С
60
www.kazektep.kz
Салауатты өмір салты – ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға
бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның салауат-
ты өмір сүру салты өздігінен қалыптаспайды. Салауатты өмір сүру салты
мақсатты түрде қалыптасады.
Балалардың салауатты өмір сүруін отбасынан, балабақшадан бастап
одан кейін мектептерде жалғастыруымыз керек.
Әдеп-ғұрып, салт-сана, дәстүр – ұлтты басқалардан дараландырып,
ерекшелендіріп көрсететін құбылыс, осы қасиеттер балаға жастайынан
берілетін болса, ұлттық тәрбиенің сапалы болуына әсер етеді. Адамның
бала кезінде ойнаған ойындары өмір бойы ұмытылмай сақталып қалады
және жасы ұлғайған сайын оған аңсары ауып тұрады. Бұл, сөз жоқ, ойын
әсерінің күштілігінің белгісі.
Ойынның ұлттық деп аталуының астарында түрлі мағына жатыр. Олай
болатыны: ұлт ойындары әртүрлі ерекшелігін даралап көрсететін ұлтқа тән
қасиеттерді ашып көрсете алатындығымен ерекшеленеді.
Семей қаласы.
ұл сабақта оқушыларға Қалмақан Әбдіқадыровтың «Алып бала» әңгі-
месі мазмұнын түсіндіру мақсат етіліп, мына міндеттер іске асырылады.
«АЛЫП БАЛА» ӘҢГІМЕСІ
Гүлмира НҰҒЫМАРОВА,
№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешенінің
бастауыш сынып мұғалімі
1. Қажымұқан жайлы түсінік бере отырып, күш атасын таныстыру.
2. Оқушылардың есте сақтау, сөйлеу тілін, дүниетанымын, танымдық
ойлау қиялын дамыту. Белсенділіктерін арттыру. Өз ойларын ашық, еркін
жеткізуге дағдыландыру.
3. Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, бір-біріне құрметпен
қарауға және эстетикалық тәрбие бере отырып сауатты, әдемі жазуға
тәрбиелеу.
Сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, ой қозғау әдісі қолданылатын жаңа
сабақта үй тапсырмасын тексеруден басталады.
Бұдан кейін дидактикалық ойын ұйымдастырылып, оның соңынан
сабақтың мақсаты мен тақырыбы хабарланады.
Бұл әңгіме қазақты әлемге танытқан балуан Қажымұқан Мұңайтпасов
туралы. Мұны жазған Қалмақан Әбдіқадыров.
Қалмақан Әбдіқадыров – ақын әрі жазушы. Ең алғашқы «Сырдария»
деген өлеңі «Еңбекші қазақ» газетінде басылып шыққан. Ал тұңғыш
өлеңдер жинағы «Жалшы» деген атпен 1928 жылы жарық көрді. «Қажы-
мұқан» повесі, «Тәтті қауын» кітаптары балалар әдебиетінен үлкен орын
алды.
Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде Қажымұқан Мұңайтпасов өзінің
жеке қаржысына ұшақ жасатты. Бұл Отан үшін от кешіп жүрген батыр жа-
уынгерлерге жасаған қайырымдылығы болатын. Ұшақты Амангелді Има-
нов батырдың атымен аталуын өтінді. Қажымұқанның мұндай жомарттық
ісіне Қызыл әскер жауынгерлері ризашылығын білдіріп хат жазды.
Оқулықпен жұмыс барысында «Алып бала» мәтіні оқып танысты-
рылады.
Бейнетаспаны көрсету арқылы Қажымұқан Мұңайтпасов туралы
қосымша мәлімет берілді. Қ.Мұңайтпасов 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола
уезі, Қараөткел ауылында туған. Қажымұқан кедей шаруаның баласы
болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте
жүріп, күреске түсіп, той-томалақтарда елге көрініп бала балуан деген
атқа ие болған. Өзінің өмірін кәсіпқой күреске арнап, әлемге күш атасын
Б
61
www.kazektep.kz
танытқан осы Қажымұқан атамыз. Әлемнің бірнеше мемлекеттерінде бо-
лып, 48 медаль иеленді. Күрескенде Қажымұқаннан асқан ешкім бол-
маған.
Тізбектей оқыту және сөздікпен жұмыс жүргізіледі.
Оқыра тиіп – сона тәрізді жәндік шағып.
Құзар жар – биік жар.
Торығып – түңіліп, ренжіп.
Талдау, жинақтау үшін мына төмендегі сұрақтарға жауап алынады.
– Мәтінде кім туралы әңгімеленген?
– Мұқан қандай жұмыс атқаруды ұнатушы еді?
– Ол қандай ерлік көрсетті?
– Әңгіме неліктен «Алып бала» деп аталды? Сен қалай атар едің?
– Мәтіннің бөлімдері (1) Өгіздің өлімі, 2) Ауыл адамдарының таң-
қалуы), әр бөліктің жігін тауып оқу.
Суретпен жұмыс кезінде мына сұрақтар қойылады.
– Суреттегі адамның күштілігін неден аңғардың?
– Ол не үшін өгізді арқалап алған деп ойлайсың?
– Суреттегі адамның ісіне өз көзқарасыңды білдір.
– Мұқанның орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
Дәптермен жұмыс жасағанда 5 жолды өлең стратегиясы қолданы-
лады.
Алған білімдерін бекіту үшін «Алтын медаль» ойыны ұйымдас-
тырылады.
– Мұқан қозы бағып жүргенде, оның серігі қандай жағдайға душар бол-
ды?
– Бала жігіт неге тарығып жылады?
– Әңгіменің басты кейіпкері кім?
– Қажымұқан қандай адам болған?
– Қандай қайырымдылық іс жасады?
Үйге «Алып бала» мәтінін түсініп оқу және «Күштілік» туралы екі
мақалдан жазып келу тапсырылады.
ә) Бағалау. Балалардың белсенділігін мақтау.
Семей қаласы.
ұманбай Молдағалиевтің «Жеңіс күні» өлеңін өткенде ақын шығар-
машылығымен таныстыру мақсат етіледі. Өлеңнің мағынасын аша
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ
Баян НҰРҒАЛИЕВА,
№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешенінің
бастауыш сынып мұғалімі
отырып, екінші дүниежүзілік соғысы жайында, жеңіс күні туралы мәлімет
беріледі. Батырлардың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ой-өрі-
сін дамыту, сөздік қорын молайтып, өз ойларын ашық айтуға үйрету,
шығармашылыққа баулу, бейбітшілік үшін күрескен батырлардың ерлігін,
еңбегін үлгі ету арқылы олардың есімдерін құрметтеуге, ең бастысы,
отансүйгіштікке тәрбиелеу көзделеді.
Баяндау, ой қозғау, сұрақ-жауап әдісімен өткізген сабағымда Ба-
уыржан Момышұлының портреті, гүлдер, интерактивті тақта көрнекілік
қызметін атқарды.
Сабақты үй тапсырмасын сұраудан бастаймын.
– Балалар, үйге қандай тапсырма беріліп еді.
1. Ә.Бөриевтің «Бауыржан» мәтінін түсініп оқу.
2. «Ер есімі – ел есінде» тақырыбына әңгіме жазу.
Т
62
www.kazektep.kz
3. Батырлық туралы мақал жаттау.
– Әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған? Ол кімнің атымен баяндалған?
– Бауыржан Момышұлы кім? Ол қай жылы қай жерде дүниеге келген?
– Қарақұл баласының атын Бауыржан деп қандай мақсатпен қойды?
– Б. Момышұлы соғыста қандай ерлік көрсетті?
– Соғыстан кейін немен айналысты?
– Батыр ағамыз неше жасында қайтыс болды?
Ал жаңа сабақты балалардың қызығушылығын ояту үшін интерактивті
тақтаға назар аудартамын. Онда 1941 1945 1942 1943 1944 сандары берілген.
– Осы сандарды өсу ретімен кім жазып береді? Бұл сандарды көргенде
ойыңа не келді?
– Неге қызыл түспен жазылған?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
– Дұрыс айтасыңдар. Енді осы сандарды аударсақ, бір сөз шыға-
ды. Ол – жеңіс. Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз – «Жеңіс күні».
Кітаптарыңнан 184-бетті ашыңдар.
Өлең авторы Т.Молдағалиевтің слайдтан портреті көрсетіледі.
Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы
Жарсу ауылында дүниеге келген. Ол Қазақстанның халық жазушысы.
Т.Молдағалиевтің өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып шықты.
Ақын шығармашылығының ең басты ерекшелігі – оның өлеңдері сезімге
толы. «Қош көктем», «Жүрек ояу қашанда», «Жаңа дәптер» және басқа да
шығармалары бар. Жазушы өмірінің аяғында «Балдырған» журналында бас
редактор болып жұмыс істеді. 2011 жылы 10 қазанда қайтыс болды.
Оқулықпен жұмыс жасау барысында өлеңді аудиодан тыңдатып, сосын
балалар өлеңді кезектесіп мәнерлеп оқиды.
– Ақын өлеңде не туралы жырлады?
– Жеңіс күні қай күн?
– Оны қала халқы қалай тойлапты?
– Олар не үшін қуанышты деп ойлайсыңдар?
– Осы күнді бізге кімдер әперді?
Сұраққа балалар жауабынан кейін «Жеңіс бізге оңай келген жоқ» слайд
түрінде мәлімет беріледі.
Ой-толғаныс сатысында «Бірігіп сурет салу» әдісі қолданылады. Әр топ
«Бейбітшілікті қалай бейнелер едің?» тақырыбында сурет салып қорғайды.
Оқушылар алдарындағы көгершіндерге өз тілектерін жазып, «Жер
шарының» суретіне жапсырады.
Сабақ қорытындыланып, үйге тапсырма беріледі.
Семей қаласы.
сыныпта өткізген бұл сабағымның мақсаты мыналардан тұрады:
– қазақ жеріне орыс, украин шаруаларының қоныс аудару себебі мен
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ
ЖАҒДАЙЫ
Гүлмира ТҰРЛЫБЕКОВА,
№66 «Қазығұрт» жалпы орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі
салдарын, капиталистік қатынастардың дамуы қазақ елінің ауыл шаруа-
шылығына қалай әсер еткенін, патша өкіметінің отаршылдық саясатының
үдей түсуін, сауда мен қалалардың өсу себебін жеткізу;
8-
63
www.kazektep.kz
– оқушылардың жалпы қабілеттілігін, тарихқа қызығушылығын дамыту;
– еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, отансүйгіштікке тәр-
биелеу.
Сабақ көрнекілігіне интерактивті тақта, бейнетаспа, оқулық, кестелерді
пайдаландым.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды түгендеп, басты назарла-
рын сабаққа көңіл бөлуге жұмылдырамын.
Осы мақсатта бұдан алдыңғы сабақта берілген үй тапсырмасын
сұраймын.
Жаңа сабақта жоспарға сәйкес тақырып аясында оның мазмұнын баян-
дап түсіндіремін.
1868 жылы Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы ереже қа-
былданды.
1883 жылы Жетісу облысында жаңадан қоныс аударып келген
ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы жаңа ереже бекітілді.
1889 жылы 13 шілдеде қоныс аударғандардың жағдайын қарастыру
жөнінде жаңа заң қабылданды.
1891 жылы “Ереже” бойынша бұрын қоныстанған шаруаларға 15 деся-
тинадан жер берілетін болып шешілді.
1855–1893 жылдары Ақмола облысы аумағында 250 мыңнан астам де-
сятина жер тартып алынып, 11 мыңдай орыс шаңырағы жайғасқан 24 село
ұйымдастырылды. Осы жылдары Семей облысынан 33 мыңнан астам деся-
тина жер тартып алынса, 1868–1880 жылдар аралығында Жетісу өлкесіне 3
мыңнан астам орыс отбасылары қоныстанды.
Ал Сырдария облысына 1884–1892 жылдары орыс, украин шаруалары
37 қоныс орындарын құрды.
Сабақ мазмұнын аша түсу мақсатында «Шаруаларды Қазақстанға
қоныс аудару» тақырыбында бейнетаспа көрсетіледі.
Сабақты қорытындылау кезеңінде «Жылдар сөйлейді» және «Альпи-
нист» ойындары ұйымдастырылып, сұрақтарға жауап алынады.
Бұл ойындардан соң оқушылар төмендегі тест сұрақтарына жауап
береді.
1. 1870 жылы қазақ шаруаларының азаттық күресі болған өлке:
а) Ақтөбе; ә) Орал; б) Маңғыстау; в) Торғай.
2. Тұңғыш рет қазақ жалдама жұмысшылары өз құқықтарын қорғау
үшін қай көтеріліске белсене қатысты?
а) Орал мен Торғайдағы; ә) Маңғыстаудағы; б) Жетісудағы; в) Сыр-
дариядағы.
3. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері неше генерал-
губернаторлыққа бөлінді?
а) 3, ә) 2; б) 4; в) 1.
4. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Жетісу және Сырдария об-
лыстары қай генерал-губернаторлыққа қарады?
а) Батыс Сібір; ә) Түркістан; б) Орынбор; в) Астрахань.
5. 1868 жылы «Жетісуға шаруаларды қоныс аудару туралы уақытша
Ережені» бекіткен кім?
а) Рукин; ә) Перовский; б) Веревкин; в) Колпаковский.
6. 1870 жылы Маңғыстаудағы көтеріліс басшылары:
а) Бекметұлы, Майұлы; ә) И.Тайманұлы, М.Өтемісұлы; б) Д.Тәжіұлы,
И.Тіленбайұлы; в) Досұлы, Рысқұлұлы.
7. 6-7 сомға сатылатын самаурынға қазақтар қанша қой беретін?
а) 20–25; ә) 5–10; ) 1-2 ; б) 3–5.
Сабақ соңында балалардың еңбегі бағаланып, үйге тапсырма беріледі.
Шымкент қаласы.
64
www.kazektep.kz
ЖУРНАЛҒА ЖАРИЯЛАУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН
МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1. Ғылыми мақаланың әмбебап ондық жіктемесі (универсальная
десятичная классификация) болуы міндетті. Оны Алматыдағы ұлттық
кітапханадан, облыстық кітапханалардан алуға болады.
2. Ғылыми мақала басында аннотация және түйінді сөздер беріледі.
3. Ғылыми зерттеу мақалалар ізденушімен бірге ғылыми же-
текші авторлығымен немесе пікірімен, қағаздағы және электронды
нұсқасымен, төлемақы түбіртегі көшірмесімен жіберіледі.
4. Мақала көлемі 5–7 беттен аспауы тиіс. Шрифт – Times/Kazakh–
14 (қазақша), Times New Roman –14 (орысша), интервал – 1,5.
5. Жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің әдістемелік-
тәжірибелік мақалалары облыстық, қалалық, аудандық әдістемелік
орталықтардың пікірімен, журналға жазылған түбіртек көшірмелері-
мен, электронды пошта немесе “Қазпошта” бөлімшелерінен қағазға
басылған және электронды нұсқасымен жіберіледі.
6. Редакцияға жіберілетін мақаланың 1-бетінде: мақаланың
тақырыбы, автордың аты-жөні, автордың жұмыс орны (мектеп, инс-
титут, т.б.), атқаратын қызметі (мұғалім, директор, оқытушы, т.б.)
көрсетіледі. Соңында автордың мекенжайы (облысы, ауданы, ауылы)
жазылады.
7. Мақала соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мынадай рет-
пен беріледі: авторы, аталуы, басылып шыққан мекені, баспасы, жарық
көрген жылы. Шетел тіліндегі әдебиеттер отандық басылымдардан кейін
жазылады.
8. Мақала соңына автор қолын қояды. Үй немесе жүмыс, қалта
(ұялы) телефоны жазылады. Мақалада келтірілген деректер, үзінділер,
статистикалық мәліметтер, кісі аттары, өлең, ән авторлары, т.б.
мағлұматтар мақала авторларының жауапкершілігінде.
9. Мақала авторлары мәтіннің электрондық нұсқасын (флешка
не диск), компьютерлік шығарылымын әкелуі немесе редакцияның
электрондық поштасына жіберуі тиіс. Мақалалар факспен
қабылданбайды.
10. Редакция әдеби өңдеу барысында келіп түскен мақалалардың
көлемін қысқартуға құқылы. Сондай-ақ журналдың мазмұндық
бағыттарына сәйкес келмесе немесе жазылу сапасы төмен болса,
мақаланы жариялауға ұсынбауға құқылы.
Редакция.
БіЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
050010, Алматы қаласы,
Жамбыл көшесі, 25 үй.
Жұмыс тел.:
8 (7272) 71 17 80,
8(7272) 71 32 70
Ұялы тел.:
8 701 503 97 80,
8 702 638 85 62.
Басуға 12.01.2015 жылы
қол қойыдды.
Таралымы .
Индекс 75737.
Тапсырысы 181.
Пішімі 70x108
1
/
16
.
Қағазы офсеттік.
Шартты баспа табақ 4.
Авторлық баспа табақ 6.
Есептік баспа табақ 7,16.
Шартты бояулы
бет таңбасы 6,87.
Бағасы келісімді.
Журнал материалдары
редакцияның компью-
тер орталығында теріліп,
беттелді.
Әріп түрі DSTimes.
Мақала авторларының
пікірлері редакция көзқара-
сын білдірмейді.
Тапсырыс дайын диапози-
тивтерден басылды.
Меншік иесі — Қазақстан
Республикасы Білім және
ғылым министрлігі.
Журнал ЖШС РПБК
“Дәуір” баспаханасыңда
басылды.
Қолжазба қайтарылмайды,
мақалаларға пікір жазыл-
майды.
© “Қазақстан мектебі”
№1, 2015 ж.
Журнал Қазақстан
Республикасы Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігінде
2003 жылы ақпанның
13-де тіркеліп,
№3562 – ж куәлігі берілген.
ISSN
0206–3409
66
www.kazektep.kz
БІЛІМ БЕРГЕН МҰҒАЛІМ – ӨМІРДЕГІ
ЗОР ҒАЛЫМ
Әлия СЕЙТМҰРАТОВА,
№42 Қ.Баймағанбетов атындағы орта
мектебінің музыка пәні мұғалімі
ерейлі кісінің мінезі – адамдық болмыстың айнасы» деген қағидаға
сүйенсек, Перуза Уалиқызы Миянова ұстаздардың ұстазы деуге
толық негіз бар. Өйткені, мол өмір тәжірибесін алып, зиялы аға-апалардың
ақыл-ойын тыңдап, білімін толықтырып өз өміріне пайдалана білген
ұлағатты ұстаз.
«Тіл – ұлттың жаны» деген ұлы адамдар. Бүгінгі таңда тәуелсіз
Қазақстанның ендігі болашағы, шығар биігі саяси-экономикалық фактор-
ларымен қатар, оның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің де тағдыр-талайына
байланысты екенін бәріміз де жан-жүрегімізбен сезініп, терең түйсінеміз.
Алайда, ана тіліміз бен туған әдебиетіміздің мерейі үшін қызмет етіп, тілдің
туын өзінің лайықты шыңына қондыруға үлес қоссақ игі, әрине. Деген-
мен, бұл – туған Отан, халық алдындағы әрқайсымыздың азаматтық әрі
перезенттік парызымыз.
Олай деуге себеп, бүгін әңгіме еткелі отырған кейіпкеріміз осынау
қасиетті парызды ардақ тұтып, 30 жылдан бері шәкірт жүрегінде ана тілінің
жауһарларын жарқыратсам деп аянбай тер төгіп келе жатқан ұстаз жайында
болмақ.
Перуза Уалиқызы Миянова Қызылорда облысы Сырдария ауданы
Аманкелді ауылының тумасы. Ол – 1984 жылдан бері Қ.Баймағанбетов
атындағы №42 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үзбей дәріс
беріп келе жатқан тәжірибелі, озат мұғалім. Өйткені, ол мектептің абы-
ройлы, асқақ биіктерге көтерілуіне атсалысып жүрген майталман ұстаз.
Сондықтан Перуза Уәлиқызы жайлы қалай айтсақ та, мақтансақ та жа-
расады. Неге десеңіз, ол кісі үнемі ізденіс үстінде, қайтсем шәкірттерімді
толыққанды біліммен сусындандырамын деп алға қойған мақсат-
мәжесіне жету үшін еңбек етеді. Соның бір дәлелі: бірнеше жылдар бойы
демократиялық білім беру орталығы мен «Сорос-Қазақстан» қорының «Оқу
мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» курсынан алған біліктілігін
тәжірибеде кеңінен қолданып ол озық тәжірибесін әріптестеріне тарат-
ты. Ал өз іс-тәжірибесінен алынған «Жана технология – жаңа ізденіс»,
«Оқушыны іздендірудегі жаңа ізденіс қадамдары» баяндамалары облыстық
педагогикалық оқулар мен конференцияларда тындаушыларынан колдап
тапты.
«Сан есімнен өткенді қайталау», «Абай – бас ақыны», Ш.Құдайбер-
диевтың «Қалқаман-Мамыр» поэмасы бойынша өткен сабақтары
«Үздік сабақ» номинациясымен марапатталды. Қазақстан Республика-
сы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пән
мұғалімдерінің «Жүзден жүйрік» аудандық байқауында бірінші орынды,
облыстық байқауда үшінші орынды жеңіп алды.
«Шәкірт жетістігі – ұстаз мерейі» десек, Перуза Уәлиқызының
шәкірттері де талай табыс биіктерін бағындырып, ұстаз еңбегін ақтауда.
Ұлттық бірыңғай тестілеуде қазақ тілі пәні бойынша шәкірттері ауданда
үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп, пәндік олимпиадаларда топ жарды.
Ұстаз еңбегі ескерусіз қалмасы анық.Талай жылғы атқарған еңбектерінің
арқасында аудандық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» гра-
моталарымен марапатталды. Перуза апай – ұстаздықпен қатар отбасының
ұйытқысы, аяулы жар, бес бала тәрбиелеп отырған ардақты ана.
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы
Аманкелді ауылы.
“
М
67
www.kazektep.kz
ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ТАЛПЫНЫС –
ТАБЫС ЖОЛЫ
Бибігүл АТИК,
дарынды балаларға арналған мектеп
директорының электрондық оқыту
жөніндегі орынбасары
азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім берудің
маңыздылығын күшейту және талантты, шығармашыл педагогтерді
мадақтау мақсатында ұйымдастырған «Үздік педагог» байқауына қатысқан
әріптесіміз, Павлодар облысы, Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған
гимназияның физика пәні мұғалімі Қабылбекова Алмагүл Серікбайқызы
рес-публика бойынша 32 жеңімпаз қатарынан табылып, толағай табысқа
кеңелгені бізді қатты қуантты. Өйткені, ол – физика пәнінен ғылыми
құндылықтарды өз оқушылары бойларына сіңіруге бар күш-қуатын салып
жүрген ұстаз. Өйткені, өз білімін жетілдіріп, оқушылардың жан-жақты бо-
луына ықпал жасап жүрген ұстаз. Өйткені, ол – физика пәнінен бірнеше
оқу-әдістемелік құралдар жазған ізденімпаз мұғалім. Өйткені, ол – 7,8,9
сыныптар үшін «Физикадан терминологиялық сөздіктер», «Тоқсандық
терминологиялық тестер», ағылшын тілінде «Физикадан есептерінің
жинағы», қазақ тілінде «Физикадан тақырыптық тесттер» еңбегінің авторы.
Айналасына ізгілік шуағын шашқан Алмагүл Серікбайқызы өзін
шәкірт-терімен тең дәрежеде ұстап, оларды білім нәрін сусындатса,
әріптестерінен де кеңес-көмегін аямай білгенін бөліседі. Оны коучингтер-
де, қалалық, облыстық семинарларда өз іс-тәжірибесімен бөлісу барысын-
да байқауға болады.
Өмірден көргені мен тоқығаны мол білімді әрі білікті ұстаз оқушы-
ларына үлгі болып, талай байқаулар мен сайыстарда жеңімпаз атанды.
Атап айтқанда, «Инновациялық-педагогикалық идеялар V республикалық
фестивалі» байқауында дәрежелі дипломды иеленсе, бірнеше рет «Педа-
гогикалық шеберлік» сайысында «Шеберлік, әдісқойлық, жетістік» номи-
нациясында (2008, 2010 жылдары) марапатқа лайық деп танылды. Ұлттық
бірыңғай тестілеуге қатысқан оқушылары әрдайым жоғары көрсеткішке ие
болып, білім гранттарына қол жеткізді.
Оқушылардың алдына зор мақсат қойып, тиянақты білім берген
Алмагүл Серікбайқызының шәкірттері де талай білім шыңынан көрінуде.
Мәселен, Республикалық қашықтық олимпиадасына әр жылдары қа-
тысқан оқушылары жүлделі орындарды жеңіп алды, 2012-2013 оқу жылын-
да республикалық астротурнирге павлодарлық құрама командасы мүшесі
ретінде қатысқан оқушысы Дастан Хайдаров жүлделі үшінші орынды
иеленді.
2013-2014 оқу жылында Кембридж бағдарламасы бойынша І деңгейлік
курста оқып, білімін дәлелдеп, сертификатын алған талапты мұғалім
гимназия және қала мұғалімдеріне осы бағдарламаға сәйкес білім беру
ісіндегі жаңалықтарды іске асыруға, соның ішінде педагогтердің желілік
қоғамдастығын құруға өз үлесін қосып жүрген мәртебелі мұғалімге
мерейінің қашанда мерейінің үстем бола беретініне нық сенімдіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |