийдің маңызды табиғи қосылыстарын жаз. 
        Оқулықпен жұмыс
3)
Физикалық  қасиеті         слайд №6
                       «Талдау»
                                d=2,7г /см.куб
                                t
балқу
=660°С 
4)
Химиялық  қасиеттері        сдайд №7
                           жай зат →белсенді металл 
                        а)AI      химиялық элемент→екідайлы → тотықсыздандырғыш
                        ә) Оксид қабықшасы туралы түсінік 
       5) Алюминийдің алынуы, қолданылуы   слайд №8
                           Үлес қосқан ғалымдар             слайд 9    
  Алюминиийді  алюминий  оксидінің  криолиттегі  балқымасын  электролиздеу 
  арқылы  алады. 
  Электролиздеу  процесінің   қорытынды  теңдеуі: 2 Al
2
O
3
  
эл. тоғы
 4Al + 3O
2
 
                                        
ІV. Бекіту
a)
Деңгейлік тапсырмалар        слайд №10
          1-деңгей 
                Оқулықтан 44-сурет арқылы №4 тапсырманы орындап, кестені толтыру
          2-деңгей 
               Оқулықтан 44-сурет арқылы №4 тапсырманы орындап, кестені толтыру
         3-деңгей 
               Оқулықтан №7, 9 тапсырманы орындау
b)
Қайталау тапсырмалары     слайд №11
                  1.  Электролит дегеніміз-
                     Мысалы:
                  2. Бейэлектролит дегеніміз –
                     Мысалы:
                  3. Электролиттік диссоциациялану дегеніміз-
                  4. Мына заттардың диссоциациялану теңдеуін жаз
V. Қорытындылау   слайд № 12
                    «Тобықтай түйін»      (Топтастыру)
VІ. Үйге  тапсырма        слайд №13
VII. Бағалау
*****
Альдешова   Баян   Бақтығалиқызы
Атырау облысы,Махамбет ауданы
«Жауқазын» бөбекжайының әдіскері
           Альдешова   Баян Бақтығалиқызы.   1975 жылы Атырау облысы   Махамбет ауданында     дүниеге келген. 1993 жылы
Атырау педогогика университетіне    түсіп , Халел Досмұхамедов атындағы университеттің мектепке дейінгі педагогика
және   психология   ,оқытушы   тәрбиеші   әдіскер   мамандығы   бойынша   1997   жылы   бітірген.   Еңбек     жолын       2001   жылы
«Жауқазын» бөбекжайында  бастаған. 2002 жылы аудандық  «Жыл тәрбиешісі» сайысына қатысып, 3-ші орынды иеленді.
2006 жылы Тараз қаласында өткен «Өзін - өзі тану пәнінің  «Қазіргі жағдайы мен келешегі» атты республикалық семинарға
қатысты.
  2007   жылы   Атырау   қаласынан
«Балбөбек   »   бағдарламасының
авторлық курстан өтті  және «Жаңарған
елге   –   сапалы   білім»   тақырыбындағы
аудандық   педагогика   оқуда   ІІІ
дәрежелі дипломмен марапатталды. 
2008 жылы Білім беру жүйесінде, сала
қызметкерлерін   әлеуметтік   қорғауда
сіңірген жемісті еңбегі және қоғамдық
жұмыстағы белсенділігі үшін аудандық
кәсіподақтың   Құрмет   грамотасымен
марапатталды. 
2011 жылы   аудандық «Құзыреттілікке
баулу   жағдайында   оқыту   мен   тәрбие
процесінде   жаңа   инновациялық
технологияларды
 
пайдалану»
тақырыбындағы
 
педагогикалық
оқуларда   оқыту   мен   тәрбиелеудегі
шебер   әдістері   үшін     І   дәрежелі
дипломмен  марапатталды
56

ОСШ  им  М. Сапарбаева ЮКО, Сайрамский  район, село  Карасу
Магарова  Насиба  Сахадиновна   учитель химии  и  биологии
стаж 21 год,  І  категория                                                             


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет